Геронтология, ал жастары ұлғайған адамдар мен кәрі адамдардың ауруларын зерттейтін ілім гериатрия


Геронтологиялық күту мен реабилитацияның əлеуметтік



бет4/4
Дата14.09.2023
өлшемі24,24 Kb.
#107103
1   2   3   4
Байланысты:
Геронтология және гериатрия

Геронтологиялық күту мен реабилитацияның əлеуметтік
аспектілері
Геронтологиялық реабилитация – бұл ұзақ процесс, ол тек əлеумеғттік қорғау мен денсаулық сақтау мекемелерінің кең жəне тығыз берлестіктері арқасында ғана мүмкін. Əрбір қарт адамда қандай да бір өмірлік мақсаты немесе ұзақ өмір сүру ниеті болғаны маңызды. Реабилитациялық шаралардың тиімділігі қарт адамның ниеті мен оның өмір сүру жағдайына тəуелді. Күнделікті жекебастық іс-əрекет кəріліктегі өмірдің əлеуметтік мəнге толы болуына үлкен мəнге ие. Жағымды ағымдағы психикалық жəне физикалық кəрілікте əлеуметтік көмектің формасы мен түрін егде жастағы адамда өзі таңдайды. Əлеуметтік жұмыстың мəні – бұл əлеуметтік реабилитация. Дəл осы тұрғыда мұндай реабилитация бұл əдеттегі міндетіндегі, функциясындағы, қызмет саласындағы, адамдармен қатынасқа түсу сипатындағы жəне ең маңыздысы қарт адамның əлеуметтік жұмыс объектісінен оның субъектіге ауысуы болып табылады. Қоғамға қажеттілігін əр адам өзінің өмірлік тəжірибесі негізінде құрады. ББірақ қандай жағдай болмасын адам өзінің ішкі рухани құндылығын, тұрақтылығын, беделдігін
сақтап қалуға үйренуі керек. Қазіргі кезде қарт адамдар отбасынан бөлек тұрады жəне осыған байланысты жалғыздықты немесе кез келген қиындықтарды төтеп бере алмай жатады. Егер бұрын қарттарға жауапты отбасы болса, қазір бұл жауапкершілік, мемлекеттік жəне жергілікті органдардың жəне халықты əлеуметтік қорғау ұйымдарының қарауында. мойынына түсіп отыр.
Ұзақ өмір сүрушілердің əлеуметтік – медициналық проблемалары ең алдымен əлеуметтік жəне медициналық деп бөлінеді. Бірақ бұл бөлу негізіне байланысты емес, көбінесе формасына байланысты. Бұл екі проблема да өркениет жəне мəдениетпен бірге пайда болды. Қарт адамның қоғамдағы, өмірдегі орнының өзі басқа жастағы топ өкілдерінен өзгеше. Кəрілікке дəл осы қоғамның қатынасына байланысты сəйкесінше əлеуметтік – медициналық проблемаларды анықтап, шешіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет