Геронтология, ал жастары ұлғайған адамдар мен кәрі адамдардың ауруларын зерттейтін ілім гериатрия


Əлеуметік геронтология: мазмұны мен түсінігі



бет2/4
Дата14.09.2023
өлшемі24,24 Kb.
#107103
1   2   3   4
Байланысты:
Геронтология және гериатрия

Əлеуметік геронтология: мазмұны мен түсінігі
Геронтология (gerontos – қарт адам, logos - ғылым) – бұл организмнің қартаюының жалпы процесін, жасаралық динамиканың биологиялық қырларын, яғни кəрілікпен жəне өліммен аяқталатын жасаралық процесс туралы ғылым.
Жалпыға белгілі, қартаю дегеніміз – бұл күрделі мəселе, сондықтан бұл ғылыммен мəселенің барлық биологиялық реңін білетін жəне сезетін кəсіби- геронтологтар, сол сияқты ғылымның басқа салаларының мамандары – биологтар, физиологтар, математиктер, гигиенистер, физиктер, демографтар, социологтар мен психологтар айналысуы қажет. Қарттық пен кəріліктің органикалық түрлері туралы білімнің зор көлемінің жиналуы қазірге кезде жалпы геронтологиядан бірнеше бағыттардың бөлініп шығуына алып келді. Олар қазіргі кезде өз бетінше ғылыми сала болып қарастырылады. Биологиялық геронтология қартаюдың іргелі алғашқы механизмдері зерттейді, ағзаның өмір сүруінің түрлі деңгейлеріндегі қартаю процестерінің өзара байланысын қондырады, ағзаның қоршаған ортаға бейімделуінің жасаралық ерекшеліктерін анықтайды. Биологиялық геронтологияның негізгі міндеті – кəрілік қалай жəне неге дамитынын түсіндіріп қана қоймайқартаюшы ағзаның жағымсыз ішкі жəне сыртқы əсерге қарсы тұру жəне бейімделу мүмкіндіктерін жоғарылататын тиімді құралды табу болып табылады.
Əлеуметтік геронтология – бұл егде жəне қарт адамдардың əлеуметті демографиялық, əлеуметтік-этникалық, əлеуметтік-саяси, əлеуметтік-психологиялық, жəне əлеуметтік-тұрмыстық проблемаларын шешу мен зерттеумен айналысатын ғылым. Гериатрия - егде жəне кəрілік жастағы ауруларды зетттейтін медицина саласы. Гериатрияның негізгі міндеті болып жасаралық даму ерекшеліктерін, клинкалық өзгешелігімен ағымын анықтау, уақытынан бұрын қартаюдың емделуі мен профилактикасы табылады.
Қартаюдың əлеуметтік-психологиялық теориялары
Біздің заман өзінің бірегей ерекшелігімен сипатталады: БҰҰ-ң, əртүрлі халықаралық жəне ұлттық қайырымдылық қорлар мен ұйымдардың, конфессиялардың, қоғамдық ұйымдардың егде жəне қарт адамдарды
қоғамның дамуына үлкен үлес қосқандары үшін қоғамның мүшесі ретінде қарастыру жөніндегі ұранына қарамастан қарттарға деген дұшпандықтың тұрақты тенденциясы байқалып келеді. Ереже бойынша, жас ұрпақ жағынан егде жəне қарт адамдарға деген дұшпандылықтың тұрақты тенденциясы нақты бір үлкен жас өкіліне деген агрессия емес, кəріліктің алдындағы қорқыныш ретінде бағаланады.
Кəрілік проблемасын зерттеудегі көп таралған амал болып философиялық-социологиялық бағыт СТРУКТУРАЛИЗМ табылады. Структурализм өзінің қатынасы мен құндылығы толығымен өзі өмір сүріп жатқан қоғамның ұйымы мен құрылымына негізделген адамның əлеуметтік жүріс-тұрысын қарастырады. Осы социологиялық бағыттың жақтастырының пікірі бойынша, кез-келген қоғам келісімге немесе дауға негізделген тұрақты толық білімді көздейді. XX 60 жылдардың басында құрылымдық функционализм көлемінде кəріліктің социологиялық теориясы ШЕТТЕТІЛУ теориясы ұсынылды. Бұл теорияға сай, қартаюына қарай егде адамдар қоғам ары қарай жақсы жұмыс жасай алуы үшін қоғамдық мағынасы бар қызметтер мен рөлдерден жайлап шеттетіле бастайды. Бұған қарама қарсы теория ретінде ІСКЕРЛІК теориясы алға шығады. Бұл теорияның жақтастары, егде адамдар қоғамның тұрақты дамуы мен жақсы жұмыс жасай алу мақсатында, жас жəне орта жасындағы өздеріне тəн белсенді рөлдерін сақтап қалуы тиіс деп санайды. Бұл теорияның апологеттері «Табысты қарттық» теориясын ұсынды, яғни өмір сүру стилін сақтау қажеттілігі барлық тұлғаға тəн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет