Қартаю əлеуметтік-демографиялық процесс ретінде Соңғы 50 жылда соғыстан кейінгі жылдары экономикалық, медициналық, ғылыми-техникалық, мəдени жетістіктер арқасында, маңызды əлеуметтік-экономикалық табысқа жеткен барлық мемлекеттерде жаңа демографиялық құбылыс пайда болды – Тұрғындардың қартаюы. Яғни бұл демографиялық қартаю, халықтың жалпы құрылымындағы егде адамдардың санының көбеюіне негізделген.
Демографиялық қарттық – тұрғындардың прогресті күйі, өйткені ол қоғамның экономикалық жəне əлеуметтік дамуының жоғары деңгейінде ғана мүмкін. Əлеуметтік геронтологияның маңызды құрамы ДЕМОГРАФИЯ - өзіне сандық əдістер тəн, тұрғындардың құрамы мен оны аймақтық орналасуын, олардың өзгерісін, бұл өзгерістердің себеп-салдарын, əлеуметтік-экономикалық процестер байланысын, тұрғындардың көбею заңды лықтарын ашатын ғылым. Тұрғындар – бұл нақты бір аймақта өмір сүретін адамдар жиынтығы.
Халықтың көбеюі – бұл халық қозғалысының үш түрі нəтижесіндегі ұрпақтың əрқашан жаңару процесі:
Жаратылыс (туу мен өлудің өзараəрекет салдары);
Механикалық немесе миграциялық (аймақ арасында адамдардың
қозғалыс салдары);
əлеуметтік (адамдардың бір əлеуметтік топтан екінші бір топқа
өту салдары).
Тұрғындардағы динамикалық өзгерістерді талдау үшін əдетте келесі
көрсеткіштердің кешені қолданылады:
тұрғындар саны;
тұрғындар тығыздығы;
тұрғындардың жасаралық құрылымы;
тұрғындардың жыныстық құрылымы;
тұрғындардың білімдік құрылымы;
тұрғындардың отбасылық құрылымы.
Үлкен жастағы тұрғандар денсаулық концепциясын талдау жəне медициналық қызметке қажеттілігін оқыту əдістері Əлеуметтік экономикалық саясатты жүргізу барысында демографиялық тенденцияларды ескере отырып, қазақстандықтардың лайықты қарттық өмірге ие болып, түрлі қызмет көрсету түрлеріне қол жетімділікті қамтамасыз етіп, ең бастысы əлеуметтік медициналық көмек көрсетуіміз қажеттігін есте сақтау керектігін меңзейді. Көптеген зерттеулердің нəтижелері көрсеткендей жасы 75 жастан жоғары халықтың бөлігі келесідей проблемаларға жолығады екен: 50%- жүру мен тетпешектен көтерілу, 31%- өзін өзі күту, 26%- көздің көру қабілетінің нашарлауы, 15%- зірін ұстай алмау, 11% - ойлау жəне интелектуалды функцияларының бұзылуы. Сонымен қатар қарт адамдар қоршаған ортасының өзгерісіне жастарға қарағанда баяу үйренеді. Медициналық деректерге сəйкес қарт адамдар 1,5 есе дəрігерлерге шағымданып, 2 есе жиі стационарлық ем қабылдайды екен. 60 жастан асқан қарттардың жедел жəрдем шақыру үлесі 40-63% құрайды екен. Жас ұлғайған сайын адамдардың ағзасы ауруға бейім келіп, 50 жастан жоғарғы жастағы адамға 3,5 диагностикалық аурулардан тиеді. 70 жастан жоғарғы жастағы адамдарға 5-7 аурудан тиеді. Аурулар қатарында рак, қант диабеті, жүрек аурулары, туберкулез. Адам жасы ұлғайған сайын адам ағзасының қарсы тұру қасиеті төмендеп бір аурудың үстіне екіншісі жамала береді, сəйкесінше бұндай жағдай адамның физикалық күйіне өз əсерін тигізетіні айқын. Соңғы кездері көптеген медициналық əдебиеттерде мынадай хабарландырулар жарық көруде. Ол қарттарға арналған медициналық көмектің жеткіліксіз мөлшерде бөлінуі жəне қарттарға көрсетілетін қызмет түрі қарапайым науқасқа көрсетілетін ем жұмыстарынан айырмашылығының жоқтығы. Соңғы кезде Ресейде жүргілген зерттеулер нəтижесі көп жағдайларда қарт адамдарға қымбат медициналық көмектің жоғарғы технологиялы түрі көрсетілмей, көмектің қарапайым түрі ғана көрсетілетіні анықталған.
Бірақта көптеген елдерде медициналық қызметтер сақтандыру қорларыарқылы төленсе де ең қымбат медициналық қызмет түрі қарттарға арналған қызмет болып анықталып отыр. Нəтижесінде егде жастағы адамдарға арналған медициналық қызмет түрінің екі жолы ұсынылады. Олар стационарлық жəне үйде емдеу болып бөлінеді. Бірақ көптеген егде жастағы адамдар аурулары əбден асқынып соматикалық жағдайы əлсіреген де барып қана дəрігердің көмегіне жүгінеді, яғни аурудың асқынған кезінде жəне алдында берілген дəрі дəрмектердің күші кеткенде барып дəрігерді қажет ететіндері байқалған.