Дорожкина Л., Сауранбаева М.
«Валеология» пәніне репродуктивті
және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі
күшейтілген компонентті енгізу бойынша
оқытушыларға арналған әдістемелік құрал
(Шығыс Қазақстан облысының пилоттық
колледждеріне арналған)
Алматы 2014
2
Түсініктеме хат
Бұл әдістемелік құрал Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасының
бастамасымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының халықтың қоныстануы саласындағы
қорының Қазақстандағы офисының (ЮНФПА) қаржылық-техникалық қолдауымен
жасалынды және Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ПРООН/ЮНИСЕФ/ЮНФПА-
ның 2011-2015 жж. арналған «Тұрғын халықтарға көрсетілетін қызметті көрсету мен
аймақтық жоспарлауға инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы аймақтық бәсекеге
қабілеттілікті арттыру» атты біріккен бағдарламасының аясындағы жүргізілген
жұмыстарының бір бөлігі болып табылады (Семей аймағының үлгісі бойынша).
ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан Республикасы
Шығыс Қазақстан облысында соңғы 12 жыл ішінде 15-19 жастағы жасөсіпірім-қыздар
арасында босану санының меншікті салмағы жалпы босану санынан 3%-ды құрайды.
Сондай-ақ, 2011 жылы облыста 15-19 жас аралығында жасөсіпірімдер арасында –
100,000 тұрғынға сәйкес шаққанда 8.5 және 25.4 мерезді және гонореяны жұқтырудың
жоғарғы саны тіркелген. Тек 2011 жылдың өзінде Шығыс Қазақстан облысында АИТВ-
ны жұқтырудың 212 жағдайы тіркелген. 2011 жылға жалпы алғанда Республикада
жасөспірімдік жүктіліктің 22081 жағдайы тіркелген, яғни 1000-ға шаққанда 31
жүктілік. Белгілі болғандай, жұқпаның негізгі берілу жолы - жыныстық қатынас.
Жастар мен жасөспірімдердің ЖЖБЖ мен АИТВ-ны жұқтыруға бейімділігінің
негізгі себептері – ақпараттандырылудың жеткіліксіздігі, зиянды әдеттер, ата-ананың
жауапкершілігінің төмендігі, есірткі құмарлық пен маскүнемдіктің таралуы, жыныстық
жолдармен берілетін жұқпалардан және қажетсіз жүктіліктен сақтану құралдары мен
репродуктивті және сексуалды денсаулық бойынша көрсетілетін қызметтерге
қолжетімділіктің төмендігі.
Білім мекемелері жасөспірімдердегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын
қалыптастыруда, сексуалды және репродуктивті денсаулық, қажетсіз жүктіліктің,
АИТВ мен жыныстық жолдар арқылы берілетін жұқпаларды жұқтыру мәселелері
бойынша ақпараттандыруды арттыруда жетекші рөл атқаруы керек.
Пилоттық коллеждерге ұсынылып отырған «Валеология» курсы бойынша оқу
бағдарламасы жалпы және репродуктивті денсаулықты нығайту мен сақтау мәселелері
жөніндегі заманауи, ең алдымен интерактивті оқыту әдістерін қарастырады.
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мен олардың репродуктивті
денсаулығын сақтау бойынша алынған білімдері Қазақстан Республикасының жас
ұрпақ азаматтарының денсаулығын сақтаудың берік негізін жасауға үндеу бола алады.
3
Мазмұны
Модуль 1.: Денсаулық пен салауатты өмір салты туралы түсінік (2 сағат).
Сабақ 1.1.: Денсаулық. Денсаулықты сақтау мен нығайтудың негізгі әдістері (1 сағ).
Сабақ 1. 2.: Адамның репродуктивті денсаулығы мен демография. Репродуктивті
денсаулыққа әсер ететін факторлар (1сағ).
Модуль 2.: Ағза функцияларының эндокриндік реттелуі
Сабақ 2.1.: Ағза функцияларының эндокриндік реттелуі (1 сағат).
Модуль 3.: Зиянды әдеттер мен олардың адам денсаулығына әсері (2 сағат).
Cабақ 3.1.: Зиянды әдеттер: темекі шегу, алкоголь, есірткі мен уытты заттар
қабылдау. Физикалық, психикалық, әлеуметтік тәуелділік (1 сағат).
Сабақ 3.2.: Есірткі мен уытты заттектердің адамның репродуктивті денсаулығына
әсері (1 сағат).
Модуль 4.: Жұқпалы аурулар
Сабақ 4.1.: Жұқпалы аурулар (1 сағат).
Модуль 5.: Адамның өнегелі-жыныстық дамуы (8 сағат).
Сабақ 5.1. Отбасы адам өмірінде (2 сағат).
Сабақ 5. 2. Қарым-қатынастар. Жауапты мінез-құлық (2 сағат).
Сабақ 5.3.: Репродуктивті жүйе және адам ұрпағының жалғасуы. Адамның өсуі,
дамуы, жетілуі және және жыныстық әуесі. Жасөспірімдердің физикалық,
жыныстық, интеллектуалдық, психикалық, психосексуалдық және әлеуметтік
дамуының ерекшеліктері (4 сағат).
Модуль 6.: Бойжеткендер мен бозбалаларда репродуктивті денсаулықты сақтау (4
сағат).
Сабақ 6.1.: Адамның репродуктивті денсаулығы мен репродуктивті құқықтары.
Жыныстық қатынасқа түсудің салдары мен жауапкершілігі. АИТВ-жұқпасы.
Жыныстық жолдармен берілетін жұқпалар (ЖЖБЖ) және олардың репродуктивті
денсаулыққа тигізетін әсері. АИТВ-ны қоса алғанда қажетсіз жүктілік пен ЖЖБЖ-
ның алдын алу. Контрацепция, отбасын жоспарлау (2 сағат).
Сабақ 6.2. Жауапты тәртіп. АИТВ және адам құқығы. (2 сағат).
Достарыңызбен бөлісу: |