Гесс заңы және оның салдары



бет2/11
Дата25.02.2022
өлшемі82,35 Kb.
#26397
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Документ Microsoft Word

2.2-сурет. Гесс заңын түсіндіретін сұлба
Жақша ішінде жазылған әріптер заттардың агрегаттық күйін көрсетеді.

1840 ж. Г.И. Гесс ашқан заң соның атымен аталып, термохимияның негізгі заңы болып табылады. Ол заң бойынша егер бастапқы берілген заттардан әр түрлі жолдармен белгілі бір өнімдер алатын болса, онда осы өнімдердің алу жолдарына байланыссыз барлық жолдардың жылу эффектілері бірдей болады. Басқаша айтқанда, химиялық реакцияның жылу эффектісі бастапқы заттар мен реакция өнімдерінің түрлері мен күйіне байланыста болады да, ол реакцияның жүру жолына тәуелсіз болады.

Гесс заңы тұрақты көлемде жүретін процестерге (онда жылу эффектісі Q=ΔV) және тұрақты қысымда жүретін процестерге (онда жылу эффектісі Q=ΔH) қолданылады. Изобарлық процестер үшін Гесс заңының сұлбасын былай түсіндіруге болады (2.2-сурет).

Мұндағы бастапқы заттар - А1, А2, А3, ал В1, В2, В3 реакция өнімдері. 2.2-суретте көрсетілгендей, реакция өнімдерін үш түрлі жолмен алуға болады екен. Бірінші жолдың жылу эффектісі - ΔН1. Ал екінші жолдың реакцияларының жылу эффектілері - ΔН2, ΔН3,

үшінші жолдың жылу эффектілері - ΔН4, ΔН5 және ΔН6. Осы жылу эффектілері Гесс заңы бойынша мынадай қатынаста болады:

ΔН1Н2Н3Н4Н5Н6




Гесс заңын көрнекті етіп түсіндіру үшін бастапқы заттар ретінде оттек пен көмірді (таза көміртектен тұратын болса), ал реакция өнімі ретінде көмірқышқыл газын қарастырайық (2.3-сурет).

Сұлбада көрсетілгендей




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет