Гесс заңы және оның салдары



бет7/11
Дата25.02.2022
өлшемі82,35 Kb.
#26397
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Түзілу жылуы


Түзілу (құралу) жылуы дегеніміз - жай заттардан берілген жағдайда тұрақты химиялық қосылыс түзілгенде болатын жылу эффектісі.

Түзілу жылуы 25°С (298К) температурада, 1 атм қысымда түзілген қосылыстың 1 моліне шаққан жылу. Осы көрсетілген жағдайдағы түзілу жылуы стандарттық түзілу жылуы деп аталады.

Гесс заңы бойынша реакцияның жылу эффектісі реакция өмімдерінің жай заттардан түзілгендегі түзілу жылуларымен реакцияға қатысатын заттардың жай заттардан түзілгендегі түзілу

жылуларының айырмасына тең. Осы айтылғанға байланысты мынадай реакцияны мысал етіп қарастырайық:



аА + вВ = сС +

Мұндағы а, в, с, d - формуладағы А, В, С және Д заттарының алдында тұрған коэффициенттер. Осы заттардан стандарттық



түзілу жылуларын ΔH0

; ΔH0

; ΔH0

және ΔH0

деп


түз.А

түз. В

түз. С

түз. Д

белгілейміз. Сонда реакцияның жылу эффектісі мынаған тең болады:


х
ΔH0 =(с∙ΔH0
түзС

+d ΔH0



түз. Д) - (аΔH0
түзА

+вΔH0



түз. В)

немесе жалпы түрде:

ΔH0 х=Σ(n1ΔH0 түз.өн)-Σ(n2ΔH0түз.баст.қос,) (34)

Мұндағы: Σ - түзілу жылуларының қосындысы, баст. қос. - бастапқы қосылыстар. Бұл теңдеуден (34) реакция өнімдері мен бастапқы заттардың стандарттық түзілу жылулары белгілі болғанда, реакцияның жылу эффектісін есептеп табуға болады немесе басқа заттардың түзілу жылулары мен реакция жылу эффектісі белгілі болғанда, бір заттың түзілу жылуын есептеп табуға болады. Мысалы, кристалдық алюминий оксиді Al2O3(α- коррунд) мен газ күйіндегі күкірт (VI) оксидінен - SО3 түзілетін алюминий сульфатының энтальпиясын есептейік:

Al203 + 3S03= Al2(SО4)3

Анықтамалардан мыналар белгілі:



ΔH0 түз. Al203 =-1,676 кДж, ΔH0 түз. S03 (г) = -395,8 кДж

ΔH0 түз. Al2 (S04)3 = - 3443 кДж/моль Теңдеуді пайдаланып реакцияның ΔH -ын есептейік:

ΔH =-3443 - 1776 + (-1651) = -579,5 кДж/моль

Сонымен барлық заттардың түзілу жылуы немесе энтальпиялары белгілі болғанда, реакцияның энтальпиясын есептей аламыз.

Көптеген қосылыстардың түзілу жылуларын салыстыра отырып, мынадай зандылықтарды байқауға болады:



  1. Периодтық жүйенің бір қатарындағы элементтер қосылыстарының түзілу жылулары элементтердің реттік нөмірлері артқан сайын өседі. Мысалы:

NаСl(қ)=411,ЗкДж; 1/2МgСl2(қ) = 320,5кДж;1/3АlСl3(қ) = 232,6кДж.

Мұндай жағдай үшін элементтердің бірдей қосылыстарын алып қарасақ, онда ортада тұрған элементтің қосылысының түзілу жылуы оның екі жағындағы элементтердің қосылыстарының түзілу жылуларының арифметикалық қосындысының жартысына тең. Мысалы, МgСl2(қ) түзілу жылуы NаСl(қ) мен АlСl3(қ,) түзілу жылуларының қосындысының жартысына тең:

(441,3 + 232,6)/2 = 321,95 кДж.

Бұл заңдылықты 1928 ж. А. М. Беркенгеим тапқан болатын.



  1. Бір металдың бір топтағы әр түрлі бейметалдармен қосылыстарының түзілу жылулары бейметалдың атомдық массасы артқан сайын кеми түседі. Мысалы:

КҒ (қ) = 562,7 кДж; КВг (қ) = 382,0 кДж; КСІ (қ) = 436,0 кДж; KJ (қ) = 327,6 кДж;

  1. Заттың кристалдық күйінің түзілу жылуы оның аморфтық күйінің түзілу жылуынан артық болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет