Гетерогенді жүйедегі тепе-теңдік Орындаған: Бейсенбай А. Тобы: 1504-11 Қабылдаған: Мадыбекова Ғ. Жоспары



Дата19.10.2022
өлшемі3,38 Mb.
#44096

Гетерогенді жүйедегі тепе-теңдік

Орындаған:Бейсенбай А.

Тобы:1504-11

Қабылдаған: Мадыбекова Ғ.

Жоспары:


1. Гетерогенді жүйелер.
2. Ерігіштік көбейтіндісі. ЕК мен ерігіштік арасындағы байланыс.
3.Ерігіштікке әсер ететін факторлар.

Гетерогенді жүйелер


Жүйелер гетерогенді және гомогенді болып бөлінеді. Беттік шекарасы жоқ, біртекті жүйелер гомогенді жүйелерге жатады. Тұздардың, қышқылдар мен негіздердің судағы ерітінділері және бір-бірінде жақсы еритін сұйықтар да гомогенді жүйелер болып табылады.
Гетерогенді жүйелер табиғаты әр-түрлі екі немесе бірнеше фазадан тұрады, фазалар бір-бірінен беттік шекарасымен бөлінеді. Мысалы, газ – сұйық, газ – қатты зат, сұйық – сұйық, сұйық – қатты зат. Фаза арасындағы процестер аналитикалық химияда тұндыру, еріту, айдау, экстракция процестерінде кеңінен қолданылады. Фазалар арасында жүретін процестер әрекеттесуші массалар заңына бағынады, себебі кесімді уақытта фазалар арасында тепе-теңдік орнайды

2. Ерігіштік көбейтіндісі. ЕК мен ерігіштік арасындағы байланыс. Егер қатты зат сұйықпен жанасып тұрса , ол үлкен не кіші дәрежеде сұйық фазаға өтеді, тепе-теңдік орнағаннан кейін қаныққан деп аталатын өзінің бетінде ерітінді түзеді. Егер еріген зат толық диссоциацияланатын болса, онда мұндай тепе-теңдікті сызбанұсқа түрінде жазуға болады.

 

MmAa  mM(e) + aA(e)

К(Қ)  aMm aAa / aMmAa

2

Lg EK = Lg EK0+∆Vz2A[- 0.2J + J0.5 / (1 + J0.5 ) ]

4

K  K(Қ) aMmAa  aMm aАa  EK

3

1


1-мысал. 250С-та барий сульфатының ерігіштігі 1 литрде 0,00241 г тең. ЕКBaSO4 есептеңдер.
Шешуі. BaSO4 молекулалық массасы 233,4 г, демек ерітіндінің мольдік концентрациясы мынаған тең
С(ВaSO4) = 2.45 ∙10-3 / 233.4 = 1.05 ∙10-5 моль/л
Сулы ерітіндіде [ Ba2+ ] = [SO42- ] = 1.05 ∙ 10-5 моль/л
Бұдан
EKBaSO4 = [ Ba2+] [SO42-] = (1.05∙10-5 )2 = 1.1∙10-10
Нашар еритін қосылыс түзетін иондар заряды қанша үлкен болса, иондық күш артқан сайын ЕК өсуі көбірек білінеді.
Аз еритін қосылыстардың еру шарты ерігіштік көбейтіндісі ережесінен келіп шығады.
Ерігіштік көбейтіндісінің температураға тәуелділігі, тепе – теңдіктің константаларының температураға тәуелділігі сияқты химиялық реакцияның изобара теңдеуімен беріледі:
d ln EK/dT = ΔH/RT2 (1.8)
мұндағы ΔH – ерудің жылу эффектісі.
Нашар еритін кристалдық қосылыстардың көбінің судағы еру процесі эндотермиялық, яғни жылу сіңірумен жүреді, осыған орай температура жоғарылағанда Ле-Шателье принципі бойынша артады. Егер еріткенде иондар су молекуласымен гидраттанған ион түзе әрекеттесетін болса, онда процесс жылу шығара жүреді, яғни ΔН< 0, ал температура жоғарылағанда ерігіштік бұл жағдайда кемиді.
Ерігіштіктің температуралық коэффициенті әр түрлі қосылыстада түрліше. Кейбір заттарда ерігіштік 20 – дан 1000С –қа дейінгі аралықта он есе өзгереді, басқаларында мүлдем өзгермейді, үшіншілерінде – кемиді.
Температураның өзгеруі кейде тұнба құрамының өзгеруіне алып келеді, әсіресе, егер тұнбада криссталогидраттар болса. Реалды жағдайда жиі тек қана бір қосылысты емес , бірнешеуін тұндырады, себебі ерітіндіде тұндырушы мен нашар еритін қосылыстар түзе алатын бірнеше иондар бір мезгілде бола алады, бірақ олардың ерігіштік көбейтіндісі әр түрлі. Осыған байланысты топтық тұндырудың толықтығын, не бірінші компонент толық тұнғанда екінші компоненттің концентрациясын, не әрбір компоненттің тұну дәрежесін немесе екінші тұнбаға түскенге дейінгі бірінші элементтің түсу дәрежесін және т.с.с. білу маңызды. Бұл мәселелер ерігіштік көбейтіндісі ережесінің негізінде шешіледі.

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет