Поршенді сорғылар элетроқозғалтқыш арқылы айналады да, кривошипті-шатуды механизм жәрдемімен поршен цилиндр ішінде ілгерінді-кейінді жылжиды.
Роторлы сорғыштарды тұтқырлығы жоғары және ластанған сұйықтарды тасымалдау үшін пайдаланады. Роторлы сорғыштарда клапандар және ауалы қақпақтар болмайды.
Поршенді сорғыштар конструкциялық ерекшеліктері мен технологиялық міндеттеріне байланысты келесі түрлерге бөлінеді
1.Айдау және сору циклдарының саны бойыншабір екі жүрісті сорғыштарды біржақты жұмыс істейтін және екіжақтыжұмыс істейтін деп ажыратады.
2.Поршендер немесе плунжерлер саны бойыншасорғыштар бірпоршенді, екіпоршенді, үшпоршенді және көппоршендіболады. Көппоршенді сорғыштарда жалпы кривошипті біліктен бір уақытта бірнеше біржақты немесе көпжақты әсердегі цилиндрлер жұмыс істейді. Бірақ әрбір цикл уақыт бойынша жылжиды, оның нәтижесінде берілістің бірқалыпсыздығы азаяды.
3.Сорғыш конструкциясы бойынша-сұйықты цилиндрден соратын жұмысшы орган, поршенді сораптар дискілі поршенді, плунжерлі, дифференциалды поршенді, сол сияқы мембраналы болады.
4.Жетек түрі бойынша-сорғыштар тура әрекеттіжәне кривошиті механизмді.
5.Цилиндрлердің орналасуы бойынша -сорғыштар кеңістіктегі цилиндрлерінің орналасуы бойынша горизонтальды және вертикальді. 6.Клапандардың түрі бойынша-тәрелкелі клапанды және шарлы клапанды. 7.Міндеті бойынша -сорғыштар суға, кірге, кислотаға, ыстық сұйықтарғажәне т.б. арналған болады.
Сорғы түрлері: Қайталама және айналмалы сорғылар - оң жылжитын сорғылардың екі түрі. Позитивті ығысу сорғылары айналмалы қозғалысты пайдаланып сұйықтықты сорғының бір жағынан екінші жағына жылжытуға мүмкіндік береді. Оларды тұрақты ағынды машиналар деп те атайды, өйткені теориялық тұрғыдан алғанда, олар ағызу қысымына қарамастан бірдей ағымды шығарады.