Гидросфераның жаһандық ластануының экологиялық салдары


Қазақстан Республикасының су ресурстары



бет2/3
Дата28.03.2023
өлшемі23,55 Kb.
#76698
түріҚұрамы
1   2   3
Қазақстан Республикасының су ресурстары
Өзендердің ішінде Ертіс су алабы, Өскемен қорғасын –мырыш комбинаты, Ленинагор қорғасын зауыты, Березов кені, Зырьян зауыты секілді өндіріс орындарының сарқылатын лас суларымен ластануда. Су құрамында қорғасын, мырыш, сынап, тағы басқа ауыр металдар шекті мөлшерден асып кетуі жиі байқалады.
Іле-Балқаш бассейні суының сапасы да мәз емес. Мұндағы ластағыш заттар – ауыр металлдар, мұнай өнімдері мен фенолдар. Әсіресе, «Балқашмыс» өндірістік бірлестігі, «Балқаш балық өнеркәсібі», «Сарышаған» ракета полигондары, т.б. кен рудаларын балқыту комбинаттары Балқаш көліне мыңдаған тонна зиянды заттарды төгуде. Іле өзенінің ортаңғы ағысы, жалпы өзен экожүйесі, күріш алқаптары және шеңгелді массивтерін игеруге байланысты минералды тыңайтқыштар мен химиялық препараттар өте көп қолданылып келеді. Нәтижесінде, өзен суының сапалық құрамы төмен. Оның үстіне Іле өзені арқылы мұнай тасымалдау, Қапшағай су қоймасы, Қытай жеріндегі судың ластануы ондағы экологиялық жағдайды қиындата түсуде. Сырдария, Шу, Талас, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек, Көксу өзендерінің сулары әлдеқайда таза деп есептелінеді. Соның ішінде Сырдария, Шу, Талас өзендері ауыл шаруашылығын химияландыру мен жасанды сулармен ластануда. Әсіресе, Арыс, Келес өзендері күріш пен мақта егіндісінде жиі қолданылатын пестицидтермен ластанып отыр.


Каспий теңізіндегі мұнайды бұрғылау
Соңғы жылдары Каспий теңізінде мұнай өндіруге байланысты және теңіз деңгейінің табиғи көтерілуі аймақтың экологиялық тыныс –тіршілігін қиындатып отыр. Теңіздің көтерілуі жүздеген мұнай бұрғы- скважиналырын, мұнай қоймалары мен өңдеу объектілерін істен шығарды. Қазір бұл жерлерде 6 мұнай газ кені, жүздеген елді мекендер, коммуникациялар, өнеркәсіп орындары су астында қалды. Нәтижесінде, теңізге көптеген мөлшерде лас қалдықтар, мұнай өнімдері, органикалық қосылыстар, ауыр металдар суға араласуда. Оның үстіне Еділ мен Жайық өзендерінің лас сулары теңіз суын уландыра түсуде. Мәселен, 1995-2000 жылдар аралығындағы кәсіптік балықтар мен бағалы қара уылдырық және ет беретін бекіре тұқымдас балықтардың азайып кетуі тіркелді. Ал, 1999 жылы қырылып қалған 20-30 мың итбалықтың және жүздеген мың құстардың жойылуы теңіз суының бүгінгі сапасының көрсеткіші – биоиндикаторы болса керек. Қазіргі Каспий мұнайын өндіру бүкіл әлемді таңғалдырып, шетелдік инвесторларды теңіз «қара алтынын» игеруге ұмтылдыруда. Ал, олардың судың сапасы мен ластануына көңіл бөлуі, экологиялық шектеулерді сақтауы күдік туғызады. Атырау, Маңғыстау аймақтарында техниканың ескілігінен бұрғы-скважиналардың бүлінуі, мұнайдың жерге, суға төгілуі қоршаған ортаға зардабын тигізуде. Жерге сіңген мұнайдың қалыңдығы 10 метрге жетіп, жер асты суына араласуда. Қазір мұнаймен ластану аймағы 200 мың га алып жатыр. Қоймаларда 200 мың т. Мұнай қалдығы, 40 мың т. Көмірсутегі жинақталған. Ақтөбе облысындағ су айдындардың да экологияның жайы нашар. Мәселен, Елек өзені амин өнеркәсібі есебінен және бормен ластануда. Қарағанды металлургия комбинатының және Теміртау қаласындағы «Карбид» өндірістік бірлестігінен шыққан сулар Нұра өзенін барынша ластауда. Жамбыл фосфор зауытының сарқынды лас сулары Талас, Асы өзендері мен оның алқаптарын фтор және сары фосформен ластап отыр. Оңтүстік Қазақстан облысында ең көп ластану Бадам-Сайран кен орындарында байқалуда. Әсіресе, Бадам өзені бойындағы қорғасын, фосфор,химия өнеркәсіптерінен бөлінетін қорғасын, мырыш, сынап кей жерлерде шекті мөлшерден 50 есеге дейін асып кететіні тіркелген. Су ресурстарының биологиялық ластануы Арал аймағы мен Батыс Қазақстанда салыстырмалы түрде үнемі ұшырасуда. Қазақстанның су ресурстарының сапасын жақсарту және қорғау шараларын жүзеге асыру мақсатында мемлекет тарапынан көптеген игі істер жүргізілуде.Гидросфера - бұл жердің беткі қабаты ғана емес, сонымен қатар жер асты сулары. Өзендер, көлдер, мұхиттар, теңіздер бірігіп Дүниежүзілік мұхит құрайды. Ол біздің планетамызда құрлықтан гөрі көбірек орын алады. Негізінен гидросфераның құрамына оны тұздандыратын минералды қосылыстар кіреді. Жер шарында ішуге жарамды шағын су қоры бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет