Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.
Су айдындарының ластануын былайша топтайды:
-биологиялық ластану: тірі ағзалар , микроорганизмдер және аштыққа бейімделген заттар
-химиялық ластану: зиянкестер және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретін өкілдер
-физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар
Тіршілік сұйықтығының сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды су қоймаларына жіберу.
Бұған жол беретіндері:
Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қышқылды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді. Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42 % болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар –химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең таралған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс- жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес үкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар пайдаланылған Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар жапа шеккен. өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық –түлікпен адам организмін кері әсерін тигізді. Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр. Оның негізгі ластану көздері мыналар:
-өнеркәсіп қалдықтарын сақтайтын қоймалар;
-химиялық заттар және тыңайтқыштар;
-тұрмыстық қалдықтар;
-жер асты суларымен жалғанатын құбырлар;
-ірі құрылыс учаскелері;
-күзгі алаңдар, бұрғы-скважиналары болып табылады.'
Жер асты суларында әртүрлі жұқпалы аурулар тарататын микроағзалар кездеседі. Қазақстан жағдайында өзен-көлдердің ластануы көбіне өнеркәсіп орналасақан аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ өндіретін жерлерде жаппай таралуда.