Гімелер, аудармалар


ҚАЗАҚСТАН ШАРУАСЫНЫҢ ҚАЛПЫ МЕН



Pdf көрінісі
бет18/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   106
ҚАЗАҚСТАН ШАРУАСЫНЫҢ ҚАЛПЫ МЕН 
БАЙЛАУЛЫ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
ЕЛ МЕН ЖЕР
Қазақ жастарының ел шаруашылығына қатысу жолдарын 
дұрыс шешу, ел шаруашылығының осы кездегі қалыптарын 
айқын танумен байлаулы. Сондықтан ел шаруашылығының 
осы күнгі қалыптарын тексере келе, мұнымен байланысты 
кезектегі шараларды анықтап кетуге тура келеді.
Қазақ елі шаруашылығының түріне қарап негізгі екі жікке 
бөлінеді: бірі – егінші жатақтар, екіншісі малшы көшпелілер 
(астын сызған – редакция).
Бұлардың қайсысының болса да шаруашылықтары күн көр-
гіш өзіндік ретінде ғана. Екінші түрде айтқанда – тамақтық.
Екінші жатақтардың бұл күйде болу мәнісі кедейлік. 
Кедейлік, қазақтың, бір жағынан, егін кәсібіне кенеттен жаттыға 
алмағандығынан, екінші жағынан, егінге болмағандығынан, 
егін кәсібінің өнімсіздігінен туып отыр.
Малшы көшпелілердің шаруашылықтарының күнкөргіш 
өзіндік болу мәнісі: малшының сырттан керек қылып қаларлық 
заттарының кем болып, үй шаруа
1
жабдықтарына керек затта-
ры өз шаруашылығынан табылып отырғандықтан. Қанша малы 
көп бай болса да, малын сырттан алатын заттарға лайықтап 
қана сататындығы. Бұл секілді сырттан келетін заттарға 
мұқтаждығы, малының өсуімен байлаулы болмағандығы.
Сондықтан көшпелі шаруалардың байлығының көбі өлі 
байлық. Ел байлығына жатпайды. Бұл күйде тұрғанда қазақ 
шаруашылықтары жалпы ел шаруашылығына пәлендей әсер 
бере алмайды. Олай болса, қазақтың егін шаруашылығын на-
шар күйден көтеруге, мал шаруашылығын өлі күйде қатынасқа 
айналдыруға қам қылу керек. (ред.).


Қазақтың егін шаруашылығының елдік болуына бұл 
шаруашылықтың дамуы ғана қажет. Мал шаруашылығының 
дамуы үстіне шаруалардың сырттан керек қылатын заттарының 
түрлері көбеюі керек. Өйткені, алатыны көбейсе, ұстайтыны да 
көбеймек.
Егінші шаруалардың шаруашылығын дамыту, егін сайман-
дарын жеткілікті қылу арқылы егін кәсібін өнімділікке айнал-
дырумен табылады. Мұның жолдары кілең нашар шаруалар-
ды ұйымдастырып, қазынаның ауыл шаруасына арнаған түрлі 
қарыздарына несібеге (несиеге) беретін машина құралдарына 
ортақтас қылу.
Малшы шаруалардың шаруашылықтары пәлендей төтен 
дағдарысқа душар болмағандықтан, өркендету жұмысына 
пәлендей шүғылданбай-ақ, тек малының өлі жағын қатынасқа 
айналдырып жіберуді мақсат қылу керек. Бір жағынан 
шаруалардың сырттан алатын заттарын уақытында түгелімен 
әзірлеп тұратын сауда ұйымдарын өркендету өте қажет.
Ұйымдардың қай түрлерінің де болса өркендеуі, бір жағы-
нан, ұйымдасқан елдің ынталылығына, екінші жағынан, ұйым-
ның ішкі жұмысының дұрыс апаруымен байлаулы.
Сондықтан жаратылысында жігерлі, жаңашыл жастардың 
бұл секілді ұйымдардың тууына, туғаннан кейін жұмысының 
жемісті болуына жолбасшылық етіп, ішкі мәдени жұмыстарын 
басқарып отырулары азаматтық борыштарына жатады. Сонда 
ғана жалпы мәдениетті ел шаруашылығымен қатынасы жоқ 
болса да, өте кем қазақ шаруаларын мәдениетті ел шаруашылы-
ғының толық мүшелігіне айналдырып, сол шаруалармен мұңдас 
қылуға болады.
Өйтпеген күнде үкіметтің шаруашылықты көтеру туралы, 
істеп жатқан шаралары жеміссіз болмақ.
Мұхтар Әуезов
76


Әңгімелер



79
ЖЕТІМ
Жаз ортасының қоңыр кеші. Ұлытаудың бөктерінде кештің 
қоңыр салқын желі еседі. Күн батып
1
, ымырт жабылып барады. 
Күнбатысты қалың қара бұлт басқан, айналада күңгірт тартқан 
төбелер қоңырқай тартып, түн тыныштығына қарай бойсұнған 
сияқты. Сондай жүдеп сарылған төбелердің арасымен үш 
салт атты келе жатыр еді. Бұлардың беті – қалың таудың іші. 
Күнбатыста алыста жауын бар еді. Сол алыста күн күркіреп 
жатты. Анда-санда көкжиектің тұсында күн жарқылдап тұр. 
Бұлт қалың, жарқылдағы күшті еді. Қарабарқын тартып 
қараңғылана бастаған аспанда түксиген қатал қабақ, құлазып 
жүдеген иесіздік білінгендей. Үлкен жарықтың өшер алдын-
да бір сөніп, бір лап етіп жанғанындай, күнбатыста жарқ ет-
кен нажағай жарығымен күңгірт даланы әлденеге үміттендіріп 
тұрған сияқты
2
. Тау бөктеріндегі қоңыр жел ақырындап 
бұралып соғып, салбыраған шерлі күйді қозғағандай бола-
ды. Табиғат салқын түсте болса да, сұлу тілді сүйгендей, 
іздегендей еді. Мәңгі мұңлы шермен үзіліп-үзіліп соққан жел-
мен бірге жүректі ақырын-ақырын шымшығандай еді. Сол кез-
де иесіздікте жүдеу тартып, ұйқыға батып бара жатқан даланы 
әнші жігіттің зар-мұңлы даусы ұзақ толқынды ырғағымен тер-
беткендей болды. Ән салқын түсті табиғат ортасында желікті 
қызықты еске түсірмей, ұлы бір сабырды еске түсіргендей
3

Ән салған жігіттер табиғатпен жалғасатын тіл тапқандай боп, 
кейде баяулап қоңырлатқан, кейде шырқыраған сұлу әнмен 
түн құшағына кіріп келе жатты... Бұл мүйнетте адамның әні де 
алыста күркіреген, күндей, үзіліп соққан бөктердің желіндей 
табиғаттың өзінен шыққан бір қуат сияқты еді. Бойды табиғат 
қуатындай болып тоңазытып, көңілді жүз толқытатын қуаты 
бар еді. Ән кейде батқан күн мен бейуаққа қоштастырған үн 
сияқты
4
.


80
Бұл жігіттер иесіз таудың ішімен түнде жүріп өтпек болып , 
тау сыртындағы елді бетіне алып, жалғызаяқ жолмен түн қатып 
келе жатыр еді. Осы кезде осы таудың сыртында жігіттер келе 
жатқан жақты бетіне алып, жалғыз жаяу бала келе жатты. Жол 
үс тінде ымырт жабылып, қас қарайған шақта жалғыз келе жат-
қан баланың ойында үлкен мұң, қабағында қалың қайғы бар.
Табиғат балаға қатал, суық көрінеді. Жан-жақта жүдеу 
тартып, жұмырланған боз төбелер қайғылы сырымен, дүние 
шерімен сазарғандай. Бетіндегі ақ көде, сары селеуді сүйре-
тіліп, сумаңдап соққан түн желі желпи қозғап сілкінтіп тұр. 
Қарауытқан көлеңкелі сайлар қара түннің қараңғы сырын ба-
уырына жиып, әлденеге сақтап тұрғандай болады. Белгісіз 
тұң ғиық жүрегін жаныштады
5
. Әрі салқын, әрі қорқынышты 
күйді есіне түсіргендей болады. Жүрегін қорқыныш басып, 
жалғыздық жеп келе жатқан баланы не бастап келеді? Жеті 
түнде айдап шыққан айдаушы кім? Айдаушы – сол баланың 
тағдыры еді.
Он жасар Қасымның бұдан бір жыл бұрын кәрі анасы өліп 
еді. Одан жарты жыл бұрын өзі туған әке-шешесі өлген... Өз әке-
шешесі өлгенде Қасымның сүйеніші болып қалған кәрі әжесі 
бар еді. Қасымның кішкентай әлсіз басы тағдырдың бұның 
басына келерлік барлық соққысын түгелімен көріп шыққан. 
Алдыңғы өлімнен кейін жарты жыл өткенде кәрі әжесі өліп 
еді. Бұрынғы бала – бұрын еркелікпен жылайтын Қасым әжесі 
өлген күні шын қайғымен жылап еді. Басына аспан құлағандай 
уайымды сол күні көріп еді
6
.
Жақын, жанашыр туысқаны жоқ болса да, маңайындағы 
ел әжесінің өлігін үйден алып шығарда, кішкентай Қасым 
үлкейген кексе кісі айтатын зардың бәрін айтып, шешесінің 
үстіне жығылып, айырылғысы келмей құшақтап
7
:
– Әжетай, мені кімге тастап кеттің?! Мені неге ала кетпедің, 
менің қаңғып қалғаным ба? Менің шынымен сорлы, шынымен 
жетім болғаным ба? – деп зарлағанда, елдің сай-сүйегін боса-
тып, кәрі-жастың жүрегін еріткен болатын.
Қасымға өзге өліктің бәрінен
8
әжесінің өлігі батып еді. 
Әжесі демі үзілген мүйнетіне шейін қарсы алдында, аяқ жағына 
Қасымды отырғызып қойып, содан көзін алмай жатып үзілген. 
Кәрі кеудесінен жаны шыққанша Қасымға ендігі қайғының 
қаншалық ауыр болатынын біліп, бұның сорлы болған пішінін 


81
көруге өзінің көзі шыдамай, есіркеп, барлық күшін жиып, езу 
тартып күлген сияқтанып жатып еді. Сонда өмірді тілесе – 
Қасым ержеткенше деп тілеген. «Құлынымның бұғанасы 
қатқанша, рақым ет. Сорлы қылып қақсатпа, зарлатпа, көрде 
мені күңірентпе!» – деп тілеп еді.
Әжесі осы тілектің үстінде өліп еді
9
. Қасым сол күнгі жы-
лауынан бастап, үлкен кісідей қайғыға, қаралы күйге түсті. 
Шешесін жоқтап жылағанда, елжіреп сүйген атасы, өз әке-
шешесі түгелімен көз алдына келіп елестеп, кешегі жылы ұяны 
көз алдына әкеп тұрғандай болушы еді
10
. Қасым бәрінің де атын 
атап шақырып, кішкене ақ таяққа сүйеніп тұрып, жалғыз өзі 
оңашаға кетіп, зарланып жылаушы еді.
Қасым ұйықтаса, бақытқа жеткендей болып, өзін алдына 
алып сүйіп, уатып, көзін сүртіп жүрген әке-шешелерін көруші 
еді.
Бәрі де: «Біз тіріліп келдік, енді өлмейміз... Сен қорғансыз 
емессің, сен жыламайсың, сенің көз жасың бізді қайта алып 
кел ді...» – деуші еді. Қасым түсінде еркелеп, әжесінің төсін иіс-
кеп: «Мені неге жылаттың?» – деп өкпе айтатын. Ояна келсе – 
көргені түс болса да, Қасымның көңілі солардың өлгеніне көпке 
шейін сенбей жүрді. Белгісізден солардан хабар әкелуші бар-
дай, не болмаса біреуі келетіндей, көңіл қиялын сол ой билейді.
Бірақ күндер өтті. Қасым жетім болды. Жетімдік бұған 
өзін барлық суық пішінінде емін-еркін танытты. Қатал тағдыр 
мықты қолымен қатты ұстады.
Күннен-күнге өткен сайын әжесі келмейтін болып, алыстай 
бастады. Оның бейіті Ұлытаудың бөктерінде алыста қалды. 
Ауыл тау асып көшіп кетті. Әжесі тірі болған күн Қасымның 
көңілінен сұлу сағымдай, жазғытұрғы мамық түсті бұлттай 
болып, қайта оралмастай боп жоғала бастады. Әжесінің мұны 
уатып айтатын ертегісі, кешкі мезгілде алдына алып күпісіне 
орап отырып тербетіп айтатын сезімді қоңыр әні де жоғалды. 
Өшті. Қасымның үмітті жарық күні де батты
11
.
Әжесі өткен соң «жақынымын» деп, жаны ашыған ие болып 
шығып, Иса деген ағайыны Қасымды қолына алды. Қасымның 
әке-шешесінен отыз шақты қой, он шақты қара қалып еді.
Исаға Қасымның малын берерде жұрт: «Жетімнің малы-
на қиянат қылма! Өзін адам қыл, күт, асыра, жылатпа!» – деп 
тапсырған болып беріп еді.
6–1247


82
Исаның балалары көп, малы жоққа жақын кедей болатын. 
Ұрысқақ долы қатыны Қадиша мен Иса Қасымды алғашқы 
қолына кіргізіп алысымен, малды өз малындай, өз мүлкіндей 
баурай бастады
12
.
Түнде ел жатқанда жетім қозыдай тас бауыр болып қалған 
Қасым
13
жат ұяда ұйықтай алмай, көрпенің астында үндемей 
жылап жатқанда, Иса мен Қадишаның әңгімесін есітіп еді. 
Сонда олар Қасыммен бірге келген малдың санын азсынып, 
әрқайсысының түсін атап: «Әне бір көк саулық пен қарабас 
қойды соғымға жібереміз, қасқа сиырды сатып, үй-ішіне, бала-
шағаға саудагерден бұл аламыз», – деп, ашыққа салып, кеңесіп 
жатты
14
.
Қасымның көрпе астында жылап жатып, мұрнын тартып 
дыбыс бергені де оларды бұрынғы әңгімеден тыйған жоқ еді
15
.
Қасым осы түннен бастап бар қайғыны ішіне жия бастады. 
Маңайындағы көрші қатындар, сенімсіз
16
топас шалдар:
– Бала, малыңа ие болуға жарамайсың?..
17
Әй, сені Иса жейді 
ғой. Сенің малыңды құртады ғой. Ие бол! – деген сөздерді 
айтқыштап қоятын.
Қасым сөйлеп, орынды сөз айтып жеңе алмайды. Бірақ 
көңіліне жетімдік, әлсіздік қайғысы зіл қара тастай орнап 
қалды. Аз заман өткенде бұрынғы толық ажарлы Қасым аппақ 
болып қуарып жүдеп, ылғи қабағы түйіліп, қайғы сызымен 
түксиіп алды. Жалғыздық, сорлылық кебін барлық пішінімен 
білдіретін болып еді
18
.
Бұрынғы кішкене әлсіз ойымен нобайын сезіп, қорқып 
күткен суық күн Қасымның басын күннен-күнге суық қолын 
созып, жақындап келе жатты. Қасымның малы ұстала бастады.
– Мен жетім емес пе? Менің малыма тигенің обал емес 
пе? – деп жылап айтқан, жұрттан ұғынған сөзі әсер бермейтін 
болды. Көк саулықтың мойнынан құшақтап жабысқан жолын-
да Иса мен Қадишадан қабат таяқ жеді. Жылаған сайын тамақ 
бермейтін болды. Алғашқы қайғылы күндегі Қасымның қадірі 
де ұзақ болған жоқ еді. Екі-үш күннен соң Иса мен Қадишаның 
сезім дегенді білмейтін – кен болған көңілдері бұрынғы таз 
қалпына келіп еді.
Олардың балалары бірінен-бірі ерке болып шығып, Қасым 
қағаберісте қалатын болды. Қасымға таласа-тармаса күнкөру 
керек болды. Мал ұсталғалы басында қайғыртып жылатып, 


83
кішкене сорлы жетімнің ішіне у болып жиналып жүрсе де, әрі-
беріден соң ол қайғы бір бөлек қалды. Енді Қасым тамақты 
да жөндеп іше алмайтын болды. Жыламаса, әке-шешесі бар 
ба лалардан кезек тимейді. Оның үстіне, олардың ересегінен 
таяқта жей бастады
19
. Қасымға бұдан соңғы бір қайғы болып 
малды қарастыру, қозы бағу шықты. Аздан соң өзге балалар 
«тілазар, кәпір, бармайды» деген атпен құтылып қалатын бо-
лып, Иса мен Қадишаның бейілді қабағына ырза болатын күйге 
келген Қасым тезек теретін болды. Малдан кешке келіп сүрініп-
жығылғанда болмаса, Қасымға бостандық, еркіншілік жоқ еді. 
Кейде Иса өз балаларын: «Олардың малы жоқ, малдың иесі – 
Қасым», – деп қойып, олардың еріншектігіне өзі құрық беріп, 
Қасымның бейшаралығын ашық арамдықпен қақпай қылып та 
қояды
20
. Бұл халдің барлығы сорлы жетім көңілінде күннен-
күнге өткен сайын арылмастай үлкен у болып жиналып жүрді. 
Қасым енді барлық өзіне қарсы арналған арамдық, өгейлік 
құлық пен кәпірстан мінезді қабақтан, жарты сөзден ұғатын 
болды. Тұрған ауылында бір адамнан мейірімді мінез көрмеген 
соң, ешбір жанмен сөйлеспейді. Күз күніндей жабырқап, 
жүдеп, қабағы қатқан қайғыда. Сырт пішіні момын сияқтанады. 
Бірақ ішіне ылғи жетімсіреген жалғыздықпен бірге, дүниеге 
сенімсіздік, ешкімге жуымайтын жатбауырлық нығайып орнай 
бастады.
Бұл мінез өсіп, күшейіп
21
, ішіне мұздай болып қатқан са-
йын, Қасым ашулы болып, қаны бұзыла бастады. Оның үстіне, 
үнемі аштық, күтімсіздік, ауыр жұмыс қосылып, ойын шатас-
тыра берді. Әжесі өлген соң көңілінде бір күн тіршілігіне 
сүйсінгендей ашық күн болған жоқ. Кішкентай Қасымның түсі 
де, көңілі де қартайып, жүдеп барады. Бұл уақытта Қадишаның 
қолы үйреніп алған таяғы күннен-күнге: «Жетім ит», «Жаман 
неме?» – деп көзге шұқып, жиі-жиі тие бастады
22
.
Бүгінгі Қасым жалғыз келе жатқан түннің алдында 
таңертеңнен кешке шейін Иса мен Қадиша, бұны үйіне жолат-
пай, ауылдан қуып жүріп сабап еді
23
.
Ақырғы рет кеш алдында күні бойы жылаумен үздігіп, әлі 
біткен Қасым жетімектің барлық сорлылығына бойсұнған 
пішінімен Исаның үйін жағалап келе жатыр еді. Жаутаңдаған 
көзімен жылы шырай іздеп келе жатқанда, алдында бұрынғыдай 
зәрленіп тұрған Исаны көрді. Иса бұған «сен қарсы келдің» де-


84
ген зілмен тағы да ұрмақшы болып қарсы жүгірді. Сол уақытта 
Қасым жаны күйіп шыдай алмай жылап жүріп сөйлеп:
24
– Мені мұндай сорлы қылғандай не жазып едім?.. Неңді жеп 
едім?! Жазығым – қуарып қалған жетімдігім бе? – деп жер-
де жатқан үлкен тасты ала салып, төніп келіп қалған Исаны 
тізесінен періп кеп жіберіп, далаға қарай қаша жөнеліп еді.
Иса аузына келгенін айтып боқтап, аяғы мертігіп, «бақ» 
етіп отырып қалды. Қасым сол бетімен тас лақтырып қуған 
балаларға жеткізбей, үлкен тауға қарай жөнеліп еді
25
.
Ауылға енді қайта бара алмайтынын біліп, зарлап еңіреп
әжесі мен атасының атын атап шақырып келе жатқанда, бұ-
рыннан ойлап жүрген бір көмескі ниеті есіне түсті, ол ниеті – ел 
жайлаудан қайта оралып, қыстауға таман жақындаған соң, сол 
қыстау маңында зираты бар әке-шешелерінің басына бармақшы 
еді. Олардың басына мал сойып апарып, Құран оқытамын де-
генде, алдында Иса мен Қадиша ұрсып, қабыл алмай, малды 
сойғызбай қойған.
Қазіргі Қасымның ойы – енді баратын қорған жоқ болған-
дықтан сол қораға барып, сол маңайда қалған жатақтарға 
жетіп, тау бөктеріндегі әке-шешелерінің басына барып, қабі рін 
құшақтап жылау еді. Тау асатын жолда жалғыз келе жатқан зар 
еңіреген жетім бала Қасымды алып келе жатқан хал осы.
Қасым жүгіре бастады. Шошынған қабақпен алды-артына 
қарай береді. Жетім көзі белгісіз бірдемені күткендей бола-
ды. Пайдасыз күту. Ішінен қатты қорқып келе жатса да, көзіне 
көрінер тірі жан жоқ. Қап-қараңғы түн болды. Қасым тау ішінде 
келе жатыр
26
. Бұдан кішірек күнінде көп естіген қараңғы сыр-
лы әңгімелер болушы еді. Түнде кездесетін жын-шайтандар, 
қара түндей жалмауыздар... сау адамды қағып кететін 
перілер. Бұлардың талай рет түн жүргіншілерін шошытқан, 
жындандырған, көзіне көрініп елестеген әңгімелері кішкентай 
Қасымның көңіліне әбден қонып, онсыз да науқасты әлсіз 
қиялында мықты орын алып қалған...
Бұл уақытқа шейін Қасымды қайғы, жазықсыздық, ашу 
жетелеп дедектетіп келіп еді. Бұдан бұрын қайта қайту, 
Исаның пішінін көруден де өлімді таңдап алатындай еді. Сол 
күй қорқынышты ойлатпай алып кетіп еді
27
. Қазіргі уақытта 
қараңғы түннің қара желі қатайып, түн түсі суи бастаған са йын 
Қасымның жүрегі қалтырап, шошынып, өлеңдеп ке ле жатты. 


85
Оның үстіне, алыстағы бұлт жиі-жиі күркіреп, күн жарқыл-
дайды. Түнгі тау, қара жартас алыстан перілер мекенін дей 
болып жарқ етіп, қайта қараңғылыққа батып жоғалады. Түн 
қараңғылығы жалт еткен жарықты тездетіп, жалмауыздай ба-
сып қалады. Таудың қараңғы сырлы сайлары жартастың қалың 
көлеңке басқан қара күйедей тұңғиық қап-қара беттері түндегі 
таудың қараңғы пәлелерін
28
ішіне бүгіп жиып тұрғандай 
көрінеді... Тоғайда да қалың жапырақтың арасында қара 
бірдеме жасырынып, әлденені күтіп тұрғандай. Әрбір түптің 
астынан қара түннің тұңғиық, суық, терең, қара көздері мың 
сан болып қадалып қарап тұрғандай... Биік тау, мықты қара 
жартас, бұралған тоғай мен майысқан шалғын – барлығы да түн 
мезгілінде Қасымның көзіне жат болып кеткендей көрінеді. Тас 
қабақты, жұлдыз көзді, түндей қара түсті қара кемпір тау ішін 
құйындай құтырып, кезіп жүргендей. Қара желімен «әпсін» 
оқып үшкіріп тұрғандай. Дүниені тас қып қатырып, тылсым 
буғандай
29
. Түн тыныштығын ұйқылы қанатын жалпылдатып 
қағып ұшқан жалғыз ғана қарақұс бұзады. Сондықтан оның 
атын «жынды құс» қойған. Осы сияқты ауыр мезгілде Қасымды 
тау ішінде жетімдік қайғысы жанұшыртып алып келе жатты... 
Бір мезгілде, Қасым қорқып, дірілдеген жүрекпен маңайына 
жалтаңдап әр нәрседен үркіп келе жатқанда, күн жарқ етті. Сол 
уақытта жол жиегіндегі бір кішкене тоғайға келіп қалып еді. 
Оқыста көзін жұмдырып, шошытып қалған жарықтың ішінде 
Қасым көз алдынан елбеңдеп жөнелген бір нәрсенің түсін 
шалып қалды. Шошынып, өне бойы мұздап, жүрегі лүпілдеп 
соғып кетті. Бұл кеткен – сол тоғай ішінен ұшқан жынды құс 
еді.
Бірақ Қасымға ол көптен күткен қараңғы сырлы күшті 
қуаттың бірі болып көрінді. Сол кезде Қасымды шешесінің 
қабіріне қарай тартқан жетім жүрек өзге денесінің іркілейін 
дегеніне ерік бермей, ілгері дедектетіп алып жүріп кетті. Бірақ 
бұл уақыттағы серігі кім? Періште дегені осы ма? Әлде жын 
ба? Әйтеуір енді алдында бұлдырлап, елестеп жүгіргендей бо-
лып, елбеңдеген бір нәрсе жолын бастап келе жатқан сияқты. 
Қасым бір уақыт кісі екен деп ес көргендей болып еді, арты-
нан шоши бастады. Жүрегі сенімсіздік қаупімен тағы лүпілдеп 
соқты. Ақырын жүріп, кейіндегісі келді... Бір мезгілде бетіне 
құтырып, ысқырып келіп ұйтқыған бір құйын соққандай бол-


ды. Жасқанып көзін жұмды. Қайта ашса – қараңғы түнде оттай 
жанған алакөз ашумен түксиіп қарап тұр...
Алдында тісі ақсиған, ұзын бойлы, қолында ұзын қара 
пышағы бар қара кісі тұр екен. Даланың жыны осы ғой деп ой-
лай беріп еді, анау Қасымға әмірлі дауыспен ақырын:
30
– Артымнан еріп жүр, әлсіз денеңнің шаршап талғанына 
қарама! Аяғыңа кірген тікенге, жырған тасқа қарама! Өліп 
қалсаң да артымнан еріп отыр! – деп жүріп кетті. Әлсіз жетім:
– Ағатай, жетіммін... – дей беріп еді, алакөз қайта жарқ ет-
кенде, артынан жүгіріп кетті.
Қасым өкпесі үзілгенше ентігіп жүгіріп отырды. Көз ұшына 
жоғалып кетті.
Түн ортасы болған кезде, таудың осы мөлшеріне бөктерде 
келе жатқан үш жігіт жетті. Бұлар аяңшыл аттардың екпінімен 
тастақ жолды тықырлатып, таудың сала-саласын бір құлап, бір 
өрлеп, жолды қуалап келе жатыр еді
31
. Ұзақ жол жалықтырып, 
түн ұйқысы жеңе бастаған жүргіншілер бірінің артына бірі 
түсіп, тізіліп келе жатқан. Бір уақытта бір тоғайдың тұсына кел-
генде, аттары осқырып, ішін тартып, тоғайға қадалып жүрмей, 
үркіп тұрып алды.
Сол уақытта жаңбыр бұлты тауға таман жақындап, жел 
қатаңдап, күннің күркірегені жиілеп тұр еді. Күн әдетінше 
жарқ етті. Сонда үш жолаушы
32
алдарындағы ағашқа сүйеніп 
жығылып, қатып тұрған баланы көрді. Басында бұлар шошып, 
аттары да үркіп атып кетсе де, артынан оралып дабыстап, 
әлгі жерге қайта келді. Бұлардың көп айқайына ешкім дыбыс 
бермеді. Аздан соң аттан түсіп, қасына келіп қараса – жыртық 
киімді, өңі құп-қу болып, қаннан айырылып жүдеген он, он бір 
жасар бала екен. Ол – өлік. Бірақ денесі әлі түгел мұздап та 
болған жоқ екен
34
...
Мұхтар


87
БАРЫМТА
Жарық айлы түн еді. Аспан бұлтсыз ашық. Мың сан 
жұлдыз тұңғиықтанған түн аспанында алыстағы оттай тала-
сып жылтылдап тұр. Июль жұлдызының аяғы болғандықтан, 
жайлаудағы шеткі қоныстарға өрістеп барған ел енді күзекке 
таман қайта көшуге айналып бір-бір қоныс кейін шегініп келіп 
отырған. Қайтадан елдің бес-алты ауылы Кеңөзекке кешелер 
қонған болатын. Кеңөзек жайлаудағы шалқар қоныстың бірі еді. 
Бұның жері биік, кең төскей болатын. Терісаққанның елі жиы-
лып көшкенде, кей кездерде Кеңөзекте он бес-жиырма ауылдай 
ел сыйып кететін қоныс бар еді. Қойнын ашып, төсін керген 
жалпақ шалғынды өзектің ортасында Кеңөзектің жіңішке суы 
ағатын. Бұл қоныстың өзге жайлаулардағы қоныстардың ішінде 
ең ерекше жері – жаздың қандай ыстық күн болса да, өзге жер-
ден ерекше бір салқыны болатын. Солтүстіктегі биік таулар-
дан асып келіп, үзіліп-үзіліп майысып соғып тұратын қоңыр 
салқын желі болушы еді. Өзектің айналасындағы төбелер ылғи 
жасыл шөпке оранып, мәңгі жастық түсінен айырылмайтын 
сияқтанушы еді.
Қазіргі жарық түннің тыныштығының ортасында Кеңөзек 
ұйқыға кеткен сұлудай болымсыз дымқыл тұманмен буса-
нып, тыныс алған сияқты
1
. Өзек бойына шашырап қонған 
ақ шұбар ауылдар әр жерде, тарғақтың, үйрек-қаздың 
ұядағы жұмыртқасындай болып, өзінше бір жарастықпен 
дөңгеленіп, үймелей отыр еді. Ауылдардың көпшілігі жатқан. 
Түңліктері жабылған ақ үйлер ай сәулесі түсіп маңқиып, қара 
үйлер тұнжырай қарауытып, түн тыныштығына бойсұнып 
қалғығандай. Қотандағы мал тегіс жатқан – тегіс қалғытқан 
ұйқыда. Өзек бойында бір-біріне сүйеу болғандай болып, ан-
да-санда даланы жаңғыртып айқайлаған күзетшілердің айтағы 
естіледі. Әр жерде бірен-саран иттер үреді. Күзетші сарылған 


88
дауыспен дағдылы айғайын созып, зорайтып айтады. Ұйқы 
түніндегі күзетші айқайы тұманды түс көргендей болып 
қалғыған Кеңөзекті әлдилеп тербеткендей еді
2
. Күзетшінің 
айтағы ұйқыға, тыныштыққа, демалысқа шақырғандай болады.
Ауылдардың көпшілігі жатқан болса да, кейбірінде бірен-
саран үйлердің оты бар еді. Кей жер ошақтарда бірде үзіліп, 
бірде қайта қозданып, жалпылдап жанған оттар көрінеді. 
Түңлігі жабылмаған үйлердің шаңырағынан қызғылттанған 
сәуле көрінеді. Қызғылт жарық тіршілік белгісіндей болып 
көзді тартады
3
. Әр ауылда жатпаған үйлер – кешірек жататын 
байлар үйі еді. Ел жататын мезгіл болса да, бүгін бұл үйлер 
жата қойған жоқ-ты. Үлкен үйлердің арасындағы кермеде әрбір 
ауылда суып тұрған ерттеулі аттар бар. Араларында жарау 
бәйгелер, дәмелі жүйрік айғырлар да көрінеді. Бүгінгі күн бұл 
ауылдардың қалың жылқысындағы сәйгүліктің бәрі де керме-
де болатын. Аттар әлдеқалай дыбыс шықса, сарылып тұрған 
тыныштықты ауырлағандай болып тықыршып, пысқырып, 
кейбірі жер тартып өлеңдейді. Бұл аттар түстен бері тегіс 
мініліп, бусанып келіп, жаңадан байланған болатын.
Кеңөзектегі ауылдың кермеге ат-айғырын байлап, бүгінгі 
күн әбігер болуына себеп не болып еді?
4
Енді соған келейік. 
Терісаққанның елі жыл сайын жайлауына келгенде, бұның 
жайлауы мен жайлауы жапсарлас болып аралас отыратын 
Қарағанды болысы болатын. Қарағанды, Терісаққан – екі дуанға 
қарайтын. Екі елдің руы да екі басқа, бір-біріне алыс болатын. 
Бұларды бір-біріне жақындастыратын жазғы жайлау ғана еді. 
Екеуі де малды, кісілі, жуансынған соқтыққыш ел болатын. 
Осы екі ел ру басы жуандарының бір-біріне сыз өткізсем деген 
басталасы, бақкүндестігінен және солардың екі елді бүлдірген 
мінезінен барып, ақыры, бір-біріне қатты уыққан, қатты 
аңдысып шатасқан ел болатын. Соңғы екі жылдан бері екі ел 
бір-біріне әбден өштесіп ап, қолдарынан келген қастықтарын 
аяспайтын болып еді
5
. Жаулықта аралары ұзасқан болатын. Екі 
жағы да қарсы елдің басты кісілерін ұлыққа шағысып, талай-
талай арыздар берісіп, адвокатпен де қуысқан. Бірақ бірін-бірі 
меңдетіп жеңіскен жоқ-ты. Ұлық бұлардың арасындағы дау-
шарды жете тексерген жоқ.
Дуаны екі басқа болған соң, араларындағы шатасқан түйінді 
шешу қиын да болған. Сансыз көп қып берген арыздарынан кей 


89
уақыттарда, айлар өтсе де, жауаптар келмей қалатын
6
. Бірақ бұл 
елдердің адамдары қыс болып, аралары алыстаған уақытта ғана 
арызбен іс қылушы еді.
Жаз болып бір-біріне еріксіз жақындап, қоян-қолтық келген-
де, қолмен іс қылып: не ұрласып, не барымталасып, кей уақытта 
жасақ жиып шабыспақ та болып, дөңайбат жасасып қалатын. 
Осы сияқты халдер бірталай жылдан бері келе жатқандықтан 
бұлардың арасында ел ортасының жесір дауы, қоныс дауы, құн 
дауы сияқтылардай іргелі даулары да болатын.
Сондаймен
7
көптен кіжінісіп келген елдер биылғы 
жылдың жазында бір-біріне қолдарын батырмақ болып, қыза 
қимылдасып еді. Ала жаздай жайлауда екі ел жақын отырған 
уақытта ел азаматтары түгелімен ат үстінде болған. Жаздай 
неше қилы әңгімелер болып өтті
8
. Бір күні «пәленше таптан 
барымта алынып қалып, пәлен ауылдың жылқысына жау тиіп, 
айырып қалыпты» десіп, кейде «пәленнің екі-үш жылқысы 
өткен түнде жоқ болып шығыпты» десіп, тағы бір уақытта 
қораға ұры кіріп азан-қазан болып қалған ауылдардың түрлі-
түрлі әңгімелері естіліп жататын. Екі елдің жаулығындағы 
бір дағдылы жұмыс: алғашқы көрші келіскен кезде бұлар көп 
алыспай, көп соқтықпай, бірін-бірі барлағандай болып келіп, 
жаз ортасы ауғанда, әсіресе айырыла көшетін мезгіл жеткенде 
қызысып алысатын. Кей уақытта айырылып көшіп, арасы әбден 
елсіз болып алыстап кеткенше, түн асқан сайын бір оқиға болып 
қалып отырушы еді. Бүгін түнде Кеңөзекте отырған ауылдар – 
сол оқиғаның
9
нағыз қайнаған ортасында болатын ауылдардың 
бірі еді.
Өйткені бұл ауылда Терісаққаның ең жуан жері – Досбол 
ауылы болатын. Терісаққан Қарағандымен алысқанда, Дос-
болдың нұсқаған бетімен барып соқтығып қағысады. Биыл ғы-
дай жаугершілік болған жылдар барымташылардың топтары 
аттанса да, айтыс-тартыс болса да – барлығы Досболға мәлім-
деліп отыратын. Кейде көп сөз, көп кеңес Досболдың өз алдын-
да болатын. Кеңөзекте отырған бес-алты ауылдың ортадағысы 
сол Досболдың ауылы еді. Бұлар жайлаудан қайта көшкен. 
Қарағанды да кейін серпіле бастаған. Сондықтан енді түн бол-
ған сайын жүдеу тартқан кемпір-шал: «Тағы не болар екен, тағы 
қандай пәлесі сап етеді?» – десіп, күрсініп налығандай. Же-
лікті бозбала, ер-азамат аты мен сойылын сайлап, елең қағып 


90
әбігерлене бастайтын
10
. Биылғы жыл Досбол Қарағандыны 
жуа сытамын деп бата қимыл қылып, сол елдің өзіндей бас-
ты ауылы – Айдардан жақында отыз жылқы барымта алған. 
Бүгінгі түннен бес-алты күн бұрын олардың қуғыншылары 
келіп, сөз ала алмай қайтқан болатын. Сондықтан барлық Те-
рісаққан болып, әсіресе Досболдың дәл өз маңайындағы жа-
қын ел болып, енді Айдардан іс күтіп отыр еді. Досболдың 
тілеуіндегі жуан ауылдың көбі бұның ыстығына күйіп, суығы-
на тоңбақ болып, өзді-өз ауқымындағы кедей-кепшіктерін де 
қолтығынан шығармай сойыл соғар қылып әзірлеп жүрген
11

Екі елдің арасы алыстағанша бұның ауылы мен сол ниеттес жа-
қын атқамінерлерінің ауылдары бірге қонып, бірге көшпекші 
еді. Бірақ ылғи малды бай ауылдар жақын отырса, қой-қозы сы 
араласып, былыға беріп, түгендеуі қиын болған соң, Кеңөзекке 
алты-ақ ауыл қонып, өзгелері сол маңайдағы жақын-жақын 
қонысқа үйіліп-үйіліп, тығыздалып қонған болатын. Осы сияқ-
ты мазасыз болған халдің ішінде бүгінгі күн бір үлкен оқи-
ғаны күткен күн еді. Аңдысып алған ел бұл соңғы уақытта бір-
біріне соқтығуға бекінген соң, барлық сойыл ұстауға жарайтын 
жігіттеріне, барлық дәмелі жүйріктерін мінгізіп, күндіз-түні 
бірдей жер шолғызушы еді. Бұл сияқты сақтыққа келгенде Дос-
бол өзге жауларының бәрінен айлалы, шебер, әккі болатын. Ол 
сойыл ұстатып, атқа мінгізген көрші-қолаң, кедей-кепшіктерге 
өз балаларын, туысқандарын да қосып, көбінесе өзі де қоса 
атқа мініп, дамыл алмай жер шолғызып, маңайды сүздіріп алып 
отыратын. Сондай шолғыншылары Қарағандының жалғызаяқ 
болып жүрген жауларынан талай жортуылшыны бекініп жатқан 
жерлерінен басып қалып, түсіріп алып жүретін. Ел жайлауға 
келгенде, Досбол өз жылқысына көп жылқышы салатын. Ылғи 
жаумен соғысуға жарайтын сенімді мықты жігіттер Досболдың 
жылқысында болатын. Сондықтан Айдардың бестен, оннан 
аттандырған кісісінің көбі талай келіп, жолы болмай, бос қайт-
қан. Кейбір соқтыққан топтары ұрысқыш жылқышылардың 
қолына бірен-сарандаған кісілерін де қалдырып кеткен. Дос-
бол Айдардан соңғы барымтаны алдырғаннан бері сақтық пен 
пысықтықты бұрынғысынан да асырып еді.
Маңайдағы елдің «соғысады» деген ірі жігіттерінің көбінің 
астына сенімді ат беріп, сойыл-шоқпарларын ыңғайлап, 
кейбіреулеріне мылтық та беріп, өз ауылында сақтайтын. 


91
Күндіз-түні соларға жер шалғызатын. Бірақ осылардың бәрінің 
ішінде Досболдың ең нық сенетін бір жігіті бар еді. Ол – өзінің 
жылқышысы, бір жесір кемпірдің жалғыз баласы Қалбағай 
болатын. Қалбағай отыз жастардың шамасына келген кең жа-
уырынды, дөңгелек денелі, өзгеден ерекше біткен қайраты мен 
жүрегі бар, шоқша сақалды қара жігіт еді. Бұны «Қарағандыдан 
шыққан жаудың албастысы» деген атақ Терісаққанға түгел 
жайылған болатын
12
.
Соғыстағы шапшаңдық, мықтылықтың үстіне, бұл 
қыстыгүні ат құлағы көрінбейтін боранда, айсыз қараңғы түнде 
жылқының ішінен бірде-бір күн қалмайтын. Қапысы жоқ. 
Жалығары, қажуы жоқ ерекше біткен жан еді. Қар төсеніп, 
мұз жастанып, дамыл алмай жүріп, жылқыға шүйгін болатын 
жерді ерте бастан есептеп білетін. Қосты ылғи өзі бастап жүріп 
көшіріп, алдындағы малын қыстың жұтынан, қасқыры мен жа-
уынан, жаздыгүні барымташыдан ылғи аман алып қалатын. 
Қалбағай жылқының құты, өзіне тиген малдың берекесі еді. 
Жылқы да Қалбағайды танығандай еді: нелер шу асаулар 
Қалбағай боз айғырмен қуғанда, қалтырап, қаша алмайтын
13

Дөнен-бестісіне шейін жүген-құрық тимеген асаулар Қалбағай 
не бұғалық тастап, не құрық салғанда, тақымын қозғауға жа-
рамай, шыңғырып барып жығылып, не темір қолдың күшіне 
бағынып, буынып жуасып, бойсұнып тұрып қалатын. Қарағанды 
жауларын айтқанда Қалбағай мазақ қылып: «Жаман жігітті кім 
жықпаушы еді: жауды көрсе, буыны босап кететін жігітке жауға 
шауып не керек?» – дейтін
14
. Бүгін сол Қалбағай жылқыда еді. 
Досбол Қалбағайдың қасына жеті-сегіз жігітті қосып беріп, 
өзге азаматты ауылында сақтап, аттарын байлатып отырған. 
Бүгінгі күннің өзгеден ерекше қаупі бар. Өйткені далада жүрген 
түйеші түстен кейін Қарағанды жақтан шыққан бір топ жауды 
көрген. Түйешінің айтуынша, алыстан көрінсе де, жау қарасы 
мол, жүрісі қатты, беті – Қеңөзек айналасындағы ел болғандай. 
Бұлар Қеңөзектен құнан шаптырымдай жердегі Қызылтасты 
бетіне алып келе жатқан сияқты деген. Осы хабарды ауылға 
түйеші екінді кезінде келіп айтқан еді
15
. Шолғыншылар түн боп 
кететін болған соң, ұзап шығып, жер шала алмай: «Қапыда айы-
рылып қалармыз, енді жауды ауылда жылқыдан тосайық, не 
болса да өздері келгенде қақтығып көрейік», – дескен. Қазіргі 
уақытта ел жатқанша жылқыда жүріп күткен шолғыншылар 


92
енді: «Ол жау соқтықса, таң ата жылқы иіруінде соқтығады; 
оған шекті тамақ ішіп келеміз», – деп ауылға келген. Бұлар 
тамаққа келерде жылқыны ауылдан өткізіп, ел жаққа шығарып, 
ауылға жақындатып әкеп салып, жылқының ішінде бұрынғы 
жылқышылардан басқа тағы алты-жеті кісіні қалдырып келген 
болатын.
Көпшіліктің айтуынша да, Досбол мен Қалбағайдың болжа-
уынша да бұл жолы Қарағанды
16
мықтап сайланып соқтығуға 
лайық еді. Соңғы уақытта Қарағанды жақтан жансыздан кел-
ген хабар: «Айдар Қалбағайдың да атын естіп, Қарағандыдағы 
мықты ұрыларды жиып жатыр, үлкен қолмен келіп, бір мықтап 
соқтықпақшы», – деген. Айдардың қолының ішінде бұл жолы 
Қонақай, Жоламан да болады деген сөз бар еді. Қонақай, Жола-
ман – бір туысқан ұрылар болатын. Бұлар жалғыз екі болыс ел 
емес, осы маңайдағы жапсарлас елдің бәріне аты шыққан әрі 
әккі, әрі мықты жауынгерлер еді. Бұлар талайды зар қақсатқан 
жайлаудың қасқырындай ұрының көк бөрісі еді. Малды, белді 
ауылдардың сазайын көп бергендіктен, бұларды көрсетуші 
көбейіп, аяғында, ояз бен маңайдағы приставтарға аттары 
белгілі болып, бұларды қуып жүретін. Қазірде бұның екеуі де 
аты шыққан «қашқын» еді. Соңғы кезде ұлық әлденеше рет қуып 
келіп ұстай алмай, ала алмай қайтқан. Ұлық қолына түспеген 
соң, бұлар қазақ қолына тіпті түспейміз деп бұрынғысынан да 
асқан болатын. «Өздері үнемі қарумен – мылтық, қанжармен 
жүреді», – деп жұрт шошына аңыз қылатын.
«Осы Қонақай мен Жоламанды Айдар бауырына тартып, 
қашқындық халдерін пайдаланып, ұлықтан бүркеген боп, өзіне 
пенде қып ап, Досболға қарсы салмақ болып жүр», – деген ха-
бар болған. Сондықтан бүгінгі жаудың ішінде олар да болуға 
мүмкін еді.
Ауылға келген жігіттер Досболдың үйінде ас ішіп, екі елдің 
арасын, Қалбағайдың мықтылығын, Қонақайдың жүрістерін 
әңгіме қылып отырғанда, Досбол ауылының солтүстік 
жағында, өзеннің ар жағында отырған ауылдан шуылдаған да-
уыс естілді... Үйдегі жұрт тегіс тына қалып: «Бұ не?» – десіп, 
елеңдеп, кейбіреуі жүгірісіп тысқа шыққанда, түн ортасында 
айқын шыққан: «Аттан! Аттан!» – деген көптен күткен суық 
сөз саңқ-саңқ етіп естіліп қалды. Үйдегі жұрттың бәрі алай-
түлей боп тысқа қарай ақтарылды. Бұл кезде жылқы жақтан да 


93
түн тыныштығын қақ жарып шыққан шошынған шулар естіліп 
жатыр еді.
Сол дауыспен аралас тасты жерде тарсылдап шапқан көп 
аттың тасыр-тұсыры мен сатырлап қатты қағысып жатқан 
сойыл дауысы да естілгендей болды
17
. Шеткі ауыл жылқыдан 
шыққан «аттанды» естіп шу еткен екен. Тысқа шыққан ер-
азамат қарбаласып, ерсілі-қарсылы жүгіріп қақтығып жүріп, 
сойыл-қаруларын табысып алып, бірі ілгері, бірі кейін сарт-
сарт етіп аттарына мініп жатты. Алғашқы шу мен жылқы 
жақтан шыққан «аттанды», сатыр-сұтырды естіген ат-айғырлар 
тықыршық атып шыдай алмай, басы байлаулы болса да, кермені 
сүзіп жөнеліп, еліріп, тынышсызданып тұр еді. Бұлардың 
кейбірі асығып келген жігіттер мінгенше болмай шыр айналып, 
сабырсызданып алып жөнеліп жатты. Көп қарбаластың ішінде 
түгелімен тысқа шығып қалған ауылдың кәрілерінің: «А, Құдай, 
сақтай гөр!.. А, Құдай, жаманшылығыңнан сақта!» – деген 
шын жалбарынып, шын тіленген зарлары естіледі
18
... Біреулері 
оларды ұрсып тоқтатып: «Қайтушы еді!» – деп қайрат береді. 
Үлкендердің араларында бала-шаға, қыз-келіншек бір жағынан 
жүрегі қалтырап тоңазып қорыққандай болса да, сонымен бірге 
дірілдеп қызық күтіп, біріне-бірі тығылып топтанып жүр.
Аттарына ілгері-кейінді мінген жігіттер біріне-бірі 
қарамастан сүзіп жөнелген ат екпінімен желдетіп, аспанды қақ 
жарғандай болып: «Қайда, қайда?» – десіп, үздік-создық шауып 
кетіп жатыр. Аздан соң ауылда еркек қалған жоқ. Досболдың 
өзі де кетті. Үйіліп қалған әйелдердің, бала-шағаның ортасында 
Қалбағайдың жалғыз кәрі шешесі Ұмсындық та бар еді.
Ол жүрегі белгісіз қауіптен қорыққандай болып: «А, Құдай, 
ақсарбас!.. Кеселділердің отына күйгізе көрме қарағымды! 
Жалғыздың жары – Құдай!» – деп тілеу тілеп жүрді
19
...
Бұның жалғыз сүйеніші, жалғыз медеу қылғаны – аға, бауы-
ры жоқ – жалғыз Қалбағай еді. Керек десе, жасы отызға жет се 
де, әлі күнге кедейліктен қалың малын жеткізе төлеп қа лың ды-
ғын да алған жоқ еді. Кемпірдің бұндай қауіп үстінде кө кіре гін 
қарс айыра ойлайтын арманының бірі сол да болатын
20
.
Ауылдағылар шыдамнан айырылған сабырсыздықпен жыл-
қы жақтың хабарын асығып күтті. Аттанған шабушылар бір та-
лай уақыт бірін-бірі демеп: «Қайда, қайда?» – деп айқайласып, 
сол «аттан» шыққан бетке қарай қисая шауып кетіп қалды. 


94
Бірта лай уақыт өткендей болды, Бұл кездегі айғай үзіліп-
үзіліп, алыс тан ғана естілген сияқты. Жау да, қуғыншылар да 
әлденеше белден, қырқалардан асып ұзап кеткендей болды. 
Жылқышы лардан басқа ел кісілерінен, ауылдардан шапқан 
жал ғыз Кеңөзектегі ел емес еді. Өзге маңайдағы ауылдардың 
бәрі нен де, Досболдар шапқан уақытта, осылардың топтарын-
дай болып, әлденеше топ тар шуласып, ізденіп шапқан болатын. 
Әуелгі «аттан» даусы естілгенде, бар ауылдардан жеті қараңғы 
түнде
21
шулап шапқан көп аттылар жайлаудың даласы мен 
белін азан-қазан қылып еді. Кеңөзектегі ауылдардың үсті көп 
уақытқа шейін у-шуынан басылған жоқ-ты. Түн оқиғасынан 
сергіп қалған күзетші айтақ тары да жиілеп, құшырланып 
шығып, иттердің үруі де үлкен шу жасағандай болып, молайып 
кеткен. Оның үстіне, далада шауып жүргендердің айғайынан 
басқа жақын ауылдардың қатын-қалашы бір ауыл ішіндегі 
әңгімеге қанағаттанбай, біріне-бірі барысып қалып, топтарын 
көбейтіп, у-шу әңгімені молайтып жүр ді. Бұлар анда-сан-
да өзара әңгімелерін үзіп, бірін-бірі: «Тоқ та, тоқтай тұршы 
әрі», – деп тоқтатып тастап, құлағын ті гіп, алыстағы алысқан 
жаулардың сөзін естіп, белгі білмекші болады...
Бұл кезде жау да, қуғыншы да әуелгі жылқы жатқан жақта 
емес, Қеңөзектің басын айналып, елсізге тартып, Қарағандыны 
бетке алып, оңтүстікке таман ойысып бара жатқан сияқты еді. 
Ауылдағы жанға
22
жау Қарағандының жауы екені анықтал ған-
дай болды. Алыстағы көп сарынның ішінде кейде көп аттың 
тұяғының дауыстары, кейде сойыл даусы, кейде үзіліп, кейде 
шулап шыққан айғайлар естілгендей болады. Сол көп сарынның 
ішінде екі-үш рет алыстан атылған мылтық даусы да гүрс-гүрс 
етіп естіліп қалды
23
. Ауылды осы сияқты белгісіздік халінде 
қал дыра тұрып, біз Кеңөзектің аяғында жатқан жылқышыға 
келейік.
Досболдың көрші ауылдары мен өзінде жеті-сегіз жүзге 
тарта жылқы бар еді. Күндізгі түйешінің хабарын тегіс естіген 
жылқышылар бүгін жылқыға тиетін жауды түн бола бастаған 
сайын асығып күткендей еді. Қалбағай ымырт жабылған соң, 
күндіз бірталай мініліп қоя берілген боз айғырды ұстап мініп 
алған
24
.
Өмірінде талай жау, талай барымташымен соқтығысып, 
қағысып көрген жырынды жылқышы бүгін қапысыздық пен 


95
сақтыққа түгелімен берілгендей еді. Ол өзге жылқышының 
бәрін анда-санда күлдіргі, көңілді әңгіме айтып сергітіп кетіп, 
ұйқыларын келтірмей еліртіп, өзі дамыл алмай жылқыны шыр 
айналып шығып отыратын. Жылқы күндегі дағдысынша ты-
рағайлап, шашылып жайылуға айналып, айғыр үйірлері оқ шау 
шыға бастаса, Қалбағай қайыртып, көп жылқыны топтап жай-
ып келе жатты. Жылқы жатқан жер адырлы қабаты көп, жасы-
рыны мол жер болатын. Сондықтан көп ендетіп жаюға болмап 
еді. Жылқының шеті биікшелеу адырлардың тұсына келген-
де, Қалбағай жылқыны тастай беріп, сыдыртып, ай сәулесінің 
астында қылаңмен жер шалатын. Ел жатар мезгілге тақалғаннан 
бері қарай Қалбағай бұрынғыдан да күшті сақтыққа салып, ши-
рап алып еді. Ол тыным алмай, жылқы құлап келе жатқан өзектің 
айналасын кезек-кезек сүзіп, жауды барлап жүрді. Жылқыдан 
кейде жарты шақырым, кейде бір шақырымдай да шығып кетіп, 
қалғып тұрған сайларға келіп, жым-жырт болған түнмен бірге 
демін ішіне тартып, тымағын қолына алып, қатып қадалып 
тұрып қалатын. Бұл кезде боз айғыр да ұрлыққа көп мінілген 
дағдылы аттай болып, не бір пысқырып, не ер-тұрманын сыл-
дырлатпай, Қалбағайдың тілін ұққандай болып мелшиіп, са-
рын тыңдап тұрып қалатын. Осымен ел жататын мезгіл әбден 
болғанда, Қалбағай жылқының күншығыс жағына шығып жер 
шалып, енді жылқыға қайта келгелі тақап қалғанда, күнбатыс 
жақтағы ай сәулесі түсіп тұрған бозтөбеден самаладай болып 
жаудың көп шоғыры шыға келді
25
. Бұлар жеті түнде үркіп 
қиқулап ұшқан қаздардай болып, төбе басында бөгелместен са-
тырлатып сойыл қағып, қалың жылқыны үркіте қиқулап, өзекке 
қарай құлай шапты
26
. Жау қарасы көп еді. Алғашқы төбе ба-
сына қарай бұлттай, шоқтай болып үйіліп, жау шыға келгенде-
ақ Қалбағай жүрегі селт етпестен жаудың санына көз салған. 
Бұлардың қарасы 30–40-тан кем емес екен. Жылқыдағы кісі 
15 шамасында болатын. Сайды басына көшіріп сатырлап шу-
лап шапқан жауды көргенде, қалың жылқы «шұр» етіп үркіп, 
қатты жел күнгі дүрілдеп жанған өрттей болып Қалбағай 
жаққа қарай жосып женелді. Жылқышылардың бірен-сараны 
шошынып үркіп кеткен жүрекпен жылқымен бірге кетті. Жау 
қарсысына бір 12 кісі: «Қайт! қайт!» – деп қарсы шапты. 
Аралары жақын болып қоян-қолтық келіп қалған жаулар ай 
сәулесімен шағылысқан ак сойылдарды айдынмен көтерісіп, 


96
шапыр-шұпыр араласып, ұрысып қалды
27
. Бірақ жылқышы 
саны аз. Жаудың жартысынан артығы жылқышымен ұрысқа, 
бөгеуілге қалып, өзгелері жылқының соңынан түре қуып жо-
сылтып әкетпек болып бөліне шапты. Бұларды қуып үш-төрт 
жылқышы да шауып кетті. Жылқышылар екі-үш рет ұрысып, 
қағысып, байқасып шықты. Бұл жолғы жау бұрынғылардан гөрі 
бата қимылдайтындай түсі суық, екпінді еді.
Жылқышылар алғашқы жау қарасын көргеннен-ақ шуласып 
«аттан» салып еді. Әлі де сол дауыстары басылған жоқ. Жылқы 
жосылып, өзектен шығып, адырға қарай асып кетті. Алғашқы 
кезде кездесіп қалған топтар екі-үш айналысып ұрысқан соң, 
қалған жау да жылқының артынан салды. Жылқышылар 
шұбатылып қуды. Жау ішінде өзгелерден гөрі бөлекше болып, 
бата қимылдап екіленіп келіп ұрысатын және ұрған қолдары 
асығыс ұрып жүрсе де қатты-қатты тиетін екеу бар. Бұның бірі 
теңбіл көкке мінген, біреуінің астында құйрығы төгілген есік 
пен төрдей тор қасқасы бар. Бұлардың қолынан жылқышының 
үш кісісі түсіп қалды. Қашып ұрыс салып келе жатқанда да 
артымен, алдынан келгендей табандап ұрады. Әлдеқалай көп 
сойылдың арасына түссе, сойылдарын шыр айналдырып, 
бірен-саран болмаса, көп ағаштарды тигізбей шығады
28
. Екеуі 
бір емес, барлық жылқышыға да көзге түсіп көрініп, өздерін 
танытып қалды, бұлар соғысқанда да алғашқы келгеннен-ақ: 
«Мен – Қонақай», «Мен – Жоламан», – деп келіп салысқан бо-
латын. Қазірде Қонақай мен Жоламан өзгелерден бөгеліп қала 
беріп, жылқышылардың бірталайын бөгеп ұрысып келе жат-
ты. Сатырласқан ұрыс ішінде тістеніп егескен: «Я, шіркін-ай!.. 
Уа, кәпір-ай!..» дескен, шолақ-шолақ қылып айтып, бір-біріне 
ызалы болып, тұжырған сөздер естіледі. Осы сияқты ұрыспен 
жау мен жылқышылар жылқының көбінен өтіп, алдыңғы то-
бына жетіп қалды. Бұл топ – жүз қаралы жылқы еді. Жаудың 
он бес шамалы кісісі бұл жылқыны өзгеден жырып алып, ал-
дына төсеп салғандай болып сойылдап, шаңын бұрқыратып
29
қуып барады екен. Кейінгі ұрыс салып, жаумен жағаласып келе 
жатқан жылқышылардың ішіне әлі күнге шейін Қалбағай кел-
ген жоқ еді. Ол өзінің үстіне қарай жылқы алғашқы дүркіреп 
жөнелгенде, қалың жылқыға қақтығып шыға алмай қалып
30

сонда да тебініп, қамшыланып, ызамен қаны қайнап, жылқыдан 
сытылып алып, ұрысып жатқан қалың топқа боз айғырға 


97
қамшы басып, айғайды салып, жаңа шапқанда, жау тобынан 
жылқыны бетке алып шапқан бір шоғырды көріп, соны түре 
қуған. Қалбағай жылқыға шапқан он-он бес кісінің тобына ара-
ласқанда, бұған өз кісілерінен төрт-бес кісі қосылып еді. Бұлар 
қасындағы он беспен тізе қосып, қатты ұрыс салып келе жатты.
Бұл кезде Қалбағайдың қасындағы жігіттердің де жүректері 
орнына түсіп, ұрысқа төселіп алғандай еді. Қалбағай жау то-
бымен екі-үш рет араласып, салысып қалғанда, бір жау аттың 
жалын құшып барып, өзгеден оқшау шығып кетіп, ауытқып
31
барып түсіп қалып еді. Бұдан соң тағы бір айналысқанда, ал-
дынан қасқиып келіп табандасып ұрысқан жирен қасқа атты 
Қалбағайдың сойылымен бірге шаншылып түсті. Қалбағай бұл 
арада қара шоқпарды сүйсінгендей болып бір салмақтап алды. 
Жылқыны көздеп шапқан топ бұлармен ұрысқа бөгелмей, 
жылқыны жарып жөнелмекші болды. Бірақ Қалбағай бұл 
жылқыны оңтайлықпен беретін сияқты емес еді
32
. Жау мен 
жылқышының артқы тобы жақындап, сатырлап, жанталасып 
тақап қалғанда, Қалбағай жанындағы жолдастарының тізесін 
қосып алып: «Менен жырылмай, жылқының ортасын қақ 
жарыңдар!» – деп, боз айғырға қамшыны басып-басып келіп, 
жолшыбай сермелген сойылдарын қағып ұшырып, алдыңғы 
жау дан тобымен өтіп шықты. Сол бетімен жылқыны жан-жағына 
кезек-кезек машинаша жылдамдықпен сойылдап, айғайды са-
лып ұрып отырып, қақ жарып шықты. Дәл осы кезде
33
топта-
нып, шоғырланып келе жатқан жылқы жан-жағына тоз-тоз бо-
лып бытырап женелді. Көбі кісінеп үркіп, кейінгі көп жылқыға 
қарай қайта жөнелді. Артқы жау шашырап жөнелгендерге ие 
бола алмай қалып еді. Алдыңғы жарылып жөнелген жылқының 
артынан өзге қалғаны да шашырап жан-жағына жөнеле баста-
ды. Әрі-беріден соң жау сойылы да бөгет бола алмады. Өзге 
көп жылқыдан бұл кезде жау ұзап кетіп еді. Басында алдары на 
түс кен жылқыдан жартысынан артығы қашып кетті. – Қалба ғай 
айырып алды.
Қазірде жаудың алдында жиырма бес, отыздай-ақ жылқы 
қалды. Қалбағай бұл уақытқа шейін жаумен ұрысқа көп ал-
данбай, ылғи бестен, оннан жылқыны айырып келе жатқан. 
Ұрысты жылқыны айырып болған соң бастамақшы еді. Әрі-
беріден соң жылқыдан жау алдында он бестей ірі жылқы 
қалды. Бұларды қалың жау ортасына қоршап алып, енді шетке 
7–1247


98
шығармауға айналды... Жау бұл он бес жылқыға қанағаттанса 
да, қанағаттанбаса да, енді осыдан басқа жылқыны қайта ора-
лып ала алмайтын болды. Өйткені жылқыдан ұзағаннан басқа 
сол кезде ауыл жақтан да шулап шапқан дауыстар естіліп 
қалып еді. Сондықтан олар енді жылқышыға өктемдік істеп 
кетпек болып, он шақты кісіге жылқыны қаматып қуғызып 
отырып, қалғандары бөгеуіл соғысқа шықты. Жау бұл уақытта 
ел қуғыншысынан бетін алыстатып, оларға тез жеткізбейтін 
болып, Кеңөзектің басымен күншығысқа қарай тартып еді. 
Енді қуғыншы жаудың өкпе тұсынан төтеден қосыла алмай-
ды. Олар да астына түсіп қуатын болды. Қашқан жауға бұл бір 
тыныс еді. Олардың кіжініп келе жатқанын жылқышылардың 
қалыспағаны үшін соғысып жазалап кетуіне орын кең болды
34

Сондықтан жылқы қуғандарды алдарына сала беріп, өзге қалың 
тобы аттарының басын іркіп, жылқышыны тосуға айналды. 
Бұл кезде жау саны отызға толар-толмас еді. Өйткені бұлардың 
ішінен алғашқыдан бергі ұрыста Қалбағай төртті түсірген. 
Өзге жылқышылар екеуін түсірген екен. Оларды арттағы 
жылқышылар басып қалып, аттарын іліп алып, жолдастары-
на құтқартпай қойған. Бірақ оның есесіне, жылқышылардың 
да саны кеміп еді
35
. Анықтап төселіп ұрыспаса да, қашып 
ұрысып жүріп-ақ, Қонақай мен Жоламан бес жылқышыны 
түсіріп кетіп еді. Бірақ Қалбағай қалған жылқышылардың то-
бын маңына тартып алып, ел кісісі артта қалғанын біліп: «Енді 
тізені жазбаңдар», – деп, шауып келе жатып басшылық бұйрық 
айтып, жұртты желпінтіп қиқулап қыздырып келіп, тосқауылға 
бөгелеңдеп қалған топқа артына ерген шоғырымен тұтас келіп 
араласып кетті. Бұл арадағы қақтығыс бүгінгі түндегі асығыс 
қарбаластағы ұрыстардың бәрінен бөлек, ең ірі ұрыс еді. Соғыс 
қызбастан бұрын жылқышыны жасқантпақ болып
36
, Жоламан 
«қайт-қайттап» тұрып, алты атарды екі атып жіберіп еді. Оған 
соғысқа бойы үйреніп қызып алған жылқышылар бөгелмеді. 
Содан кейін сатыр-сұтыр тиіскен сойыл, бұрқылдаған шаң, бір 
жерде ұйлығып таласқан топ иттей жанталасқан, үймелеген 
үлкен топыр болып кетті... Екі жақ та секөнт сайын жапыр-
жұпыр көтеріліскен сойылдарын жауларына жиі-жиі тигізіп, 
соғысты қыздырып бара жатты.
Аз уақытта
37
екі жақтың қолынан тағы да иесі жығылған 
төрт-бес ат ойнап шықты. Бұлар Қонақай, Жоламан мен 


99
Қалбағай қолынан босатылған аттар еді. Бұл түнгі соғыс 
Терісаққан мен Қарағанды жаулығында бұл күнге шейін 
көрмеген соғыс. Мұның ерекше қызулы болуына себепші 
болған – Қалбағай мен Қонақайлар. Осы қызу ұрыстың кезінде 
Қонақай бір жылқышыны құлатқан бетімен өз қолына өзі 
сүйсініп: «Мен – Қонақай... мен – Қонақай», – деп тағы да 
құлшынып шықты. Қалбағай көптен Жоламан мен Қонақайды 
басқалардың ішінен анықтап айыра алмай жүр еді. Бұл 
Қонақайдың даусын естігенде, жолдағыларды тастай беріп, боз 
айғырдың жылдамдаған бетімен қарсы алдынан ойқастап кеп: 
«Олай болса, мен – Қалбағай», – дегенде, екеуі де ежелден кекті 
болып кіжініскен жауларша қарсы қарасып келіп, сойылдарын 
жұлып көтерісіп алысты. Бір-бірінен жалтарған жоқ. Табан-
дап тұрысып салысып қалды. Екеуінің армансыз сынасатын 
жері осы еді. Қалбағай соны ойлағандай болды. Қонақай өзіне 
біткен шапшандықпен жылдам ұрдым десе де, ол екі ұрғанда, 
Қалбағай үсті-үстіне төрт ұрып жіберді. Бұл уақытта жыбыр-
ласып ұрысып жатқан қолдар бұлардың маңайында қалмаған 
екен. Қонақай соны аңғарып, байқай бергенде, құлағы тағы 
бір нәрсені шалып қалды. Ауылдан шапқан қалың жау
38
қазір 
бұларға жақындап қалыпты. Мұның жолдастары соны естіп 
жөнелген екен. Олардың артында төрт-бес жылқышы қалмай 
кетіп бара жатыр еді. Қонақай бұл халді сезген соң теңбіл атты 
бұрып ала женелді. Кейінгі елдің айғайы жақындап келеді... 
Бұл ұрысып жүріп бұрылуға айналғанда, Қалбағайдың сойылы 
дымыр-ақ көп тиіп жіберді. Атының бетін түзеп жөнелгенде, 
Қонақайдың басы шыр айналғандай болып зеңіп қалған екен...
Қонақай қашып келе жатып ұрысқан болса да, бұның атын 
боз айғыр жібермейтін болды да, Қалбағай мұны меңдететін 
көрінді. Оның үстіне, ұрысып келе жатып артына бұрылып 
қарағанда, жақын кезеңнен асып келе жатқан ел қуғыншысының 
алдыңғы тобын көрді. Бұл топты көрген соң сасқандай болып 
тебіне бастады. Қалбағайға қазіргі уақытта Қонақай есі кеткен 
кісі сияқтанды. Бұрын омыраулы, үлкен денелі, айбатты жауы 
қазірде жауырыны бүрісіңкіреп, еңкеюге айналғандай болды... 
Қалбағай мұны көрген соң тепсініп келіп, күшін жиып алып, 
екі ұрып жіберіп, айдыны аса бастаған жау даусымен: «Түс!.. 
Түс!.. Өлесің!» – деді.


100
Соңғы екі ұрғанда Қонақай аттың жалын құшып теңселіп 
қалды. Боз айғыр барлығуға айналса да, теңбілді көп ұзатпайтын 
сияқтанды. Дақ сол уақытта Қонақайдың кейін қалып, әлі күнге 
жете алмай келе жатқанын біліп, Жоламан қайта оралып келіп 
қалып еді...
Жоламанның араға түсіп кететінін біліп, Қалбағай емін-
еркін жетіп алып, меңдетіп алған жауын ақырғы рет табан-
датып бір ұрып түсірмекші еді. Сондықтан айғырына қамшы 
басып, Қонақайға тағы да сойыл салым жерге келіп қалды. 
Сол уақытта Қонақай Жоламанды танып, әлсіреп асыққан да-
уыспен: «Мен қалуға айналдым, әлсіреп кеттім!.. Ат!..» – деді. 
Сол сөз айтылғанша Қалбағайдың шоқпары қара құстан тап ба-
сып, зілдей болып ұрып жіберді. Қонақай қатты теңселіп кетіп, 
атының оң жақ қабырғасына түсіп барып, қайта әлін жиып 
көтерілем дегенде, екінші қабырғасына түсті. Сол уақытта Жо-
ламан да араласып қалып еді. Қалбағай шоқпарды Қонақай ға 
тиген бетінен жұлып алып, енді Жоламанды ұрмақшы болған да, 
мылтықпен созылған қол, боз айғырдың басын көздеп тұрған да 
жасқанып барып, атылып кетті. Дәл осы секөнтте теңселіп бара 
жатқан Қонақай боз айғырдың алдына құлап еді
39
...
Жасқанып атқан оқ, дәл жүрегінен тиген Қалбағай да 
мылтықтың түтіні айыққанша ат үстінде жоқ болып, Қона-
қайдың қасына бүктетіліп түсті. Жоламан Қонақайдың аты мен 
боз айғырды іліп алып жүріп кетті. Одан әрі айналуға уақыт 
тығыз еді. Өйткені қуғыншы тобы шулап келіп қалып еді. Боз 
айғыр жау қолында кете барып, Қалбағай жоқ болған соң, 
ұрысып жүрген жылқышының бәрі: «Ой, бауырым!» – салып, 
Қалбағайдың басына жиылып қалды... Жау кете барды. Кейінгі 
қуғыншы да Қалбағайдың басында шулап жылап, үйіліп қала 
берді.
Жарық айлы бүгінгі түн қаралы қанды түн болды. Өз на-
мысы оянбаған екі бейбақ, асығы түгел әлдекімнің намысына 
итаршылық жасады да, жайрап түсті қос арыс!
40
Мұхтар


101


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет