Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет16/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   106
Абай
деген сөз, 
қазақ
де-
*
Теке – қазіргі Орал қаласының ескі аты.


72
ген сөзбен теңбе-тең түсетіндей кездері бар сияқты. Абайды 
сүюім үнемі ақылдан туған, сыннан туған сүйіс емес, кейде 
туған орта, кір жуып, кіндік кескен жерді сүюмен бара-бар бо-
латыны бар.
Бұдан соң Мағжанды сүйемін. Еуропалығын, жарқырағын, 
әшекейін сүйемін. Қазақ ақындарының қарақордалы ауылында 
туып, Еуропадағы мәдениетпен сұлулық сарайына оратылып ба-
рып жайлауы жарасқан Арқа қызын көріп, сезгендей боламын. 
Мағжан – культурасы зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен 
күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның шегінен асқандай. 
Сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай, бірақ 
түбінде әдебиет таратушылары газетпен қосақталып күндегі 
өмірдің тереңін терген ақын болмайды, заманынан басып озып, 
ілгерілеп кеткен ақын болады. Әдебиет – әдебиет үшін деген 
таңба айқын болмай, нәрлі әдебиет болуға жол жоқ. Сондықтан 
бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бойұрып, 
артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз Мағжанның сөзі. Одан 
басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін.
Орыс жазушыларында анық сүйетінім: Толстой, Достоев-
ский
16
. Адам жанын соларша қойма ақтарғандай ақтармаған 
соң, жазушылықтың мәні де жоқ. Прозаға психологизм аралас-
паса, өзгенің бәрі сылдыр су, жабайының тақ-тақ жолы. Мына 
екеуіне қарағанда өзің де ұяласың, өзің үшін де ұяласың. Жан 
құдайының алып жұртын көргендей болып кішірейіп, тапталып 
қаласың. Жазушылықтың асқары деп сүйемін.
Еуропаның жазушысында Анаголь Франсты жақсы көрем
17

Бұның алуаны өзгелерден бөлек. Терең білімге, сыншы ақыл-
ға бойұрған данышпан жазушы. «Чтобы быть прекрасным
надо быть разумным», – деп Еврипид айтқандай, бұл ірі 
жазушылықтың екінші бір тұрғысы сияқтанады.
Мұхтар. 
Ленинград, ғинуардың 29-ы.


73


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет