ТӨРТІНШІ АКТ
Бесінші сурет
Сырымның ендігі мекені. Қатарласа тігілген бірнеше қос ұранқайлар. Бел-
деулерде айбалта, шоқпар, найза. Сырым шығады. Қасында Дулат, егінші шал,
балықшы шал. Сырым мен Дулат қару асынған.
Е г і н ш і ш а л . Қарағым Сырым! Уа, Сырымжан!
С ы р ы м . Е, немене, қартым?
Е г і н ш і ш а л . Уа, бір нәрсенің мәнін сұраймын, жөнін
айт!
С ы р ы м . Ненің жөні, қария?
Е г і н ш і ш а л . Жә, осы сен беріп жатырсың, төгіп
жатырсың? Мені «Егінші шал» деп, мынаны «Балықшы шал»
деп, беріп-беріп келесің. Ал енді осы ненің орайы, өтесіні не
болмақ? Өзің айтшы, мүлдем сұрамасқа мұршам бар ма осыны?
С ы р ы м . Е, балаң сұрамай-ақ алатыны кәне? Соны
жіберсең не етті?
Е г і н ш і ш а л . Бәсе сол, соны айт... Сонада кеп бір алды
сенен, анада кеп тағы алды... Бүгін тағы шақырыпты. Жөнін
сұрасам: «Ол неге берді? Сен неге алдың?» – десем, балам
жауап айтпайды. Содан соң бүгін: «Тәйт былай, өзім барам,
өзім сұраймын», – деп келмедім бе?
Б а л ы қ ш ы ш а л . «Күйі бірдің – күні бір» деген-ау... Мына
егінші шалдың сөзі – тас-түйін менің сөзім. Топа-торсақ болса
да, тура сөз – осы. Мен де соны сұрап қалдым, Сырымжан! Уа,
неге шашасың, неге бере бересің осы қыруар мал-мүлкіңді?
Бізден не қайыр күтесің?
Е г і н ш і ш а л . Бәсе-бәсе, міне, бәсе, осы деймін! Біз бір
өңшең қатқан кедей емеспіз бе мына теңізді сағалаған? Титығы
құрығаннан кеп паналап сағалаған өңшең бір шыр бітпеген аш-
арық емеспіз бе?
Д у л а т . Уа, сол үшін, сендер сондай болғаныңнан «ал» деп
жүрген жоқ па Сырым.
Е г і н ш і ш а л . Бірақ менің берерім, қолқаға жарарым жоқ
қой. Мынау балықшы шал болса, түп жоқ тұңғиыққа қармақ
салады. Көрінген көзі, кесілген ізі жоқ көлеңкедей балықтан
бұл тілейді. Қара жерге тарыны көміп-тығып, ертеңі не болары
белгісіз, түп-тұңғиықсыз бір меңіреуден мен тілеймін.
292
Б а л ы қ ш ы ш а л . Айтса-айтпады, қайыптан қайран күт-
кен біз емес пе? Неге шашып жүрсің деймін дүниені біздер
үшін?
С ы р ы м . Ой, тәңір-ай, мен дүние қуып жүрмін бе? Уа,
дүние мені қуып жүрген жоқ, па, қартым-ау?
Е г і н ш і ш а л . Ал бізді айтсаңшы! Біз тегіс «кедейліктің
уын жесек те, арам жемейік» деген кер кедейміз. Имандай сы-
рымыз бұл. Әлде шашып-төгіп жүргенің кісінікі ме, жаттың
дүниесі ме?
С ы р ы м . Қоймадың ғой мүлдем, қайран адал бақырларым!
Енді жөнімді айтпай болмас! Шашып-төгіп жүрген дүнием
өзімдікі болмаса да, жаттікі емес.
Е г і н ш і ш а л . Ол қалай?
Б а л ы қ ш ы ш а л . Мәні қалай мұның?
С ы р ы м . Нәсілі жеті-сегіз атаға жеткен Өсердің бір жұра-
ғаты – менмін. «Отыз ауыл Өсер дейді...» Содан менің алмаған
үлесім, ортағым, еншім бар.
Е г і н ш і ш а л . Ендеше, ақы-адал мүлік екен, неге оны ал-
май шашасың?
С ы р ы м . Адал деп ақтамаймын.
Б а л ы қ ш ы ш а л . Уа, неге? Ата-мүлкің адал емей немене?
С ы р ы м . Арғы атадан бүгінгі балаға дейін жинағандары он
қос жылқы болған. Санын атасам – он бес мыңға тартады. Со-
ның көбі, бағып тұрсам, жылаған нәсілдің көз жасы дедім де,
жирендім.
Е г і н ш і ш а л . Кімнің көз жасы дейсің?
С ы р ы м . Өңшең қыршын жас – қор болған қыз көз жасы...
Бұл ауылда қызды «қырық жылқы» деп атады. Менің көзіме
де көңіліме сол он қос жылқыда күңіреніп кеткен көп қыздың
қайғы-қасіреті шұрқырап, шер күңірентіп жүргендей. Қысқасы,
осындай сан жайдан өртендім де, өшіктім. Өсер мүлкіне... Сен-
дерге адал бұл дүние, ала беріңдер!.. Көңілің соқса – көлік ет,
қарның ашса – азық ет, түге!
Б а л ы қ ш ы ш а л . Несін айтайын, Сырымжан, бұл теңіз-
дің мынау өңірінде аты жоққа – ат, асы жоққа – ас болдың ғой,
қайран жас! Бірақ бәр-бәріңнен сенің әнің, өнерің бізге қандай
сый болды! Үйлеріміздегі бала-бақырларымыз боп сенен
естіген ән мен сөзге имандай ұйып отырғанымыз жоқ па?
293
С ы р ы м . Ой, қадірлі қартың-ай!.. Оның да менде бүгін
қалып жүргені – тек тамтығы ғой.
Д у л а т . Бәсе, бізде бүгін ән қалып па еді?
Е г і н ш і ш а л . Неге? Неден опық жегенсің осы сен?
Қыршын жас! «Дос» дедің, «елім» дедің бізді, «Ерім» дедім мен
дағы, міне. Енді сол сыр-шеріңді айтып бер бізге, шерлі жас.
С ы р ы м . Не деп айтам онымды... О-о-о! Жарам бар, ата-
аналар. Жазылмас жарам жатыр. Сырт жарасы емес, іш жарасы.
Найза жарасы жазылады, жан жарасы жазылмас... Жалғызым,
жарым жарасы. Жарымды алма, жанымды ал дедім! Оны ал-
май, жарымды алсаң, есімді қоса ал дедім тым құрыса... Бірақ
бұл тілекті менен бұрын ол тілепті, жарығым... Қарагөзім!..
Қарагөзім!.. Дариға-ай!.. (
Достарыңызбен бөлісу: |