298
Н а р ш а . Әй... болмайды! Шама жоқ. Мен де ұзамайтын
жанмын. Жазылса, Қарагөз мені де жазар. Ол жазылмаса, тілер
тілек, етер үміт жоқ. Тыныс бітіп келеді.
Қ а р а г ө з (
қайта кіріп
)
.
Жығылып барам... Ұйықтайын
ба? Өлсем бе?.. Құлап кетсем, тау басынан ұшып келем... жерде
тоғай... тоғай... көп тоғай?.. (
Сыбырлап, төрге қарап ақырын
жүріп, қолымен ишарат қып.
) Шақырады... иә, иә, барам...
Келе жатырмын... тоғай... (
Асанның үстіне келеді.
) Ә... қайда
кетті?..
А с а н . О не, қарағым, Қарагөз? Шатасқаның ғой.
Қ а р а г ө з . Солай ма? Шақырған жоқ қой... (
Тойсарыға
қарап.
) Ұят-ай! (
Бетін басып. Асанға.
) Асан?..
А с а н . Жаңа кісі таныдың. Кей уақытта танымай қоясың.
Танып жүрсеңші осылай!
Н а р ш а . Кісіні таниды, бірақ елемейді.
Танығанын
білдірмейді. Әйтпесе оңашада «кім келді, кімді көрдің» десең,
бәрін айтады. Біралуан қылып берген дерті ғой.
Қ а р а г ө з (
Асанға
) Асан... маған... (
Наршаны көрсетіп.
)
Ана кісіге ән салып берші. Ән... ән... (
Төсегіне сүйенеді.
)
Н а р ш а . Асанды көрген сайын «ән сал» дейді. Ескі күннің
бұлдыр бір ұшқыны да.
Т о й с а р ы (
Асанға
). Көңілдері сергісін, салып бер бір әнді.
Н а р ш а . Уһ... Асан, айтшы бір ескі әніңді?
А с а н (
ән салады
)
.
Жігіттің бар тілегі – алдағы өмір,
Бозбала, әнге салсаң – қайғың кемір.
Құданың бергеніне сансыз шүкір,
Көңілім былтырғыдан биыл тәуір.
Н а р ш а . Былтырғыдан тәуір болған көңіл адыра қалсын
да!
А с а н . А...
Олай болса, мынаны тыңда!
Шүкірлік бергеніңе зүлжалалым,
Ойында еш нәрсе жоқ бозбаланың.
Тарқатып жас дәуреннің жәрмеңкесін,
Шетіне шығып қалдық ду базардың.
Текті кіреді.
Т е к т і . Сен не деп ән салып отырсың? Бұл үйге ендігі
жетпегені ән бе еді?
299
Т о й с а р ы . Бәйбіше, әдейі айтқызып отыр.
Н а р ш а (
Асанға
). Дәурен өткен соң, ән де ажарынан айы-
рылады екен-ау! Тіпті бұрынғы
тәтті ән сияқты болып селт
еткізбейді.
Т е к т і . Ән еститін бізде не көңіл қалды? (
Күрсінеді.
)
Н а р ш а . Жаратқан ие, айығар ма,
бұл тұман сергитін
күн болар ма? Мен де, адам санатына қосылам ба? Жоқ па?
(
Достарыңызбен бөлісу: