232
Д у л а т . Білемін.., ол жайды білемін ғой, біз осы жасқа
келгенше талайдың талаймен жақындасқанын көрдік; өз басы-
мыздан да көпті атқардық. Бірақ сен екеуіңдей жалындап үзіліп
тұрған жандарды көргенім жоқ. Болар деп ойлаған да жоқпыз.
С ы р ы м . Біздің осы көңілімізде не арамдық бар? Не жаттық
бар? Қаракөздің басын мен сияқты болып әкесі сүйді ме екен,
Мөржан мендей болып сүйе ме екен? Жасында жетім болып
еді, жүрегі қаяулы, көзі жасты еді. Осының риза, наразылығын
білейік, ренжітпейік демес пе еді олар; жан ашығаным, жақсы
көргенім осы дейтін шығар. Олай болса, Қаракөзге тыңдатшы?
Солардың әкелігін сүйе ме екен, менің жанашыр достығымды
сүйе ме екен? Бұл күндегі әке-шешесінен менің көңілім әлде-
қайда ақ, әлдеқайда таза.
Мен бұл күнде Қаракөздің дүниеде таппаған досымын...
Арамдық қай жерде, арамдық қай жерде?.. Қаракөзбен жақын
болғанда, басқа жақынға жат болдың, арам болдың десе, міне,
Құдай, міне, аруақ; осы арқылы бір туысқанымды жек көріп, әлі
ешбіріне жат болмағаны ма... (
Күрсініп.
) Бірақ керегі не? Бұған
сенетін де кісі жоқ; шынымен осылай болар-ау деп ойлайтын
да жан жоқ. Мен ел-жұртқа жатпын. (
Достарыңызбен бөлісу: