229
V көрініс
А с а н . Сырым, саған белгісіз жай жоқ қой деймін, осы. Сен
дағдыңнан жаңылмайсың, турашылсың.
С ы р ы м (
Тәкаппарлықпен қарап
)
.
Иә, Сырымға сый істеп
жатырсың, ұқтық!
А с а н . Сен Қаракөзді жылаған қыз деп шашбауын көтер-
дің, наразылық мұңын айттың. Жүзі жүдеу, көңілі жадау күйін-
де айттың, бұл сөзің екі жүзді қылыштай болды. Екі басы бір-
дей ыстық темір болды. Бір жағы Қаракөздің қайғысын шығар -
са, тағы бір жағы Наршаны күйдіріп жатыр. «Әнеугі сөз анау,
бү гінгі сөз мынау. Сірә, Қаракөздің қайғысы Сырымнан жасы-
рын емес. Қаракөз өзі айтпайды. Сырымның мен де туыс қа ны -
мын ғой, сезген, білгенін маған айтса қайтеді! Көптеп, кө мек-
теп Қаракөздің көңілін жазсақ не етер еді», – дейді. Бұған не
айтасың?
С ы р ы м . Мен айтсам, Қаракөздің
жұртқа білінген нара-
зы көңілін айттым; ол Наршаға да белгілі болса менен несін
сұрайды? Жігіт сияқты жігітке сол білгені де жетпей ме? Менің
де білгенім сол шығар, одан әрі бірде-біреудің атын сұраймын
десе, менен оны біле алмайсыңдар.
Мен Қаракөздің басын
бұлғап бұлдық сатып алмаймын; мен бүгін туып отырғаным
жоқ, өйтіп саған кішіреймеймін.
А с а н . Сырым-ай, маңайыңды бастырмайсың, ешбір жан-
ға құрбы болмағандай жат тұрасың-ау! Өзгені тілемесең де,
қарындасыңның бағын тілемеймісің? Наршаның басы бір
әйелге тең емес пе? Екеуінің тұз еңбегін жарастырып жіберсең,
аз еңбек қылармысың.
С ы р ы м . Сырым жат адам болып туған. Жанның бәріне
жат болып келе жатыр. Сенің еліңе келгенде қайта тудым деп
келген жоқ. Қаракөздің ақылы ешқайсымыздан олқы емес. Өз
қызығын өзі ойлап, өлмесін өзі білер. Жат елдің адамы болған
күнде жолға салып, жөнін түзеймін деп, мен балуан шығатын
орным жоқ. Бұл сөздерді өздерің ақылдас, мені ішке алғанды
енді тоқтат. (
Түрегеледі. Қаракөз, Ақбала, Қәмшат далаға
шығады. Бастарына шапан бүркенген.
)
VI көрініс
Қаракөз Сырымның қасына келеді. Бұл уақытта Ақбала, Кәмшат Асанмен
күлісіп сөйлесіп отырады.
Қ а р а к ө з (
Сырымға
)
.
Мені
тұншықтырып барады мына
ауыл... Бір өзің болмасаң тынысым біткен сияқты. Шатасып ба-
230
рамын. Есімнен айырыламын ғой деймін. Қайтермін, жаным.
(
Жыламсырап.
) Айтармысың бірдеме.
С ы р ы м (
сазарып
)
.
Мен не айтайын? Мені сөзден тыйған
жоқпысың? Әлдеқашан қалған кісі емеспін бе мен...
Қ а р а к ө з . Қазір жер тар. Сөйлескім келеді... (
Көзін басып
жылап.
) Мені тастама!.. Шыдауға дәрменім жоқ. Ақбаламен
сөйлесіп, жақында оңаша кездесетін орын байлаңдар. (
Жүруге
ыңғайланады.
)
С ы р ы м . Рас па? Тағы да айнитың болсаң, өзіңді де, бізді
де әурелеме.
Қ а р а к ө з (
әлсіреп бұрылып бара жатып
)
.
Айттым ғой...
(
Сырым артынан қарап тұрып қалады. Асан, Ақбала, Қаракөз,
Кәмшатпен кетіп бара жатып, артта тұрған Сырымға қарап
таңданып әндетеді.
)
А с а н
.
Сұлу қыз бен келіншек –
елдің сәні,
Сұлу кеткен елдің де болмас мәні.
Сұлу қыз тоғайлы өзен бұлбұлындай,
Бұлбұл кетсе тоғайдың жоғалды әні.
(
Артына бұрылып қарайды.
)
С ы р ы м . (
Өз-өзіне
)
.
Рас... рас...
Жүректің жатқа кетсе қалағаны,
Үміттің қайта үзілсе жамағаны.
Бетінен
жат болып кеткен оралмаса,
Жас төгіп егілмеске шара кәны!
(
Достарыңызбен бөлісу: