Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет78/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   106
Әйелдер курсы – 
негізінен, жергілікті халық арасындағы әйелдер 
арасында саяси идеологиялық үгіт-насихат жұмысын жүргізетін ма-
ман кадрлар даярлайтын арнайы мақсатпен ашылған оқу орны бола-
тын.
Баспа қызметкерлері (журналистер) курсы да – 
негізінен, ел 
ішінде туын дап молығып келе жатқан газет, журнал, үгіт блокнотта-
рын шығарып, таза саяси-идеологиялык жұмыстар жүргізуге даярла-
матын баспасөз қызметкер лерін даярлаумен айналысатын арнаулы оқу 
орындарының алғашқы түрі еді.
Комсомол университеті 
– жергілікті ұлт жастарын тұрақты 
идеологиялық жұмыстар атқаруға даярлайтын бірден-бір оқу орны 
болатын-ды. Өйткені қоғам өміріндегі жастардың шешуші әлеуметтік 
зор күш екенін білген әрі оларды өздерінің ізбасарлары етіп 
қалыптастыруға большевиктер ерекше мән беруі себепті, комсомол 
университетін ұйымдастырған еді.
М. Әуезов өзі дәріс беретін партиялық оқу орындарындағы 
оқытушылар мен оқушылардың партиялық, таптық, әсіресе әлеуметтік 
шыққан тегіне арнайы көңіл бөлгені сезіліп тұр. Яғни, Кеңес 
үкіметінің жоғары оқу орындарына қабылданған жастардың түгелге 
жуық таптық жағынан 332 оқушының алтауы ғана бипартиялық бо-
луын көрсетеді немесе 92 оқытушының төртеуі ғана руханилар мен 
саудагерлер тобынан болуы да, мемлекет ұстанған саясаттың бар бол-
мысын ашып көрсеткен.
Большевиктер партиясының таптық саясатының нәтижесі жоғары 
оқу орындарында қай дәрежеде қойылып, жүзеге асырылуының 
бар болмысын жылдыққа сай көрсетуімен автор оқырманын көп 
нәрсенің мән-мағынасын ұғынуға ойланып, себебін тап басып білуге 
итермелейді.
М.
 
Әуезовтің бұл мақаласының төл нұсқасын архив сөресінен 
іздестіріп таба алмай жүрміз. Түпнұсқаның көлемі мол болып, сан 
қилы күрделі мәселелерді танытуға ұмтылған автор ойының клас-
сикасы мен мақаланы жазудағы мақсаты, әрине, Ташкенттегі архив 
қазынасынан іздестіру міндеті күн тәртібінен әзірше түспейтініп бар 
болмысымызбен сезінеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет