318
көрсеткен диуана, жалпы диуаналық деген нәрсеге жасалған қатал
сын, ең қатал жаза сияқты. ... Көбінесе, адам қауымында диуаналық
сорлылықпен шектеседі. Бұл күнге шейін оның шала-мұла дәурені
болса, бұдан былай ол жоғалады, өшеді.. Онымен үлкен құрал ұстап
алысу керек емес. Күлкі, мазақпен де пендені жерге жаныштап кетуге
болады. Елубай осы құралды ұстанған. Ол диуаналықтың барлық ди-
уанаша мағынасыздығын, жауырынын бүрістіріп жіберіп, қалшылдап,
қызарып, күре тамырын адырайтып, қатып тұрып: «Аһ!» – деп жіберіп,
қызыл көздерін қайшыландырып, қылиландырып жібергенде, зал
тегіс шашу шашқандай қуанады. Күлмейтін кісі қалмаса керек.
Диуаналыққа сол күлкі – өлім күлкісі. Елубай Түркістанның бар
диуа насына сабақ болады. Бірақ диуаналықтың жаназасын шығарушы
да сол Елубайдың өзі», – деп ұлы жазушы актер ойынын шебер
талдаған.
Актердің мұнан басқа да бірер шағын рөлдерін көрген М. Әуезов
«Елубай – қызу қанды, ащы мысқыл иесі, ішінде сахна өнерінің
қайнар көзі бар, жанды, отты ойыншы. Шынымен бабына келтіретін
рөл болса, Елубайдың іштен тасып шығатын қызуы өте мол. Мұнда
өмір екпіні, өнер оты тіпті күшті сияқты. Сондықтан залды баурап би-
леп, бағындырып алатын албастысы барға ұқсайды», – деп, оның өнер
ерекшелігін білгірлікпен тап басып анықтаған. Және актердің осы
бір жазушы сипаттаған шеберлік даралығы – оның ұзақ жылдардағы
шығармалық келбетін қалыптастырғаны белгілі.
Өзі көрген қойылымдардағы актерлердің ойындарын нақты
талдау арқылы, ғалым-жазушы нағыз театртанушыдай олардың
шеберлік ерекшіліктерін, өздеріне тән даралықтарын, шығармалық
кескін-келбетін, ең аяғы, болашағын да бұлжытпай анықтаған.
Өнері сөз болғандардың көбісінің актерлік тағдыры М. Әуезов
айқындаған бағытта дамып, жоғары көркем-профессионалдық биікте
қалыптасқанын театрдың шығармалық жолы дәлелдеп шықты.
Мақаланың ұзын-ырғасы мен мазмұны қысқаша айтқанда осыған са-
яды.
Достарыңызбен бөлісу: