Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет89/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   106
«...
асығып шығып кетті...».
71. 127-бет. «... демалады. Ішіндегі жанды жеген азаппен қиналып 
шыққан Қаракөзді білген жоқ».
72. 127-бет. «Қаракөз ерекше сұлу еді. Қаракөз жалғыз ғана 
жүзінің келістігімен сұлу емес, қазіргі сағатта көңіліндегі тазалық пен 


349
құмарлыққа бойұрғысы келмеген ниетпен ерекше сұлуланғандай еді... 
Бул уақытта қаралы әйелдің шын жүрегін өзіне қаратқан жан болса, 
жарық түнде бақыт құсын ұстағандай мұратына жетер еді. Қаракөзді 
қинаған дерт әлі де басылмай қайнап келеді. Жүректен шыққан жау-
ыз дұшпаннан құтылу үшін жас әйел белгісіз ем іздейді... Бүгінгі түн 
салқыны ыстықтап күйген денесіне азғантай да сезілмейді. Қаракөз 
күрсініп жылап келіп, екі аяғын тізесіне шейін жалаңаштап, суық суға 
матырып, жиекте жылап отырды...
Қаралы сұлу шын қайғымен жыласа да, жүректе белгісіз құмарлық 
қарауытып шығып, жүз толқытып кетеді.
Әлдеқайдан шығып жатқан ыстық қан бойын сабырсыздықпен 
дірілдеткен сайын, соның уытын баспақ болып, судағы екі аяғын 
өзеннің екі ернеуіне қатты-қатты соғады... Екі аяғы шаншып
солқылдап ауырғанға шейін өткір тасқа соққанда, іштің белгісіз дерті 
бәсеңдеп басылғандай болады.
Қаракөз талай жылдан таппаған емін жаңа тапты. Іштегі дертті 
басу үшін, сол қара жыланды туғызып тұрған денені қинау, жан-
шу керек екен. Қаракөз бүгін ғана білді... Таң атқанша аяғын алмай 
отырғанда, тілім-тілім болып қалған дененің ауырғанын сезді... Аяғын 
суырып алып қарағанда, әлденеше жара түскенін көрді... Бұлардан 
тоқталмай қан ағып тұр еді.
Ақ етті құмарлық қаны былғап ағып жатты...
Қаракөз биттей де өкінген жоқ: «Кеселді арам қан... кете бер», – 
деп күліп отырып еді...
Осымен таң ағарып атқанда денесі әбден салқындап, барлық асау 
қан басылды. Бұл заманға шейін қысып келген мастық тілегі біржолата 
өшті. Баяғы қайғыға бекінген таза көңілі, – өмірінше алысқан қара 
жыланды жеңіп шықты. Қараңғы қайғы күнінің іші болса да бұл ми-
нуттар Қаракөздің бақытты болған уақыты сияқтанып еді. Ол әбден 
ағарып тыныштық алған жүрекпен ауыр күрсініп үйіне қайтты...
Бұның арт жағынан тоғай ішінде таң бұлбұлы қаралы жалғыздық 
күйін қошеметтеп, дұғадай сезімді тазалық жырын жырлап тұрды... 
Қаракөз үйіне кіріп, Мұқашты сүйіп-сүйіп жатып, қатты ұйықтап 
қалды.»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет