Гимнастика сабағы



Дата02.06.2023
өлшемі15,78 Kb.
#98148
түріСабақ
Байланысты:
Гимнастика сабағы (1)




Гимнастика сабағы
Мектептегі дене шынықтыру сабақтарына (ішіндегі гимнастика бөлімі) қойылатын міндеттеріне байланысты, сабақтар жаттығу, аралас және бақылау сабағына бөлінеді.
-Жаттығу сабағында өткен тақырыптарды жетілдіреді.
-Аралас сабақта өткен тақырыпты дамытумен жаңа тақырыпты өтеді.
-Бақылау сабағында балалардың үлгерімін тексереді.
а) Сабақ деп педагогикалық міндеттерді кезекті түрде шешуді айту қажет және осыған сай дене тәрбиесі жаттығуларын кезекпен қою.
Гимнастикамен айналысудың қандай да бір түрінде 3 фазаның болуы шарт.
1-ші фазада жаттығушылар негізгі жұмысқа дайындалады. 2-ші фазада негізгі жұмыс жасалады, 3-ші фазада жұмыс аяқталады. Осы фазаларды сабақтың: дайындық, негізгі, аяқтау бөлімі деп түсінеміз.
б)Сабақтың дайындық бөлімінде оқушыларды сабақтың негізгі бөліміне дайындайды.
Сабақтың дайындық бөлімі орта есеппен12-15 минуи жүргізіледі және оны жылдам әрі қызықты жүргізу керек. Осы разминка неғұрлым қызықты болса, сабақтың жақсы өту қорытындысы деуге болады.
Бұл жерде оқытушы жаттығуды оқытушының дене тәрбиесінің дайындығын негізгі бөлімге әзірлеу мақсатында жүргізуи керек:жүгіру ойындар, бөгетен өту, т. б. жаттығулар гимнастикалық снарядта жаттығу жасау техникасына үйрету және барлық жаттығулар бір-бірін қайталамау керек.
Сабақтың негізгі міндеттері болып мыналар саналады:
а) Жаттығушылардың ерік, жігері мен дене тәрбиесінің дайындық сапасын арттыру.
б) Өмірге қажетті және спорттық қозғалыс сапасын жақсарту.
Гимнастика сабағын кіммен өткізсе де, қандай контингент дайындалса да әр сабақта осы міндеттер шешеіледі.
Сабақтың негізгі бөлімінде ұйымдастыру тәсілдері әр түрлі болуы мүмкін. Негізгі көп тараған әдіс - топтық әдіс. Сынып топтарға немесе бөлімшелерге бөлінеді. Бұл әдістің бірнеше түрі бар: біреулері бір мезгілде әр снарядтарда және кезекпен жаттығу жасай алады.
Сабақтың негізгі бөлімін жүргізу үщін оқытушы:
а) Берілген жаттығуды толық білу керек. Сонда оқушылар жаттығуды қалай жасау керек екенін нақты елестете алатын болады және мақсатты түрде әрекет етеді.
б) Жаттығуды әр бір оқушы жасай алуы. Егер жаттығуды бір оқушы жасай алмайтын болса, онда ол қате жібередіжәне жарақат алуы мүмкін.Ол кейін оқушының гимнастикаға деген қызығушылығын жоғалтады.(ол үшін жаттығуларды бөлек түрде жасау)
в) Жаттығуды әр бір жасаған сайын сапасын арттыру. Егер әр бір рет жаттығуды жасаған сайын табысқа қол жеткізбесе, оқушы сабаққа деген қызығушылығын жоғалтады.
г) Жаттығулар жасау кезіндегі қауыпсіздік. Сабақтар бірінші кезекте жаттығушылардың денсаулығын арттыру үшін жүргізіледі. Егер сабақта бір бала жарақат алған болса, ол ең бірінші оқытушының ұқыпсыздығы.
Гимнастика сабағының негізгі құралдары:

  1. Оқушылардың негізгі дене тәрбиесінің көп дайындығын қажет ететін жаттығулар.

  2. Қосымша арнайы жаттығулар жаттығу жасаушылардың жетістікке жетуіне көмектеседі.

  3. Әр түрлі гимнастикалық жаттығулар жаттығу жасаушылардың координациясын жоғарлатады.

Жаттығушылардың арнайы жаттығулары мемлекеттік бағдарламада көрсетілген.


Сабақтың қорытынды бөлімі.
Бұл бөлімге аз ғана уақыт берілгенімен (5-7мин),осы бөлімде көп нәрсе шешіледі.
а) Тез ес жию. Жиі жылдам қозғалу шаршатады, жаттығу жасаушының жұмысқа қабілетін кемітеді, және гимнастикалық жаттығу жасау қашанда қауіпті. Сенімсіждікті білдірмеу үшін оқушылардың көрсететін ерікті күштері олардың жүйкесіне әсер етеді. Сондықтан сабақтың қорытынды бөлімінде жүргізетін разрядка қажет.
б) Қорытынды жасау. Қорытынды жасау кезінде оқытушы сабақта болғанның барлығын атап шығады. (жаттығушылардың тәртібі, қорытынды т.б.)
Құралдар: Қорытынды бөлімінде міндетті шешу үшін:
а) Қалыпқа түсіру жаттығулары: жүру, ақырын жүру, денені босату жаттығулары жасалады, олар тез есін жиғызады.
б) Көңілді басқа жаққа аудару жатығулары: көңіл аудару жаттығулары, баяу ойындар, әнг жаттығулары, т.б.
в) Жаттығушылардың эмоциялық жағдайын көтеру жаттығулары: ойындар, эстафеталар, би, ән айтып жүру т.б.
Бұл жаттығулардың педагогикалық маңызы зор. Олар ұжымды біріктіреді, көңіл күйді көтереді, әсіресе гимнастикалық жаттыларға деген қызығушылықты арттырады.

Жаттығушыларға қойылатын талаптар.


Сабақ барысында оқытушы оқушылардың әрекетіне үнемі көңіл аударып отыруы қажет, яғни жаттығу жасаудың сапасын стандартқа жақындастыру міндет.
Оқушыларға жоғары талаптар қоя білу оның оқушылар алдындағы беделін арттырады.
а) Талапты үнемі бірде-бір міндетті бос жібертпей қою.
б) Оқушылардың жасауға мүмкіндігі бар талаптарды қою.
в) Олардың қателіктерін түзету кезінде олардың намысына тиіспей түзету.
Сабақта неғұрлым жоғары тәртіп талабы қойылуы керек.Оның өзінде сабақ бойына барлығын жоғары тәртіп деңгейінде ұстап тұру міндетті емес («қалт тұр» бойынша ) Оқушылармен қай уақытта болса да оларды тез біріктіріп алуға болатын етіп жұмыс істеу керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет