Гипермятін жәнеweb парақтар



бет2/2
Дата27.09.2023
өлшемі16,62 Kb.
#110325
түріПротокол
1   2
Байланысты:
Гипермятін жәнеWEB

Connection (соединение) –Keep-Alive және close мағыналарын қабылдай алады.
Keep-Alive ("оставить в живых") берілген құжатты бергеннен кейін сервермен қосылуы үзілмейтінін және басқа да сұратуларды жіберуге мүмкін дегенді білдіреді. Браузерлердің көпшілігі Keep-Alive режимі жұмыс істейді, өйткені ол сервермен бір рет қосылуда HTML – бетін және оның суреттерін алуға мүмкіндік береді. Бір рет орнатылғаннан кейін Keep-Alive режимі бірінші қатеге дейін немесе кезектегі Connection: close сұратуындағы нақты нұсқауға дейін сақталады.
close ("закрыть") – берілген сұратуға жауаптан кейін қосылу жабылады.
User-Agent – мағынасы браузердің "кодовое обозначение" болып келеді, мысалы: Mozilla/4.0 (compatible; MSIE 5.0; Windows 95; DigExt)
Бұл параметрде клиенттің операциялық жүйесі жиі көрсетіледі.Accept – берілген браузердің таңдауын тәртіпте ұстайтын браузермен сүйемелденетін типтердің тізімі. Мысалы, IE5 үшін бұл параметр келесі мағыналарды құрайды:
Accept: image/gif, image/x-xbitmap, image/jpeg, image/pjpeg, application/vnd.ms-excel, application/msword, application/vnd.ms-powerpoint, */*
Referer – осы ресурске ауысқан URL.
Host – сұралатын ресурс орналасқан хостттың атауы. Егер серверде бірнеше виртуальды серверлердің бір ІР адресінде бар болуы пайдалы. Осы жағдайда виртуальды сервердің аты осы өріс бойынша анықталады.Accept-Language – сүйенетін тіл. Бір құжатты бірнеше тілдік нұсқаларда бере алады, сервер үшін маңызды.
НТТР жауабының форматы НТТР сұратуының форматына өте ұқсайды: оның бос жолмен бөлінетін тақырыбы және денесі болады. Тақырып та негізгі жолдардан және параметрлер жолдарынан тұрады. Сұратудың негізгі жолдары бос орындармен бөлінген үш өрістен тұрады: хаттаманың нұсқасы, қатенің коды (сұратуды орындалуының «успешности» кодтық белгісі) және қатенің сөздік суреттелуі. 2хх коды сұратудың сәтті аяқталуын, 3хх – қайта бағыттаудың қандайда болмасын формасына сәйкестігін, 4хх – клиенттің кінәсінен болған қатені білдіреді, 5хх – серверде немесе сценарийдегі қатені білдіреді.
НТТР жауабының жиі қолданылатын параметрлері:
Date – сұратудың өңделу күні.
Server –веб-сервердің атауы.
ETag – статистикалық құжаттар үшін ресурсды белгілеу. Ол әдетте бақылау суммасына немесе файлдың қолтаңбасына ұқсайды.
X-Powered-By – динамикалық құжаттар үшін құжаттарды қалыптастырған қосымша. Үлгі: X-Powered-By: PHP/5.0.3
Connection – сұратудың параметрге сәйкестігіне ұқсас.
Content-Type ("тип содержимого") – жауапты құрайтын типтің белгісі. Content-Type мағынасына байланысты браузер жауапты дискіде немесе тағыда басқа ретінде сақтауды қажет ететін HTML-бет ретінде, gif немесе jpeg суретін файл ретінде қабылдайды және керекті әрекеттерді қолданады. Кейбір типтер text/html форматындағы мәтін (веб-бет) қарапайым мәтін; JPEG форматындағы сурет; image/gif - GIF форматында, application/octet-stream – дискке жазылатын мәліметтер ағымы. Content-Type параметрінде жиі нүкте, үтір арқылы құжыттың кодталуы көрсетіледі.

Бақылау сұрақтары:

  1. Гипермятін дегеніміз не?

  2. WEB - парақтар дегеніміз не?

  3. НТТР сервер және клиент.


4.НТТР – протоколы бойынша сұлаулар мен жауаптардың атаулары

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет