1. Эритроцитоз, эритроцитопения, олардың түрлері
Эритроцитоз – эритроциттер санының көбеюі. 1-Физиологиялық- Абсолюттік -
гипоксия, Салыстырмалы - қара жұмыс жасап, терлегенде. 2- Патологиялық-
Абсолюттік – өкпе, жүрек аурулары, Салыстырмалы- іш өткенде .
Эритроцитопения – эритроциттер санының азаюы. 1- Физиологиялық-
Абсолюттік – Болмайды, Салыстырмалы – көп сұйықтық ішкенде. 2-
Патологиялық- Абсолюттік – Анемия, Салыстырмалы –Қансырағанда, қан
жоғалтқанда.
2. Жүрек етінің физиологиялық
қасиеттері(қозғыштык қасиетін талдаңыз)
Жүрек етіне қозғыштық, өткізгіштік, жиырьшғыштық, автоматия жөне
рефрактерлік қасиеттері тән.
Қозғыштық.Жүрек еті электрлік, механикалық, термиялық, химиялық
тітіркендіргіштер әсерінен қоза алады. Тітіркендірудің нәтижесінде натрий
иондары ет талшықтарының ішіне өтіп, мембрана үйексізденеді.
(деполяризацияланады) де, жүректің қозған бөлігінде теріс заряд пайда болып,
оның қозған жөне қозбаған бөліктерінің арасында потенциаддар айырмасы
туындайды. Миокард торшаларьщда (кардиомиоциттерде) қаңқа етімен
салыстырғанда әрекет потенциалы 100 есе ұзағырақ созылады (200-400 мс).
3. Өкпедегі газдардың алмасуы. Газдардың (О
2
, СО
2
)
альвеолалық ауадағы парциалдық қысымы, қандағы
газдардың кернеу күші.
Өкпедегі газдар алмасуы сол газдардың альвеола ауасындағы меншікті
қысымы мен олардың қандағы кернеуінің айырмашылығы нәтижесінде
диффузия жолымен жүзеге асады. Физикалық еріген жағдайда оттегінің
1%-ы тасымалданады. О2 негізгі бөлігі эритроцит Hb-імен қосылыс түрінде
тасымалданады. 1г Hb 1,34-1,36 мл О2-ні байланыстыра алады. Hb-нің
оксигемоглобинге айналуы еріген оттегінің кернеуімен анықталады және
HbО2 диссоциациасының қисығымен көрсетіледі, оны Баркфот зерттеген .
Қанның оттегіге сыйымдылығы О2-нің 100 қанмен байланыса алатын ең
үлкен мөлшері, 18-20 мл немесе 180-200 мл/л. СО2-нің қанмен
тасымалдануы Еріген жағдайда 2,5-3 об% тасымалданады. Көмір
қышқылының тұздары түрінде 48-51об%. Карбгемоглобин түрінде – 4-5 об%.
НСО3 иондары –плазмада Na бикарбонатын – NaHCO3 в эритроциттерде
КНСО3 түзеді. СО2 тасымалдану механизмінде эритроциттер
карбоангидразасының маңызы зор, ол көмір қышқыл газын СО2 және Н2О-ға
ыдыратады, СО2 альвеола ауасына өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |