5-74. Эритропоэздің қай жасушаларында ядросы мен базофильді цитоплазмасы болады: a. базофильді эритробласттарда
b. полихроматофильді эритробласттарда
c. оксифильді эритробласттарда
d. ретикулоциттерде
e. пісіп жетілген эритроциттерде
5-75. Эритропоэздің қай жасушаларында ядросы мен оксифильді цитоплазмасы болады: a. базофильді эритробласттарда
b. полихроматофильді эритробласттарда
c. оксифильді эритробласттарда
d. ретикулоциттерде
e. пісіп жетілген эритроциттерде
5-76. Даму барысындағы гранулоциттердің қайсысының цитоплазмасында нашар бөлшектелген ядросы мен базофильді түйіршіктері болады: a. промиелоциттерде
b. нейтрофильді миелоциттерде
c. базофильді миелоциттерде
d. эозинофильді таяқшаядролы лейкоциттерде
e. базофильді лейкоциттерде
5-77. Эритропоэздің мына жасушаларының қайсысының ядросы мен цитоплазмасы негіздік те, қышқылдық та бояулармен боялады: a. базофильді эритробласттардың
b. полихроматофильді эритробласттардың
c. оксифильді эритробласттардың
d. ретикулоциттердің
e.пісіп жетілген эритроциттердің
5-78. Эритропоэздің мына жасушаларының қайсысының цитоплазмасында тор түріндегі құрылымдар көрінеді: a. базофильді эритробласттардың
b. полихроматофильді эритробласттардың
c. оксифильді эритробласттардың
d. ретикулоциттердің
e. пісіп жетілген эритроциттердің
5-79. Тимуста пісіп жетілетін қан жасушалары қайсы: a. эритроциттер
b. Т-лимфоциттер
c. В-лимфоциттер
d. макрофагтар
e. гранулоциттер
5-80. Мегакариоциттерден қанның қай элементтері түзіледі: a.эритроциттері
b.қан пластинкалары
c.гранулоциттері
d.моноциттері
e.лимфоциттері
5-81. Гранулоцитопоэзде мыналардың қайсысы жүреді: a.гемоглобиннің синтезі мен жинақталуы
b. арнайы түйіршіктерінің жинақталуы
c. көп ядролы жасушалар түзіледі
d. жасушалардың көлемі ұлғаяды
e. жасуша ядролары жойылады