Гиззатов с. М



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата03.03.2017
өлшемі2,89 Mb.
#6120
1   2   3   4   5   6   7   8
2. АГРАРЛЫҚ САЯСАТТАҒЫ 

ТҮБЕГЕЙЛі БЕТБҰРЫСТАР жӘНЕ 

ОНЫҢ НЕГіЗГі БАҒЫТТАРЫ (ХіХ 

ҒАСЫРДЫҢ ЕКіНШі ШИРЕГі)

2.1 жәңгір  Бөкейұлы  жүргізген  аграрлық  реформалардың  

      бірінші  кезеңі (1825-1830 жж.): алғышарттары, басым 

      бағыттары, қорытындылары

    


Ішкі  орда  билеушісі  қызметін  атқарған  Шығай  Нұралыұлының 

саяси  билігі  ұзаққа  созылмады.  1821-1823  жылдары  хандық  тақты 

иелену  жолында  белсенді  күрес  жүргізген  Жәңгір  Бөкейұлы  саяси 

сахнада  салмақ  жинай  бастады.  ордалықтар  және  көршілес  губер-

ния тұрғындары тарапынан кең қолдауға ие болған сұлтанға орынбор 

губернаторы  П.К.Эссеннің,  Шекара  комиссиясының,  Сыртқы  істер 

министрлігінің  назары  ауды.  отаршыл  Ресей  үкіметі  «билікқұмар», 

«хандық тақты аңсаушы» Шығай сұлтаннан гөрі Бөкей ханның заңды 

мұрагері, империяға адал қызмет етуге дайын, әрі сауатты Жәңгірді ел 

басқаруға лайық деп тапты. осылайша 1823 жылдың 22 маусымында 

І Александр патша Жәңгір Бөкейұлын хан етіп тағайындау туралы ар-

найы грамотаға қол қойды [154, 109-110 пп.].

Жалпы  бүгінде  1824-1845  жылдар  аралығындағы  Бөкей  ордасын 

билеген  Жәңгір Бөкейұлы туралы аз айтылып жүрген жоқ. Ғалымдардың 

біреулері оны  халықты аяусыз қанаған қаныпезер, ел тонаушысы, қос 

батыр  Махамбет    Өтемісұлы  мен  Исатай  Тайманұлының  бітіспес  ата 

жауы ретінде қарастырса,  кейбіреулері Ішкі ордадағы көптеген саяси-

қоғамдық,  әлеуметтік-экономикалық,  мәдени-рухани  өзгерістердің 

жүруіне ұйтқы болған жан ретінде  бағалайды. Атап айтсақ, К.А.Фукс 

[3],  Н.Михайлов  [4],  в.Троицкий  [8],  И.Ф.Бларамберг  [9],  А.Евреинов 

[10], Э.островский [13], Г.Медведский [14], А.Харузин [18], И.С.Иванов 

[21] секілді Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңнің авторлары Жәңгір ханды 

ірі реформаторға теңеп, саяси-экономикалық, мәдени  өмірдегі атқарған 

қызметіне  позитивті  тұрғыдан  баға  береді.  Империялық  мүддеге  сай 

жазылған олардың еңбектерінде аталмыш саяси қайраткердің мемлекеттік-

қоғамдық  салада  жасаған  жұмыстарына  қатысты  маңызды  деректер 

кездеседі. Алайда орыс зерттеушілерінің шектен тыс әсірелеушілікке бой 

алдырғанын да айтпай кетуге болмайды.

Қатаң  да  суық  Кеңестік  дәуірде  өмір  сүрген  А.Ф.Рязанов  [28], 


98

99

в.Ф.Шахматов  [30],  Б.Аспандияров  [32],  А.Еренов  [33],  С.Зиманов 



[38] сынды ғалымдар Бөкей хандығы тарихы мен Жәңгір ханның саяси 

бейнесін ғылыми тұрғыдан зерделеуді алғаш қолға алды. Таптар күресі 

идеологиясы  аясында  қызмет  еткен  олар  кейбір  тарихи  шындыққа 

көздерін  жұмып  қарауға  мәжбүр  болды.  Аталмыш  тарихшылар 

Астрахань,  орынбор,  Алматы  қалаларындағы  мұрағат  қорларында 

жұмыстанып, Жәңгір ханның аграрлық реформаларына диалектикалық 

тұрғыдан баға беретін құжаттармен танысқан. Бірақ олар бұл маңызды 

құжаттардың басым бөлігін өз еңбектеріне енгізе алмады.

Еліміз  тәуелсіздік  тұғырына  орныққан  сәтте  дербес  және 

ұлттық  мүдде    тұрғысынан  зерттеулер  жүргізген  Т.З.Рысбеков 

[44],  Ж.К.Қасымбаев  [47],    Б.Қ.Бірімжаров  [48],  И.Кенжалиев  [42], 

Р.Х.Сариева  [67]  сияқты  тарихшылар  шоғыры  Жәңгір  ханның 

мемлекеттік қызметін тарихи обьективтілік тұрғысынан зерделеді. Ал 

ғалымдар А.А.Калмурзаев [50], Ғ.Е.Харабалин [66], А.Қ.Қарамурзина 

[76] Бөкей ордасының шаруашылығына, әсіресе жер қатынастарына 

тоқталып, түрлі жаңалықтар енгізді.

Алайда осы күнге дейін Жәңгір ханның аграрлық реформалары 

дербес  зерттеу нысанына айналып, толыққанды сараланбағандығын 

атап  өтуіміз  шарт. оның  жер  саясатына  әсер  еткен  факторлар,  түрлі 

алғышарттар,  реформаның  басым  бағыттары,  қорытындылары 

тереңірек зерттеуді талап етеді.

Бүгінде  қордаланған  материалдар  мен  мұрағаттан  жинақталған 

құжаттарға  сүйеніп, Жәңгір Бөкейұлының аграрлық реформаларын екі 

кезеңге бөліп  қарастыра аламыз: 1) 1825-1830 жылдар; 2) 1831-1845 

жылдар;  Бұл  экономикалық  үрдісті  былайша  бөлудің  сыры  мынада: 

екі кезеңнің әрқайсысының өзіндік  ерекшеліктері, басым бағыттары, 

нәтижелері болды.

Ал  Жәңгірдің  аграрлық  реформаларының  бастамасын  1825 

жылдан    іздеуімізге  толық  негіз  бар.  Себебі  1823  жылы  хандық 

таққа тағайындалған жас  сұлтан бірден жер саясатын жүзеге асыра 

алмаған болатын. Тек осы жылдың 20  қарашасында ғана орынбор 

әскери  губернаторы  П.К.Эссен  Жәңгірге  Бөкей    ордасы  басшысы 

лауазымын  иеленуін  және  немере  ағасы  Шығай  сұлтаннан  бүкіл 

құжаттарды  қабылдап  алуын  ұсынды.  Бірақ  оны  таққа  отырғызу 

рәсімі  кейінгіге  шегерілді.  Өйткені  Ресей  патшасының  жаңа  ханға 

арнайы дайындаған сыйлығы П.К.Эссенің қолына 1823 жылдың 23 

қарашасында  ғана  тиді.  Бұл  кезде  Бөкейліктер  қыстауларына  ора-

лып, бір жерге тұрақтанып қалып еді. Губернатор хан көтеруге бүкіл 

жұртшылық қатысуы тиіс деп санап, рәсімді келесі жылға қалдыруды 

жөн деп тапты [86, с. 237].

1824 жылдың 3 қаңтарында Шығай Нұралыұлы орынбор губер-

наторына Бөкей ордасын басқару ісіне қатысты құжаттарды Жәңгірге 

тапсырғандығын хабарлаған. Бірақ бұл кезеңде Шығай сұлтан немере 

інісі жіберген сенімді өкілге іс-қағаздарды бермеген және оларды жаңа 

ханға  уақыты  келгенде  жеке  өзі  барып  тапсыратынын  мәлімдеген. 

Сөйтіп 1824 жылдың 22 ақпанында Жәңгір хан губерния басшылығына 

Ішкі орданың бұрынғы билеушісінің билікті тапсыруды кешеуілдетіп 

жатырғандығын  жеткізген [86, с. 241].

Ал  1824  жылы  26  маусым  күні  орал  қаласы  маңында  орын-

бор  губернаторы  П.К.Эссеннің,  жергілікті  патша  шенеуніктерінің, 

сұлтандардың,  рубасылардың,  билердің,  старшындардың,  өзге  де 

беделді  қазақтардың  және  қатардағы  көшпелілердің  қатысуымен 

Жәңгір хан салтанатты түрде таққа отырды [86, с. 246]. демек Жәңгір 

Бөкейұлы 1823-1824 жылдарда орда ішіндегі саяси ықпалын  орнатуға, 

мемлекеттік құжаттарды қабылдауға, сөйтіп тез арада хандық билікті 

өз қолына шоғырландыруға ұмтылған. 

1825  жылдан  бастап  орда  билеушісі  жер  мәселесін  шешуде  ірі 

қадамдар жасады. Ең алдымен ол сыртқы жер қатынастарын реттеу-

ге, хандық территориясының шекараларын нақтылауға тырысты [186, 

2-8 пп.]. Себебі Бөкейліктер мен орал казактары, қондырау татарлары, 

хошоут қалмақтары, помещик саяжайлары, орыс тұрғындары арасын-

да белгілі шекараның болмауынан үлкен жер даулары туындайтын. ол 

ең  алдымен  қондырау  татарларымен  арадағы  жер  мәселесін  шешуді 

қолға  алды.  1818  жылғы  межелеу  кезінде  ордалықтардың  көлемді 

жайылымдардан айырылып қалғандығын, Шығайдың жанкештілікпен 

күрескендігін  және  губернатор  П.К.Эссеннің  көмегі  арқасында  бұл 

шараның заңдық күшінің жойылғандығын жаңа хан жақсы білді. Сол 

кезден бері қарай қазақ-татар қатынастары ушыққан күйінде қала бер-

ген еді [78, с. 101]. Енді Жәңгір хан орданың оңтүстік-батыс шекара-

сын нақтылау керектігін сезді [187, 38-40 пп.].  

1825  жылы  15  қаңтарда  орынбор  шекара  комиссиясының 

шенеунігі  А.д.Кузнецов  Жәңгір  ханға  межелеу  жұмысының  15 

наурызда  басталатындығын  және  депутаттарды  алдын-ала  Телеп-

нев  батағасына  жіберуін  өтінген.  орда  билеушісі  қазақ  депутаттары 

ретінде сұлтандар Сүйінішқали Жаналиев пен Хансұлтан Шығаевты, 

старшын Кенжәлі Құрманқожаевты тағайындайды [188, 12 п.].

Межелеуге керекті құрал-саймандарды әр тарап өздері әкелуі тиіс 

еді. Бөкейліктерге құралдарды тасып жүру үшін жылқылар мен түйелер, 

жұмысшы  адамдар, ауа райы бұзыла қалған жағдайда паналау үшін 2 

шағын киіз үй әкелу  жүктелген. оған қоса губернатор қондырау татар-



100

101


лары мен қазақтарға межелеу  белгілерін: ағаш бағандарды, қазылған 

ор-шұңқырларға  көмуге  арналған  көмірді,  кірпіштерді  теңбе-тең 

бөлуді, сөйтіп әрқайсысының өз бетінше сатып алып, келісілген орынға 

жеткізуін тапсырған [189, 102 п.]. Есептей келе Бөкейліктерге ұзындығы 

3,5 аршын, қалыңдығы 3-4 вершок болатын 10 жаңа баған, 4 қап көмір, 

200-дей кірпіш әкелу міндеттеледі. Ішкі ордада бұл материалдардың 

бірде-бірі жоқ еді. Сол себепті олар қондыраулықтардан қымбат бағаға 

сатып алуға мәжбүр  болды [190, 20 п.].

Межелеу жұмыстары 1825 жылдың 15 наурыз - 27 сәуір аралығында 

өтеді  және оны бас жер өлшеуші в.Петухов жүргізеді. Куәгерлер ретінде 

орынбор  шекара комиссиясының асессоры А.д.Кузнецов, қондырау 

татарларының    депутаты  -  Астрахань  қылмыстық  істер  органының 

шенеунігі, титулярлық  кеңесші Т.Алимпиев пен өзге де татар өкілдері, 

Краснояр  жергілікті  сотының    дворяндық  төрағасы  С.Булыгин, 

Астрахань  азаматтық  губернаторы  жіберген    депутат  -  губерниялық 

қылмыстық істер бойынша маман, әрі жергілікті кеңесші  П.Марков, 

Жәңгір  хан  тағайындаған  депутаттар  сұлтан  Хансұлтан  Шығайұлы, 

старшындар  Кенжәлі Құрманқожаев пен Тоқпан Тілеуовтер қатысады 

[191, 140 п.].

дауласушы  екі  жақтың  келісімімен  және  Астрахань  азаматтық  

губернаторының ұсынысымен құдықтары мол бұл жерлерді тепе-тең 

етіп бөлу  ұйғарылды. Жәңгір ханның келісімі бойынша Шапшашы та-

уынан басталатын  жоғарғы бөлік қазақтарға, теңізге қарай бағытталған 

төменгі бөлік татарлардың  еншісіне тиетін болды. Ішкі орда билеушісі 

ұзаққа созылған жанжалдың шешімін тездетіп шығаруды көздеді [192, 

2-4 пп.].

осылайша в.Петухов жер өлшеуші Ф.Федоров жүріп өткен және 

Астрахань  губерниясының  басшысы  генерал  в.Ермоловтың  карта-

сында бейнеленген сызығын сақтай отырып, Қадір, Інгел, Ұлған және 

Маяшағыл құдықтарын тепе-тең бөлді. Ал Замустан, Жалтырақ, Байбақ 

және атауы жоқ құдықтар татарлар жағында қалдырылды. Шошқалы, 

Жаман, Итқожа және өзге де есімі жоқ құдықтар Бөкейліктердің пайда-

сына межеленді. осылардың ішінде Шошқалы тұрағы бұрынғы меже 

бойынша қондырау татарларының территориясында жатқан еді. Енді 

ол  Бөкей  ордасының  территориясына  қосылды.  даулы  учаскелерді 

бөлу нәтижесінде қазақтарға - 42635 десятина 800 сажень, татарларға 

- 40151 десятина  800 сажень жер бұйырды [126, 2-4 пп.]. Сөйтіп, бұл 

межелеу жұмыстары Бөкей ордасы үшін сәтті аяқталды. 

Хандықтың батыс шекарасын түпкілікті анықтап, заңдық тұрғыдан 

бекіту  мақсатында Жәңгір Бөкейұлы көршілес хошоут қалмақтарына 

назар салды. Бұл  кезеңде екі халық арасында айтарлықтай жер дауы 

болмаған еді. Бірақ орда  билеушісі қазақ-қалмақ шекарасын нақтылау 

жөнінде шешім қабылдап, жоғарғы билік органдарына өтініш жолдай 

бастады  [193,  18-19  пп.].  Жәңгір  ханның  бұл  ұсынысы  1806  жылы 

құрылған Көшпелі халықтарға жер бөлу жөніндегі арнайы комиссияның 

мүддесіне сай келді. Себебі бұл органның ең негізгі міндеті көшпелі 

қалмақ ұлыстары жерлерінің шекараларын межелеу болды.

Негізінен алғанда хошоут ұлысы мен Ішкі орданың шекаралары 

алғаш  рет    1822  жылы  жер  өлшеуші  Ф.Федоровтың  басшылығымен 

белгіленді. Бірақ та Ф.Федоровтың іс-әрекеті үнемі басшылықтың, әрі 

көшпелілердің тарапынан  үлкен сынға ұшырайтын. Сол себепті 1825 

жылы қазақ-қалмақ шекараларын  нақтылау жер өлшеуші М.Лебедевке 

жүктелді. Нәтижесінде қазақтар бірқатар  маңызды жер телімдеріне қол 

жеткізді және бірнеше су көзі мол құдықтар  Бөкейліктердің иелігіне 

өтті [126, 10 п.].

Хандықтың шығыс шекарасында орналасқан орал казак әскерлері 

жыл  сайын озбырлықтарын күшейте берді. Үлкен Өзенді былай қойып 

Кіші  Өзенге    ауыз  салған  казактармен  күресудің  қиынға  соғатынын 

Жәңгір  хан  түсінді.  оларға    Қосөзен  аралығы  өз  шаруашылықтары 

үшін  аса  қажет  емес  еді.  осы  орайда  көрнекті  қазақ  этнографы 

М.С.Бабажанов:  «Шынында  мал  шаруашылығының  кәсіптік  ретінде 

дамуы казактар арасында өте мардымсыз және олардың қолындағы мал 

басына шағып есептегенде қазіргі пайдаланып отырған жер көлемінің 

1/6 бөлігінің өзі ғана толық жеткілікті» [19, 51 б.], - деп жазды.

Жайылымы,  шабындығы,  су  көзі  мол  Қосөзен  аралығынан 

орал казактары  мен Бөкейліктерден басқа үшінші тарап дәмелі бол-

ды.  ол  солтүстік  бөлікте    орналасқан  көшпелі  башқұрт  халқы  еді. 

1824-1825 жылдары Үлкен және Кіші  Өзендер бойына 9 кантонның 

башқұрттары  көшіп  келе  бастады.  Бұл  жерлерді    өздерінің  атына 

заңдық  тұрғыдан  меншіктеп  алу  үшін  орал  казак  әскерлері    орын-

бордан арнайы межелеушілерді шақыртқан. 1825 жылдың ақпанында  

орынбор межелеу кеңсесі Қосөзен аралығын казактардың пайдасына 

өлшеді және «бұл жерлер үшін өзге тараптардың дауласуы заңсыз, әрі 

осы аймақ  бұрынғысынша орал казак әскерінің бұлжымас иелігінде 

қала  береді»  деп    жариялады.  Мұндай  шешімді  орынбор  Межелеу 

кеңсесі 1826 жылы 3 қыркүйекте  бекітіп, Сенат жанындағы Меже-

леу департаментінің мақұлдауына жібереді. Сонымен қатар Межелеу 

кеңсесі өздері бекіткен шешімнің көшірмесін барлық шенеуніктер мен 

казактарға жария қылуы үшін орал әскери кеңсесіне береді [126, 45-46 

пп.]. осы 1825 жылғы Кіші Өзенді меншіктеу мақсатында жүргізілген 



102

103


межелеу жұмыстары құпия түрде жүзеге асырылды және Бөкейліктер 

тарапынан ешқандай депутаттар шақырылмады [126, 9 п.].

орал  казактарының  бұл  әрекетіне  қарсы  болған  Жәңгір  хан 

жоғарғы билік  алдында Үлкен және Кіші Өзендердің Бөкей ордасына 

тиесілігін дәлелдеу үшін  1801 жылғы 11 наурызда І Павел патшаның 

Астрахань әскери губернаторы  генерал-лейтенант К.Ф.Кнорринг аты-

на шығарған Жарлығын және 1806 жылғы  19 мамырдағы Ережеге сай 

жасалған картаны ұсынды. Шын мәнісінде, 1806  жылы «Астрахань 

және Кавказ губернияларында көшіп жүрген қалмақтар мен  өзге де 

халықтарға жер бөліп беру туралы» Ереже негізінде сызылған карта  

бойынша Астрахань губерниясының солтүстік-батыс шекарасы болып 

Кіші Өзен емес, Үлкен Өзен белгіленді. Жәңгір хан 1806 жылғы Ере-

жеге сүйенбей,  керісінше оның негізінде жасалған картаны алға тар-

тып, ұтымды әрекет жасаған. Себебі І Александр бекіткен жер бөлу 

Ережесінде  шекараның  қай  Өзенмен  шектелетіндігі  анықталмаған 

еді.  орынбор  әскери  губернаторы  П.К.Эссен  картаның  ертеректе 

жасалуы  себепті  өзінде  жоқ  екендігін  және  оның  Ресей  Ішкі  істер 

министрлігінде  жатқандығын  мәлімдеді  [126,  43-44  пп.].  осылайша, 

орал казактарымен арадағы жер мәселесі созыла берді және Бөкей ор-

дасы  көшпелілерінің толқуына үлкен әсерін тигізді.

Ішкі  және  сыртқы  жер  мәселелерін  шешуде  Жәңгір  хан  Ресей 

патшасының    билігі  мен  өкілеттілігіне  арқа  сүйеген  және  империя 

басшысымен  жақын  қарым-қатынаста  болуға  ұмтылған.  Бөкей  хан, 

Шығай  сұлтанмен  салыстырғанда  ол    Ресей  императорының  жеке 

қабылдауында болды және Ішкі ордаға қатысты мәселелерді шешу-

ге көмектесуін өтінді. Хандық билеушісі 1826 жылдың тамыз айында 

император І Николайдың таққа отыру рәсіміне қатысу үшін Мәскеуге 

сапар  шекті  [194,  28  п.].  Салтанатты  таққа  отыру  рәсімінен  соң 

Жәңгір  және  бірқатар  делегация  мүшелері  императормен  жүздесіп, 

Ішкі  ордада  қалыптасқан  жер  мәселесін  егжей-тегжейлі  баяндаған. 

Бұл жайында І Николай патша 1827 жылдың 2 тамызында сенатор, 

әрі  құпия  кеңесші  Ф.И.Энгельдің  атына  шығарған  рескриптісінде: 

«Бөкей  ордасының  ханы  мен  сұлтандары  маған  жерден  таршылық 

көріп жатырғандықтарын жеткізді. Себебі оларға деп бөлінген шөбі 

шүйгін,  суы  мол  ең  үздік  жайылыс  көздерін  жеке  тұлғалар  неме-

се  орал  казактары  иеленіп  алған.  оған  қоса  олар  үкіметтің  Жайық 

беттегі  қазақтарға  қыс  кезінде  Нарын  құмдарына  өтіп,  мал  жаюға 

берген  рұқсатының  Бөкей  ордасына  нұсқан  келтіріп  отырғандығын 

көрсетті.  Қазақ  даласының  түкпірінен  келген  ауылдар  орда  ішінде 

бүлік  туғызып,  онсыз  да  халық  санының  өсуіне  байланысты  туын-

дап  отырған  жер  жетіспеушілігін  өршітеді  екен»  [86,  с.  297],  -  деп 

жазды. осылайша ол 1825-1826 жылдары ішкі жер қатынастарының 

қалыптылығын  қамтамасыз  ету  үшін    Нарын  құмдарына  көз 

қырын  салды.  Қыс  мезгілінде  дала  қазақтарынан    ауыспайтын  осы 

экономикалық маңызы зор орталықты хандықтың толық  меншігіне 

өткізуге тырысты [195, 5-6 пп.].

Біз қарастырып отырған кезеңнің 1827-1829 жылдарында Бөкей  

хандығында  халық  толқуы  белең  алды.  Бұл  қозғалыстың  басында 

Нұралы ханның немересі, сұлтан Қайыпқали Есімов (1789-1856) тұрды. 

Патша  үкіметі  қазақ  руларының  Бұхар  бетке  ұмтылуын  1829  жылы 

тежегенімен,  1830  жылы  да  Жайық  өзенінен  өтуге  тырысқандардың 

қатары қалың болды [196, 26-29 пп.].

осы  Қайыпқали  Есімұлы  бастаған  Ішкі  ордадағы  халық 

қозғалысының  сипаты,  жүру  барысы,  аяқталуы  зерттеушілер 

А.Ф.Рязанов  [28],  в.Ф.Шахматов  [30],  И.Н.Кенжалиевтің  [42], 

А.Қ.Карамурзинаның [76] еңбектерінде баяндалуына байланысты біз 

тек    себептерін  қарастырумен  шектелеміз.  1818-1820  жылдардағы 

оқиға  секілді  бұл  қозғалыстың  да  басты  себебі  экономикалық 

жағдаймен  тығыз  байланысты  болды.  Қозғалыс  көсемі  Қайыпқали 

Есімовтың мақсаты саяси билікке, хандық таққа жету болса, көшпелі 

халық экономикалық тәуелсіздікке ұмтылды.

Қарапайым  малшы  қауымды  дала  бетке  көшуге  итермеле-

ген  негізгі  себеп  -  жер  мәселесінің  күн  сайын  ушығуы  болды.  Кіші 

жүзге бағыт алған көшпелілердің негізгі дені алаша, байбақты, тана, 

беріш, адай руларының өкілдері еді және олар Қосөзен, Қамыс-Самар 

көлдері  маңын  мекендеді.  Өздерін  осы  аймақтың  толық  қожайыны 

санаған  орал  казактары  1825  жылғы  межелеу  жұмыстарынан  соң 

Бөкейліктерге деген қысымшылығын күшейте түсті. Шаруашылыққа 

жайлы бұл өлкеге қазақтар әскерилердің малын қосып бағатын немесе 

жалдама ақысын төлейтін болса ғана жіберілді. орал казак әскерінің 

басқармасы көшпелілер үшін белгілі жалдама ақысын белгіледі, яғни 

түйеден - 80 тиын, жылқы, ірі  қарадан - 50 тиын, қой, ешкіден - 15 

тиын алу көзделді. Малшыларды  тонауға әбден дәнігіп алған казак-

тар кез-келген шалт қимылды мүлт жібермейтін. олар Бөкейліктердің 

малдары жайылатын аумақтарда әдейі шөп шауып, үлкен шөмелелерді 

жинамай тастап кететін. Кейіннен шөбімізді қазақ малы таптады деп 

айыптап, ойға сыйымсыз айыппұл өндіріп алатын [197, 180 п.].

ордалықтардың барлығы бірдей қыстау жалдауға қабілетті емес 

еді.  Тұрмыстық  жағдайы  төмен  көптеген  көшпелілер  Қосөзенге, 

Қамыс-Самарға  жақын  жатқан  аймақтарда  қыстауға  мәжбүр  боды. 



104

105


Әсіресе малшыларға жұт әкелген 1827 жыл қысы Бөкейліктерді ора-

сан  зор  шығынға  ұшыратты.  Қардың  қалың  түсуі,  боранның  ұзаққа 

созылуы, аяздың күшеюі салдарынан төрт түлік мал көршілес жатқан 

Саратов  губерниясына  ығып  кеткен.  Соның  салдарынан  хандықтың 

солтүстік-шығыс  бөлігін  мекендеген  малшылар  қауымы  10000  түйе, 

28000 жылқы, 73000 ірі қара, 1 миллионнан астам қойынан айырылды 

және шығынның жалпы көлемі 13,5 млн ассигнацияны құрады [197, 

101-119 пп.].   

1827-1829  жылдардағы  Ішкі  ордадағы  халық  толқуы  Жәңгір 

ханның    аграрлық  реформаларынан  туындамаған  еді.  Бұл  кезеңде 

Ішкі  орда  билеушісі  ірі  жер  телімдерін  жеке  меншікке  үлестірумен 

айналыса қойған жоқ-ты. Әрі көшпелілерді өз қоныстарынан айыру, 

рулардың  жайылымдарын  ашық  түрде  тартып  алып  өз  туыстарына, 

жақтастарына үлестіру үрдісі басталмаған еді.

осы  қозғалыстың  негізгі  себебін  тарихшы  А.Ф.Рязанов 

қауымдық  жердің    жекешелендірілуінен  іздесе  [28,  с.  119],  ал 

в.Ф.Шахматов бұл тұжырымды құптаған еді [30, с. 103]. Қайыпқали 

Есімұлы  бастаған  халық  толқуын  ұлттық  мүдде,  тәуелсіздік 

тұрғысынан  саралаған  А.Қ.Қарамурзина  өзгеше  көзқарас  ұсынды. 

ол  зерттеуші  Ғ.Е.Харабалинмен  келісе  отырып,  қозғалысқа  казак-

орыс  қысымшылығының  басты  себеп  болғандығын  анықтады  [76, 

57-58 бб.]. дегенмен бұқара халықтың жаппай дала бетке ұмтылуына 

алым-салықтың шектен тыс көбеюі [86, с. 447-448], бірқатар сұлтан, 

старшындардың саяси биліктен қалыс қалуы [28, с. 200], орал казак 

әскерлерінің  Бөкейліктер  арасында  әскерге  алу,  шоқындыру  туралы 

сыбыстарды таратуы да [198, 99-101 пп.] ерекше әсер етті.

Айлакер Жәңгір хан 1827-1829 жылдардағы Ішкі ордадағы халық 

толқуын жер мәселелерін шешу мақсатында шебер пайдаланған. осы 

тұста 1825-1830 жылдар аралығында орда билеушісі ұстанған саясат-

ты анықтаудың мәні зор болмақ. Хандық тізгінін қолына алған Жәңгір 

Бөкейұлы елді саяси тұрғыдан орталықтандырып қана қоймай, оның 

тұрғындарын дала беттен көшіп келушілер есебінен арттыруды көздеді. 

Себебі халқы мол, шаруашылығы мықты мемлекеттің саяси салмағы 

да  басым  болатын,  әрі  ханға  түсетін  табыс  та  артатын.  осы  орайда 

ханның  сән-салтанатқа,  дүние-мүлікке  деген  асқан  қызығушылығын 

айтпай кетуге болмайды.

дегенмен  1825-1830  жылдардағы  Ішкі  ордадағы  халықтың 

қоныстануы  орташа  деңгейде  болған.  Мұны  орынбор  Шекара 

комиссиясының шенеуніктері   А.д.Кузнецов [86, с. 264], А.Т.Ларионов 

[112, 223 п.], М.в.Ладыженский [160, 10 п.], Жәңгір хан [86, с. 261], ин-

женер Тафаев, кеңесші Г.С.Карелин [9, с. 17-18], сенатор Ф.И.Энгель 

[81,  с.  292],  И.Казанцев  [21,  №247],  Уақытша  Кеңес  төрағасы 

И.С.Иванов [22, с. 170] келтірген мәліметтерден көреміз.

5 - кесте

Жыл

Автор


Шаңырақ  саны

1825


А.д.Кузнецов

М.в.Ладыженский

Жәңгір хан

Тафаев


10490

10500


12400

10430


1827

Ф.И.Энгель

10000

1828


И.С.Иванов

10000


1829

А.Т.Ларионов

10235

1830


Г.С. Карелин

И.Казанцев

11660

10255


    

Байқап  отырғанымыздай,  қарастырылып  отырған  кезеңде  Ішкі 

орда  халқының  саны  10000-11000  шаңырақ  аралығында  ауытқып 

отырған. Егер 1819 жылы хандықта 13000 түтін болғанын, содан соң 

1820  жылы  1600  түтіннің  арнайы  рұқсатпен  және  қалғандарының 

жасырын  дала  бетке  көшіп  кеткенін  ескерсек,  жоғарыдағы  деректер 

шындыққа сәйкес келеді.

Жәңгір  хандықтағы  халық  санын  көбейтумен  қатар  мал  басы 

көлемін арттыруды да ойластырды. ол Ресей империясының шикізат 

шылауына айналып отырған Ішкі ордадағы мал шаруашылығын тез 

қарқынмен дамытуға тырысты. оның бұл жоспарын І Николай патшаға, 

Сыртқы  істер  министрі  К.в.Нессельродеге,  сенатор  Ф.И.Энгельге, 

орынбор,  Астрахань,  Саратов  губернаторына  жазған  хаттарынан 

байқауға болады [197, 70-82 пп.]. 

орда  билеушісі  төрт  түлікті  көбейту  арқылы,  біріншіден,  сау-

даны  жандандыруды  және  хандықтың  саяси-экономикалық  беделін 

Ресей  империясы  алдында  асқақтатуды,  екіншіден,  қарамағындағы 

халықтан түрлі алым-салықтар жинауды, сөйтіп мол пайдаға кенелуді 

ойластырды.

1825-1830  жылдардағы  Ішкі  ордадағы  мал  санын  әр  түрлі 

деректерді топтау арқылы былайша көрсетуге болады:


106

107


6-кесте

Жыл


Автор

Түйе


Жылқы

Ірі қара


Қой

Барлығы


1825

А.д.Кузнецов

А.Харузин

М.в.Ладыженский

Жәңгір хан

51850


31836

51000


54250

491100


491300

491010


339500

105100


103100

105000


115050

1924000


1924000

1924000


2154700

2572050


2572030

2571000


2663500

1827


Ф.Энгель

И.С.Иванов

52000

52000


500000

500000


100000

100000


2000000

2000000


2652000

2652000


1830

А.Харузин

И.Ф.Бларамберг

43000


45000

230000


250000

130000


150000

1300000


1500000

1946000


1945000

Жоғарыдағы  деректерден  көрінетіні,  1830  жылға  қарай 

хандықтағы мал саны күрт кеміген. Бұған негізінен 1827-1829 жылдар-

да көшпелілердің дала бетке кетуі, 1827-1828 жылдардағы жұт ерекше 

әсер етті.

Сөз  жоқ,  1827-1829  жылдардағы  Қайыпқали  Есімұлы  бастаған 

қозғалыс хандықтың саяси, экономикалық, әлеуметтік өміріне үлкен 

соққы болып тиді. Алайда халық пен мал көлемін арттыруды көздеген 

Жәңгір ханның бұл оқиғаны шебер пайдалағаны сондай, қозғалыстың 

себептерін  бұрмалап  түсіндіру  арқылы  патша  үкіметінің  назарын 

хандыққа  қарай  бұрды.  ол  көшпелілердің  жаппай  наразылығын 

туғызып отырған негізгі фактор - жер мәселесі екендігін жоғарғы билік 

алдында дәлелдеуге тырысты. Бірақ өз тарапынан болған түрлі саяси-

экономикалық қысымшылықтарды жасырып қалды. Нәтижесінде 1827 

жылдың  2  тамызында  император  І  Николай  сенатор,  құпия  кеңесші 

Ф.И.Энгельдің атына арнайы рескрипт шығарды. Ресей патшасы атал-

мыш мемлекеттік қызметкерге қазақ және қалмақ ұлыстарына барып, 

жергілікті  қалыптасқан  мәселелерді,  халықтың  көңіл-күйін,  тұрмыс-

тіршілігін білуді тапсырды. Ең бастысы, сенаторға қазақтар мен қалмақ 

халықтары  арасында  «мызғымас  тыныштықтың,  сот  әділдігінің, 

тұрақты шаруашылықтың және ауызбіршіліктің орнауына» [86, с. 297] 

жағдай жасау жүктелді.

Айта  кететін  жайт,  сенатор  Ф.И.Энгельдің  Бөкей  ордасына 

келуінің үлкен саяси-экономикалық маңызы болды және бұл жағдай 

Жәңгір  ханның  аграрлық  саясатына  тың  серпін  берді.  Арнайы  тап-

сырмамен  аттандырылған  үкімет  шенеунігі  Бөкей  хандығына  1827 

жылдың 6 қазанында келіп жетеді. ол қалыптасқан мәселелерді байып-

пен тыңдаған және көшпелі халыққа көмектесуге ниет танытқан. Хан 

өз кезегінде қазақтардың тек жайылым таршылығынан көріп отырған 

қиыншылықтарын  ғана  баяндап,  тығырықтан  шығудың  мүмкін 

көздерін көрсеткен және оның беделін пайдалана отырып ішкі-сыртқы 

жер  мәселерін  шешіп  алуды  мақсат  еткен.  осы  кезде  ол  хандықтың 

территориясын  қалпына  келтіріп  қоймай,  сонымен  бірге  қазыналық 

жерлер есебінен ұлғайтуға болатынына сенген сыңайлы. 1827 жылы 

қазан  айының  соңғы  күндерінде  сенатор  Астрахань  қаласына  жол 

жүріп кетеді. дәл осы мезгілде Жәңгір де құпия кеңесшімен жүздесу 

үшін губерния орталығына сапар шегеді. Қалаға келген хан Астрахань 

қазыналық  палатасының  Семута  кордонынан  Подчищенная  осокорь 

арқылы Кіші Өзен кордонына дейінгі бос жатқан «қазыналық жерлерді» 

жалға  беретіндігін  біледі.  Бұл  территорияларды  малшы  қазақтар  өз 

жерлері  санайтын-ды.  Жәңгір  сенатор  Ф.И.Энгельге  хат  жазып,  бұл 

жерлерді Бөкейліктер иелігінде қалдыруын өтінген және қазақтардың 

еркін көшіп жүруі үшін дөре тұрағы мен Ерусланға құятын Торғын 

өзені бойын беруді сұраған [86, с. 306].

Жәңгір  ханның  арыз-шағымдары  арқасында  сенатор  өлкеде 

орын  алған  заңсыздықтардың  тағы  бірін  ашты.  ол  1806  жылы  19 

мамырдағы  патша  Жарлығына  сай  құрылған,  Астрахань  азаматтық 

губернаторы  төрағалық  ететін    Көшпелі  халықтарға  жер  бөлу 

жөніндегі  комиссиясының  атқарған  қызметіне  қатысты  еді.  Бұл 

ұйым  1828  жылға  дейін  негізінен  қалмақ  халқының  территориялық 

мәселелерін қарастырумен болды. Қазақ-татар, қазақ-қалмақ шекара-

ларын анықтауға тек 1818,1822 және 1824-1825 жылдары ғана әрекет 

жасады, ал бұдан тыс уақытта Бөкей ордасына назар салмады. 1806 

жылғы Жарлық бойынша комиссия Астрахань және Кавказ губерния-

ларында  көшіп  жүрген  халықтардың  әрқайсысының  шекараларын 

анықтауға және болашақта туындауы мүмкін жер дауының алдын алуға 

міндетті болды. Іссапарының соңында сенатор Ф.И.Энгель Астрахань 

және  орынбор  губернаторларына  Бөкей  ордасының  шекараларын 

нақтылауды тапсырған [194, 66-68 пп.].

1827  жылдың  қараша  айында  Көшпелі  халықтарға  жер 

бөлу  комиссиясы  сенатор  Ф.И.Энгельдің,  Сырты  істер  министрі 

К.в.Нессельроденің,  Жәңгір  ханның  талап  етуімен  межелеу 

жұмыстарына  дайындалды.  Комиссияның  басты  мақсаты  Ішкі  орда 

шекараларын  нақтылау  және  1806  жылдың  19  мамырында  жарық 

көрген Ереженің 34, 35, 36, 37, 38 баптарының орындалу барысын тек-

серу болды. 

1827 жылы 8 желтоқсанда Бөкейліктерден алдын-ала депутаттар-

мен  қоса  сенімді  өкілдер,  куәгерлер  және  жұмысшы  адамдар  талап 

етілді. Әдеттегіше әр тараптың межелеуге қажет құралдарды өздерімен 


108

109


бірге  әкелуі  шарт  болды.  ордалықтар  15  жұмысшы  адамнан  басқа 

мынадай жабдықтарды жеткізуге міндеттенді: 1) шұңқыр қазу үшін 4 

темір, 4 ағаш күрек; 2) 4 қап көмір; 3) 500 кірпіш тас; 4) межелеушілер 

тобын алып жүру үшін 4 аттылы арба; 5) 4 салт мінуге арналған аттар; 

6) 2 куәгерлерге арналған арба; 7) куәгерлерге азық-түлік; 8) ауыз су 

тасуға арналған 1 бөшкелі арба; 9) 1 ас пісіруге арналған тағанды қазан; 

10) межелеу тобы мен куәгерлерге арналған 1 киіз үй [199, 2 п.].

Бөкейліктер  1828  жыл  20  қаңтар  күні  өздерінің  дайын  құрал-

саймандарымен  Чернояр уезді Болхун ауылына баруы тиіс еді. 

Межелеуді  жүргізетін  екі  негізгі  жер  өлшеуші  -  титулярлық 

кеңесшілер    С.Селиванов  пен  в.Петухов  болатын.  Межелеуші 

С.Селивановқа ең әуелі қалмақ князі Түменнің иелігінен бастап Ах-

туба  өзенінің  жоғарғы  бойымен  Сасықкөлге  дейінгі  жерлерді,  кейін 

Ашулак  өзенінен  бастап  Ахтубаның  төменгі  ағысын  бойлай,  одан 

теңіз  жағалауымен  Телепнев  батағасына  дейінгі  территорияны  ме-

желеу тапсырылды. Ал в.Петухов Боғда тауынан бастап Саратов гу-

берниясы  шекарасына  дейін  жүріп  өтуге,  одан  Үлкен  Өзенге  жетіп, 

Қамыс-Самар көлдері арқылы Курхай өзеніне аялдауға, ал сол жерден 

бұрыннан шекарасы анықталып қойылған князь Юсупов пен графи-

ня Безбородконың саяжайларына келуге, кейін Телепнев батағасында 

межелеуді аяқтауға міндетті болды. Телепнев батағасынан Шапшашы 

тауына және соңғысынан Басқұншақ көліне дейінгі жерлер 1822, 1825 

жылдары өлшенген еді. Сол себепті комиссия бұл аймақты қайталап 

межелеудің қажеті жоқ деп тапты. Сонымен бірге в.Петуховқа 1806 

жылы  19  мамырдағы  Ереженің  37-ші  бабын  орындау,  яғни  Ішкі 

орданың аздаған қазақтарына қыстау үшін теңіз жағалауынан қамысты 

дөңдер мен жазықтар бөліп беру жүктелді. 

1828  жылғы  жер  өлшеу  жұмыстарына  комиссияның  шешімі 

және  межелеу  жарғысына  сай  мына  тараптар  шақырылған:  а)  Ішкі 

орданың депутаттары, куәгерлері және сенімді өкілдері; ә) Сасықкөл 

елді-мекендерінің  шаруалары;  б)    орынбор  шекара  комиссиясының 

шенеунігі;  в)  орал  казак  әскерлерінің  өкілдері;  г)  теңіз  иелерінің 

сенімді  адамдары;  Межелеу  ісіне  тартылған  тараптардың  көптігіне 

қарап аталмыш шара ауқымының үлкен болғандығын байқай аламыз. 

Мұрағат деректерінен 1828 жылғы межелеу жұмысының мерзімінен  

кешіктіріліп басталғаны көрінеді. Межелеушілер тобы 1828 жылы 3 ма-

мыр күні ғана іске кіріседі және алдымен қалмақ жерлерін шолып өтеді. 

олар 4 мамырда Үлкен Боғда тауының сол жақ бетіне шығып, 5 мамыр 

күні Шапшашыдан Үлкен Боғда тауына дейін жүргізілген межені та-

бады. Енді бұл кезде Бөкейлік делегаттар жер өлшеушіге шағымдана 

бастады. Бұған 1822 жылғы, яғни Шығай Нұралыұлы билігі тұсында 

жүргізілген  «Боғда  -  Шапшашы  межелеуі»  түрткі  болды.  Аталмыш 

шараның қорытындысы ордалықтардың мүддесіне қайшы келген еді. 

Қазақ депутаттары межелеу жұмысын пайдаланып, өзгенің еншісінде 

кеткен жерлерді қайтаруға ұмтылды. Төре Хансұлтан Шығайұлы мен 

старшын К.Құрманқожаев өз сауаттылықтарына жүгініп, в.Петуховқа 

мынадай мәтіндегі өтініштерін жолдайды: «Сізге Боғда тауынан Сара-

тов губерниясына дейін, содан соң Үлкен Өзеннен әрі қарайғы жерлерді 

межелеу тапсырылды. Боғда тауынан Шапшашыға дейінгі территория-

ны нақтылау 1822 жылы жүзеге асырылды. Алайда 1806 жылғы Ере-

жеде қазақтарға Өзеннен бастап Боғда тауына, одан Шапшашы арқылы 

дудатск батағасына дейін көшуге мұрсат беріледі делінген болатын. 

1822 жылы межелеу жұмысын жүргізген жер өлшеуші Боғда тауынан 

Шапшашыға дейін тіке жүріп өтуге міндетті еді. оның Боғда - Шап-

шашы сызығынан ауытқуы салдарынан қазақтар иелігінен су көзі мол 

қомақты жер тартылып алынды. 1828 жыл, 6 мамыр» [112, 49-50 пп.].

Шындығында  да  Боғда  мен  Шапшашы  таулары  аралығы  түзу 

сызықпен  емес,  қисық  доға  арқылы  байланысқан.  Мұны  Бөкей 

ордасының кез-келген картасынан байқауға болады. Бұл арада мәселе 

көлемді, әрі шұрайлы алқапқа қатысты туындады. Өздерінің бірінші 

арызы арқылы Бөкейлік депутаттар білімділігін, табандылығын және 

жер мәселесін жетік меңгергендіктерін байқатқан.

депутаттардың 

ескертулерін, 

өтініштерін 

в.Петухов 

сабырлылықпен  қабылдағанымен бұрынғы межені өзгертуге дәрменсіз 

болды.  Себебі  мұның  арты  қазақ-қалмақ  дауына  ұластыратынын 

сезді. Енді экспедиция Боғда-Саратов бағытымен межелеу жүргізуге 

қамданды. Бұл үшін алдын-ала берілген жоспар бойынша Подчищен-

ная осокорь атты ескі кордонды басып өту керек болды. депутаттар 

жер  өлшеушінің  бұл  нүктеге  соқпай,  тікелей  Саратов  губерниясына 

асқанын қалады. Бөкейліктердің бұл ұсынысы қабылданған жағдайда 

Ішкі  орданың  территориясына  едәуір  көлемдегі  жер  телімдері 

қосылатын  еді.  Бірақ  та  Көшпелі  халықтарға  жер  бөлу  комиссиясы 

құрылған жоспарды бұзуға тыйым салды.

Межелеушілер  тобы  Подчищенная  осокорь  кордонына  1828 

жылдың  6  мамырында  жетті  және  осы  жерді  империя  мен  хандық 

тұрғындарының   шекарасы етіп белгілемек болды. в.Петухов өлшеу 

барысында кордонның Нарын  құмдарынан 4 верст, ал ханның үйінен 

5  верст  300  сажень  қашықтықта  орналасқанын  анықтайды.  Бір 

қызығы,  бұл  ескі  күзет  бекеті  Межелеу  кеңсесінің  картасында  На-

рын  құмдарынан  40  верстта  жатыр  деп  көрсетілген  еді.  Сөйтіп  тек-

серу  кезінде  кордонның  әуел  бастан-ақ  дұрыс  орналастырылмағаны 

анықталады. Бұл ені 35 верст болатын орда жерінің орыс тұрғындары 


110

111


еншісіне берілетіндігін білдірді. Жәңгір қалыптасқан жағдайға байла-

нысты Астрахань азаматтық губернаторымен хабарласады. Хан Бөкей 

ордасындағы жайылым мәселесінің қиындығын, әрбір тілімдей жердің 

көшпелі қазақ қауымы үшін маңызын айта келіп, шекараны белгілеуде 

әділеттілікке жүгінуін талап еткен. Нәтижесінде іс Бөкейліктердің пай-

дасына шешіліп, в.Петухов межені Саратов губерниясының шекара-

сына дейін әкеледі. Ал 29 мамыр күні Астрахань даласы мен Саратов 

губерниясының жерлерін бөліп тұрған шартты ор табылады. осылай-

ша Боғда тауынан Саратов губерниясының шекарасына дейін созылып, 

ені - 35 верст, ұзындығы - 103 верстқа жететін аумақ Ішкі орданың 

пайдасына межеленді. 

Ауа-райының  қолайсыздығына  қарамастан  межелеушілер  тобы 

1828 жылдың 11 маусымында Кіші Өзенге келіп жетеді. Мұнда енді 

орал казак әскерлері табанды қарсылық көрсетеді. олардың сенімді 

өкілдері  ұсынған  дәйектердің  негізгі  дені  мынадай:  а)  Үлкен  және 

Кіші  Өзендер  аралығындағы  территорияның  бағзы  заманнан  бері 

әскери  казактарға  тиесілігі;  ә)  Қосөзен    аралығындағы  жайылым, 

шабындықтардың 1802 жылы оралдықтардың мүддесіне сай өлшенуі; 

б)  Қазақтар  мен  башқұрттардың  бұл  жерге  басып  кіруін  тоқтатуы 

үшін орал әскери кеңсесінің Кіші Өзен бойына 5 форпост тұрғызуға 

үкім шығаруы; в) 1825 жылы Қосөзеннің қайтадан өлшеніп, казактар 

иелігіне қосылуы және орынбор жер өлшеушісі Мусхановтың арнайы 

карта дайындап, әскери кеңсеге тапсыруы;

Көріп  отырғанымыздай,  орал  казак  әскерлері  Үлкен  және 

Кіші  Өзендер  аралығын  игеруде  бассыздыққа,  өзімшілдікке,  заң 

бұзушылыққа бой алдырған. олар алға тартып отырған құжаттардың 

бірде-біреуі патша үкіметі тарапынан бекітілмеген еді. отарлаушылық 

саясатты  жүзеге  асыруда  сенімді  құрал  саналған  орыс-казактардың 

істеріне  жоғарғы  билік  те  үнемі  араласа  бермеген.  Сөйтіп,  өздерін 

өлкенің толық қожайыны ретінде сезінген оралдықтар алысқа ат шап-

тырып  жатпай-ақ,  жақын  маңдағы  орынбор,  Саратов  губерниялары 

межелеушілерін  алдыртып,  қажетті  жерлерін  өлшетіп,  құжаттарын 

рәсімдеткен. Бірақ та мұндай ірі жер дауларында патша немесе Сенат 

бекітпеген  кез-келген  куәліктің  заңдық  күші  болмайтындығы  ақиқат 

еді. Казактардың жалған құжаттар жасап, былыққа әбден батқандығы 

жөнінде  орынбор  шекара  комиссиясы  шенеунігі  А.Т.Ларионов  1828 

жылы былай деп жазған: «Әскердің бұл территорияны иелену құқығын 

негіздеп отырған жер сызбасының заңдық тұрғыдан бекітілмегені өз 

алдына, оған қоса оралдықтар түпнұсқаның жоқ болуы себепті құжат 

көшірмесін ұсынуға мәжбүр болуда» [112, 100-111 пп.].

орал  казактары  наразылық  акцияларын  ұйымдастырып 

жатқан  кезде  қазақ  депутаттары  да  қарап  қалмады.  олар  Қосөзен 

аралығындағы елді-мекендердің заңды иесі Бөкейліктер екендігін және 

орал казак әскерлері даулап отырған  кейбір тұрақтардың қазақтарға 

тиесілі  екендігін  в.Петуховқа  арнайы  арыз  жазу  арқылы  жеткізді. 

оған қоса құдығы мол телімдердің де көшпелілер иелігінен кетіп бара 

жатырғандығы айтылды. Ақыр-соңында олар Қосөзен аралығындағы 

жайылымдар Бөкейліктердің пайдасына межеленбей бір қадам да ат-

тап  баспайтынын мәлімдеген. Алайда А.Т.Ларионов ақылға жеңдіріп, 

ордалық өкілдерді  істі түбіне жеткізуге үгіттеген. 

Кіші Өзен бойында жүргізілген межелеу жұмыстары нәтижесінде 

Жуантөбе,  Айжарық  моласы,  Қарабай,  Жартөбе,  Шығырлы, 

Жаманбармақ,  Жалғыз,  Шағыс  және  тағы  басқа  маңызды  тұрақтар 

Ішкі орданың еншісіне тиді.

1828  жылы  20  маусымда  межелеушілер  Үлкен  Өзен  бойы-

на  да  келіп  жетеді.  орал  казак  әскерінің  қарсылық  көрсетуіне 

қарамастан в.Петухов бастаған топ осы өзеннің оң жақ бетін түгелдей 

Бөкейліктердің  пайдасына  өлшеп  берді.  Мұның  белгісі  ретінде  ар-

найы  шұңқырлар  қазып,  штемпелі  бар  бағандар  орнатады.  осыдан 

кейін  Қамыс-Самар  көлдерін  бойлай  Курхай  өзеніне  межелеушілер 

20 шілдеде жетеді. Бұл аймақтағы бірнеше экономикалық маңызы бар 

тұрақтар Ішкі орданың территориясына қосылады [112, 112 п.]. 

Жоспар бойынша межелеу экспедициясы Бөкейліктерге арнап Ка-

спий теңізі жағалауларына қыстауға қажет жерлерді нақтылап беруге 

міндетті болған-ды. Алайда жаз кезінде бұл жерлерді жағалай су ба-

суы себепті және маса, соналардың көптігіне байланысты межелеуді 

қысқыға қалдыру ұйғарылған. Қансорғыш жәндіктердің көптігі сондай, 

теңіз аймағында түйемен де, жылқымен де жүру мүмкін болмаған.

1828 жылы 3 мамыр - 20 шілде аралығында жүргізілген Ішкі орда 

шекараларын межелеу шараларының көшпелілер үшін үлкен маңызы 

болды. Бұл хандық тарихындағы кең ауқымды қамтыған тұңғыш, әрі 

соңғы  межелеу  жұмысы  болып  табылды.  Бөкей  ордасында  хандық 

билік салтанат құрған кезеңде бұдан өзге ірі көлемдегі жер өлшеу ша-

ралары жүргізілген емес.

1828 жылғы межелеу жұмыстары нәтижесінде Бөкейліктер қандай 

жетістіктерге  жетіп  еді?  Біріншіден,  Ішкі  орданың  шекараларының 

70%-ы  патша  үкіметінің  бұйрығымен  алғаш  рет  межеленді.  Ар-

найы  кәсіби  маманның    жетекшілігімен  жүзеге  асқан  бұл  шарада 

демократиялық белгілер көрініс тапты. Екіншіден, одан кейінгі жыл-

дарда туындаған кейбір жер дауларының алдын-алуда немесе оларды 

шешуде  көп  көмегін  тигізді.  Себебі  жоғары  билік  мақұлдап,  арнайы 

Жарлығымен бекіткеннен соң заңдық күшіне еніп, өлке тұрғындарын 



112

113


санасуға  мәжбүр  етті.  Үшіншіден,  межелеу  барысында  хандықтың 

территориясы  ұлғайды.  Атап  айтсақ,  батыс  бөліктегі  маңызды  жер 

телімдері,  солтүстік-шығыстағы  Қосөзен,  Қамыс-Самар  аймағы 

хандықтың  иелігіне  өтті.  Төртіншіден,  Жәңгір  ханның  және  өзге  де 

беделді басқарушы элиталардың жер үшін сыртқы жаулармен күресуіне 

рух  берді.  осы  орайда    Бөкейлік  депутаттар  Хансұлтан  Шығаев  пен 

Кенжәлі Құрманқожаевтың табандылығы, қайраттылығы ерекше әсер 

етті.  Бесіншіден,  1827-1829  жылдары    Қайыпқали  Есімұлы  бастаған 

қозғалыстың  уақытша  саябырсуына,  басылуына  түрткі  болды.  Ме-

желеу  экспедициясының  Қосөзен,  Қамыс-Самар  аймағына  келуінен 

қатардағы көшпелілер де үнемі хабардар болып отырды. Қазақ даласын-

да жаңалықтардың тез таралатынын ескерсек, барлық малшы қауымға 

бұл шараның нәтижелері  бірден белгілі болды деуге толық негіз бар. 

1828  жылы  Астрахань  губерниясында  межелеу  жұмыстары 

жүргізіліп  жатқан  кезде  Ресей  Сыртқы  істер  министрлігі  жаны-

нан  құрылған  Азиаттық  комитет  Бөкей  ордасына  қатысты  бірнеше 

мәселелерді  қарастырды.  Мұндай  игі  бастамаға  Ішкі  ордаға 

іссапармен  келген  сенатор  Ф.И.Энгельдің  ұсыныстары  септігін 

тигізді.  ол  қазақ,  қалмақ  халықтарының  тұрмыс-тіршілігі  жайын-

да  дайындаған  қорытынды  есебінде  көшпелілердің  жайылымдарға 

аса  мұқтаж  екендігін  баяндап,  Азиаттық  комитетке  ордалықтардың 

әлеуметтік-экономикалық жағдайын артыру үшін қосымша жер бөліп 

беру керектігін ескерткен [81, с. 294-295].

Нәтижесінде  Азия  комитеті  1828  жылы  сәуір  айындағы  кезекті 

отырысында Бөкейліктерге Чернояр уездіндегі орал даласы аталатын 

аймақты беру керек деп тапты. ордамен шектес, әрі Саратов губерния-

сы мен қалмақ жерлері шекараларының ортасында орналасқан бұл тер-

риторияны Жәңгір хан 1827 жылы Астрахань қазыналық палатасынан 

сұраған болатын. Көлемі 673274  десятинаны құрайтын осы даланың 

Бөкейліктер иелігіне өткенін сенатор Ф.И.Энгель де қалаған. Зерттеуші 

И.С.Ивановтың айтуынша сенатор Астрахань  қаласына аялдаған кезде 

Қазыналық Палатамен хабарласып, орал даласын қазақтардан басқа 

ешкімге жалға бермеуін талап еткен [22, с. 111].

Азия комитеті Чернояр уездіндегі далалық жерлерді қазақтардың 

пайдалануына  бере  отырып  мынадай  міндеттер  жүктеді:  А) 

Бөкейліктердің Басқұншақ көлінен 10 верст қашықтықта көшіп жүруі 

және  сол  маңдағы  көлдерден,  Шапшашы  тауынан  тұз  өндірмеуі, 

тұрғындарға сатпауы; ә) Егер үкіметке Басқұншақ көлінің тұзы қажет 

болған  жағдайда  көшпелілер  оны  өндіруге,  Еділ  өзініне  тасуға  еш 

кедергі келтірмеуі; б) орал даласының қазақтарға мәңгілікке емес, тек 

уақытша пайдалануға берілетіндігін ескеруі; [112, 4-5 пп.].

Байқап отырғанымыздай, Азия комитеті Бөкейліктерге қатаң та-

лаптар  қойған.  Ресей  империясын  тұзбен  қамтамасыз  етіп  отырған 

кен  орындарына  көшпелілерді  мүлдем  жақындатпауды  көздеген  [6]. 

Айта кететін мәселе, осы кезеңде Астрахань өлкесіндегі көптеген тұз 

өндіруші  кәсіпорындар  жұмыстарын  тоқтатқан  болатын.  олардың 

көпшілігі қаңырап, мүлдем иесіз қалды [7]. 

Азия  комитетінің  тағы  бір  шешімі  –  Нарын  құмдарын  Бөкей 

ордасының  толық  пайдалануына  беруі  еді.  Бұл  мәселені  Жәңгір 

Бөкейұлы 1826 жылы Мәскеуге барған уақытта І Николай патшаның 

алдына  қойғандығы  белгілі.  Империя  басшысының  және  Ішкі  істер 

министрлігінің нұсқауына сай ордалықтар бұл маңызды экономикалық 

орталықты  кері  қайтара  алды.  Азия  комитеті  өз  шешімін  былайша 

түсіндірген: «Жайық бет қазақтарының қыс кезінде өз малдарымен ішкі 

тарапқа өтуін тыю қажеттілік саналғандықтан биылғы жылдан бастап 

бұл үрдіс тоқтатылсын. Себебі дала қазақтарының мойұсынбаушылық 

және  жыртқыштық  қасиеттері  әлі  де  жоғары.  Алайда  Ішкі  орда-

да  мәңгілік  тұрақтауға  ниеті  бар  және  ханның  келісімін  алғандарды 

өткізуге рұқсат етіледі» [86, с. 320].

Жалпы Нарын құмдарын қыста дала қазақтары жайласа, ал жаз 

мезгілінде  Бөкейліктер  көшіп  жүретін.  Қыс  мезгілінде  мыңғырған 

малдардың тебіндеуі салдарынан көктемде көктің шығымдылығы да 

төмендейтін. Енді 12 бөліктен тұратын ірі құмда ордалықтар жылдың 

төрт мезгілінде көше алатын болды.

1828  жылғы  межелеу  жұмыстары  Бөкей  ордасы  үшін  сәтті 

аяқталғанымен  орал  казак  әскерлері  көшпелі  халықтарға  жер  бөлу 

комиссиясының  шығарған  шешімін  мойындамайтындықтарын  ашық 

мәлімдеді.  олар  Ресей  үкіметіне  шағымданып,  әскер  жеріне  қол 

сұғылғандығын жеткізді. Сөйтіп, 1828 жылғы межелеудің есебі Ресей 

Сенатына,  Сыртқы  істер  министрлігі  және  Министрлер  комитетінің 

талқылауына жөнелтілді. Алайда бұл мәселе төңірегіндегі пікірталас 

ұзаққа созылып, тек 5 жылдан соң ғана шешімін табады.

Жер  өлшеу  жұмыстары  бітіп,  Қосөзен  аралығы,  Қамыс-Самар 

көлдері маңы қазақтарға берілсе де орал казак әскерлері оларды бұл 

өлкеге  жібермей  қойды.  Соның  салдарынан  Ішкі  ордадағы  халық 

наразылығы қайтадан жанданады. Өзге ру басшыларын қоспағанның 

өзінде сұлтан Қайыпқали Есімұлы 1829 жылдың наурыз айында 1000 

шаңырақты дала бетке бастап өтуге тырысқан [198, 808 п.]. 

Казактардың  ашкөздікке,  өзімшілдікке  салынып  отырғандығын 

орынбор    шекара  комиссиясының  төрағасы  Г.Генс  те  мойындаған: 

«Казактарға  тиесілі  территория  7000000  десятинаны  немесе  1400 

милльді


2

 құрайды. Әр милльге 20 тұрғыннан, әрбір ер адамға 500 деся-



114

115


тинадан келеді. Алайда олар егіншілікпен айналысса да жер жетіспейді 

деп айғайлайды. Әдетте казактар империя үшін адал қызмет атқарып, 

әскери шепті ұстап тұрмыз деп маңғазданады. Бір балық өндірісінің 

өзі  оларды  мол  табысқа  кенелтеді.  Кеңсе  бұрынғы  дәстүр  бойынша  

тұздалған балық пен уылдырықтан түсетін өнімнің 10%-ын өздеріне 

ұстап қалады» [83, с. 238]. 

Бұл мәліметтен казактар иемденген жерлердің Бөкейліктердікінен  

анағұрлым үлкендігі, халықтың қоныстану тығыздығының төмендігі, 

негізгі кәсіп түрінің мол жайылыстық жерлерді талап етпейтіндігі анық 

байқалады. Егер Ішкі орда иелігінде 1828 жылға дейін 5377743 десятина 

жер болғанын, одан соң Чернояр уездінен 673274 десятина жайылысты 

қосып алғанын ескерсек, бұл кезеңдегі хандықтың жалпы территориясы 

6051017 десятинаға жетті. Ал халық санын 10000 түтін деп есептесек, 

әрбір шаңыраққа орташа есеппен 600 десятинадан жер телімі келгенін 

анықтаймыз. демек, орал әскерлерінің территориясы 7 000 000 десяти-

наны, ал қазақтардікі 6 000 000 десятинаны құраған және казактардың 

әрбір ер адамына 500 десятинадан жер телімі бұйырса, Бөкейліктердің 

тек әрбір шаңырағы 600 десятинаға иелік еткен.

орал  казактарынан  айырмашылығы    помещиктердің  сенімді 

өкілдері  ешқандай  алаңдаушылық,  наразылық  танытпады.  Өйткені 

сенімді өкілдері қожайындарына, ал помещиктер тікелей Ресей  пат-

шасына арқа сүйеді. Саяжай тұрғындары тіпті межелеу жұмыстарына 

назар да аудармай, өз қысымшылықтарын әдеттегідей жалғастырған. 

1828 жылы 5 шілдеде графиня А.А.Безбородконың иелігін басқарушы 

Андрей  Малявка  теңіз  жағалауындағы  Телепнев  батағасынан  Жам-

бай  елді-мекеніне  дейінгі  шабындыққа  қолайлы  жерлерді  Астрахань 

көпестері Гавриил мен Иван Бибиковтар және мещан Иван Захаровқа 

жалға  береді.  олардың  ойластырғаны  келісімшартпен  алған  жайы-

лымдар  мен  шабындықтарды  жалға  беру  арқылы  байлыққа  кенелу 

еді. Себебі Астраханьдық келімсектер келісімшартқа отырғандарына 

бір ай толмай жатып-ақ, яғни 1828 жылдың тамыз айының басында 

Бөкейліктерге әр жылқыдан – 60 тиын, түйе мен сиырдан – 45 тиын, 

қой-ешкіден  -  15  тиын  алатындықтарын  алдын-ала  мәлімдеген. 

Нәтижесінде  ағайынды  Бибиковтар  мен  Захаров  жаппас  руының 

сұлтаны Шыныке Абылаевпен, қызылқұрт руының басшысы Өтебәлі 

Шығаевпен келісімге келген [200, 6-8 пп.].

Алайда Жәңгір хан Өтебәлі Шығаевқа, Шыныке Абылаевқа және 

өзге де ру сұлтандары, старшындарына теңіз жағалауында қыстап шығу 

үшін ешкімге ақы төлемеуге бұйрық берген. орда билеушісінің мұндай 

әрекетке  баруының  өзіндік  сыры  болды.  ол  табиғи  жағдайлардың 

қолайсыздығына  байланысты  тоқтатылған  1828  жылғы  межелеу 

жұмыстарының  жалғасуына  үміт  артты.  Хан  оңтүстік  шекараларды 

анықтау және қазақтарға арнап теңіз жағалауларынан қыстаулар бөлу 

кезінде  ықтасыны  мол  қамысты  дөңдер  мен  жазықтарды  орданың 

пайдасына өлшетіп алуды көздеді. Бірақ көшпелі халықтарға жер бөлу 

Комиссиясы  в.Петуховқа  Каспий  теңізінің  солтүстік  жағалауларын 

бойлай бұрынғы ескі межемен жүруді тапсырды. Әрине бұл орданың 

экономикалық мүддесі мен Жәңгір ханның жоспарына қайшы келді. 

Құзіретті  органдардың  мұндай  консерваторлық  саясатына  наразы 

болған орда басшысы 1828 жылы 19 желтоқсанда Астрахань азаматтық 

губернаторы  А.С.  осиповқа:  «Бүгінде  теңіз  суының  тартылуы  мен 

құрғақ  алқаптардың  көбеюіне  орай  бұрынғы  шекараның  бойындағы 

қамыстар  шабылып  құртылды.  Нәтижесінде  қазақтарға  тақыр  дала, 

өнім бермейтін құмдар мен сорлар қалды. Теңіз иелері жағалаулардағы 

ұзындығы 300 версттан астам ұланғайыр атырапты өздеріне әділетсіз 

жолмен меншіктеп алған. Егер де құрылған комиссия өз міндеттерін 

Каспий теңізінің солтүстік жағалауымен жүргізілген бұрынғы межені 

жаңғыртумен шектелсе, онда қазақтар жаңа жайылыстарға ие болмақ 

түгілі өздеріне әуелден заңды түрде тиесілі жерлерінен айырылады» 

[201, 13-14 пп.], - деп жазған. Бұл деректен Жәңгір ханның оңтүстік 

шекара мәселесіне үлкен көңіл бөлгендігін анық байқай аламыз. 

Бірақ губерния басшысы 1829 жылғы 10 қаңтардағы жауап хатын-

да І Александр патша бекіткен Ереженің 36-шы бабына сілтеме жасап, 

Бөкейліктерге қазына қарауындағы бос жатқан аймақтарда ғана қыстап 

шығуға мұрсат берілгендігін және помещиктер саяжайларында мұндай 

иесіз жерлердің жоқ екендігін ескерткен [205, 1-3 пп.]. Екі тараптың 

ортақ келісімге келе алмауы салдарынан Ішкі орданың оңтүстік шека-

раларын анықтау ісі ұзаққа созылып, кейінгіге шегеріле берді.

Помещиктердің  қазақтарға  қатысты  мұндай  батыл  қадамдар 

жасауына  толық  негіз  болды.  Өйткені  көшпелілердің  мыңдаған 

шаңырақтары  қыстау  үшін  Каспий  теңізі  жағалауына  ағылатын. 

осы  орайда  1829  жылы  Ішкі  ордаға  іссапармен  келіп,  графи-

ня  А.И.Безбородко  мен  князь  Н.Б.Юсупов  иелігінде  көшіп  жүрген 

қазақтардың шаңырақ және мал санын анықтаған Краснояр жергілікті 

сот қызметкері майор И.Краснокутскийдің мәлімдеуінше хандықтың 

барлық  10235  шаңырағының  6930-ы,  2  миллиондай  бас  малының 

859320-ы теңіз жағалауында қыстап шыққан [200, 61-62 пп.]. демек, 

Бөкейліктер саяжай иелері мен батаға тұрғындарының жылдан-жылға 

қысымшылықтарын  үдетуіне  қарамастан  оңтүстік  өңірде  тұрақтауға 

мүдделі болған.

Жәңгір  помещиктермен  арадағы  жер  дауын  шешуде  жергілікті 

губерния  басшылығының  дәрменсіздігін  біліп,  патшамен  жеке  кез-



116

117


десуге  ұмтылған.  Ханның  Ресей  астанасына  сапары  әр  түрлі  се-

бептерге  байланысты  кейінгіге  қалдырыла  берген.  Үкімет  хан  мен 

оның  жанындағыларға  алынатын  сыйлықтарға,  олардың  жолдарына 

кететін  шығын  көлеміне  сілтеме  жасап,  орда  билеушісінің  империя 

орталығына келуін қаламаған. Бірақ та Жәңгір Бөкейұлы 1830 жылы 

7  наурызда  П.К.Эссенге  былайша  хат  жазған:  «Түркиямен  бейбіт 

келісім жасалуына орай туындаған қуанышты барша құрметті адам-

дармен  бөлісу  және  ұлы  мәртебелі  императорды  жеке  құттықтауым 

үшін  жоғарыдағылардан  рұқсат  алып  беруіңізді  сұраймын.  оған 

қоса  маған  бағынышты  ордада  тыныштық  пен  қалыпты  тіршілік 

орнату  үшін  көшпелілерге  қыс  кезінде  пана  болып  табылатын  Ка-

спий  жағалауындағы  қамыстарды  иелену  мәселелерін  шешу  керек. 

Жағалаулардағы  қамыстарды  орыс  иелері  үшін  пайдасыз  деуге  бол-

майды.  Алайда  олардың  сенімді  өкілдері  қазақтарға  қысымшылық 

көрсетіп жүр» [206, 2-3 пп.]. 

Байқап  отырғанымыздай,  хан  Ресей  императорын  орыс-түрік 

соғысының сәтті аяқталуымен құттықтауды, әрі Бөкей ордасының жер 

мәселесін шешуді ойластырған. Бірақ 1830 жылы 7 наурызда Сыртқы 

істер  министрлігі  департаментінің  директоры  әскери  губернаторға 

Жәңгір ханның Петербургке келмеуінің жөн екендігін жеткізді. Себебі 

генерал-майор  П.А.Чуйковичтің  пікірінше  мәселе  қазақтардың  орал 

казактарымен арадағы даулы территория жөнінде болды. Ресей Сена-

ты да «ханның келуінің қазынаға артық шығын әкелетіндігін» алға тар-

тып, Жәңгірдің бұл іссапарына қарсы болды [206, 6 п.].

Бүгінде  Каспий  аймағындағы  жер  дауын  қарастыруда  «Жәңгір 

Бөкейұлы  орыс  помещиктерімен  жекелей  таныс  болды  ма?»  деген 

заңды сұрақ туындайды. Бұл сауалға жауап Бөкей хандығы тарихын 

зерттеушілер тарапынан ешқашан да ізделген жоқ. орда билеушісінің 

құпия кеңесші, әрі сенатор Илья Андреевич Безбородконы (1756–1815) 

тануына мүмкіндік болмады. Себебі граф Жәңгірдің бала кезінде-ақ 

Петербург қаласында дүние салды. Ал графиня Анна Ивановна Безбо-

родко хан таққа ресми түрде рәсімделгеннен соң екінші күні, яғни 1824 

жылдың 27 маусымында Ресей астанасында көз жұмған. олардың бір-

бірімен кездесуі түгілі хат-хабар алысуының да сәті түспеген. Ішкі орда 

ханының граф И.А.Безбородко мұрагерлерімен көзбе-көз жүздескендігі 

туралы мәліметтер де мұрағат қорларында, әдебиеттерде кездеспейді. 

Алайда  князь  Николай  Борисович  Юсуповпен  (1750-1831)  арадағы 

жағдай  басқаша  өрбіген.  Жәңгір  Бөкейұлының  1826  жылдың  тамыз 

айында қазақ делегаттарын ертіп, Мәскеу қаласында өткен І Николай 

патшаны таққа отырғызу салтанатына қатысып қайтқандығы белгілі. 

осы кешке барша құрметті меймандармен бірге князь Н.Б.Юсупов пен 

оның жары княгиня Т.в.Юсупова да қатысқан. Жаңадан тағайындалған 

Ресей патшасы барлық қонақтардың көзінше князь Н.Б.Юсуповты 3-ші 

мәрте  жоғарғы  маршалл  лауазымына  ұсынатындығын  жария  қылған 

[145,  с.  354].  Мұндай  оқиғаны  Жәңгір  ханның  байқамауы  мүмкін 

емес-ті. Бірақ та орда билеушісінің аталмыш князьбен қандай да бір 

мәселеге  байланысты  кездескендігі,  хат  жазысқандығы  тіркелмеген. 

Екі тарап та теңіз жағалауларындағы жер мәселесін шешуде жергілікті 

губерниялық басшылық пен Ресей патшасын араға салуды жөн көрген 

сыңайлы. 

ХІХ  ғасырдың  екінші  ширегінен  бастап  Бөкей  ордасының  тер-

риториясына  үлкен  қауіп  төндірген  жаңа  тараптар  пайда  болды. 

олар  Ресейдің  ішкі  өңірінен  Астрахань  губерниясына  көшіп  келген 

қоныстанушылар еді. Егер Бөкей хан мен Шығай сұлтанға негізінен 

орал  казактары,  помещиктер,  татарлар,  қалмақтармен  күресуге  тура 

келсе, Жәңгір Бөкейұлының бұл саладағы қызметі қиындай түсті. орда 

билеушісі аталмыш халықтармен бірге елдің батыс бөлігімен шекара-

лас жатқан орыс елді-мекендеріне орныққан мемлекеттік шаруалармен 

дауласуға мәжбүр болды.

ХVIII  ғасырдың  аяғында  патша  үкіметі  Ресейдегі  феодалдық-

басыбайлылық  құрылыстың  ыдырай  бастауына  байланысты  Астра-

хань  өлкесін  жаппай  қоныстандыру  алаңына  айналдырды.  Ал  ХІХ 

ғасырдың  басында  Астрахань  өңіріне  көшіп  келушілердің  қатары 

көбейген.  Қоныстанушылардың  шығу  тегі,  келу  мақсаттары  да  әр 

түрлі болған. Бұлардың ішіндегі ең ірі тобы – басыбайлы қашқын ша-

руалар  Астрахань  губерниясы  тұрғындарының  ядросына  айналды. 

Толық емес мәліметтерге сай тек ХІХ ғасырдың басында өлкеде 2000-

нан астам қашқын шаруалар өмір сүрген. Бірақ олардың құқықтары 

бірден мойындалмады және уақыт өте келе патша үкіметі тарапынан 

заңдастырылып отырды. 

Астрахань  даласына  қоныстанушылардың  келесі  тобын 

мемлекеттік  шаруалар  құрады.  Қашқындар  өлкеге  өз  еріктерімен 

орныққан  болса,  ал  бұларды  үкімет  мәжбүрлеу  шаралары  арқылы 

көшірді.  деректерден  ХІХ  ғасырдың  бірінші  ширегінде  мемлекеттік 

шаруаларды  қоныстандырудың  баяу  жүргендігін  байқаймыз.  1806 

жылы – 254 ер адам, 1809 жылы – 131, 1810 жылы - 335, 1812 жылы 

– 228 ер адам. Ал ХІХ ғасырдың екінші ширегінен бастап губерния-

да шаруалардың бұл түрін қоныстандыру үлкен қарқынға ие болды. 

Тек 1825 - 1838 жылдары өлкеге 6388 ер адам орналастырылған және 

олардың негізгі денін воронеж, Рязанск, Тамбовск, Смоленск, Курск 

және Полтавск губернияларының мемлекеттік шаруалары құраған. 

Сонымен  бірге  ХІХ  ғасыр  басында  оңтүстік  өңірге  деген  жал-



118

119


данбалы  шаруалардың  ағымы  күшейген.  Жыл  сайын  маусымдық 

жұмыс атқаруға 10 мыңнан 25 мыңға дейін адамдар келетін еді. олар 

үнемі  балық  кәсіпшілігінде,  кеме  жасау  ісінде  жалданып  жүрген. 

Шаруалардың  бұл  тобы  біртіндеп  тұрақты  жұмысқа  ауысып,  өлкеде 

түпкілікті орнығып қалған [90, с. 321-323].

Уақыт  өте  келе  қашқын  шаруалар,  «еріктілер»,  жалданбалылар 

және өзге де шаруалар категориялары заңдық мәртебеге ие болып, Астра-

хань мемлекеттік шаруалары атты сословиеге айналды. олар Каспий 

теңізі жағалауларын, Еділ, Атхуба өзендері бойын мекендеп, жүздеген 

қоныстардың  негізін  салды.  Ресей  үкіметі  оларды  өлкеде  түпкілікті 

қоныстандыру мақсатында жан басына 15 десятинадан жер телімдерін 

үлестірді. ХІХ ғасырдың екінші ширегінде губерниядағы мемлекеттік 

шаруалар санының артқандығы сондай, оларды жергілікті басшылық 

Бөкей  ордасымен  көршілес  жатқан  Золотухино,  Пирогово,  Болхун, 

Новоникольское,  Рождественский,  владимировка  және  өзге    елді-

мекендерге орналастырды. Үкіметтің тікелей қолдауына арқа сүйеген 

қоныстанушылар  хандықтың  территориясындағы  құнарлы  жерлерге 

көз сала бастады. Соның салдарынан Бөкейліктер мен қоныстанушылар 

арасында жер үшін талас өрши түсті. оның алғашқысы «Қаракөл дауы» 

деген атқа ие болып, өзгеше сипатта өрбіді. 

1829  жылдың  басында  Чернояр  уезді  Болхун  ауылына  жаңадан 

қоныстанған  шаруалардың  сенімді  өкілдері  С.Романненков  пен 

П.винченков  Астрахань  қазыналық  палатасына  шағымданады.  олар 

көшіп  келгенде  пайдалануға  берілген  жерлер  егіншілікке  жарамсыз 

болатын, әрі көктем кезінде 2 ай бойы су астында жататын еді. Сол 

себепті  шаруалар  өз  беттерінше  ауылдарынан  10,  20  және  25  верст 

қашықтықтағы орал даласындағы жерлерді жыртып, егін егіп, 20-дан 

астам  құдықтар  қазады.  Бірақ  бұл  қазына  меншігі  саналған  жерлер 

патшаның  арнайы  Жарлығы  бойынша  Бөкейліктердің  пайдалануына 

берілген еді. Ал шаруалар Астрахань қазына палатасынан осы жерлерді 

қазақтардан  алып  беруін  өтінді.  Бұл  қоныстанушылар  осы  аймаққа 

1824 жылы Қаржы министрінің рұқсатымен Курск, Слободо-Украинск 

және воронеж губернияларынан көшіп келген-ді. 1830 жылы тек Бол-

хун ауылының өзінде 1076 әскери шаруа есепте тұрды. Жоғарғы билік 

жергілікті губерния, уезд басшыларына көшіп келушілерді осы елді-

мекендерге орналастыру жөнінде нұсқау берді [207, 23-25 пп.]. 

Арада көп уақыт өтпей 1830 жылдың 31 наурызында Ресей Се-

наты  «Болхун,  Рождественский,  Новоникольское  елді-мекендері  ша-

руаларына  жер  бөлу  туралы»  Жарлық  шығарады.  Арнайы  берілген 

нұсқау  бойынша  қоныстанушылардың  әрқайсысын  15  десятиналық 

теліммен  қамтамасыз  ету  қатаң  тапсырылды.  Жарлықты  орындауға 

тырысқан Астрахань қазыналық палатасы әрбір шаруаға берілуі тиіс 

15 десятинаның 10-ын орыс елді-мекендері маңынан, ал 5 десятина-

сын  орал  даласынан  бөліп  алуға  шешім  қабылдады.  осылайша,  «5 

десятиналық  бөлініске»  Бөкейліктер  қоныс  тепкен  Үлкен  және  Кіші 

Қаракөл тұрақтарын қосу жоспарланды [208, 24-26 пп.].

Болхун, Рождественский, Новоникольское елді-мекендері шаруа-

ларына жер бөліп беруді Астрахань губерниялық басқармасы жіберген 

уездік межелеуші Коренев жүзеге асырған. Алайда межелеу жұмысына 

Бөкей ордасы депутаттары шақырылмады, яғни жасырын түрде өтті. 

Жәңгір хан да, өзге де ордалықтар бұл туралы ешқандай хабар алмаған 

еді.  1830  жылдың  көктемінде  межелеу  жұмысы  жүргізіліп  біткен 

соң  орыс  шаруалары  жаңа  иеліктеріне  ағыла  бастады.  осы  жылдың 

5 маусымы күні Үлкен Қаракөлге Болхун ауылының 70 адамы келіп, 

шөп  оруға  кіріседі.  Қарсылық  танытқан  күзетшілер  Қ.Ахметовты, 

У.Юлдашевті тұтқындап әкетеді  [207, 1-2 пп.].

Арада көп күн өтпей жатып тағы бір келеңсіз оқиға орын алады. 

1830  жылдың  маусым  айында  Харьков  ауылында  тұратын  әлдебір 

межелеуші  Кіші  Қаракөл  тұрағын  мемлекеттік  шаруалардың  пай-

дасына  өлшеп  береді.  Жасанды  шабындықтарға  бай  Кіші  Қаракөл 

шаруашылыққа  жайлы  мекен  саналды.  Белгісіз  межелеушінің 

әрекетінен  соң  Харьков  ауылының  тұрғындары  Кіші  Қаракөлге  ба-

сып  кірген.  олар  қазақтардың  сөзіне  құлақ  аспастан  барлық  жина-

лып қойылған 400 өгіз арба шөпті өздеріне тасып әкетеді. оған қоса 

шаруалар  бұл  жерлердің  Харьковтықтардың  меншігіне  өткендігін 

мәлімдеген.

Мұндай заңсыздықтардың бой алғанынан хабардар болған Жәңгір 

хан ашық қарсылық танытты. Бұл кезде экономикалық жағынан маңызы 

зор Үлкен және Кіші Қаракөл мекендерін орданың бұлжымас иелігінде 

қалдыру арқылы мемлекеттік шаруалардың тарапынан болашақта бо-

луы мүмкін қол сұғушылық әрекеттерін тыю көзделді. орда билеушісі 

Ресей империясы жүргізіп отырған қоныстандыру саясатымен жақсы 

таныс  болды,  бірақ  көшпелілерге  тиесілі  бірде-бір  десятина  жердің 

мемлекеттік шаруалар еншісіне тигенін қаламады. Қалыптасқан жер 

мәселесіне қатысты Жәңгір хан 1830 жылдың 14 маусымында Астра-

хань  губернаторы  А.С.осиповқа  былай  деп  жазды:  «Межелеушіге 

Қаракөл  тұрақтарын  мемлекеттік  шаруалар  мүддесіне  сай  өлшеудің 

қажеті жоқ еді. Себебі, біріншіден, әр жан басына егіншілікке қолайлы 

5 десятинадан жер бөлгеннің өзінде де бұлайша шектен шығу мүмкін 

емес. Екіншіден, бұл алқаптың өн бойында егіншілікке жарамды бір 

десятина да жер жоқ. Үшіншіден, жер өлшеуші межелеу жұмыстарын 

бастамас бұрын менен депутат сұрауға міндетті еді» [207, 2-3 пп.].



120

121


1830  жылдың  шілде  айында  Астрахань  азаматтық  губернато-

ры  Көшпелі  халықтарға  жер  бөлу  жөніндегі  комиссияның  жанынан 

құрылған Бас сызба бөлімінен Қаракөл дауына байланысты мәліметтер 

жинастырады.  Кеңседегі  құжаттарды  атқарған  бөлім  қызметшілері 

«орал даласы» деп аталатын осы аймақтың 1828 жылы 4 сәуірде пат-

ша Жарлығы бойынша Бөкей ордасына берілгенін анықтайды [207, 4 

п.]. Алайда қазақ-орыс жер мәселесін шешуге Астрахань губерниясын-

да белең алған тырысқақ ауруы кедергі болады. 1830 жылы 23 тамыз-

да Министрлер Кабинеті ауру тараған аудандармен қарым-қатынасты 

тоқтату жөнінде Ереже қабылдайды. осы жылы 23 қыркүйекте Ішкі 

ордада Нарын құмдарында көшіп жүрген беріш және байбақты руы 

қазақтарының арасында тырысқақ ауруы шықты деген дабыл түседі. 

Сөйтіп, елде орал казак әскерлерімен, Саратов, Астрахань губернияла-

рымен байланыс жасауға қатаң тыйым салынады [209, 5-6 пп.].

Астрахань  губерниясында  жарияланған  төтенше  жағдайды 

мемлекеттік шаруалар шебер пайдаланады. 1830 жылы 28 қазан күні 

Болхун ауылының тұрғындары 25 өгіз арбамен Үлкен Қаракөлге келіп, 

үйілген шөмелелерді тиеп кетеді. Лашықта отырған күзетші қазақтар 

сандарының аздығына байланысты  ұстауға бата алмайды. Куәгерлер 

әрбір арбада 5 шаруадан болғандығын және олардың қолшоқпармен 

қаруланғандығын көрсеткен. Ал келесі күні ханның жылқышысы На-

мазбай тағы да осындай мақсатпен 10 өгіз арбамен келген сол ауылдың 

шаруаларын  ұстап  алады.  Бірақ  та  тырысқақ  ауруының  дендеуін 

сылтауратқан сот қызметшілері тексеріс жүргізбей қояды [208, 19 п.]. 

осылайша Қаракөл дауы кейінгіге шегеріліп, бірнеше жылдар бойы өз 

шешімін таба алмады.

Билік  басына  келген  Жәңгір  хан  басты  назарды  сыртқы  жер 

қатынастарын  реттеуге  аударғанымен  ішкі  аграрлық  мәселелерге  де 

көңіл  бөлді.  Бұл  кезеңде  мал  шаруашылығына  жарамды  жерлердің 

сапасы төмендеді және жайылымдар қысқарды. Көктем келгенде қар 

еріп,  су  жазық  далада  жайылып,  топырақ  қабаты  бұзылып,  соның 

салдарынан батпақты жерлер көбейді. Табын-табын малдар бір жер-

ден екінші орынға айдалып, қысы-жазы бір территорияда жайылып, 

шөптерді таптап, тебіндеу арқылы өсімдіктерді тамырымен қопарып, 

топыраққа бекіп үлгеруіне мұрша бермеді.

Зерттеуші  Т.Якубовтың  айтуынша  шағын  территорияда 

миллиондаған бас  малдың шоғырлануы кесірінен сусымалы құмдар 

көбейген [141, с. 153].  Құмдардың бұл түрі төрт түлік көп жинала-

тын  жерлерде,  яғни  құдықтар  маңында,  мал  айдайтын  жолдарда, 

елді-мекендер айналасында пайда бола бастады. ордада өсетін түрлі 

өсімдіктерді от жағуға, малдарға арнап қоражайлар салуға және өзге 

де шаруашылық қажеттіліктеріне сай пайдалану сусымалы құмдардың 

тез қарқынмен таралуына әсер етті. Бұл қалыптасқан табиғи жағдай ел 

басшыларын ойландырды [207, 36-37 пп.].

1825  жылдан  бастап  Жәңгір  хан  жер  телімдерін  жекелеген 

старшындарға  қайтадан және басқаша негізде бекітіп бере бастады. 

1830 жылға дейін созылған  бұл үрдіс кезінде тек көлемі шағын жерлер 

ғана жеке иелікке берілді және ірі жер иелену туралы мәселе көтерілген 

емес. 1812 және 1825 жылдары старшын Исатай Тайманұлына берілген 

жер  иелену  грамоталарын  зерттеушілер  в.Ф.Шахматов  [30,  с.  45], 

Б.Аспандияров [32, с. 71], И.Кенжалиев [41, 75 б.], Ғ.Харабалин [66, 

107-109 бб.] өз еңбектерінде салыстырмалы түрде талдап көрсеткен бо-

латын. Аталмыш  құжаттардан жайылыс көздерінің біртіндеп қауымдық 

меншіктен жеке иелікке өте  бастағандығы анық байқалады.      

Жәңгір  ханның  1825-1830  жылдар  аралығында  кейбір  ұсақ 

жер  телімдерін    жеке  иелікке  беруінің  өзіндік  саяси-экономикалық 

себептері  болды.  Алдымен  хан    шұрайлы  жайылымдарды  ықпалды 

сұлтандарға, старшындарға үлестіру арқылы  өз билігін нығайтуды, 

сенімді саяси тірек қалыптастыруды көздеді. Сөйтіп тек өзіне қолдау 

көрсеткен  басқарушы  элиталардың  саяси-экономикалық  салмағын  

арттыруды,  олардың  қызметтерін  құқылық  тұрғыдан  заңдастыруды 

ойластырды. 

Екіншіден, 

хандықтың 

табиғи-географиялық 

жағынан  құлдырауының  алдын-алу  қажеттілігі  туындады.  орман-

тоғайлардың  оталуын,  су  көздерінің  тартылуын,  шабындықтар  мен 

жайылымдардың  тозуын,  топырақ  қабатының  эрозияға  ұшырай 

бастағандығын тәжірибелі малшы қауымы анық байқады [209, 45-46 

пп.].Үшіншіден, Жайық өзенінің дала бетінен Ішкі ордаға өтушілерді 

әлдебіреудің  иелігіне,  қарамағына  жіберу  керек  болды.  Бұл  кезеңде 

саяси тұрғыдан тұрақталған және әлеуметтік-экономикалық жағынан 

толық  қалыптасып  үлгерген  хандыққа  көшіп  келгісі  келетіндердің 

саны азаймады. Мысалы, 1825 жылдың басында Жәңгір хан орынбор 

губернаторы П.К.Эссенге 640 шаңырақтың ішкі тарапқа өтуге ниетті 

екендігін жеткізген [196, 5-7 пп.].

Алайда қарастырылып отырған кезеңдегі Жәңгір ханның аграрлық 

саясатын тек қараша халықтың мүддесін қорғады деп айтуға болмай-

ды.  Хандық  таққа  отырысымен  ол  елдегі  саяси  билікпен  қоса  жер 

иемдену құқығын қосып алды. Бұрынғы жер телімдерін өз иелеріне 

қайтадан  бекітіп  беру  арқылы  осы  құзіретін  дәлелдегісі  келді.  Бірақ 

хан мұндай куәліктерді рулар мен старшындардың барлығына бірдей 

үлестірмеген. Тек ел ішінде байлығымен, беделімен көзге түскендерге 

және  өзіне  жағынғандарға  таратқан.  осылайша  ашық  алалаушылық 

орын алып, әлеуметтік теңсіздікке жол ашылған.


122

123


дегенмен  байырғы  мекендерін  жаңа  билеуші  бекітпеген  стар-

шындар өз қоныстарында көшіп жүре берген. Өйткені бұл кезде жайы-

лымдарды ашық тартып алушылық орын алмаған болатын. Керісінше 

старшындарды мазалағаны саяси тәуелділік еді. Бұрын оларды халық 

сайласа,  ендігі  кезекте  Жәңгір  ханның  ұсынысымен  орынбор  шека-

ра  комиссиясы  тағайындайтын  болды.  Ал  Ішкі  орда  билеушісінің 

қолдауына  ие  болу  үшін  өз  қарамағындағы  халықтан  көп  мөлшерде 

алым-салық  жинауға,  оларды  қанауға  ат  салысуға  тура  келді.  осы 

жолды таңдағандар старшындық атаққа қол жеткізсе, халық мүддесін 

сатпағандар сұлтан Қайыпқали Есімұлына еріп, дала бетке ұмтылды. 

Ханға  жақпаған  старшындар  осы  1827-1829  жылдардағы  халық 

толқуы  барысында  анықталды.  олардың  қатарында  тана  –  Жанәлі 

Санғырықов, адай – отарбай Өтесов, беріш – Жапақ Айтуғанов, алаша 

– Қаратоғай Мәмбетов, ысық – Тобыш Балбаев, ноғай – Боздақ Есмам-

бетов  және  тағы  басқалары  бар  еді  [86,  с.  478].  Аталмыш  старшын-

дар негізінен орал казак әскерлерінің жайылымға ауыз салғандығын 

көрсетіп, ханның ауыр алым-салықтарына шағымданған [198, 882 п.]. 

Ал келесі кезеңде оларды қоныстарынан айыру, ақсүйектерге толықтай 

тәуелді ету саясаты күтіп тұрған еді.

Қорыта  келе,  хандық  билеушісі  Жәңгір    Бөкейұлының  1825-

1830  жылдарда  жүргізген  аграрлық  реформалары  негізінен  сыртқы 

жер  қатынастарын  реттеуге  бағытталған.  Тек  1825-1830  жылдар 

аралығында Бөкей ордасы территориясына тікелей қатысы бар 6 меже-

леу жұмысы жүргізілді және оның 3-уіне ордалықтар қатыстырылған 

болса, қалған 3-уі құпия түрде жүргізілді. Хандықтың территориясын 

заңдық тұрғыдан бекітуге тырысқан Жәңгір хан үнемі Ресей үкіметіне, 

жергілікті  губерния  басшыларына,  өзге  де  құзіретті  органдарға  жер 

өлшеу  жұмыстарын  ұйымдастыру  туралы  ұсыныс  тастап  отырды. 

Алайда жоғарғы билік орда билеушісінің қалауын әрдайым орындай 

бермеді. Өйткені отарлаушы Ресей империясы қазақ көшпелілерін жер-

мен жарылқаудың арты казак, орыс, қалмақ, татар сияқты халықтардың 

экономикалық  мүддесіне  соққы  болады  деп  санады.  Сонымен  қатар 

арыз-шағымдарды қанағаттандырушы патша үкіметі хандықтың тер-

риториясын өлшеп, нақтылап беруге келіскенімен, барлық шығынды 

қазақтардың өз мойындарына артты. Межелеуге қажетті құралдарды 

және  ағаш  баған,  көмір,  кірпіш  сияқты  материалдарды  әр  тарап 

өздері  табуы  тиіс  еді.  Бұлардың  бірде-біреуі  Ішкі  орда  территория-

сында өндірілмейтін-ді [86, с. 304]. Әрі межелеу ісіне қатысушы жер 

өлшеушілердің, депутаттардың, куәгерлердің тұрақтауына киіз үйлер, 

жүріп-тұруына  түйе,  жылқы,  арбалар,  тамақтануына  мол  азық-түлік 

қоры қажет болды. осы орайда межелеу үрдісінің бірнеше айға, тіпті 

бірнеше жылға созылатындығын айта кеткен жөн. Ал 1825-1830 жыл-

дары  бірнеше  жер  өлшеу  жұмыстарының  жүргізілгендігін  ескерсек, 

жалпы шығын көлемінің едәуір болғандығын байқаймыз.

дегенмен  сыртқы  жер  қатынастарын  реттеуге  бағытталған 

реформалардың қорытындылары мынадай болды: 1) 1825 жылдың 15 

наурыз  –  27  сәуір  аралығында  қазақ-татар  шекаралары  айқындалды 

және  көп  жылғы  жер  дауына  ресми  тұрғыдан  нүкте  қойылды. 

Бөкейліктер 1818 жылғы межелеу жұмыстары бойынша маңызды жер 

телімдерінен айырылса, арада жеті жыл өткен соң суы мол, шөбі шүйгін 

жайылыстарын қайтарып алды; 2) 1825 жылдың жазында Бөкейліктер 

мен хошоут қалмақтары иелігі анықталды. Межелеу нәтижесінде қазақ 

көшпелілеріне құдықтары көп, шабындықа қолайлы бірқатар телімдер 

берілді; 3) Өлке басшылығы мен сенатор Ф.Энгельдің талап етуімен 

1828 жылы 3 мамыр – 20 шілде аралығында хандық территориясын 

межелеу  жұмыстары  жүргізілді.  орда  шекараларын  ресми  тұрғыдан 

анықтауға бағытталған бұл жер өлшеу үрдісі хандық билік үстемдік 

еткен кезеңдегі үлкен ауқымды қамтыған алғашқы, әрі соңғы шара бол-

ды. Нәтижесінде Бөкей ордасының шекаралары белгіленіп, Қосөзен, 

Қамыс-Самар  бойындағы  және  өзге  де  маңызды  аймақтардағы  жер-

лер  ресми  түрде  қазақтардың  көшіп-қонуына  берілді;  4)  Қазыналық 

жерлерді  пайдалануға  алу  арқылы  елдегі  жалпы  жайылыс  көлемі 

ұлғайды. 1828 жылы Ресей Сыртқы істер министрлігі Азия комитетінің 

шешімі  және  патшаның  арнайы  Жарлығы  бойынша  Бөкейліктерге 

Астрахань губерниясы Чернояр уездінен 673 274 десятина жайылыс 

берілді;


Алайда атқарылған шаралардың ауқымына қарамастан көршілес 

орал казактарының, помещик шаруаларының қысымшылықтары то-

ластамады.  Қазақтар  іс  жүзінде  өздеріне  тиесілі  аймақтарда  көшіп-

қонудан  қалды,  әрі  Чернояр  уездінен  берілген  жерлер  де  жайылым 

мәселесін түбегейлі шеше алмады.                                 

Ішкі жер қатынастарын реформалауда Жәңгір хан көлемі шағын 

жайылымдарды  жекелеген  старшындардың  атына  қайтадан  бекітіп 

беруді қолға алды. осылайша жерге деген жеке меншіктің, әлеуметтік 

жіктелістің  негізін  қалады.  Бірақ  та  қарастырылып  отырған  кезеңде 

хан  ірі  жер  иеліктерін  қалыптастыруға  бата  алмады.  Себебі  ол 

сыртқы жер дауларын реттеуді ең бірінші орынға қойды. Ал ішкі жер 

қатынастарындағы түбегейлі бетбұрыстар келесі кезеңде жүзеге асты.



124

125




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет