Гиззатов с. М



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата03.03.2017
өлшемі2,89 Mb.
#6120
  1   2   3   4   5   6   7   8

1

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 

МИНИСТРЛІГІ

М.ӨТЕМІСов АТЫНдАҒЫ 

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИвЕРСИТЕТІ 

М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғалымдарының 

ғылыми еңбектерінің сериясы 

ГИЗЗАТОВ  С.М.

БӨКЕЙ ОРДАСЫНДАҒЫ 

АГРАРЛЫҚ САЯСАТ ТАРИХЫ

(ХІХ ҒАСЫРдЫҢ І ЖАРТЫСЫ)

орал - 2012 


2

3

ӘоЖ 332.2.021(574.1)«18»  



ПіКіР жАЗҒАНДАР: 

Рысбеков Т.З., тарих ғылымдарының докторы, профессор  

Ахмет А.Қ., тарих ғылымдарының докторы, доцент

Гиззатов С.М.

Бөкей Ордасындағы аграрлық саясат тарихы (ХіХ ғасырдың 

і  жартысы):  Монография.  –  орал:  М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ 

Редакциялық баспа орталығы, 2012 ж. – 192 бет

Автордың жеке ғылыми еңбегінде Бөкей хандығының құрылуы, 

ондағы  жер  мәселесінің  маңызы,  Ресей  империясының  Ішкі  орда-

да  жүргізген  аграрлық  реформалары,  отарлаушылардың  көздеген 

мақсаттары  баяндалады.  Ел  билеушілері  Бөкей  мен  Шығай 

Нұралыұлдарының  көшпелілердің  экономикалық  мүддесі  үшін 

күрескендігі,  орданың  тұтастығын  сақтауға  ұмтылғандығы  нақты 

фактілермен зерделенеді.

Сонымен  қатар  Жәңгір  Бөкейұлы  жүргізген  аграрлық  реформа-

лар,  олардың  кезеңдері,  әсер  етуші  факторлар  бұрын  жарық  көрген 

еңбектерді басшылыққа ала отырып, тың мұрағат құжаттары арқылы 

кешенді  түрде  зерттелген.  Ішкі  орданың  соңғы  ханы  ұстанған  жер 

саясатының  қорытындылары,  кемшіліктері,  қайшылықты  тұстары 

диалектикалық әдіс арқылы сарапталған. Сондай-ақ, Бөкей ордасын 

басқару жөніндегі Уақытша Кеңестің 1845-1850 жылдардағы ұстанған 

саясатына талдау жасалынған.

Бұл монография тарих мамандығы бойынша оқитын студенттерге, 

магистранттарға, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен мектеп 

мұғалімдеріне, жалпы оқырман қауымға арналған. 

© М.Өтемісов атындағы БҚМУ 

Редакциялық баспа орталығы, 2012.



КіРіСПЕ

Тоталитарлық  жүйені  артқа  тастап,  шынайы  демократиялық 

мақсат-мүдделерді  ту  етіп  жаңаша  Қалың  қазақ  елінің  дербес 

мемлекеттік дәрежеге жетіп, әміршіл-әкімшіл қалыптасуы жағдайында 

көп нәрсеге көзіміз ашылуда. осынау дүбірлі дүниеде Қазақстанды бар-

ша әлемге мойындатуда тағылымды тарихтың, озық ғылымның, өрелі 

мәдениеттің алар орны ерекше. Егеменді ел болғалы төл тарихымызға 

деген  қызығушылықтың  артқаны  белгілі.  Бүгінде  ел  тұтқаларының, 

жас  ұрпақтың  «әрбір  азамат  туған  елінің,  туған  халқының  тарихы 

ешкімнен де олқы еместігін түсінсін» [1, 5 б.] деген рухани талап қоюы 

көп жайтты аңғартса керек. демек, қазақ тарихының алар асуларының 

әлі  көп  екендігіне  еш  шүбә  келтіруге  болмайды.  оның  ақтаңдақ 

беттерін толтырып, «қара дақтарын» өшіріп, субъективизмнен толық 

арылту алдағы міндеттердің бірі.

Ұлттық  тарихымызда  XIX  ғасырдың  басында  саяси-

территориялық  құрылым  ретінде  дүниеге  келген  Бөкей  хандығының 

маңызы өте зор. Жарты ғасыр өмір сүрген ол сол заманда-ақ көптеген 

саяхатшылардың, ғалымдардың, саясаткерлердің назарын өзіне аудар-

ды. осындай қызығушылық бүгінгі күні де өшкен жоқ және қайталап, 

салалап зерттеу қажеттілігін алдымызға тартып отыр. Әсіресе Бөкей 

хандығындағы аграрлық саясат, оның ерекшеліктері, әлеуметтік өмірге 

деген  әсері  терең,  әрі  жаңаша  зерделеуді  талап  етеді.  Қазақстанның 

өзге  бөліктерімен  салыстырғанда  Бөкей  ордасында  жер  мәселесі 

өте  шиеленісті  болды.  Хандық  территориясының  бір  жағынан,  от-

арлаушы  Ресей  империясы,  екінші  жағынан,  орда  билеушілері  ба-

стамасымен  реформаланғандығын,  әрқайсысының  өзіндік  ішкі 

есептері  болғандығын  және  олардың  бір-біріне  үнемі  қайшы  келіп 

отырғандығын ескерсек, тақырыптың өзектілігі ашыла түседі.

Бүгінде  ауыл  шаруашылық  саласын  қалпына  келтіру,  жерге  де-

ген теориялық және практикалық көзқарастарды өзгерту ел экономи-

касын қалыптастыру жолындағы басты міндеттердің біріне айналып 

отыр.  Бұған    жер  мәселесін  зерттейтін  тарихшы  да  өзіндік  үлесін 

қосуы керек деп есептейміз. Ауыл шаруашылығы дамуының тарихи 

маңызын  анықтау,  оны  объективті  түрде  бағалау,  номадтық  өмірдің 

ерекшеліктерін қайтадан саралау үлкен маңызға ие болып отыр. осы 

орайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев былайша ой қорытқан еді: «Қазақ 

даласының,  Қазақстан  жерінің  көне  тарихын  саудаға  салып,  біздің 

осы  өлкенің  ең  байырғы  тұрғындары  екенімізге  күмән  келтіргісі 



4

5

келетіндер табылады. Қазақстан тарихшылары, археологтары - біздің 



территориялық тұғыр-тиянақтарымызды нақты дәлелдермен, қолмен 

қойғандай етіп бере алатынына ешқандай күмән жоқ. Көшпелілер мал 

жайып өткен жерінің бәрін өздерінікі санай берген дейтін сандырақты 

ғылыми тұрғыдан әшкерелеу шарт» [1, 8 б.]. Ал бұл мақсатқа жету-

де  Бөкей  ордасындағы  аграрлық  мәселелерді  жаңаша  таразылаудың 

қосар үлесі зор болмақ.

Бөкей хандығындағы жер саясаты белгілі дәрежеде патшалық Ре-

сей,  Кеңестік билік, тәуелсіз Қазақстан кезеңінде де қолға алынып, 

тарихи зерттеу еңбектерінде көрініс тапты. Қай кезеңде де үстем ет-

кен билік бұл мәселелерді зерттеуді өз ыңғайына қарай ұйымдастырып 

отырды.  отаршыл  Ресей  өкілдері  жер  қатынастарын  зерттеуде 

үкіметтің «жабайы, қарақшы қырғыз-қайсақтарға» жасаған рақымын, 

мейірімін  алға  тартып,  өркениеттіліктің  ұрығын  сепкенін  мадақтап, 

одан  басқаларына  назарын  аудармауға  тырысты.  Кеңестік  кезеңнің 

ғалымдары  «мемлекеттік  тапсырыс»,  қоғамдық  қатаң  идеологияға 

сай  таптар  күресін  әспеттеуде  көптеген  бұрмалаушылыққа  бой 

алдыруға мәжбүр болды [2, 9б.]. Халықтың өз тарихын өзіне қайтаруға 

талаптанған  Санжар  Асфендияров,  Мұхамеджан  Тынышбаев, 

Ермұхан Бекмаханов сияқты ғалымдар нақақтан жазаланып, кеңестік 

идеологияның құрбанына айналды. оған қоса 1836-1838 жылдардағы 

Бөкей  хандығындағы  Исатай  Тайманов  пен  Махамбет  Өтемісов 

бастаған  ұлт-азаттық  көтерілісті  зерттеуде  бүгінде  біз  жақсы  деп 

таныған құндылықтар жасырылып, ғылыми айналымнан шет қалды. 

Тәуелсіздікке  қол  жеткізген  соң  Бөкей  ордасына  ерекше  көңіл 

бөлінді және жекелеген еңбектер де жарық көрді. Алайда тарихнаманың 

бай  қорына  қарамастан  ХІХ  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  Бөкей 

ордасындағы  аграрлық  мәселелердің  тарихы  толыққанды  саралан-

ды  дей  алмаймыз.  Әсіресе  XIX  ғасырдың  бірінші  ширегіндегі  жер 

мәселесін былай қойғанда, саяси, әлеуметтік тарихтың өзі қалтарыста 

қалды.  Бөкей  хан  мен  Шығай  сұлтан  билігі  тұсындағы  аграрлық  ре-

формалар, олардың бағыттары, нәтижелері күні бүгінге дейін жүйелі 

түрде  зерттелмеді.  Ал  ХІХ  ғасырдың  екінші  ширегіндегі  экономика 

саласындағы бетбұрыстар, атап айтсақ Жәңгір ханның аграрлық сая-

саты, оның алғышарттары, қорытындысы бұрынғы ғылыми еңбектерді 

саралай отырып, тың мұрағат құжаттарымен толықтыруды талап етеді.

Жалпы  бүгінгі  отандық  тарих  ғылымында  өткен  ғасырлардағы 

қуатты  империялардың  тегеурініне  және  ішкі  саяси  араздықтың 

өршуіне  төтеп  беріп,  басты  байлығымыз  –  жерімізді  сақтап  қалған 

хандар  мен  сұлтандардың  қоғамдық-саяси  қызметіне  әділ  баға  беру 

үрдісі қалыптасты. осы орайда ХІХ ғасырдың бірінші  жартысындағы 

Ішкі орда билеушілерінің ортақ мүдде, яғни ұлт тәуелсіздігі мен тер-

ритория тұтастығын сақтау жолындағы күресін зерделеудің мәні зор. 

Сонымен қатар отарлаушылардың қалың шеңгеліне түскен замандағы 

жер үшін күрестің бейбіт формасы саналған межелеу жұмыстарының 

мөлшері,  ұйымдастырылуы,  өту  барысы,  нәтижелерінің  мүлдем 

қарастырылмағандығы  тарихи  ақиқат.  Мұның  өзі  Бөкей  ордасы 

тарихының  зерттеліп  бітпегендігін  дәлелдейді  және  біз  қарастырып 

отырған мәселенің өзектілігін, ғылыми құндылығын арттыра түседі.

XIX  ғасырдың  басында  Еділ  мен  Жайық  өзендері  аралығында, 

яғни  «ұлы  Ресей  империясының  территориясында»  дүниеге  келген 

Бөкей  хандығы  патша  өкіметінің  жіті  қадағалауы  мен  бақылауында 

болды.  орданың  саяси,  экономикалық,  мәдени,  әлеуметтік  дамуы-

на  қатысты  мәліметтер  хандық  құрылуынан  бастап-ақ  жинақталып, 

империялық  баспасөз  беттерінде  жариялана  бастады.  Атап  айтсақ, 

Қазан  университетінің  профессоры  К.А.Фукс  [3],  Н.Михайлов  [4], 

М.Я.Киттарыдың  [5]  көлемді  мақалаларында  Бөкей  ордасының 

географиялық  жағдайы,  физикалық  ерекшеліктері,  шаруашылық 

құрылымы,  ел  басқарушы  саяси  элиталарға  қатысты  мәселелер 

көтеріледі.  Бұлардың  ішінде  М.Я.Киттары  хандықтағы  дәстүрлі  жер 

қатынастарының  өзгеруін,  халықтың  отырықшылық  өмірге  көшуін 

тиянақты  сипаттады.  Автор  табиғи  жағынан  жұпыны  аймақты 

қазақтардың  шебер  игеруін,  олардың  өзіндік  құрылыс  тәсілдерін 

қалыптастыруын  үлкен  жетістікке  балады  [5,  с.  130-133].  Соны-

мен  қатар  Боғда  тауларының  [6],  Басқұншақ  көлінің  [7]  көшпелілер 

үшін маңызын көрсететін мақалалар жариялады. Медицина докторы 

Н.Троицкий хандықтың көлеміне, жер бедеріне, Ресей империясының 

аграрлық  саясатына  қатысты  маңызды  мәліметтер  келтіреді  [8]. 

ол  отаршылдық  саясаттың  өзге  де  қолдаушылары  секілді  Қосөзен 

аралығындағы  аумақтың  Ресейге  тиесілілігін,  қазақтардың  тек 

уақытша  қоныстанушылар  екендігін  қайталаумен  болды.  Ал  Бас 

штабтың полковнигі И.Ф.Бларамберг 1848 жылы жарық көрген жеке 

еңбегінде Ішкі орда мен Кіші жүздің табиғатын, саяси өмірін қысқаша 

түрде шолып өтті [9].

XIX  ғасырдың  50-ші  жылдарында  Ішкі  ордада  хандық 

билік  жойылғаннан  соң  да  патшалық  Ресейдің  отар  еліне  деген 

қызығушылығы,  толықтай  бағындыруға  деген  құлшынысы  күшейе 

түсті.  Бөкейліктердің  көңілінен  шығуға  ұмтылған  үкімет  адамда-

ры  халықтың  тұрмыс-тіршілігінің  қыр-сырын  тану  мақсатында  өз 

зерттеулерін  жалғастырды.  осы  орайда  қалам  тербеген  А.Евреинов 

[10],  П.И.Небольсин  [11],  А.Терещенко  [12],  Э.островскийлер  [13] 

Бөкей  ордасындағы  аграрлық  және  әлеуметтік  қатынастар,  мал 


6

7

шаруашылығының  даму  деңгейі,  халықтың  сана-сезімі  мен  дүниеге 



көзқарастары хақында маңызды деректер қалдырды. Аталмыш автор-

лар қазақ билеушілері жүргізген аграрлық реформаларды толыққанды 

талдамағанымен  Ресей  үкіметінің  Бөкейліктерге  қатысты  ұстанған 

жер  саясатындағы  ішкі  есептерін  әшкерелеуге  мүмкіндік  беретін 

мәліметтерді жариялады.

XIX ғасырдың 60-80 жылдарында Бөкей ордасындағы қоғамдық-

саяси,  шаруашылық  өмірді  зерттеуші  орыс  ғалымдары  Г.Медведский 

[14],  М.Иванин  [15],  А.Е.Алекторов  [16]  көп  еңбек  сіңірді.  Аталған 

ғалымдардың ішіндегі П.Медведский басты назарын Ішкі ордадағы сауда 

ісіне, М.Иванин елдегі жер реформаларына аударды. Ал А.Е.Алекторов 

«внутренняя  Букеевская  орда»  атты  шаруашылық-топографиялық 

очеркінде  хандықтың  жер  көлемін  анықтап,  мал  шаруашылығының, 

сауданың дамуын қозғаса [16], өзге мақалаларында қазақтардың саяси 

тарихына, дәстүрлі дүниетанымына талдау жасайды [17]. Көрнекті эт-

нограф А.Харузин де қазақ халқының шаруашылық тұрмысын зерттеу-

де зор еңбек сіңіріп, Бөкей ордасындағы әлеуметтік құрылымдар мен 

сословиелерге, мәдени үрдістерге ерекше көңіл бөлді [18]. 

Қарастырылып  отырған  кезеңде  қажырлы  еңбек  атқарған 

Мұхаммед Салық Бабажанов [19] Бөкей ордасына қатысты көптеген 

мақалалар  жазды.  орынбор  кадет  корпусын  бітіріп,  Ішкі  орда 

әкімшілігі  кеңесінің  мүшесі  атанып,  хорунжий  шенін  иеленген 

ол  этнограф-тарихшы,  географ  ретінде  императорлық  орыс  гео-

графия  қоғамының  хабаршысына,  этнографиялық  жинақтарға  өз 

зерттеулерінің  нәтижелерін  үнемі  жариялап  тұрды.  Бөкейліктердің 

жерге деген мұқтаждығын сипаттайтын «оралдық казактардың Ішкі 

орда қазақтарымен жанжалы» атты мақаласында қазақтардың мүшкіл 

күйі, казактардың озбырлығы, үкімет шенеуніктерінің көзсіздігі нақты 

дәйектермен нанымды бейнеленді [19, 49-58 бб.]. 

М-С.Бабажанов  туралы  сөз  болғанда  оның  замандасы,  әрі 

досы  Мақаш  Бекмұхамедов  (1830-1904)  туралы  айтпай  кету  мүмкін 

емес.  Көзі  тірісінде  халықтың  ерекше  ілтипатына  бөленіп,  «Мақаш 

әкім»,  «Мақаш  правитель»  атанған  ол  Бөкей  ордасы  әкімшілігінде 

ұзақ  жылдар  қызмет  атқарды.  Сонымен  қатар  елдегі  оқу-ағарту 

саласының  қалыптасуына,  қазақтардың  балық  кәсіпшілігімен  айна-

лысуына,  отырықшы  мәдениеттің  өркендеуіне  үлес  қосты.  Әсіресе 

«Қазақтардың  тұрмысы  мен  мұқтаждары»,  «Қазақ  даласындағы 

қайырымдылық» деген мақалаларында туған халқының шаруашылық 

өмірі,  оның  әлеуметтік-экономикалық  салдары,  тек  қазақтарға  тән 

жанашырлық  суреттеледі.  ХІХ  ғасыр  басында  атақонысына  қайта 

оралған қазақ көшпелілерінің жай-күйі, олар кезіккен қиыншылықтар 

М.Бекмұхамедов шығармаларында кеңінен көрініс тапты [20].  

XIX  ғасыр  аяғы  мен  ХХ  ғасыр  басында  артта  қалған  хандық 

дәуреннің  қызықты  да  қайшылықты  тұстары  ұмыт  қалмай,  орыс 

ғалымдарының  өзге  шоғырымен  қайта  жандандырылды.  осы  жол-

да  И.С.Иванов  талмай  еңбектеніп,  Жәңгір  ханның  билік,  жер,  сот 

жүйесі  [21],  мәдениет  саласындағы  реформаларына  [22]  тоқталып, 

өзіндік  бағасын  берді.  Бөкей  ордасының  100  жылдық  мерейтойы-

на  арналған  мақалалар  сериясында  қазақ  халқының  шығу  тегіне, 

ХҮІІІ-ХІХ  ғасырлардағы  Кіші  жүз  тарихына,  Бөкей  Нұралыұлының 

қоғамдық-саяси  қызметіне  шолу  жасады  [23].  И.С.Ивановтан  кейін 

И.А.Бирюков [24], Н.Савичев [25] тарих қойнауына кеткен оқиғаларды 

зерделеп,  қайтадан  саралауды  жөн  көрді.  Әскери  істердің  маманы 

саналатын  И.А.Бирюков  Астрахань  және  орал  казак  полктерінің 

Ішкі  ордадағы  атқарған  қызметін  зерттеу  арқылы  Бөкей,  Шығай, 

Жәңгірлердің  тұсындағы  саяси  текетірестерді,  экономикалық 

өзгерістерді, әлеуметтік қайшылықтарды суреттеуден еш тартынбады. 

Ал Н.Савичев өз кезегінде И.Тайманов пен М.Өтемісов бастаған ұлт-

азаттық көтерілістің себептерін өзінше түсіндіруге тырысты. 

 

Қазан төңкерісіне дейінгі авторлардың еңбектерінде отаршыл Ре-



сей  империясының жүргізіп отырған саясатын мадақтау басым болса 

да, кейінгі зерттеушілерге өте маңызды деректерді қалдыра білді.   

Кеңестік дәуірде отаршылдық саясатты сынауға және коммунизм-

социализм  идеяларын  дәріптеуге  бағытталған  идеология  үстемдік 

құрды. осындай саясаттың салқыны Ішкі орданың тарихына әрқалай 

әсер еткенімен аталмыш тақырып төңірегінде зерттеу істері жалғаса 

берді. ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларының бірі Х.досмұхамедұлы 

Кіші жүздегі халық толқуларының, соның ішінде 1836-1838 жылдардағы 

И.Тайманов  пен  М.Өтемісов  бастаған  ұлт-азаттық  көтерілістің 

себептерін, жүру барысын, тарихи маңызын қарастырды. Автор Ресей 

империясы аграрлық саясатының зардаптарын, қазақтардың жерге де-

ген мұқтаждығын, орда территориясының қасақана шектелуін ашып 

көрсетті. оған қоса Бөкей, Шығай, Жәңгір заманындағы елдегі жайы-

лым, қоныстың тарылу деңгейін қысқаша саралады [26]. 

Бөкей  ордасындағы  жер  мәселесін  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ 

интеллигенциясының  көрнекті  өкілі  Телжан  Шонанұлы  (1894-1938) 

да зерделеп өтті. Азғана ғұмырында қоғам қайраткері, ағартушы, пе-

дагог, тілші ғалым атанған ол еш жазықсыз сталиндік репрессияның 

құрбанына айналды. Т.Шонанұлы қазақ тарихы ғылымында да өз есімін 

қалдырып  кетті.  оның  1923  жылы  жазылып,  1926  жылы  Ташкентте 

тұңғыш рет басылып шыққан «Қазақ жер мәселесінің тарихы» атты 

еңбегі күні бүгінге дейін өз маңызын жоймай отыр. Бұл іргелі еңбекте 

ХҮІІІ ғасырдан бастап 1917 жылға дейінгі кезеңдегі Қазақстандағы жер 


8

9

саясаты тұтастай қарастырылған. Ресей империясының қазақ жерлерін 



отарлауы, оның себептері, осы жолдағы түрлі айла-шарғылары толық 

көрсетілген.  27  тараудан  тұратын  ғылыми  туындының  10-шы  тарау-

ында  1801-1917  жылдардағы  Ішкі  ордадағы  жер  мәселесі,  ондағы 

қиындықтар, көрші халықтардың озбырлығы шебер суреттелген. Автор 

патша үкіметінің Бөкейліктер жерін ашық түрде тартып алғандығын, 

сөйтіп  қалың  бұқараның  жайылымсыз  қалғандығын  ашына  жазады. 

Ал  «Болашақта  қазақ  жерге  қалай  орналасуы  керек»  деп  аталатын 

соңғы  бөлімде  Т.Шонанұлы  ордалықтарға  орал  казактары,  Каспий 

помещиктері,  губерния  қоныстанушылары  еншісінде  заңсыз  кеткен 

жерлерді қайтарып беру қажет деген тоқтамға келеді [27]. 

Тарихшы  А.Ф.Рязановтың  еңбектері  Бөкей  хандығындағы  ұлт-

азаттық  көтеріліс  пен  халық  толқуларын  сипаттауда  ерекше  рөлге 

ие  болды.  Автор  Жәңгір  Бөкейұлының  аграрлық  реформаларына 

тоқталды. Ханның қауымдық жерлерді жеке меншікке өткізуін сынға 

алып,  оның  нәтижелерін  1827-1829  жылдардағы  Қ.Есімов  бастаған 

қозғалыстың  [28,  с.  198-199],  1836-1838  жылдардағы  И.Тайманов 

пен М.Өтемісов басшылығымен өткен көтерілістің [29, с. 8-9] басты 

себебі ретінде көрсетті. А.Ф.Рязанов орыс әкімшілігінің хан саясаты-

на  араласпағандығын,  нәтижесінде  ордадағы  жайылым  мәселесінің 

әбден  ушыққандығын,  тіпті  жер  иеленудің  мұрагерлік  жолының 

қалыптасқандығын алға тартты. 

осы  тақырып  төңірегінде  өзіндік  тәуелсіз  дәйектерін  ұсынған 

в.Ф.Шахматов  сыртқы  және  ішкі  жер  мәселелерін  жан-жақты 

қарастыруды  міндет  тұтты.  «внутренняя  орда  и  восстание  Иса-

тая  Тайманова»  атты  15  бөлімнен  тұратын  монографиясында  ол 

орал  казактарының,  помещиктердің  Бөкейліктерге  көрсеткен 

қысымшылығын тың мұрағат құжаттары арқылы зерделеді. Сонымен 

қатар Жәңгір ханның аграрлық саясатты жүзеге асыруда тікелей Ресей 

империясы ықпалында болғандығын және тек өз айналасындағы билік 

адамдарының қамын ойлағандығын атап өтті [30, с. 48-50]. Көшпелі 

қауымның  шаруашылық  өмірін  сипаттауға  арналған  өзге  еңбегінде 

в.Ф.Шахматов Бөкей ордасындағы жер қатынастары хақында  былай-

ша  ой  қорытты:  «Бөкей  ордасындағы  жерге  орныққан  жеке  меншік 

уақытша құбылыс болып, бар-жоғы 16 жылға созылды» [31, с. 106].

Кешегі  тоталитарлық,  өктем  саясаттың  суық  лебінің  ызғары 

қайтпай  тұрған  дәуірде  қызмет  жасаған  қазақ  зиялыларының  бірі 

Б.Аспандияровтың  1947  жылы  «образование  Букеевской  орды  и  ее 

ликвидация» [32] атты ғылыми еңбегі қолжазба түрінде жарық көрді. 

Аталмыш туынды 2007 жылы Алматы қаласының «Қазақ энциклопе-

диясы»  баспасынан  монография  болып  шықты.  Ғылыми  жұмыстың 

«Земельный вопрос в Букеевской орде» деген айдар алған IV бөлімінде 

XIX  ғасырдың  өн  бойында  хандықта  белең  алған  жер  қатынастары 

зерделенді.  Жоғарыдағы  авторлармен  салыстырғанда  Б.Аспандияров 

ХІХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Бөкей орда билеушілері жүргізген 

аграрлық реформаларға қысқаша сипаттама беріп, Ресей империясының 

жер  мәселесін  шешуде  әділетсіздік  танытқанын  орынды  сынады. 

Ғалым  Жәңгір  Бөкейұлының  орыс  помещиктеріне  еліктегендігін, 

ордада  жер  иеленушілер  тобырын  қалыптастыруға  ұмтылғандығын 

көрсетті [32, с.71-72]. 

Қазақстандағы  жер  мәселелерін  зерттеумен  айналысушы 

А.Еренов  те  Бөкей  ордасын  назардан  тыс  қалдырмады.  Зерттеуші  

Жәңгір ханның өз саясаты арқылы жайылымға деген монополиялық 

меншікті қалыптастыруды көздегендігін алға тартты. Елде орныққан 

аграрлық  қатынастарды  талдаған  ғалым:  «Жазбаша  деректер  мен 

мұрағат  құжаттарын  мұқият  саралау  XIX  ғасырдың  бірінші  жар-

тысында  орныққан  жер  қатынастарын  ерте  феодалдық  қоғамдық 

қатынастардың  жалғасы  деп  есептеуге  негіз  беріп  отыр»  [33,  с. 

96],  -  деп  түйіндеді.  ХVIII-ХIХ  ғасыр  басындағы  Қазақстан  мен  Ре-

сей арасындағы экономикалық және саяси байланыстарды зерттеген 

Н.Г.Аполлова [34] ордадағы жер жетіспеушілігіне әсер етуші фактор-

ларды қарастырды.

Ресей империясының отаршылдық саясатын сынаушылардың бірі 

Е.Бекмаханов [35] Ішкі ордадағы аграрлық және әлеуметтік күйзеліске 

қысқаша шолу жасап, И.Тайманов пен М.Өтемісов бастаған ұлт-азаттық 

көтерілісті  қарастырды.  Көшпелі  және  отырықшы  шаруашылықтың 

ерекшеліктерін,  даму  кезеңдерін,  өзара  байланысын  ғылыми 

жұмыстарына арқау еткен С.Е.Толыбеков болса: «Ішкі ордадағы Бөкей 

мен оның ұрпақтары бұл жерлерді қазақтардың көшпелі қоғамының 

ежелгі  дәстүрлері  бойынша  емес,  орыс  мемлекеттік  заңнамасы 

негізінде иеленді» [36, с. 385], - деген тоқтамға келді. Негізгі зерттеу 

нысаны жер қатынастары болғанымен автор аграрлық саясаттағы Ре-

сей империясының рөлін көрсете білді.  

Бөкей  орда  тарихын  кешенді  түрде  зерттеген  С.З.Зимановтың 

еңбектері  өзге  ғалымдар  тарапынан  жоғары  бағаға  ие  болды.  ХІХ 

ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың қоғамдық құрылысын 

саралаған еңбегінде жерге және малға орныққан меншіктің түрлерін, 

әлеуметтік  құрылымдардың  ерекшеліктерін  ашып  көрсетті.  оған 

қоса  Бөкей  хандығындағы  жер  қатынастары  Қазақстанның  өзге 

аймақтарымен  салыстырылып  талданады  [37].  Ал  келесі  іргелі 

еңбегінде  автор  хандықтың  саяси  жүйесін,  жер  қатынастарын, 

әлеуметтік өзгерістерді, мәдени дамуды зерделеп өтті. Патриархалдық-


10

11

рулық    құрылыстың  ыдырауын,  Ресей  мен  хандық  арасындағы 



экономикалық байланыстарды көрсетуде тың материалдарды пайдалан-

ды. Монографияның екінші тарауындағы «Новое в земельных отноше-

ниях» атты бөлімде ғалым негізінен ХІХ ғасырдың екінші ширегінде 

хандықта  қалыптасқан  жер  иелену  түрлеріне,  Жәңгір  Бөкейұлының 

аграрлық саясатына тоқталады және в.Ф.Шахматов, С.Е.Толыбековтің 

пікірлерін сынайды [38, с. 54-66].

Алайда «таптық күрес» принципі үстемдік құрған Кеңестік заман-

да хандар мен билеушілерді даттап, қарапайым шаруаларды дәріптеу 

ғалымдардың санасына мықтап сіңдірілді. Жоғарыдағы авторларға тән 

ортақ кемшілік Бөкей ордасындағы ХIХ ғасырдың бірінші ширегінде 

оқиғалардан аттап өтіп, Жәңгір ханның саясатына ат басын тіреуінде 

еді. оның себебі хандықты құрушы Бөкей хан, оны Жәңгір ханға дейін 

жеткізуші  Шығай  сұлтан  заманында  таптық  қайшылықтың  «көрініс 

таппауында» болса керек.

Тәуелсіздік  таңы  атқан  еліміздің  тарих  ғылымында  өткенді 

ескеріп,  ой  елегінен  өткізу,  жоқты  түгендеп,  барды  бағамдау,  қазақ 

халқы үшін аса қасиетті рухани дүние мен ардақты есімдерді қайтадан 

жаңғырту  үрдістері  басталып  кетті.  Ұлттық  мүддені  арқау  еткен 

Қазақстан ғалымдары Бөкей орда тарихын да жаңаша талаптарға сай 

саралауға ойысты. Патшалық Ресей құрамындағы қазақтарды саяси-

экономикалық, рухани тұрғыдан отарлау туралы ашық жазғандардың 

бірі  И.Кенжалиев  болды.  Алайда  автордың  тырнақалды  туындыла-

ры  ХХ  ғасырдың  70  жылдарында,  яғни  Кеңестік  дәуірде  жарыққа 

шықты  [39].  Ғалым  бұрын  жарияланбаған  мұрағат  деректерін  пай-

далана  отырып,  И.Тайманов  пен  М.Өтемісов  бастаған  шаруалар 

көтерілісіне  талдау  жасайды.  Сол  кездегі  қазақ  шаруаларының 

саяси,  әлеуметтік-экономикалық  ауыр  жағдайы  және  хандардың, 

билердің, сұлтандардың, патша әкімдерінің екі жақты езгісі, зорлық-

зомбылығы тарихи деректер негізінде көрсетіледі. дегенмен бұл зерт-

теу еңбектерінде бірқатар кемшіліктер орын алды. Атап айтсақ, басты 

назар  көтеріліс  жетекшілеріне  аударылып,  ал  оған  алғышарт  болған 

аграрлық саясат, қозғалыстың жүру барысы, жеңіліс табу себебі толық 

ашылмады. Мұның сыры бұл шығармалардың қысқаша тарихи очерк 

түрінде  жазылуында  деп  түсінген  жөн.  осы  олқылықтардың  орнын 

И.Кенжалиев  «Исатай-Махамбет»  [40],  «Бөкей  ордасы  (1801-1850)» 

[41],  «Мақамбет»  [42]  атты  монографияларында  толтырды.  Атал-

мыш еңбектерде Бөкей ордасының құрылуы, географиялық жағдайы, 

шаруашылық өмірі, отарлық езгінің өршуі, ел билеушілерінің жер сая-

саты, қазақ шаруаларының наразылығы, көтеріліс басшыларының іс-

әрекеті тың мұрағат құжаттары, халық фольклоры арқылы сараланады. 

Ғалымның ел аралап, шашыраңқы күйге түскен Махамбет Өтемісұлы 

толғауларын жинастыруы қазақ тарихы мен әдебиетіне зор пайдасын 

тигізеді [43]. 

Бөкей орда тарихының жаңаша зерделенуіне хандықтың дүниеге 

келуінің 200 жылдығы (2001 ж.) және дауылпаз ақын, қайсар батыр 

М.Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойы (2003 ж.) қарсаңы игі әсерін 

тигізгенін мойындауымыз керек. осы орайда тарих ғылымының докторы 

Т.З.Рысбеков  Бөкей  ордасының  құрылуы,  саяси-экономикалық  және 

әлеуметтік жағдайлары, ондағы орын алған өзгерістер, көрші елдер-

мен қарым-қатынасын зерделеуде үлкен еңбек сіңіріп [44], хандықтың 

кешенді зерттелуіне мұрындық бола білді [45]. Сонымен қатар ғалым 

М.Өтемісовтың қоғамдық-саяси қызметіне, шығармашылығына көңіл 

бөліп, оның қазақ тарихы мен әдебиетіндегі алар орнын көрсетті [46]. 

XVIII-XIX  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  қазақ  хандықтары 

мемлекеттік  қайраткерлерінің  өмірі  мен  қызметін  зерттеуші 

Ж.К.Қасымбаев  [47]  Жәңгір  Бөкейұлына  арнап  монография  жа-

зып  шықты.  Көлемді  еңбекте  Ішкі  орда  ханының  саяси  қызметіне 

диалектикалық  тұрғыдан  баға  беріліп,  Алматы,  Мәскеу,  орынбор, 

Астрахань  қалаларындағы  мұрағаттардан  алынған  құпия  деректер 

жарияланды.  Автор  Жәңгір  ханның  аграрлық  саясатының  кездейсоқ 

құбылыс  еместігін,  оның  саяси-экономикалық  алғышарттарының 

болғандығын,  ел  территориясы  тұтастығының  күн  тәртібіне 

шыққандығын алға тартады. дей тұрғанмен бұл іргелі еңбектегі кейбір 

ой-пікірлер  И.Кенжалиев,  К.Есмағамбетов  тарапынан  сын  садағына 

ілінді.  Әсіресе  профессор  Ж.Қасымбаевтың  ханның  образын,  іс-

әрекеттерін әсірелеп суреттеуі баса көрсетілді.  

Кіші  жүз  тарихына  қатысты  ізденіс  жұмыстарын  жүргізген 

Б.Қ.Бірімжаров  Бөкей  хандығының  мемлекеттік  құрылымы  мен 

оны  басқарған  саяси  қайраткерлердің,  әсіресе  Жәңгір  ханның  та-

рихи  қызметтерін  жаңаша  ой  елегінен  өткізу  қажеттігін  алға  тарт-

ты  [48].  Автор  өз  мақаласында  Ішкі  орда  ханының  халық  үшін 

жасаған  қайырымдылығы  мен  қиянатын  саралай  отырып,  оны 

қарама-қайшылыққа  толы  тарихи  тұлға  болды  деп  санайды  [49]. 

Ізденуші  А.А.Қалмырзаев  [50]  XIX  ғасырдың  ортасындағы  Бөкей 

хандығында  қалыптасқан  саяси-әлеуметтік  мәселелерді  және  оның 

М.С.Бабажановтың өмірі мен қызметіне әсерін қарастырып, аграрлық 

және  әлеуметтік  үрдістерді  анықтап  өтті.  Ал  Л.Б.Бердіғожин  1836-

1838  жылдардағы  И.Тайманұлы  мен  М.Өтемісұлы  басқарған  қазақ 

халқының азаттық қозғалысын алғаш рет тарихнама және деректану 

мәселелерін ұштастыра отырып зерттеді [51].

 Ішкі орда тарихына қатысты тың мәліметтер К.Есмағамбетовтың 


12

13

еңбектерінде  көрініс  тапты.  Әсіресе  шетел  ғалымдары,  жазушы-



лары,  саяхатшылары  мен  публицистерінің  пікірлері  жинақталған 

шығармасында Бөкей хандығы туралы маңызды деректер ұшырасады 

[52].  Сонымен  қатар  аталмыш  автор  1836-1838  жылдардағы 

И.Тайманов  пен  М.Өтемісов  бастаған  ұлт-азаттық  көтеріліс 

төңірегінде қалам тербеп, елдегі жер мәселесіне өзіндік бағасын берді. 

Жәңгір Бөкейұлы аграрлық саясатының зардаптарын, көпшілік қазақ 

руларының  жерсізденуін  көрсетіп,  ханның  әрекетін  халықтың  ынта-

тілегін  ескермей  жүзеге  асырылған  шара  деп  әділ  бағалады  [53,  68 

б.].  К.Есмағамбетов  келесі  еңбегінде  М.Өтемісұлының  қоғамдық-

саяси қызметін талдап, Исатай-Махамбет және Жәңгір хан тұлғасына 

қатысты  қалыптасқан  көзқарастарды  сараптайды.  Кәсіби  зерттеуші 

Жәңгір Бөкейұлы реформаларының асқақтата бағалануын сынға алып, 

ханның  еуропалық  тұрмыс-салтқа  көшу  жөніндегі  бастамаларымен 

ғана тарихта қалатындығына күмән келтірмейді [54, 312 б.]. 

Махамбет-Исатай  және  Жәңгір  Бөкейұлының  қоғамдық-саяси 

қызметін  зерделеудегі  көзқарастар  қақтығысы,  пікірталастар  2003 

жылы  М.Өтемісұлының  200  жылдығын  ЮНЕСКо  шеңберінде  ме-

рекелеу  барысында  анық  байқалды.  осы  орайда  бүгінде  елімізге 

есімдері  мәшһүр  М.К.Қойгелдиев  [55],  З.А.Алдамжар  [56], 

Ү.С.Қыдыралин [57], Х.Б.Табылдиев [58], Ж.Б.Бақидың [59] баянда-

малары Атырау, Қостанай қалаларында өткен халықаралық, аймақтық 

ғылыми-практикалық  конференцияларда  талданса,  Ғ.Бөкейханов 

[60],  Ө.Әлімгереев  [61],  А.Сейдімбек  [62],  А.Егеубай  [63]    сын-

ды  тарихшылардың,  әдебиеттанушылардың  мақалалары  баспасөз 

беттерінен  орын  алды.  осы  кезеңде  көтерілген  мәселеге  қатысты 

жазушылардың,  журналистердің  мақалалары  да  мерзімді  басылым-

дарда жарыққа шықты. олардың Бөкей орда тарихын зерттеуге деген 

құлшынысының бұдан әлдеқайда ерте оянғандығын және күні бүгінге 

дейін жалғасып келе жатқандығын атап өткен жөн [64]. Алайда журна-

листер қауымы кейбір өкілдерінің жаңалық іздеп, еш дерексіз жазған 

жеңіл мақалалары оқырмандарды шатастырғаны жасырын емес. 

М.Өтемісұлының  200  жылдық  торқалы  мерейтойынан  соң 

да  Бөкей  ордасына  қатысты  зерттеулер  жалғасып,  М.Н.Сдыков 

[65],  Ғ.Е.Харабалин  [66],  Р.Х.Сариева  [67],  З.Е.Шарафутдиновтың 

[68]  еңбектері  жарыққа  шықты.  М.Н.Сдыков  орданың  әлеуметтік 

құрылымын,  ұлттық  ерекшеліктерін,  демографиялық  жағдайын 

анықтауға  бет  бұрды.  Ал  Ғ.Е.Харабалин  ХIХ  ғасырдың  алғашқы 

ширегіндегі Бөкей орда шаруашылығы даму динамикасының ерекшелігі, 

жетістігі, құрылымын анықтап, ХIХ ғасырдың екінші ширегінен бастап 

шаруашылық  құрылымына  нарық  қатынастарының  тереңдеп  енуін, 

соған байланысты туындаған қиындықтарды, шаруашылық дамуының 

жаңа  жағдайға  бейімделуіндегі  қайшылықтарды  сөз  етті.  Зерттеуші 

Бөкейліктердің саудаға тартылуын, елдегі жеке кәсіпкерліктің серпінді 

дамуын, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы орда шаруашылығының 

салалануын  нақты  құжаттармен  дәлелдейді.  Хандық  билік  салтанат 

құрған  кезеңдегі  ел  билеушілері  жүргізген  аграрлық  саясат,  оның 

алғышарттары, қорытындылары да шебер талданды. Автор Бөкей хан 

мен Шығай сұлтанның осы саладағы қызметін позитивті деп бағаласа, 

ал  Жәңгір  хан  реформаларының  нәтижелерін  қайшылықты  болды 

деп  санайды.  Біз  де  бұл  пікірмен  келісе  отырып  Ғ.Е.Харабалиннің 

көрсетілген  еңбегін  Бөкей  орда  шаруашылығы  тарихын  ғылыми 

тұрғыдан зерделеген бірден-бір монография деп атап өтеміз.

Тарихшы  Р.Х.Сариева  Бөкей,  Жәңгір  хандардың  отаршыл-

дар  мен  өз  қандастарының  қыспағында  қалғандығын  анықтады. 

олардың  территориялық  тұтастықты  сақтауға  негізделген  аграрлық 

саясаты  жаңа  мұрағат  құжаттары  арқылы  сараланды  [67,  158-170 

бб.].  З.Ғ.Шарафутдиновтың  еңбегінің  маңыздылығы  халық  ауыз 

әдебиетінің, жыраулар жырының кең көлемде топтастырылуында және 

олардың  саяси-экономикалық  өмірді  мейлінше  толық  бейнелеуінде 

деп түсінген жөн.

Ішкі  орда  тарихын  таразылауға  қазақ  әдебиеті  өкілдері  ат  са-

лысты.  Бұған  Қ.Жұмалиев  [69],  Б.Аманшин  [70],  Ә.Сарай  [71], 

Ә.Кекілбаев [72] шығармалары дәлел болады. Азаттық күрес басшы-

лары  И.Тайманов  пен  М.Өтемісовтың  ғұмырнамаларын,  көтеріліс 

барысын зерттеуде олар тарих, фольклор, әдебиетті қатар ұштастыра 

білді.  Қазақ  әдебиетінде  Махамбеттану  мектебінің  негізін  қалаушы 

Қ.Жұмалиев, оның ізбасары Б.Аманшин өз туындыларында 1836-1838 

жылдардағы  халық  көтерілісін,  елдегі  жағдайды  асқан  шеберлікпен 

сипаттады.  олардың  Исатай,  Махамбет  өмірнамаларын  зерде-

леуге  арналған  кесек  шығармаларында  сол  кезеңдегі  қазақтардың 

экономикалық қажеттіліктері айқын көрініс тапты. 

Көрнекті  жазушылар  Ә.Сарай  мен  Ә.Кекілбаевтың  сүбелі 

еңбектері деректі-тарихи баян жанрында жазылуымен ерекшеленеді. 

Әдебиет пен тарих ғылымдарын бір арнаға тоғыстырған бұл авторлар 

Бөкей хандығы өткеніне қатысты тың тұжырымдар мен соны пікірлер 

ұсынды.  Әсіресе  Ә.Кекілбаевтың  шығармасы  маңызды  мұрағат 

құжаттарының кеңінен тартылуымен құнды. Автор сонау Әбілқайыр 

заманынан бастап Жәңгір хан билігі тұсына дейінгі тарихи оқиғаларды 

сараптайды,  жер  мәселесінің  ушығу  деңгейін  көрсетеді.  ХІХ  ғасыр 

басындағы  Кіші  жүз  ақсүйектерінің  ішкі  тараптағы  жайылым  үшін 

таласы,  одан  кейінгі  кезеңдегі  қалың  бұқараның  жерсіздену  үрдісі 

мейлінше кең суреттеледі. 



14

15

дегенмен  бүгінгі  таңдағы  тарих  ғылымында  нақты  деректер-



ге  сүйенген,  мұқият  жүйеленген,  сыни  тұрғыда  сараланған  кәсіби 

тарихшылардың  еңбектері  алдыңғы  қатардан  орын  алуда.  Тәуелсіз 

Қазақстанның  төл  тарихында  өз  есімдерімен  танымал  болған 

Х.М.Әбжанов, Н.А.Абдоллаев [73], Ә.Қ.Мұқтар [74] ғылыми негізділігі, 

объективтілігі  жоғары  ғылыми  еңбектер  жазды.  Ал  отаршыл  Ресей 

империясының  құрамындағы  Кіші  жүз  тарихын  зерттеген  ғалымдар 

С.Б.Құрманалин,  А.Қ.Ахмет,  Ж.Ж.Жақсығалиев,  А.С.Байболсынова 

[75],  А.Қ.Қарамурзина  [76],  Ж.А.Исмурзин  [77]  отандық  тарихқа 

сүбелі үлестерін қосып келеді. 

Бөкей  ордасының  тарихы  Ресей  Федерациясы  авторларының 

тарапынан  да  белгілі  бір  дәрежеде  қарастырылды.  Кеңес  одағының 

құрамында болған елдердің ғалымдары да таптық принциптің құрбаны 

болғаны  белгілі.  Сол  себепті  аталмыш  халықтар  өз  тарихын  ұлттық 

мүдде,  ақиқат  тұрғысынан  саралауға  көше  бастады.  Өткені  қазақ 

халқының  тарихымен  сабақтас  жатқан  осы  этнос  өкілдері  Қазақстан 

тарихына қатысты мәліметтерді жинастырып, жүйеледі. д.М.Исхаков, 

Н.А.Халиков [78] қазақ-татар жер дауының себептерін ашуға мүмкіндік 

беретін деректер келтіреді. Ал в.М.Цыбич, Е.А.Ашанин [79] Саратовтық 

казактардың  Бөкейліктерге  қарсы  қызметін  суреттеп,  Н.П.Горбунов, 

И.в.Кучерук,  С.Н.Афанасьев  [80]  секілді  ғалымдар  Астрахань 

өлкесіндегі  барлық  казак  әскерлерінің  құрылымына,  шаруашылық 

өміріне талдау жасап, Бөкей орда тарихына да көңіл бөлді.

диссертациялық жұмыс жазу барысында тақырыпқа тікелей және 

жанама қатысы бар отандық және шетелдік деректер базасы ғылыми 

айналымға жан-жақты талданып, сараланып барып енгізілді. Мазмұны 

мен сипаты жағынан әр түрлі болып келетін мұрағат құжаттары мен өзге 

де материал жинақтары диссертацияның басты қазынасын құрайды.

ХIХ  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  Бөкей  ордасындағы 

аграрлық саясатты зерттеуде «Материалы по истории Казахской ССР 

(1785-1828)» [81] және «Материалы по истории политического строя 

Казахстана» [82] деп аталатын арнаулы құжаттар жинағының маңызы 

зор.  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  оқиғалардан  сыр  шертетін  аталмыш 

еңбектерде  Бөкей  хандығының  саяси,  экономикалық,  әлеуметтік-

мәдени  өміріне  қатысты  мәліметтер  молынан  шоғырландырылған. 

Әсіресе  «Материалы  по  истории  Казахской  ССР  (1785-1828)»  атты 

жинақтың үшінші бөлімі «Земельный вопрос в Букеевской орде» деген 

айдар тағынып, Ішкі ордада 1803-1828 жылдары күн тәртібінде болған 

жер мәселелеріне қатысты теңдесі жоқ ақпараттар береді.

Кеңестік кезеңде жарық көрген және құрамына маңызды мұрағат 

деректерін  жинақтаған  «Казахско-русские  отношения  в  ХVIII-ХIХ 

веках  (1771-1867)»  [83]  еңбегінде  Ішкі  ордадағы  сыртқы  және  ішкі 

аграрлық мәселелерге байланысты бірнеше құжаттар көрініс тапқан. 

онда  1868  жылға  дейінгі  оқиғаларды  тізбектейтін  және  Мәскеу  мен 

Петербург қалаларының мұрағаттарынан алынған барлығы 353 құжат 

жинақталған.

Тәуелсіздік тұсында да Ішкі орда хақында материалдар жинақтау 

ісі әсте тоқтап қалмады. Бөкей ордасының құрылуы мен Жәңгір ханның 

дүниеге  келуінің  200  жылдығына  орай  Санкт-Петербург  қаласының 

баспаханасынан  жарыққа  шыққан  тарихшы  Г.К.Мукатаевтың  «Хан 

Жангир - великий преобразователь степи» [84] атты құжаттар жинағы 

Бөкей  ордасын  зерделеуге  өзіндік  үлесін  қосты.  Шашыраңқы  күйге 

түскен Қазан төңкерісіне дейінгі авторлардың еңбектері де тәуелсіздікке 

қол жеткізгелі бір ізге түсіріле бастады. осы орайда М.Құлкеновтың 

басшылығымен жарық көрген «Букеевской орде – 200 лет» атты алты 

томдық еңбек хандық тарихынан сыр шертеді [85]. 

2002 


жылы 

зерттеушілер 

Б.Т.Жанаев, 

в.Л.Иночкин, 

С.Х.Сагнаеваның  басшылығымен  «История  Букеевского  ханства. 

1801-1852» [86] атты жаңа құжаттар жинағы жарық көрді. Алдыңғы 

еңбектерден айырмашылығына келсек, мұнда Бөкей хан, Шығай сұлтан, 

Жәңгір  ханның  саяси,  экономикалық,  әлеуметтік  салаларда  атқарған 

істерін дәріптейтін маңызды құжаттар көп кездеседі. Сонымен қатар 

М.Өтемісұлының  200  жылдығына  арналған  көп  томдық  «Махамбет 

әлемі»  шығармалар  сериясына  1836-1838  жылдардағы  ұлт-азаттық 

көтеріліске қатысты құжаттар енгізілді. Хронологиялық шеңбері 1801-

1845  жылдарды  қамтыған  жинақта  орданың  саяси-экономикалық 

өміріне қатысты мұрағат құжаттары мұқият жүйеленген [87]. 

Зерттеу жұмысына Ресей Федерациясы авторларының еңбектері, 

мұрағат жинақтары кеңінен тартылды. Бөкей хандығындағы аграрлық  

саясатты  зерттеуде «Материалы по истории татарского народа» [88], 

«Астраханские казахи: история и современность» [89], «История Астра-

 [89], «История Астра-

ханского края» [90], «Российское казачество. Научно-справочное изда-

ние» [91] тәріздес құжаттар мен материалдар жинақтары айтарлықтай 

көмек  жасады.  Аталмыш  еңбектер  Ішкі  ордамен  көршілес  жатқан 

халықтардың тұрмыс-тіршілігін, шаруашылығын сипаттауда, олардың 

Бөкейліктермен арадағы жер қақтығыстарының себептерін көрсетуде 

маңызды рөлге ие болды.

Алайда  зерттеу  жұмысының  негізін  Қазақстан  Республикасы 

орталық  мемлекеттік  мұрағаты,  Астрахань  облыстық  мемлекеттік 

мұрағаты,  орынбор  облыстық  мемлекеттік  мұрағатында  қатталып, 

ғылыми айналымға бұрын-соңды енбеген құжаттар құрады. Әр мұрағат 

қорларын атап өтсек:



16

17

1.  Қазақстан  Республикасы  орталық  мемлекеттік  мұрағаты  (ҚР 



оММ). Алматы қаласы. орынбор шекара комиссиясының №4 қоры, 

Ішкі  Қырғыз  ордасын  басқару  жөніндегі  Уақытша  Кеңестің  №78 

қорында  Бөкей  хандығындағы  ішкі  және  сыртқы  жер  мәселелерінің 

ерекшелігі жөнінде көптеген құжаттар топталған.

2.  Ресей  Федерациясының  Астрахань  облыстық  мемлекеттік 

мұрағаты  (РФ  АоММ).  Астрахань  қаласы.  Мұрағаттағы  Астрахань 

азаматтық губернаторының кеңсе құжаттары шоғырланған №1 қорда 

Бөкей,  Шығай,  Жәңгірлердің  ел  басқарған  тұсындағы  аграрлық 

және  әлеуметтік  мәселелерге  қатысты  деректер,  түрлі  мемлекеттік 

органдардың  нұсқаулары,  есептері,  Ішкі  ордадағы  жер  көлемі,  мал 

саны жөніндегі мәліметтер, Бөкейліктердің Жайық казактары, хошо-

ут  қалмақтары,  қондырау  татарлары,  мемлекеттік  орыс  шаруалары-

мен арадағы қарым-қатынасын анықтайтын материалдар мол. Ал №8 

Астрахань губерниясы жобалау және сызу бөлімінің (1815-1918), №794 

Астраханьдық жер өңдеу және мемлекеттік мүлік басқармасы (1823-

1918) қорында аграрлық мәселелерге байланысты маңызды құжаттар 

кездеседі.

3.  Ресей  Федерациясының  орынбор  облыстық  мемлекеттік 

мұрағаты  (РФ  ороММ).  орынбор  қаласы.  Аталған  мұрағаттағы 

орынбор генерал-губернаторы кеңсесінің №6 қоры және орынбор ше-

кара комиссиясының №222 қорында Ішкі ордадағы жер мәселесінің 

саяси  астарын  ашатын  құнды  деректер  жинақталған.  Әсіресе  Бөкей 

ордасын басқару жөнінде құрылған Уақытша Кеңестің аграрлық және 

әлеуметтік  саясатын  анықтауда  осы  қорлардың  құжаттары  кеңінен 

пайдаланылды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет