1. Парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыга жэне пара берушіге олардың арасындагы пара алу жэне беру туралы келісімге қол жеткізуге немесе оны іске асыруга ықпал ету.
2. Бірнеше рет жасалган не қылмыстық топ немесе адам өзінің қызмет бабын пайдала-на отырып жасаган дал сол іс-әрекет -Бұл кылмыстық құқық бүзушылық үшін жауапкершілік Қылмыстық кодекстің 368-бабында көрсетілген.Осы қылмыстық құқық бұзушылықтың объективті жағы парақорлыққа дел-дал болу, яғни пара алушыға жэне пара берушіге пара алу мен беру туралы олардың арасындағы келісімге қол жеткізуге немесе іске асыруға жэрдемдесу болып табылады. Парақорлықтың делдалы ретінде кінэлі боп табылу үшін пара берушіден немесе алушыдан сыйақы алғанына қарамастан танылады.Делдалдық пара беру мен алуды жалғастыратын ерекше түрі — жеке қылмыс құрамына бөлінген. Бұл пара беру мен алудың келісім немесе нақты эрекеттермен жетістікке жету арқылы, делдал өзінің бастамасымен емес, пара беруші мен алушының сүрауы немесе тапсырмасы арқылы тікелей пара береді. Делдалдықтың ерекшелігі бүл субъектінің екі қылмыс жасалуына, яғни пара беру мен алуға жэрдемдеседі. Делдал -екі негізгі субъектілердің байланыстырушы бөлігі жэне өзінің ниетімен емес, пара бе-руші мен алушының ниеттерімен келісімге жетуге жэне іске асыруға көмектеседі. Пара алу жэне пара беру - субъектілерінің екі жағымен де байланысы бар болса, субъек-тіні парақорлықтың делдалы ретінде қарастыру керек. Пара беруге не алуға басқадай көмектесулер паракорлыққа делдал болып қарастырылмайды.Паракррлыкка делдал болу қылмыстық құқық бүзушылыктың құрамы формальды жэне пара нақты берілтен кезден бастап аяқталған қылмыс болып табылады.Егер де пара алушы пара алудан бас тартса, онда делдалдың эрекеттері парақорлыққа делдал болушылыққа оқталғандык болып (ҚК-тің 368-бабы) танылады. Парақорлыққа делдал болуды парақорлықтың қатысушылығынан, яғни пара беру немесе алуды ұйымдастырушылар, айдап салушылар, көмектесушілерден ажырату керек.Пара алуды немесе беруді ұйымдастырған немесе оның жүзеге асырылуына басшылық еткен адам парақорлықтың үйымдастырушысы деп аталады. Бұл жерде ұйымдастырушы өзі белсенділік көрсетіп, өз эрекетімен параны беруді немесе параны алуды жүзеге асы-рады. Ал делдал болса пара алушы мен берушінің ортасындағы болған келісімді ғана жүзеге асырады.Пара беруге немесе оны алуға басқа адамды азгыру немесе басқа да жолмен осындай кылмысты жасауға парақорлықтың катысушыларын көндірген адам айдап салушы деп танылады. Парақорлыкка делдал ешкімді де азғырмайды, көндірмейді, ол өзара келіскен екі субъектінің тапсырмасын орындайды, пара беруші мен алушыны өз еріктерімен кездестіреді.Субъективті жағынан делдалдық тікелей қасаканалықпен жасалады. Делдал пара берушінің немесе алушының тапсырмаларымен пара бергенін сезеді және соны тілейді, егерде пара беріп отырғанын сезбесе, онда қылмыс кұрамы болмайды.Делдалдық ниет алуан түрлі болуы мүмкін. Бірақ оның мэні қылмысты саралауына эсер етпейді жэне сот жаза тағайындаганда міндетті түрде ескеріледі.Делдалдықты жалған делдалдық жағдайынан ажырату керек.Егер адам пара берушіден ақша немесе баскд құнды заттарды лауазымды адамға пара ретінде беру үшін алып, бірақ апарып беру оның ойында болмай өзі пайдаланса, оның жасаған эрекеті алаяқтық ретінде саралануы тиіс. Егер бұл адам құнды нэрселерді иеле-ну мақсатымен пара берушіні пара беруге итермелесе, онда оның әрекеті алаяқтықпен бірге қосымша, пара беруге итермелеген арандатушылық болып, ал мұндай жағдайда пара берушінің эрекеті пара беруге оқталғандық болып саралануы тиіс. Бұл жагдайда нақты пара берілетін лауазымды адамның аты аталган-аталмағандығының маңызы жоқ.Егер делдал адам пара берушінің паралық нэрсені ұрлап алатынын алдын ала білсе жэне оны пара алушыға апарып беруге келіссе, онда эрекеттері парақорлыққа делдал болу жэне ұрлыққа қатысқан деп сараланады.Параға делдалдықтың субъектісі - 16-га толған, кез келген есі дұрыс жай немесе лауазымды адамдар.Қылмыстық кодекстің 368-бабының 2-тармағында парақорлыққа делдал болудың ауырлататын түрі - бірнеше рет немесе қылмыстық топ, немесе адам өзінің қызмет жағдайын пайдалана отырып жасаған дэл сол эрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.Бірнеше реттік жэне қылмыстық топтың түсініктері Қылмыстық кодекстің 12, 31-бабының 3-тармағында берілген.Адам өзінің қызмет жағдайын пайдалана отырып жасаган эрекетке мемлекеттік қызметтер атқаруға уэкілетті адамның не оған теңестірілген адамның парақорлықка делдал болуы жатады.