Астана Халықаралық Университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Пара алу пара беру парақорлыққа делдал болудың
қылмыстық жауаптылығы
Орындаған:Исмаилова Камила
Тобы: Аударма ісі 20А
Тексерген:Утемисов.А.Ш.
ПАРА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Пара - пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамның пайдасына жасаған iс-әрекетi
(әрекетсiздiгi) үшiн ақша,бағалы қағаздар, өзге де мүлiк, мүлiкке құқығы немесе мүлiк
сипатындағы өзі немесе басқа адамдар үшін пайда түрiнде пара алу (Қазақстан
Республикасы Қылмыстық Кодексінің 311-бабы).В. Дальдың сөздігі параны «алым-салық,
тарту, сыйлық, сәлемдемелер ... лауазымды тұлғаға қысым жасаудан құтылу үшін сыйлық
немесе төлем жасау немесе оны заңсыз істі жасау үшін параға жығу» ретінде белгілейді.
ПАРАНЫ ТАЛАП ЕТУДІҢ КЕЙБІР ЖАНАМА БЕЛГІЛЕРІ
Мүмкін болатын пара туралы әңгіме көбінде астарлы сипатта болады, мәселені ол тек
оған ақша немесе қандай да бір қызмет көрсеткен жағдайда ғана шеше алатыны туралы
ашық арыздар болмайды.Әңгіме барысында пара алушы, қандай да болмасын мәселені
шешуден бас тарту («бұл заңға қайшы», «менің мұндай мүмкіндігім жоқ») жөнінде
мәлімдей отырып, қимылмен немесе ыммен бұл жағдайды басқа жағдайда (басқа
уақытта, басқа жерде) талқылауға дайын екенін білдірсе, параның сомасы мен сипаты
жарияланбайды; сонымен қатар сәйкес сандар бір бет қағазда,калькуляторда және т.б
терілуі мүмкін.Параны алушы ары қарайғы байланысты мәселенің шешілуіне қатысы жоқ
басқа адамға аударуы мүмкін.
ПАРАНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Кез-келген бұйымдар (ақша, бағалы қағаздар, асыл металлдардан жасалған бұйымдар,
жылжымайтын мүлік, жер телімдері),қызмет және пайда (емделу, жөндеу жұмыстары,
шет елдергесапар) пара бола алады.Алайда параның жасырын түрлері де болады, ол
адамнан параны талап етушіге немесе оның туыстарына жоқ қарызын төлеуді талап ету,
еңбек ақыны төленуімен жалған еңбек келісімен жасасу, лотореядан «кездейсоқ» ұтыс.
Жиі пара делдал арқылы беріліп, алынады – тараптардың бірінің қол астындағы
қызметкері, бизнес бойынша серіктестері немесе арнайы осы үшін жалданған тұлға.
Пара берудің объективтік жағына
1. Лауазымды адамға пара затын немесе мүлік сипатындағы өзге де пайда беру
2. Пара затын адам тікелей өзі немесе делдал арқылы береді.
3. Лауазымды адам өз қызметін пара берушінің мүддесіне белгілі бір әрекетті істеуге
немесе істемеуге пайдалануы арқылы сипатталады.Пара беру формальдық қылмыс
құрамы болып табылады.
Пара берудің субъективтік жағына
Пара беруші субъект: Жеке адам парасы (кез келген азамат)
Кәсіпкерлік пара: нақты фирмалар
Қылмыстық пара: ұйымдасқан қылмыс өкілдері, мысалы, есірткі таратушылар
Параның түрі: Ақшалай пара; Қызмет көрсету
Пара берушінің пара беру мақсаты: Тездету үшін пара беру
Тежеу үшін пара беру: пара алған адам бір істің «Жылы көзбен қарау» үшін берілетін пара.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!
«Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен
ұштасқан жала жабу – үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ
сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».(Қазақстан Республикасы
Қылмыс Кодексінің 129-бабы 3тармағы)
ПАРА БЕРУ – ҚОҒАМДЫҚ ЗАЛАЛ!
Құқық қорғау органында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкер,жемқорлықпен күрес
жүргізуші органға басқа құқық қорғау органына қатысты жемқорлық қылмыс туралы
жалған ақпарат беретін болса, құқық қорғау органының қызметкері тәртіп бойынша
қызметінен босатылады немесе жемқорлықпен күрес жүргізетін органның ұсынуы
бойынша сәйкес функцияларды орындаудан босату жолымен жауапқа тартылады.