Басты берілістің және дифференциалдың пайдаланылуы
Кез келген картер сыртқы ауамен қатынаста болуы керек.Қатты тығыз жабылған тісті тегершіктері бар қорапта және майдан жылу бөлінеді де,бөлшектердің жұмысы кезінде қысым пайда болады және ол әйтеуір бір тесікті тауып алады.Күніне екі реттен май құймас үшін,кез келген картердегі кішкене бөлшекті сапунды білу керек. Бұл желдеткіш тесігін жауып тұратын серіппеге кигізілген қақпақ немесе түтікше.Уақыт өте,ол бітеліп жабылып қалады да,картермен сыртқы ауаның арасындағы байланыс үзіледі. Кезекті май ауыстыру кезінде немесе қажет болса бұрынырақ,қақпақты ашып және автомобильдегі барлық құрылымдардағы сапундағы серіппелердің жұмыс істеу қабілетін орнына келтіру қажет.Мұндай қиын емес жұмыстан кейін,кейбір жерлерден майдың ағуы тоқтайды. Жүргізушіге автомобильден естілетін кейбір түсініксіз дыбыстар естілуі мүмкін. Мұндай дыбыстарды есту үшін жақсы естігіш қасиеттер болу керек,және оны түсіну керек,мысалы автомобильдің кейбір жерлерінен естілетін «ыңырану», «тықырлау» және «сықырлау»,дыбыстары.
Басты берілістің және дифференциалдың басты ақаулары
Үлкен жылдамдықпен қозғалыс кезінде естілетін шу (басты берілістің «ыңырануы») тісті тегершіктің тозуынан,олардың дұрыс реттелмеуінен немесе басты берілістің картерінде майдың болмауынан пайда болады.Мұндай ақауларды жөндеу үшін тісті тегершіктердің іліністерін реттеу,тозған бөлшектерді ауыстыру,майдың мөлшерін қалпына келтіру керек. Майдың ағуы тығыз жалғанбаған жерлерден немесе тығыздауыштардан болуы мүмкін.Мұндай ақауларды қалпына келтіру үшін тығыздауыштарды ауыстыру,бекітетін жерлерді қатайту керек.