Басты беріліс: жетекші және жетектегі тісті тегершіктен тұрады.
Қозғалтқыштың иінді білігінің айналу моменті ілініс,беріліс қорабы және кардандық берілістер арқылы,әркез іліністе болатын қисық тісті тісті тегершіктің жұбына беріледі.Суретте екі дөңгелек те бірдей бұрыштағы жылдамдықпен айналады.Ал егер автомобиль бұрылған кезде,дөңгелектер әр түрлі жылдамдықпен айналу керек.Егер ойыншық машинаны алсақ,олардың артқы дөңгелектері бір бірімен қатты жалғасқан,оны еденмен сүйресек,онда сіздің еденіңіз сызылып қалғанын көресіз.Ойыншық машинаның әрбір бұрылысында екі дөңгелектің біреуі сүйретіліп артынан қара із қалдырады.Кәдімгі шын автомобильдің бұрылыстағы қалдырған ізіне анықтап көз салсақ,ішкі дөңгелекке қарағанда сыртқы дөңгелектен бұрылыстың орталығына дейінгі ара қашықтық едәуір үлкен болады. Егер әрбір дөңгелек бірдей айналса,онда автомобильдің бұрылуы мүмкін болмас еді.Бұдан түйетініміз,ойыншыққа қарағанда шын автомобильде бұрылу кезінде дөңгелектер асфальтта ешқандай із қалдырмайды.Мұндай механизмді дифференциал деп атайды.