Гүлді-сәндік және сүректі өсімдіктердің көбеюі



бет2/3
Дата15.03.2023
өлшемі311,38 Kb.
#74440
1   2   3
Байланысты:
22-23 ГШ лек 5, 6

Ылғал (сұйық) дәрілеу. Бұл әдісте формалин, калий перманганаты ерітіндісін, қолданады. Дәрілеуді себуден бірнеше сағат бұрын бастайды (бірақ бес күннен кем емес).
Тұқымдар мен өзге екпе материалдарды өңдеу үшін 1%-дық калий перманганаты ерітіндісін қолдануға болады.
Термиялық дәрілеуді отырғызылған материалдың ұлпасында инфекция болған жағдайда жүргізеді. Бұл жағдайда тұқымдар, қалемшелер, пиязшықөn-түйнектер, пиязшықтар анықталған температураға дейін қызады.
Термиялық өңдеу өсімдіктегі физиологиялық процестергі жақсы әсер етеді.
Тұқымның термиялық дезинфекциясын себуден бұрын немесе себу алдынан 1-1,5 ай бұрын немесе күзде жасауға болады (егер тұқымды содан кейін орташа ылғалдылыққа дейін кептіріп, қатаң талап бойынша сақтаған жағдайда).
Тұқымдардың стратификациясы мен скарификациясы. Стратификация - дымқыл кеуекті субстратта төмен температурада (1 - 5 С) немесе қар астында ұзақ уақыт бойы тұқымдардың тыныштық кезеңін ұстап тұруы. Өнуді тездетеді және тұқымның өнуін жоғарылатады. Стратификация кезінде тұқымдардағы судың мөлшері көбейіп, түрлі ферменттердің белсенділігі артады ( нәруыздық). Осыған байланысты аминқышқылдары және ақуыздардың басқа азотты ыдырау өнімдері жинақталады. Ақуыздардың ерімейтін формадан еритін формаға ауысады, крахмал жоғалады және қант жинақталады, майлар ыдырап, қышқылдық артады.
Скарификация - бөрібұршақтың, итмұрынның, хош иісті сиыржоңышқаның және басқа өсімдіктердің тұқымдарының қатты қабықшаларын олардың өнуін тездету үшін беттік зақымдау. Тұқымдарды ірі түйіршікті құммен, ұсақ көмір шлактарымен, металл үгінділерімен немесе скарификатор машинаның көмегімен өңдейді. Тұқымды қолмен механикалық зақымдауды тұқымның қабығын кесу немесе алып тастайды (пальма). Бұл операцияны ұрыққа зиян тигізбей абайлап жасау керек.
Пальма, пиондар, итмұрындар мен басқа өсімдіктердің тұқымдарын химиялық өңдеуде тұқым қабығын жұмсартып, жібіте алатын 2-3 %-дық тұз немесе күкірт қышқылын қолданады. Химиялық препараттар өсуді тездетумен қатар, ескі тұқымдардың өнімділігін арттырады. Өнімділік пен өну энергиясын анықтау үшін өңделген және өңделмеген тұқымдарды сүзгіш қағазы бар Петри табақшасына салады да, 20CО температурадағы термостатқа орналастырады. Тұқымдарды оттегімен байыту үшін Петри табақшасын күніне 2 рет 1-2 минуттай ашады.
Өнген тұқымдарын есептеуді. өнімділікті анықтау үшін 6 тәуліктей, ал өну энергиясын анықтау үшін 3 тәуліктей уақытта жүргізеді. Нәтижелері кестеге толтырылады.
Гүлді өсімдіктердің гүл көшеттерін өсіру. Пикировка және оның маңызы. Өсірудің көшеттік әдісінде жабық топырақ жағдайында тұқымдарды себу, көшеттерді сирете қайта отырғызу және күтіп-баптау. Негізінен ашық грунттың біржылдық және екі жылдық гүлді өсімдіктері өсіріледі, себебі олардың вегетациялық дәуірі ұзақ, егер ашық грунтқа тікелей себілсе кеш гүлдейді. Гүлзарларға гүл көшеттері көпшілік жағдайда гүлдеп тұрған кезінде отырғызылады, бірден әсемдік эффект береді.
Көшеттік материал үшін тұқымдар ақпаннан маусымға дейінгі аралықта себіледі. Көлемі (30×60×5 см) болатын ағаш жәшіктерге, плошка, гүл құмырағы немесе тікелей жылыжайдың топырағына себіледі. Ыдыстар 40% формалин (1:300) ерітіндісімен алдын-ала дезинфекцияланады, түбіне 2–3 см дренаж (ірі құм, ұсақ гравий, керамзит, кірпіш сынықтары), сонан соң химиялық немесе термиялық өңделген жеңіл топырақ қоспасы (торф, қарашірік, құм, шымды-жапырақты топырақ) салынады. Жәшіктерге жиегіне дейін салып, сонан соң 3 см төмен деңгейге дейін нығыздалады. Оның үстіне 1-2 см құнарлы топырақ елеп салынады, жақсылап ылғалдап, тұқым себіледі
Тұқым шашыратылып себіледі. Ұсақ тұқымдар топырақпен жабылмайды, сәл ғана нығыздалады. Су бүріккішпен ылғалдап, целлофанмен немесе әйнекпен жабылады. Орташа тұқымдар тұқым қалыңдығынан екі есе қабат болатын жеңіл топырақпен жабылады, ал ірілері – тұқым қалыңдығынан 3 есе тереңдікке себіледі.
Себілген тұқымдар күтімі: 20–25°С сумен бүркіп немесе ұсақ тамшылатпа суару; үнемі желдету; жарық режимі мен температураны (16 -дан 25–30°С) сақтау (қоңыржай климат өсімдіктеріне 16–18°С, субтропикалықтарға – 18–20°С, тропиктік өсімдіктерге – 24–30°С).
Өскіндер өсіп шыққан соң ауа температурасын 2–3°С түсіріп, ыдыстарды жарыққа жақын қою керек, ұзарып өспес үшін. алғашқы уақытта тікелей күн көзінен көлеңкелеу керек, қатайған соң толық жарық болуы шарт. Ылғалдылық бірқалыпты ұсталу қажет.
Көшет өсіру агротехникасында пикировканы немесе көшеттерді жекелеп отырғызуды (рассаживание сеянцев) талапқа сай жүргізу орны ерекше. Пикировканың маңызы – өсімдікке қажетті заттар алатын топырақтың көлемі ұлғаяды, жақсы дамыған және тарамдалған тамыр жүйесінің қалыптасуына, жалпы өсудің орта жағдайыыңн жақсаруына ықпал етеді. Өскіндерді тұқым жарнақты жапырақ кезіңінде немесе 1-2 нағыз жапырақтар өсіп шыққан соң пикировкалау жәшіктеріне (30×60×7 см), жоғары диаметрі 7-9 см арнайы ыдыстарға, пластик кассеттерге немесе тікелей жылыжай топырағына пикировкалайды. Гүл құмыралары мен кассеттерде жабық тамыр жүйесі қалыптастырылған гүл көшеттері тұрақты орнына көшіргенде тез жерсініп, ауруға шалдықпайды. Негізінде 1 пикировкалау жүргізіледі, егер көшет ұсақ болып баяу өсетін болса, онда бір ай бойына 2-3 рет пикировкаланады.
Пикировкаға алынатын топырақ қоспасының құрамы бастапқы топыраққа жақын, бірақ қоректік қоры молырақ болуы шарт.
Пикировка жасауда ағаштан жасалған пикировкалайтын қадақ (колышка) қолданылады және оның жүргізілу реттілігі төмендегідей:
-ыдыстағы топырақ беті тегістеліп, суарылады және маркировкаланады;
- пикировкадан бірнеше сағат бұрын көшеттер жақсылап суарылады. Пикировка қадағымен субстраттан абайлап алынады, тұқым жарнақ жапырақтарынан ұстап жақсы жетілгендерін іріктеп алады;
- іріктеп алынған көшеттердің тамыр ұзындығының ұшын 1/3 дейін қолмен шырпиды;
-алдын-ала дайындалған ыдыстардағы топыраққа қадақпен шұқыр жасалып, тұқым жарнақтық жапырақтарына дейінгі тереңдікке салынып, жан-жағы нығыздалады;
- су бүркіліп, бірнеше күн тікелей күн көзінен қорғалады; 2–3 күннен соң бастапқы ауа температурасы 2–5°С төмендетілу керек. Жел өтінен, сақтап, үнемі су бүркелеп немесе суару керек. Тұрақты орнына көшіру алдында 10–15 күн бұрын көшеттер шынықтырылуы тиіс: желдету, тікелей күн көзін түсіру, күндіз жабылған пленкаларды ашу, ең соңында түн мезлілінде де ашық қалдыру. Осылайшы шынықтырылған гүл көшеттерінің өнімдік сапасы жақсы болып, түрлі ауруларға төзімді келеді.
Гүлзарлық өсімдіктерді ашық грунтқа отырғызу уақытына ыңғайлап, қажетті санын өсіру мүмкіндігін арттыруда оларды вегетативтік жолмен көбейтудің мәні ерекше.
Шығыс сүмбілшашы - H. orientalis биіктігі 20 см болатын көпжылдық, пиязшықты өсімдік. Негізінен гүлзарлық және сәндік Hyacinthus туысында қазір белгілі 400 сорттың бастамасын берген деп есептеледі. Аталған сорттар бір-бірінен гүлдерінің түсімен, гүлсидамның биіктігімен, гүлдеу мерзімімен ерекшеленеді. Сүмбілшаштарды отырғызуда қатерге алынатын шарттар:
-қарашірігі мол жеңіл құмдақ топырақта, жақсы жарықтандырылған жер үлескесінде өсірілуі тиіс;
-солтүстік аймақты болса, қыс мезгілінде міндетті түрде жабуды талап етеді;
-егер ашық грунтқа салынатын болса, пиязшықтарды қазан айының басында отырғызады;
-отырғызу тереңдігі 15-20 см, әр пиязшық аралығы 15 см болу шарт.
Гүлдеп болған соң, жыл сайын шілде айының басында қазып алынады. Жақсылап кептірілген соң, 25°температурада сақталады, ал қайта отырғызар алдында - 18° ұсталуы тиіс. Көбеюі: өсімтал мүшелері арқылы. Балашық-жуашықтармен, жапырақ қалемшелерімен және қабыршақтарымен.
Колхикум туысына көпжылдық пиязшықты өсімдіктердің 60-70 түрі топтасады (оның ішінде ТМД жерінде 10-12 түрі). Еуропада, Солтүстік Африкада, Батыс және Орталық Азияда таралған көптеген түрлері аса күшті жағдай таңдамайтын, ашық, күн шуақты жерлерде жақсы өсетін сәндік өсімдіктер. Бір жерде бірнешелеген жылдар бойы өседі. Шілде-тамыз айларында, тығыздап пиязшықтардың мөлшеріне қарай 10-18 см тереңдікке отырғызады. Тұқыммен, сондай-ақ пиязшықты ұяларын бөліп отырғызу арқылы вегетативтік жолмен көбейтеді.
Олар топтық отырғызуда ерекше көрініс береді, гүлзарларды сәндегенде, тоғандардың айналасында, көгалдарда, альпілік төбелерде, тасты бақтарда орны зор деп саналады.
Түйнекпиязшықты Colchicum speciosum Stev. - көпжылдық өсімдік. Жер үсті мүшелері жазда қурайтын эфемероид. Өсімдіктің биіктігі 20-50 см, пиязшығының ұзындығы 7 см-ге дейін, ені 3-4 см, конусты немесе біркелкі емес, ұзын мойынға жалғасатын қауашақты қара-қоңыр қабыршақтармен қапталған.
Лалагүлдер пиязшықтарының құрылысы:
1- жалған столондық; 2 – столондық; 3- тамырсабақтық
Столон – латын тілінен аударғанда столонис –атпа, өркен деген мағына береді. Бірқатар өсімдіктерде столондар жіңішке және түссіз ақшыл сабақтар, көлбей өседі. Бойында қабыршақты жапырақтары болады.





Tulipa-Қызғалдақ және Нәркес - Narcissus пиязшықтарынан көбейтілетін өсімдіктер ретінде танымал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет