Гүлді-сәндік және сүректі өсімдіктердің көбеюі



бет3/3
Дата15.03.2023
өлшемі311,38 Kb.
#74440
1   2   3
Туыс Convallaria L. – Меруертгүл - Ландыш
Солтүстік жарты шардың қоңыржай аймағының туысы. Туыстық атауы Lilium convalium - «аңғарлық лалагүл» ұғымына сай берілген, бірнеше көпжылдық шөптесінді тамырсабақты түрлерді біріктіреді.
Пиондар тұқыммен (сұрыптау мақсатында) және вегетативті түрде көбейеді. Сабақтарын бөліп көбейту үшін 4- 5 жастағы түптері кеңінен қолданылады.

Paeonia-Шұғылықтың вегетациялық даму кезеңінен көрініс: тамырсабағы


Өсімдік гормондары (фитогормондар) - өсу процестерін реттейтін қосындылар. Олар өсімдік мүшелерінің біреуіңде синтезделіп, қалыптасады (жапырақ, бүршік, тамыр мен өркен ұштары) және өсіп жатқан басқа бөліктерге тасымалданады. Ауксиндер, гиббереллиндер, цитокининдер, т.б. топтары белгілі.


Ауксиңдер - индолилсірке қьшіқылы (ИСҚ) және оның туыңдылары, сабақтың және тамырдың ұштарында (апекс) синтезделіп, клеткалардың созылып өсу аймақтарына ауысьш сабақ, жапырақ және тамырдың өсуін жеделдетеді. Ауксиндер әсерінен жемістердің тұқымсыздануы (партенокарпия), жапырақтар мен түйіндердің түсуі тежеліп, қалемшелердің тамырлануы жеделденіп, мүшелердің тропикалық иілуі байқалады.
Өсімдіктердің, ұлпалардың түрлері мен физиологиялық күйлеріне байланысты ИСҚ мөлшері, 1 кг ылғал салмағына есептегенде, 1-ден 1000 мкг аралығында болады. Көптеген бактериялар мен зең саңырауқұлақтарда ИСҚ өсімдіктерге қарағанда, 100-200 есе көп синтезделеді.
ИСҚ (гетероауксин) өсімдік ұлпаларында бос және байланысқан күйде болады. Байланысқан ИСҚ, оның бос түріне қарағанда, 10-100 есе артық мөлшерде кездеседі. Қазіргі кездегі зерттеулер нәтижесінде ИСҚ клетка қабығының ұзарып өсуін, ондағы белоктар мен нуклеин қышқылдарының синтезделуін, тыныс алу реакцияларын жеделдететіндігі анықталды.
Өсімдіктердің өсуін жеделдейтін кейбір табиғи фенолды қосындылар да - фурул қышқылы, конферил спирті, ванилин, кофейн қышқылы ауксиндер тобына жатады. Олардың әсері, индолды ауксиндерге қарағанда, әлдеқайда бәсендеу деп саналады.
Гиббереллиндер. Алғашында гиббереллин саңырауқұлақтан бөлініп алынған химиялық таза зат. Қазір гиббереллиндерге 60-тан аса қосындылар жатады. Олардың молекулалық қүрылыстары өте үқсас, көміртектік қаңқалары да бірдей және А1, А2, А3 және т.б. (ағылшынша acid-қышқыл) деп белгіленеді. Олардың ішіндегі, барлық өсімдіктерде көп мөлшерде болатыны - гиббереллин А3 (гибберелл қышқылы). Оның өте аз мөлшерімен өнделген өсімдік сабағы өте ұзарып, жапырақтары майдаланып кетеді. Гүл сағағы шамадан тыс ұзарып өседі, Тәжірибелерде гиббереллиндер әсері гетероауксиндерге қарағанда, жүздеген есе күшті болатыңдығы байқалған.
Гиббереллиндер жеке, немесе ауксинмен бірігіп жемістерді тұқымсыздандырады. Көптеген жылдар бойы алманың тұқымсыз жемістерін алу мақсатындағы әрекеттер ешқандай нәтиже бермей келген. Соңғы кезде гиббереллиндерді қолдану арқылы бұл мақсат орындалды деуге болады.
Гиббереллиндердің әсерінен тыныс алу қарқындылығы артады, өсімдіктегі көмірсулардың алмасуы өзгеріп, целлюлозаның, клетчатканың және гемицеллюлозаның синтезделуі күшейеді, осы процестерге байланысты реакцияларды катализдейтін ферменттердің ырықтығы өзгереді.
Гибберелл қышқылы мен ИСҚ әрекеттесуінен ферменттердің өсімдік бойымен тасымалдануы жылдамдайды.
Цитокининдер. Клеткалардың бөлінуін қоздыруға қажетті цитокининдер деп аталатын заттардың ең бірінші ашылуы Ф.Скуг, К.Миллер, т.б. ғалымдардың зерттеулеріне байланысты. Қазіргі кезде жан-жақты зерттелген түрлері бар: аденин, кинетин (фурфуриладенин), бензиладенин т.б. Жалпы цитокининдер – тамырдың ұштық меристемасында синтезделеді. Олар жапырақтың қалыпты дамуы мен заттарды қабылдау үшін қажет.


Бекіту сұрақтары:
1. Гүлді-сәндік өсімдіктерді тұқымнан көбейту. Тұқымның шаруашылық сипаттамасы.
2. Тұқымды себу алдындағы өңдеу және оның негізгі тәсілдері.
3. Гүлді өсімдіктердің гүл көшеттерін өсіру. Пикировка және оның маңызы.
4. Сәндік гүлді және сүректі өсімдіктердің вегетативтік жолмен көбеюі.
5. Қалемшелеу: аналық өсімдік туралы түсінік, аналық өсімдікті таңдау.
6. Өсімдік күтіміндегі өсу реттегіштері.


Әдебиет
1. Токтасынова Ф.А., Досахметов А.О., Абаева К.Т. Цветоводство. Учебное пособие. - «LP-Zhasulan» ЖШ. –Алматы, 2019. – Б. 6-16; 44-52.
2. Әметов Ә. Ә. Ботаника. – Алматы:Дәуір, 2017. -512 б.5. Қожабекова А.Ж. Көгал шөп өсіру. Оқу құралы. –Алматы: New book, 2021. – Б. 191-196.
3. Базаргалиева А.А., Саржігітова А.Т. Өсімдіктер анатомиясы, морфологиясы және систематикасы» пәнінен практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулық. – Ақтөбе, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ, 2022. – Б.26-28.
4. http://www.belstu.by/Portals/0/userfiles/84/Cvetovodstvo/Teksti-lekcij-Cvetovodstvo-Ch-1.pdf Бурганская Т. М. Цветоводство. В 2 ч. Ч. 1.– Минск : БГТУ, 2014. – 121 с.


Электронды ресурстар
1. http://rmebrk.kz/bilim/rii/1154921.pdf Абаева Қ.Т., Қожабекова А.Ж., Қопабаева А.А. Ландшафтық дизайн. – Алматы: «Айтұмар», 2013. -204 б.
2. http://www.belstu.by/Portals/0/userfiles/84/Cvetovodstvo/Teksti-lekcij-Cvetovodstvo-Ch-1.pdf Бурганская Т. М. Цветоводство. В 2 ч. Ч. 1.– Минск : БГТУ, 2014. – 121 с.
3. https://elib.belstu.by/bitstream/123456789/14071/1/burganskaya_cvetovodstvoch.2.pdf Бурганская Т.М. Цветоводство. В 2 ч. Ч. 2.– Минск : БГТУ, 2014. – 244 с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет