Гүлназым алғалиева



Pdf көрінісі
Дата04.01.2017
өлшемі273,31 Kb.
#1152

Гүлназым АЛҒАЛИЕВА 

 

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 



www.enu.kz

 

 

ТӘУЕЛСІЗДІК: ТІЛ ТУРАЛЫ САЯСАТ ЖӘНЕ  ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ 

БОЛАШАҒЫ 

 

         Халқымыздың  ғасырлар  бойы  армандаған  Тәуелсіздіктің  таңы 



атқанына  да  жиырма  жылға  аяқ  басты.  Еліміз  егемендік  алып,  болашаққа 

сенімді қадам жасағалы өмірімізде қаншама жарқын жаңалықтар болды. Тә-

уелсіздіктің тұғырын бекітуге жұмылған халқымыз жасампаздықтың жарқын 

жолдарына    соқпақ  тартып,  қоғамдық  дамудың  өзіндік  өзгерістерін  жасай 

білді.  

 

       Тәуелсіздікпен  ілесе  келген  игіліктер  қаншама.  Соның  бірі  де 



бірегейі – қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы деп санау өте орынды. 1989 

жылы  21  желтоқсанда  қабылданған  «Қазақстан  Республикасындағы  тіл  ту-

ралы» тұңғыш Заңда қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алды. Мұның өзі 

халқымыздың  тәуелсіздік  жолындағы  күресінің  алғашқы  жеңістерінің 

сүбелісі еді. Бұл тәуелсіздіктің талабы, егемендіктің қадамы болатын. Мұның 

өзі кешегі кеңестік кезеңде есіктен сығалап тұрған қазақ тілін төрге оздыруға, 

оның  қолдану  аясын  кеңейтуге  серпін  ашқаны  есімізде.  Мемлекеттік  тіл 

мәртебесіне ие болған қазақ тілінің мәселесі  Н. Ә. Назарбаевтың назарынан 

ешқашан тыс қалып көрген емес.    Елбасы «Қазақстанның болашағы – қазақ 

тілінде», «Қазақстан азаматтары  елдің мемлекеттік тілін  құрметтеуге және  

оны оқып үйренуге, білуге тиіс  -, деген сөздерді үнемі қайталап келеді. 

          Еліміздің 

болашағы 

шығар 


биігі 

саяси - экономикалық 

факторлармен  қатар,  оның  мемлекеттік  тілі -  қазақ  тілінің  де  тағдыры  

талайына  тікелей  байланысты  екенін  бәріміз  де  жан  жүрегімізбен 

сезінеміз.Өйткені,  ғасырлар  бойы  қазақтың  ұлт  ретіндегі  мәдени 

тұтастығында  ең  негізгі  ұйытқы  болғаны - оның    тілі - қазақ  тілі  екендігі 

баршаға мәлім. 

         Ұлт болған жерде тіл, тіл болған жерде оның мәселесі де болады. 

Қазақ  тілінің  мәселесі  өткен  ғасырдың  басынан  бері  қозғалып  келеді.  Бір 

ғасырдан  астам  уақытқа  созылған  тіл  мәселесін  жаңа  ғасырдың  алғашқы 

жиырма  жылдығында  түбегейлі  шешуге  мемлекет  те  мүдделі.  Қоғамдық 

пікірлер мен көзқарастар айналымында әртүрлі сауалдар дүркін-дүркін туып, 

ақырындап  сейіле  бастады.  Себебі  іс  қолға  алынды.  Ата  заңымыздың  7-

бабында:  «1.  Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  тіл  -  қазақ  тілі.  2. 

Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс 

тілі  ресми  түрде  қазақ  тілімен  тең  қолданылады.  3.  Мемлекет  Қазақстан 

халқының  тілдерін  үйрену  мен  дамыту  үшін  жағдай  туғызуға  қамқорлық 

жасайды» деп көрсетілген. Халық арасында Тіл туралы заң қабылданып, тіл 

саясатын мемлекеттік тілдің мүддесіне шешу, Мемлекеттік тілдің мәртебесін 

нақты  белгілеу  туралы  әр  алуан  талаптар  мен  өтініштер  бар.  Сондай-ақ 



«Қазақ  тілінің  болашағы  бар  ма?»,  «Қазақ  тілі  өлетін  тіл  ме?»,  «Қазақ  тілі 

құруға айналды»- деген секілді сұрақтар мен пікірлер таусылар емес.

 

        ЮНЕСКО  -  ның  Тілдердің  Қызыл  кітабы  әлем  халықтары 



тілдерінің әрбір тамыр соғысын қадағалап отыр. Алты категориядан тұратын 

шкала  бойынша  тілдердің  сақталу  деңгейін,  оған  төнген  қауіпті  анықтап 

отырады: 1. Өліп біткен тілдер (extіnct) - ол тілде сөйлеуші адамның қалмауы 

(ежелгі  өлі  тілдер  емес);  2.  Өлуге  айналған  тілдер  (nearly  extіnct)  -  ол  тілде 

орта  жастан  асқан  он  немесе  жүз  шақты  адамның  сөйлеуі;  3.  жоғалуға 

айналған  тілдер  (serіously  endangered)  -  сол  тілде  сөйлеушілердің  саны  он 

мыңға жуық, бірақ балалар арасында ұмытыла бастауы; 4. Жойылу қаупі бар 

тілдер  (endangered)  -  мыңнан  миллионға  дейін  тілді  тұтынушысы  бар,  бірақ 

сол  тілде  сөйлеуші  балалардың  азаюы;  5.  Тұрақсыз  тілдер  (potentіally 

endangered)  -  ол  тілде  барлық  жастағы  адамдар  сөйлегенмен,  не  ресми,  не 

мемлекеттік  мәртебесі  жоқ,  және  жастар  ортасында  беделсіз,  немесе  тілді 

тұтынушылардың  бір-екі  ауыл-аймақта  тұруы,  яғни  кез  келген  катаклизм 

оларды  жойып  жіберу  қаупі  бар;  6.  Игі  тілдер  (not  endangered)  -  ешқандай 

жойылу  қаупі  төнбейтін  тілдер.  Осы  аталған  категориялардан  көріп 

отырғанымыздай,  қазақ  тіліне  төнетін  қауіп  -  оның  мәртебесінің 

нақтыланбауынан  ғана.  Басқа  жағдайда,  10  000  000-нан  астам  тілді 

тұтынушысы бар қазақ тілі өлетін, жойылатын тілдер қатарына жатпайды. 

      Қазақ  тілінің  -  туған  тіліміздің  тағдыры  төңірегіндегі  қордаланып 

қалған мәселелердің шешімі табылуы тиіс. Қазір республика көлемінде қызу 

талқыланып  жатқан  Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2011-2020  жылдарға 

арналған  мемлекеттік  бағдарламасының  жобасы  -  осының  кепілі.  Оның 

үстіне, 


Елбасымыздың 

бастамасымен 

Мемлекеттік 

тілді 


дамыту 

Президенттік  қоры  құрылған.  Мәдениет  министрлігінің  Тіл  комитеті  тілді 

дамыту  және  енгізу  жөніндегі  уәкілетті  орган  ретінде  халық  тарапынан 

жасалатын  ұсыныстар  мен  талап-тілектерге  баса  назар  аударып  отыр. 

       Кез келген тілдің болашағы - балалардың, жастардың қолында екені рас. 

Жоғарыда  байқағанымыздай,  балалардың  тілді  білмеуі,  ұмытуы  -  ұлтқа 

төнген  қауіп.  Сондықтан  ең  әуелі  әрбір  отбасы  өз  шаңырағындағы  тіл 

саясатын  түзеуі  шарт.  Әр  отбасында  отбасылық  тілді  дамыту  бағдарламасы 

жасалмаса,  мемлекет  тарапынан  жасалатын  барлық  іс-шара  өзін-өзі 

ақтамайды. Басқа мемлекеттердің тілді дамыту саясатына қарасақ, көп нәрсе 

көреміз. 

Мәселен,  Тәжікстан  Республикасының  Конституциясында  «Тәжікстан 

Республикасының  азаматы  мемлекеттік  тілді  білуге  міндетті»  делінген.  Ал 

көрші Қырғыз Республикасы Конституциясында «Өзге тілде жазылған мәтін 

шрифтінің  көлемі  мемлекеттік  тілде  жазылған  мәтін  шрифтінің  көлемінен 

аспауы тиіс» десе, Литва Республикасының Конституциясында «Мемлекеттік 

тілдің  мәртебесіне  қарсы  кез  келген  әрекет  жүзеге  асырылмайды»  деп 

көрсетілген.  Франция  Республикасында  американдық  компания  өз 

қызметкерлеріне  ақпараттық  қамтамасыз  ету  мен  техникалық  құжаттарды 

ағылшын тілінде бергені үшін бір күніне  

20 000 евро айыппұл салған.            


Тіліне  қауіп  төнбейтін  Қытай  халықтық  Республикасындағы  тіл 

саясатының  қалай  жүргізіліп  жатқанын  күнделікті  естіп-біліп  отырмыз. 

2020  жылға  қарай,  Мәдениет  министрлігі  атап  көрсеткендей,  қазақ  тілінде 

сөйлейтін  адам  саны  95  пайызға  жетеді.  Бұл  -  мемлекетімізде  өзге  тілдерге 

басымдық берудің қажеттілігі жоқтығын көрсетеді. Қазақ халқының, әсіресе, 

тіл  мәселесіне  қатысты  қандай  талап-тілек  қоюына  да  құқы  бар.  Азаматтық 

құқық, адамдық құқық, ұлттық хақысы. 

2011  жылдың    сәуір  айында  Парламент  депуттарының  біріккен 

отырысы  болып,  «Мемлекеттік  тіл  туралы  заң»  жобасы  талқылауға  түсті.  

Қос  палатаның  біріккен  отырсын  басқарған  мәжіліс  төрағасы  Орал 

Мұхаметжанов:  «Депутат  мырзалар,  парламенттің  қарауына  біз  көптен 

күткен заң жобасы келіп түсті. Мемлекеттік тіл туралы заңда орыс тілі 

өзінің 

ресми 

статусын 

жояды»», 

— 

деп 



бастады 

сөзін 


Хабарламаға  сүйенсек,  депуттардың  65  пайызы  заң  жобасын  құптап  дауыс 

берген  көрінеді.  30  пайызы  қарсы  болған.  5  пайызы  қалыс  қалыпты.  Заң 

жобасы  президенттің  қол  қоюына  жіберілді.  Бұл  хабар  біз  үшін  қуанышты, 

әрі құптарлық хабар. 

Қазақстанда    мемлекет    тәуелсіздігін    нық  ұстап  тұру  мақсатында  

жүргізіліп  жатқан    шараларға  қатысты    ұлттық    тілдің,  мәдениеттің    қайта 

өркендеуіне    кеңінен  жол  ашылды.  Оған    Қазақстан  Республикасының 

Президенті    Н.Ә. Назарбаевтың  «Қазақстанның    болашағы    қоғамның  

идеялық    бірлігінде»  атты  еңбегіндегі:  «Мәдени  дәстүрлер  қашанда 

әлеуметтік  қайта түлеудің қайнар көзі болып  келеді. Өзінің тарихи, мәдени 

тамырларына    қайта  оралу -  бұл    әрине,  оң  процесс...  Қазақстанда    ұлттық  

тілді, мәдениетті , экономиканы дамытуға  барынша қолдау  жасалып отыр, - 

деген сөзі мұның  айғағы. Қазақстанда  халықтар  «...Ұлттың ұлт болуы үшін 

бірінші шарт - тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын 

көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмауы тиіс. Бір ұлттың тілінде сол 

ұлттың  жері,  тарихы,  тұрмысы,  мінезі  айнадай  ашық  көрініп  тұрады.  Қазақ 

тілінде  қазақтың  сары  сайран  даласы,  асықпайтын,  саспайтын  мінезі-  бәрі 

көрініп  тұр»,-  деп  асқақ  ақынымыз  М.Жұмабаев  айтқандай,  қазақ  тілі 

еліміздің 

шынайы 


белгісінің 

 

бірі 



болып 

табылады. Тіл-біздің 

мемлекетіміздің,  ұлттық  өркендеуіміздің  тірегі.  Өзге  ұлттың  тілімен  өз 

дегеніңе жете алмайсың.      

Сондықтан біздің өз ана тіліміздің, халқымыздың, тарихтың алдындағы 

міндетімізді  орындар  кез  келді.  Жалпы  қазақтық  рух  пен  мемлекеттік 

қажеттілікті  күшейтуге  қамқарекет  жасамаған  жағдайда,  ана  тіліміздің 

көсегесі көгереді деп ойламаймыз. 

Түркітілдес 

елдердің 

тоғызыншы 

саммитінде 

Қазақстан 

Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Ата-бабамыздан қалған мұра 

–  бұл  түпсіз  терең  мұхиттай  бай  рухани  құндылықтарымызды  және  осы 

мәдени  асылдарымызды  бүкіл  әлемге  ұсынатын  уақыт  жетті»  деп  атап 

өткендей,  қазіргі  уақытта  Түркі  әлемінің  әлемдік  өркениеттік  жағдайларға 

пәрменді әсері түркі мәдениеті мен әдебиеті туралы білімді кеңейту, дамыта 

түсу жолдарын көрсетіп отырғаны хақ. 


Осыған  орай,  тілдік  мәдени  орта  қалыптастыруға    қазақ  қоғамында  

өмірдің  барлық  мәселелерін  қамтитын    еңбектер  қажет.  Әр  үйдің  кітап 

сөресінде    қазақ  тілінде    жазылған  қоғамдық  ғылымдардан  хабар  беретін  

жалпыға    түсінікті  еңбектер  болғаны  жөн.  Атап  айтқанда,  тарих, 

философия,педагогика,әлеуметтану,  ғылым  негіздері,  технология,  яғни  әр 

сала бойынша  кітаптар болғаны ерекше болар еді.  

Ұлыбритания,  Алмания,  Мысыр  және  өзге  де    елдер  ұлттық  тілдерін 

дамытуда осы тәжірибені қолданды. 

XV  ғасырдан    қазіргі    кезге    дейінгі  уақыт  -    Жаңа  түркі  дәуірі    екені 

сөзсіз.  Оның      негізгі  басым  қызметтері – түркология  саласындағы  ғылыми 

ізденістерді  және  түркі  әлемі  ғалымдарының  ғылыми  зерттеулерін 

жандандыру. 

Бұл  кезең  қазақ  хандығының  ту  тігіп,  бөлек,  тәуелсіз,  дербес 

мемлекеттігін  құрған  кезеңіне  сәйкес  келеді.  Қазақ  Ордасы    кезеңінде  

ұлтымыздың    данагөй    жыраулары    мен    ақиық    ақындары  сол  тарихи 

кезеңнің  түрлі    оқиғаларын  суреттеген    жырлар,  дастандар  жазды. 

Философиялық  және    дидактикалық  мазмұны  аса    терең  толғауларын  бізге  

мұра  етіп    қалдырды  .Олардың  тіліндегі  тұрақты  сөз  орамдары,  шешендік 

кестелер,бейнелі  тіркестері  жаңа  түркі    дәуірінде    қазақ  жазба  тілінің  

қалыптасуына негіз болды. 

«Еліміздің  ертеңі- білімді ұрпақ»екенін ескеретін болсақ,біздерге бүкіл 

жастар    қауымына  артылған    жүктің    алып  жүрер    жауапкершіліктің  

салмағының  қаншалықты   ауыр  екенін  аңғару  қиын  болмас. Білімді маман 

ғана  ел  экономикасын  өркендетуге    әлемдік  деңгейге  көтеруге  өз  үлесін 

қосады. Ұлы Абай айтқандай: «Біліммен теңессе ғана, ұлттар теңесе алады». 

«Тіл  -  ұлттың  жаны  »деген  ұлы  адамдар.  Соған  орай,  ана  тіліміздің 

мерейі  үшін  қызмет  етіп,  тілдің      туын    өзіне  лайықты  шыңына  қондыруға 

үлес қоссақ игі. 

ХХІ  ғасыр  әлемдік  ықпалдастық  ғасыры.  Ендеше  дәстүршілдік 

сүрлеуін шиырлап қалмай, өркениетті жұрттар не істесе, біз де соны істеуіміз 

керек,  адамзаттық  ортақ  құндылықтарға  ұмтылуымыз,  жақсыны  үйренуіміз 

керек.  Қазіргі  көп  салалы  білім  беру  жүйесінде  қазақ  тілін  оқыту 

маңыздылығының  артуы  заңды,    әрі  мемлекеттік  мәнге  ие  екені  даусыз. 

Өйткені,  егемен  еліміздің  болашағы  –  жас  ұрпақтың  ұлттық  салт-  дәстүрін 

танып, санасы жоғары, тәрбиелі болып өсуінің кілті – ана тілінде. 

Қазақ  тілі  Қазақстан  мемлекеті  дамуының    құрамдас  бөлігі  ретінде 

қалыптасты,  дамыды  және  дами  бермек.  Бұған  кепіл-  қазақ  ұлтының  сана 

сезімінің  әлеуметтік  лингвистикалық  көрінісі.  Ғасырлар  бойы  қазақтың  ұлт 

ретіндегі мәдени тұтастығына ұйтқы болған – оның ғажайып тілі.  

Ендеше, «Қазақ тілін дамыту дегеніміз- жалпы гуманитарлық түрғыдан 

қуатты,  қаруды    шыңдау  деген  сөз,  қоршаған  ортаны  парықтап- 

бағдарлаудың  бір  құрамын  жетілдіру  деген  сөз».  Бұл  Қазақстанның  тілдік 

егемендігінің бірден- бір талабы, уақыт уағызы. 

Қазақ тілі- әлемдегі күллі тіл атаулыдан  ішкі құрылыс ерекшелігімен 

дараланып,  қазақ  халқымен  Қазақстан  аумағында  тарихи  бірге  жасап,  оның 


төл  мәдениетін    ұрпақтан  -  ұрпаққа    үздіксіз    ұластырушы,  қазақ  халқына 

түгелдей және  жан- жақты қызмет етеін бірден- бір ұлттық қатынас құралы.  

Қазақ тілінің келешегі, болмысы қазақ халқының жаңа формацияға сай 

жаңаша өмір сүру дәстүрін игеруге байланысты. Ендігі тірлігіміз  ғаламдану, 

ғаламдық қатынас пен байланыс жағдайына көшетіні анық. Осы байланысқа 

өзіміз де түсеміз, тіліміз де түседі.  

Ал, тіл қашанда  ұлт  мәдениетінің, өнер- білімінің  ұлы қаруы, алтын 

тұғыры  болып  саналатындықтан  қазақ  тілі  мен  әдебиетінің  келешек 

көкжиектері  біздің  білім  беру  ұйымдарымыздағы  қазіргі  таңдағы    оқытылу 

жайынан бастау алады. Ана тіліміз бүгінгі күні көп ұлтты Республикамыздың  

мемлекеттік тіліне айналды.  

 Ғалым  Н.Уәли  «Қазіргі  қазақ  тілі  –  небір    күрделі  ойды,  аса  нәзік  

мағыналық  реңктерді  дәлме  -  дәл  бере    алатындай    құрылымы  мен    жүйесі 

дамыған, стильдік  тармақтары сараланған, сөз байлығы  аса мол  ұлттық  тіл 

деңгейіне    көтерілген    қазақ  халқының  ұлттық  тілі,Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік тілі »,- деп атап көрсетті. 

Түркі тілдерінің ішіндегі ең бай, ең сұлу, ең көркем, мәнді де мағыналы 

тіл  –  қазақ  тілі  екені  сөзсіз.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  біздің  көкейімізге  ең 

алдымен  Елбасымыздың  Н.Ә.Назарбаевтың:  «Біз  тегіміздің  –  Түркі, 

дініміздің  –  Ислам,  тіліміздің  –  қазақ  тілі  екенін  ешқашанда  ұмытпауымыз 

керек!» деп   ұрпаққа салмақты ұран тастаған өсиет сөзі оралады.       

Сонымен  қатар  еліміздегі  Тіл  туралы  Заңның  17-бабында  «Мәдени 

шаралардың  бәрі  мемлекеттік  тілде  өтуі  керек»  деп  түйінделгенін  нысанаға 

ала  отырып  біз  барлық  оқу-ағарту  орындары  мен  мекемелердегі  өткізілетін 

іс-шаралардың  тек  мемлекеттік  тілде  өткізілуіне  барынша  ат  салысып,  өз 

үлесімізді қосуымыз қажет. 

          Бүгінде  «мемлекеттік  тіл  екеу  болсын»  -дейтін   қандастарымыз  да  жоқ 

емес.  Ондайларға  жерлес  жазушы  Шерхан  Мұртаза  ағамыздың:  «Айыр 

тілділік – тек жыланға ғана тән» деген өткір уәжін айтқан болар едік. Міне, 

әрбір қазақ азаматы өз ана тілін қорғауда осындай кесімді пікірлерін айтып, 

жанын салып күресе білсе, құптарлық іс болар еді. Ана тілінің негізі бесіктен 

бастау  алып,  мектеп  қабырғасында  қаланатынын  ескерсек,  онда  

мектептердегі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің қазіргі заман талабына 

сай оқытылуы да аса маңызды. Бүгінгі таңда қазақ тілі еліміздің дара діңгегі  

ретінде   қабылданғанымен,   әлі  де  күн  тәртібінен  тіл  тазалығы  түспей  

тұрғандығы жанымызға батады-ақ. Бізді бір қуантарлығы, дәл қазір арамызда 

отанын,  жерін,  елін  сүйетін  нағыз  қазақи   рухтағы  жастар  легі  өсіп  келе 

жатқандығы. 

Олардың 

жанарындағы 

жалын, 

жүрегіндегі 



жігер, 

бойларындағы  намыс  кімді  болмасын  қуантатыны  анық.  Елбасымыздың 

осындай  өскелең  ұрпақпен  жастарға  осыншалықты  сенім  артуы  тегіннен-

тегін емес-ті!... 

  

Тіл – асыл қазына, рухани мұра. Халық үшін тілден асқан байлық бар 



деудің  өзі  астамшылық  болса  керек.  Олай  болса,  ана  тіліміздің  өркендеп 

өсуіне, еркін қанат жаюына үлес қосу кез-келген қазақ азаматының міндеті. 



Осы  тұста  атам  қазақ  айтпақшы  «жұмыла  көтерген  жүк  жеңіл»  екендігін 

жадымызға жақсылап сақтағанымыз абзал! 

Тәуелсіздік  алған  жылдарда  атқарылған  жұмыс  алда  да  арнасын 

кеңейте  түспек.  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  өзінің  Қазақстан  халқына 

биылғы  Жолдауында  «Қазақстандықтардың  өзіміз  өмір  сүріп,  елімізді  жақ-

сылықтарға бастап бара жатқан туған жерге атауын берген мемлекеттік қазақ 

тілін  құрметпен  және  лайықты  оқып-үйрене  бастағандығын  атап  өтудің  өзі 

қуанышты.  Бүгінде  мемлекеттік  тілді  еркін  меңгерген  ересек  тұрғындардың 

үлесі басым көпшілікті құрайды. Бұл тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі» де-

уінен-ақ  көп  нәрсені  аңғаруға  болады.  Міне,  тәуелсіздік  талаптарының 

орындалып  жатқанының  айқын  бір  мысалы  осы.  Елбасының  «он  жылдан 

кейін  мектеп  бітірушілердің  100  пайызы  мемлекеттік  тілді  біліп  шығатын 

болады»  деп  нық  сеніммен  айтуының  өзі  мемлекеттік  тілдің  қолданылу 

аясын  кеңейтудегі  қол  жеткен  табыстарымыздың  қомақты  екенін  дәлелдей 

түссе керек. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 

Әбдуали  Қ  .  Ел  мәдениеті    тілден  басталады//  Егемен  Қазақстан                                     

13 қаңтар, 2006 

2.

 

Сарыбаев  Б.   Тіл үйретудің басты мәселелері.-  Алматы , 2001 

3.

 

Рахметова  С.Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясы//  қазақ  тілі  мен  әдебиеті.- 

1/2004 

4.

 

Кекілбаев Ә. Тіл және тәуелсіздік//  Егемен  Қазақстан.- 2006, 12қыркүйек 

5.

 

Мәмбет С. «Заңды құжат жеткілікті»// Егемен Қазақстан.- 2007,           21 шілде 

     6 . Егемен Қазақстан. - 2011, 9ақпан 

     7.  Қазақ тілі. - 2011, - 3 наурыз 

 

 

 

 



* * * 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет