Қазақстан Республикасы ғылым және жоғарғы білім министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
«Арнайы педагогика және психалогия » кафедрасы
Глоссарий 6В01910 – «Дефектология» мамандығы
Орындаған: Бекмырза Ғ Д
Тобы: ТП-20-2к
Қабылдаған: Джексенбаева Қ
Шымкент – 2022 жыл
Мүмкіндіктері шектеулі бала (балалар) – белгіленген тәртіпте расталған, туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік әрекеті шектелген, дене және (немесе) психикалық кемшіліктері бар он сегіз жасқа дейінгі бала(лар).
Логопедия – есту қабілеті қалыпты жағдайда сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту, әлеуметтік бейімдеу және қоғамға кіріктіру заңдылықтары туралы ғылым.
Олигофренопедагогика – ақыл-ойы дамымаған балаларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту, әлеуметтік бейімдеу және қоғамға кіріктіру заңдылықтары туралы ғылым.
Сурдопедагогика – есту қабілетінің бұзылыстары бар (туғаннан естімейтін, нашар еститін, мүлдем естімейтін) балаларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту, әлеуметтік бейімдеу және қоғамға кіріктіру заңдылықтары туралы ғылым.
Арнайы педагогика – физикалық немесе психикалық жетіспеушілігінің болуына байланысты тәрбиелеу мен оқытудың арнайы жеке тәсілдерін қажет ететін, мүгедектігі бар баланың өзіндік және жеке тұлғалық дамыту үдерісін басқарудың мәнін, заңдылықтарын, тенденцияларын зерттейтін ғылым.
Тифлопедагогика – көру қабілеті бұзылған (жартылай және нашар көретін, мүлдем көрмейтін, туғаннан көрмейтін) балаларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту, әлеуметтік бейімделу және қоғамға кіріктіру заңдылықтары туралы ғылым.
Қатер тобындағы бала (балалар) – ерте қолға алынбағандықтан әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсетілмегендіктен , дене және (немесе) психикалық дамуында кенжелеп қалу ықтималдығы жоғары болатын үш жасқа дейінгі бала (балалар).
Дене кемістігі-ағзасы (ағзалары) дамуының және (немесе) жұмыс істеуінің ұзақ уақыт бойы әлеуметтік, медициналық, педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кажет ететіндей созылмалы бұзылуы.
Психикалық кемістік-адамның психикасы дамуының және (немесе) жұмыс істеуінін уақытша немесе тұрақты кемістігі, соның ішінде: сенсорлық бұзылыстардың салдары; сөйлеу бұзылыстары; эмоция-еркі жағынан бұзылыстары; ми зақымдануының салдары; ақыл-ой дамуынын бұзылыстары, соның ішінде ақыл-ой жағынан кенжелеп қалу; психикалық дамуының тежелуі және осыған байланысты оқып-үйренудегі өзіндік қиындықтар.
Күрделі кемістік – дене және психикалық кемістігінің кез-келген ұштасуы.
Ауыр кемістік – мемлекеттік (оның ішінде арнаулы) білім беру стандартарына сәйкес білім беру қолжетімді болмайтын және оқыту мүмкіндіктері өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, қоршаған дүние туралы қарапайым білімдерді және қарапайым еңбек дағдыларын немесе аясы тар кәсіби даярлықты меңгерумен шектелетін дәрежедегі психикалық және (немесе) дене кемістігі.
Ерте қолға алу (ерте қолдау) – психикалық – дене бұзылыстары скринингін, медициналық психологиялық-педагогикалық диагностиканы, емдеуді, дамыту окытуды қамтитын, сәби жастағы (үш жасқа) дейінгі балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалык түзеу арқылы қолдау.
Әлеуметтік бейімдеу – нысаналы әлеуметтік және медициналық -педагогикалық қолдау арқылы қолдау процесінде кемтар балалардың қоғамда қабылданған құндылықтарды, мінез-құлық ережелері мен нормаларын игеруі мен қабылдауы және еңбекке даярлануы жолымен әлеуметтік орта жағдайларына белсенді түрде икемделуі.
Әлеуметтік жұмыс – жекеленген адамдарға, отбасыларына олардың толық мәнді әлеуметтік жұмыс істеуіне кедергі келтіретін бұзылған немесе жойылған функцияларының орнын толтыра отырып әлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін іске асыруда көмек көрсету жөніндегі қызмет.
Скрининг – «қатер» тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру.
Арнаулы білім беру – кемтар балаларға арнайы жағдайлар жасай отырып білім беру.Мұнда оқыту мүмкіндігі қоршаған орта туралы қарапайым білім алуымен, өзіне-зі қызмет ету дағдысын менгеру мен, қарапайым еңбек дағдысын және кәсіби даярлыкты менгерумен шектеледі.
Білім алу үшін арнайы оқыту, арнайы білім беру бағдарламасы мен оқыту эдістері, оқытудың жеке-дара техникалық күрапдары педагогикалық, медициналық, элеулеуметгік және т.б. қызмет көрсету.
Түзету – акыл ойы кем және дене дамуында кемістігі бар түлғаның ақауын түзету, емдеу, азайтуға мүмкін болса жоюға бағытталған педагогикалық шаралар немесе құралдар жүйесі. Түзету адамның компенсациялық бейімделу негізінде құрылады.
Компенсация (латын сөзі – орын толтыру) сақталған функциялар арқылы бұзылған қызметінің орнын толтыру негізінде ағза қызметін қайта құру үрдісі. Компенсация (толықтыру, теңестіру) арнайы әдістер мен түрлі техникалық құралдарды қолданатын мақсатқа бағытталады және арнайы ұйымдастырылған оқыту жағдайында тиімді болмақ. Компенсация процестері әлеуметтік еңбеке бейімделу жағдайын қамтамасыз ету үшін және қалыпты ⅞дамыған тұлғалар ортасына кемтар балаларды біріктіру үшін қажет.
Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар әлеуметтік ортамен әрекеттесуде қиыншылықтармен кездеседі, оларда қоршаған ортадағы өзгерістерді қабылдап, талдау қабілетгері төмен болады. Бұл балалардың қоршаған адамдармен қалыпты қарым – қатынас жасау қабілеті де шектеулі, кемістіктің салдарынан. Осыған байланысты арнайы мектептердің маңызды міндеттерінің бірі – әлеуметтік бейімдеу жұмыстары ұйымдастыру.
Сауықтыру – өзара тығыз байланысты бірнеше формалары бар, медициналык, психологиялық, педагогикалық, әлеуметік-экономикалық, кәсіби еңбек және тұрмыс шараларының кешенді жүйесінен тұрады. Олардың біреуінсіз толық сауықтыру мүмкін емес. Медициналық тарғыдан алғанда мүгедектердің денсаулығын толық сауықтыру, белсенді өмірге араластыру. Психологиялық тұрғыдан қарағанда сауықтыру өзін-өзі бағалауды қалыптастырудың тұлғалық психокоррекциясы.