Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 0.84 Mb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата27.12.2016
өлшемі0.84 Mb.
  1   2   3   4   5   6

0

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 



 

 

_____________________________________________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 

 

 

 «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА  

ТІЛДЕРДІҢ ҮШТҰҒЫРЛЫҒЫН ДАМЫТУ 

___________________________________________ 

 

Бағдарлама 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

АСТАНА 

2013 

1

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 



 

 

_____________________________________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 



 

 

 «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА  



ТІЛДЕРДІҢ ҮШТҰҒЫРЛЫҒЫН ДАМЫТУ 

___________________________________________ 

 

Бағдарлама 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

АСТАНА 


2013 

2

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 



«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген 

 

 

 

 

 

Пікір жазғандар: 

педагогика ғылымдарының докторы А. Е. Жұмабаева  

                 педагогика ғылымдарының кандидаты А. Ж. Салиева  

Астана қ. Гуманитарлық колледжінің бөлім меңгерушісі Халықова А.М. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  тілдердің  үштұғырлығын  дамыту: 

бағдарлама. – Астана, 2013. – 52 б. 



 

 

 

 

Мектепке дейінгі ұйымдарда тілдердің үштұғырлығын дамыту  бағдарламасы мектеп 

жасына  дейінгі  балаларға  (4-5  жастағы)  тілдердің  үштұғырлығын  үйрету  мақсатын  іске 

асыруға  бағытталған.  Бағдарламада  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  тілдерді  үйретудің 

ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттерінің  технологиялық  карталары,  бағдарлама  бойынша 

меңгерген білімдерінен күтілетін нәтижелері, қосымшалар берілген. 

Мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесіндегі  педагог  қауымға,  педагогикалық  жоғарғы 

оқу орындары мен колледждердің студенттеріне арналған. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



«Мектепке дейінгі балалық шақ» 

                                                                                республикалық орталығы, 2013 



 

 

3

 

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА 

 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың 



«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 

атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  білім  беру  саласындағы  стратегиясы 

және саясаты айқындалды. 

Елбасы  «балаларымыз  қазақ  тілімен  қатар  орыс  және  ағылшын 

тілдерін  де  белсенді  меңгеру  үшін  жағдай  жасауға»  шаралар  қабылдау 

қажеттігін  көрсетті.  Көрсетілген  үш  тілдің  әр  қайсысы  кез-келген  салада 

өзінің қолданыс мүмкіншілігін барынша ашуы тиіс. 

«2011  –  2020  жылдарға  арналған  ҚР  Тілдерді  дамыту  мен  қолданудың 

мемлекеттік  бағдарламасы»  тілдерді  дамыту  мен  қолданудың  нормативтік-

құқықтық  және  әдіснамалық  базасын  жетілдіруге  бағытталған  кешенді 

шаралар  өткізуді  қарастырады.  Сонымен  қатар,  мемлекеттік  тілді  үйрену 

және  оны  қолдануда  жаңа  технологиялар  мен  әдістерді  енгізу  бойынша 

кешенді шаралар жоспарлануда. 

Білім беруді жаңғырту үдерісін мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастаған 

қажет, өйткені бұл кезеңде тұлғаның қалыптасу негізі қаланады. 

Қазақстандағы  көптілді  білім  беру  моделі,  әр  білім  алушының  мектеп 

жасына  дейінгі  кезеңінен  бастап,  ел  дамуының  игілігі  үшін  бойындағы 

тұлғалық  қабілеттерін  ашуға  үш  тілді  -  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерін 

қарқынды  түрде  меңгеруге  бағытталған.  Тілді  қазіргі  замандағы  диалогтың 

құралы  ретінде  қолданатын  тұлғаны  қалыптастыру  білім  беру  үдерісінің 

негізгі  мақсаттарының  бірі  болып  табылады.  «Тілді  иеленуші  тұлға»  тек 

лингвистикалық қабілеттерінде емес, сөйлеу әрекетінде сөзді түсініп өз ойын 

тұжырымдау  қабілетінде  байқалуы  тиіс,  бұл  қасиет  біртіндеп  басқа  тілде 

сөйлесу кезінде өзінің адами әлеуеті мен кәсіби құзыреттілігін жүзеге асыра 

алатын «екінші тілді меңгерген» тұлғаны қалыптастырады. 

Қазіргі  замаңғы  еңбек  нарығы  маманнан  саяси-әлеуметтік,  көп 

мәдениетті,  қарым-қатынас,  ақпараттық  құзыреттіліктерін  меңгеруді  талап 

етеді.  Көптілді  құзыреттілігі  жеке  тұлғаға  өзін  мәдени-әлеуметтік  және 

кәсіби  салаларда  шындауға  ықпал  етеді,  өркениетті  диалог  негізінде  адами 

және жұмысқа байланысты қатынас жасауға мүмкіндік береді.  

Көптілді  құзыреттілікті  отандық  және  шетелдік  ғалымдар,  көп 

этникалық  қоғамда  жеке  адамға  жеңіл  бейімделіп  өзін  шындауға  мүмкіндік 

беретін құзыреттілік ретінде қарастырады. 

Қазіргі  таңда  ең  алдымен  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  деңгейінде 

көптілді  білім  беру  мазмұнын  бір  жүйеге  келтіру  қажет.  Бұл  тілдік 

дайындықтың  нормативтік  базалық  деңгейін  бастауыш,  орта,  жоғары  және 

жоғарыдан кейінгі білім беру деңгейінде көптілді құзыретті қалыптастыруды 

сабақтас жалғастыру үшін қамтамасыз етуі қажет. 

Мектеп  жасына  дейінгі  кезең  тілдерді  үйренуге  ең  қолайлы  кезең 

екендігін, бала жетерлік зейін қоюға, логикалық ойлауға қабілетті екендігін, 

балада  жетерлікті  ес  көлемі  бар  екендігін  есепке  ала  отырып,  үш  тілде 

оқытуды  мектепке  дейінгі  ерте  жастан  бастау  қажеттілігі  туындайды.  Бұл 



4

 

тілдерді  ары  қарай  үйренуде  сөздердің  лексикалық  қорын  құруға  мүмкіндік 



береді. 

«Тілдердің үштұғырлығының» өзектілігі практикалық маңыздылығымен 

де себепші. Мектеп жасына дейінгі балалар алған білімдерін мектепте оқыған 

кезде  де  қолдана  алады.  Мектепке  алғашқы  барған  кезде  балалардың  ең 

бастысы — екінші тілді ары қарай үйренуге қызығушылықтары қалыптасуы, 

белгілі  білім  көлемі  жинақталуы  тиіс,  бұл  балаларға  бастауыш  мектепте 

тілдердің үштұғырлығы бағдарламасын жеңіл меңгеруге мүмкіндік беретін. 

Мемлекеттік  тіл  рухани  және  ұлттық  бірліктің  басымдылығымен 

негізделген. Ана тілін білу Қазақстанның мектеп жасына дейінгі ерте жастан 

бастап әрбір азаматының, міндеті мен борышы, өзінің бәсекеге қабілетті бола 

білуін  және  қоғамдық  өмірге  араласуды  айқындайтын  ынталылығы  болуы 

тиіс. 


 «Мектепке 

дейінгі  ұйымдарда  тілдің  үштұғырлығын  дамыту» 

бағдарламасы» мектеп жасына дейінгі балалардың үш тілде бірдей белсенді 

сөздік қорын дамытуға бағытталған. Тілдердің үштұғырлығы мектеп жасына 

дейінгі  балалардың  мемлекеттік  тілде,  Қазақстан  Республикасының 

аумағындағы  екінші  болып  есептелетін,  жалпы  қолданыстағы  орыс  тілінде 

және  халықаралық  тілі  болып  саналатын  -  ағылшын  тілінде  қарым-қатынас 

жасау дағдыларын қалыптастыруға негізделген. 



Бағдарламаның  мақсаты:  мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  мектепке 

дейінгі  ұйымдарда  ағылшын,  орыс  және  қазақ  тілдерін  үйретуді 

ұйымдастыру, үш тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеп дамыту. 

Міндеттері: 

- мектеп жасына дейінгі балаларға ана тілін және шет тілдерін үйретудің 

тиімді  бағдарламаларын  қолдану  бойынша  шетел  педагогтерінің  озық 

тәжірибелерін зерттеу; 

- мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және тілдік қабілеттерін 

қалыптастыру әдістемесін әзірлеу; 

- тілдердің үштұғырлығын дамыту үшін лексикалық материалды іріктеп 

алу және жүйеге келтіру; 

-  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  үйреніп  жатқан  тілдері  бойынша 

жиі  қолданылатын  және  жиі  қолданылмайтын  сөздік  қорларын  дамыту 

жағдайын анықтау; 

көптілді  үйрету  бойынша  балалардың  білімдерін  бағалау 



критерийлерін әзірлеу. 

5

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АНА ТІЛІ МЕН ШЕТ ТІЛДЕРІН 



ҮЙРЕТУДІҢ ТИІМДІ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ШЕТЕЛ 

ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРІН ТАЛДАУ 

 

Ана  тілін  және  шетел  тілдерін  үйрену  оқу  процесінің  бөлігі  бола  тұра, 



білім берудің негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. 

Осыған  байланысты,  педагогтардың,  психологтар  мен  әдіскерлердің 

басым  көпшілігі  балаларға  ана  тілі  мен  шет  тілдерін  мектепке  дейінгі  ерте 

жастан  бастап  үйрету  оңтайлы  шешім  деген  ұстанымда,  себебі  мектеп 

жасына  дейінгі  кезең  —  тұлғаның  негізгі  қасиеттері  қалыптасатын,  дене 

дамуының,  эмоционалды,  ақыл-ой  негіздері  қалыптасатын  кезең  болып 

саналады                            (Ш.  А.  Амонашвили,  Н.  А.  Бонк,  Л.  А.  Венгер,  И.  Н. 

Верещагина,                              Л. С. Выготский, П. Я. Гальперин, Н. А. 

Горлова, Э. П. Комарова,                            А. А. Леонтьев, Е. И. Негневицкая, 

Г. В. Рогова, Е. Н. Трегубова,                              А. М. Шахнарович және т.б.).  

Әдетте,  мектепке  дейінгі  ұйымда  танымдық-тәрбиелік  үдеріс  (оқу 

элементтерімен) ойын іс-әрекеті арқылы қамтамасыз етіледі. 

Осы ретте, ана тілі мен шет тілдерін мектепке дейінгі ерте жастан бастап 

үйренуге  қазіргі  заманғы  қоғамның  қызығушылықтары  артқан  және  бұл 

қазіргі  заманның  талабына  сай  қажеттіліктерден  туындайды.  Қазіргі  таңда 

бұл қажеттіліктің  жоғары болуына  байланысты, осы  сұранысты  қамтамасыз 

ететін  мектепке дейінгі ұйымдардың  саны артты.  Ана  тілі мен  шет  тілдерін 

мектепке  дейінгі  ерте  жастан  бастап  үйрету  мектепке  дейінгі  ұйымдарда, 

балаларды  дамыту  орталықтарында,  мектепке  даярлық  курстарында 

жүргізіледі. 

Шетел  педагогикалық  теориясы  мен  практикасында  мектеп  жасына 

дейінгі балаларға ана тілі мен шет тілдерін үйрету бойынша белгілі тәжірибе 

жинақталған:  А.  А.  Миролюбов,  И.  В.  Рахманов,  В.  С.  Цетлин,  Н.  И.  Гез,            

М.  В.  Ляховицкий,  А.  А.  Миролюбов,  С.  К.  Фоломкина,  С.  Ф.  Шатилов,             

И.  М.  Берман,  Г.  Л.  Китайгородская,  Т.  Ю.  Тамбовкина,  Г.  В.  Рогова,                      

И. Н. Верещагина, Р. Роуз.  

Ана  тілі  мен  шет  тілдерін үйренуде  мектеп  жасына  дейінгі  балалармен 

жүргізілетін жұмыс ерекшеліктері Г. И. Алешинаның, Ш. А. Амонашвилидің,       

Е.  Ю.  Бахталинаның,  Е.  А.  Глухареваның,  А.  А.  Леонтьеваның,                                 

Е.  И.  Негневицкаяның,  3.  Н.  Никитенконың,  Е.  Ю.  Протасованың  және               

А. М. Шахнаровичтің еңбектерінде қарастырылған. 

Ресей  психологиясында  да  (Л.  С.  Выготский,  С.  И.  Рубинштейн), 

сонымен қатар, шетел психологиясында (Б. Уайт, Дж. Брунер, В. Пенфильд, 

Р.  Робертс,      Т.  Элиот)  ересекке  қарағанда  бала  шет  тілдерін  жылдам  әрі 

жеңіл меңгеретіндігі туралы деректер бар. 

Сенситивті  кезеңнің  ұзақтығын  әр  автор  әртүрлі  сипатайды:  Пенфилд 

пен Робертс бұл кезеңді 4 жастан бастап 8 жасқа дейін деп белгілесе, Элиот 

— 1,5 жастан бастап 7 жасқа дейін деп көрсетеді. 

Елімізде  соңғы  онжылдықтар  арасында  болған  өзгерістер  халықаралық 

байланыстардың  едәуір  кеңеюіне  себепші  болды,  соның  нәтижесінде,  шет 



6

 

тілін  меңгеру  мәдениет  арасындағы  қарым-қатынас  құралы  ретінде 



қажеттілігі біршама артты.  

Шет  тілі  табиғат,  қоршаған  орта,  өзіндік  ерекшелігі,  ұлттық  дәстүрі, 

балаларға арналған халық ертегілері, фольклоры, әуені, өлеңдері мен әндері 

сияқты  өзіндік  құндылықтарымен  балаға  жаңа  әлемді  танып  білуге  жол 

ашады. 

Осылардың  барлығы  мектеп  жасына  дейінгі  балаларда  әлем  туралы 



біртұтас  бейнені;  өзге  адамдарға  деген  төзімділікке  тәрбиелеуді;  шет  тілін 

меңгеруге  қызығушылықты  өмірлік  маңызы  бар  құрал  ретінде  баулуды 

қалыптастыруға ықпал етеді. 

 

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту сипаттамасы 

 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  психофизиологиялық  дамуына 



негізделетін  тілдердің  үштұғырлығын  (қазақ,  орыс,  ағылшын)  оқытудың  өз 

ерекшеліктері  бар.  Психологтардың  пайымдауы  бойынша  мектеп  жасына 

дейінгі балалардың қабылдауы, есте сақтауы, зейіні еріксіз болады. Балалар 

өз  қабылдау  үдерісін  басқара  алмайды,  кез-келген  затты  өздігінен  талдай 

алмайды. Балалардың есте сақтауы тек қана фотографиялық сипатта болады, 

сонымен  бірге  мектеп  жасына  дейінгі  бала  барлық  қабылдағанын  кейін 

қолдануды ойланбайды. 

Бала  зейінінің  ерекшелігі  —  назарын  сырттағы  көзге  түсер  заттармен 

аударатыны.  Қабылданатын  заттарға  қызығушылық  сақталып  отырғанға 

дейін  зейіні  жинақталған  болып  тұрады.  Негіз  қалаушы  сөйлеу  дағдылары 

мен іскерліктері мектеп жасына дейінгі балаларға әлі тән емес, бұл мидың оң 

жақ  жарты  шеңберінің  сол  жарты  шеңберіне  қарағанда  артығырақ 

дамығанына  байланысты.  Бұл  мектеп  жасына  дейінгі  балалар  қиын 

логикалық  тізбектерін  құруды,  біртипті  фразаларда  сөздерді  алмастыра 

алуды, фразаны лексикалық бірліктер ретінде қабылдай алмайтынына әкеліп 

соғады. Сондықтан, оқыту осы ерекшеліктерді ескере отырып құрылуы және 

бастауыш мектептегі оқытудан айырмашылығы болуы қажет. 

Мектеп  жасына  дейінгі  бала  зейіннің  ұзақ  концентрациясын  сақтай 

алады,  оның  мақсатқа  бағытталған  іс-әрекетті  қажет  етіп,  ол  жеткілікті 

лексикалық  қорды,  өзінің  коммуникативті  қажеттіліктерін  қанағаттандыру 

үшін сөйлеу модельдерін меңгереді.  

Осы жас аралығында адамдардың қарым-қатынастарына қызығушылығы 

дамып,  қоршаған  ортаның  заттарын  тану  шеңбері  кеңейеді.  Балалар  осы 

жасында қоршаған ортаның заттары арасындағы кейбір байланыстарды және 

тәуелділіктерді  өздігінен  орнатады.  Бұл  жас  аралық  сөйлеудің  барлық 

қырлары мен қызметтерінің дамуы үшін сензистивтілігімен сипатталады. 

Тілдерді  меңгеру  үшін  ең  қолайлы  кезең  ретінде  4-5  жас  аралық 

екендігін    мамандар  атап  көрсетуде.  Психологтар  (Л.  С.  Выготский,  С.  Л. 

Рубинштейн,          А.  А.  Леонтьев,  Б.  Уайт,  Дж.  Брунер,  В.  Пенфильд,  Р. 


7

 

Робертс,  Т.  Элиот)  бала  төрт  жасынан  бастап  ересек  адамға  қарағанда  шет 



тілдерін оңай меңгере алатынын пайымдайды. 

Осы  жаста  тілдік  материалды  есте  сақтауы  берік  болады, 

фонематикалық  естудің  жоғары  деңгейі  белгіленеді.  Шет  тілді  меңгеруде 

үзіліс болса да, меңгерілген дағдылар ұзақ уақытқа дейін сақталатын болады. 

Мектепке  дейінгі  жастағы  меңгерілген  сөйлеу  жылдам  қалпына  келетіндігі 

белгілі. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  басқа  тілді  меңгеруі  (қазақ,  орыс, 

ағылшын  негізгі  ана  тілге  байланысты)  өз  ерекшеліктері  бар,  олар  осы  жас 

аралығындағы 

балалардың 

психофизиолоиялық 

ерекшеліктерінде 

негізделеді. Психологтардың пайымдауынша мектеп жасына дейінгі жастағы 

балалардың  қабылдауы,  есте  сақтауы  мен  зейіні  еріксіз  сипатта  болады. 

Балалар  өз  қабылдау  үдерісін  басқара  алмайды,  кез  келген  затты  өздігінен 

талдай  алмайды.  Балалардың  есте  сақтауы  ерекше  фотографиялық  қасиетке 

тән,  бірақ,  сонымен  қатар,  қабылданатынның  барлығын  кейін  қолдануды 

олар  ойланбайды.  Бала  зейінінің  ерекшелігі  –  сырттағы  қызық  заттар  оның 

зейінін  тудырады.  Қабылданатын  объектілерге  қызығушылық  сақталғанға 

дейін  зейіні  жинақталған  болады.  Сөйлеудің  негізгі  дағдылары  мен 

іскерліктері мектеп жасына дейнгі балаларға әлі де тән емес. Бұл балалардың 

қиындатылған  логикалық  тізбектерді  құра  алмайтындарына,  біркелкі 

фразаларда  сөздерді  алмастыра  алмайтындарына,  фразаны  лексикалық 

бірліктердің жиынтығы ретінде қабылдай алмайтындарына әкеліп соғады. 

Сондықтан  осы  ерекшеліктерді  ескере  отырып,  оқытуды  ұйымдастыру  

бастауыш  мектептегі  оқытудан  және  шет  тілді  оқытудың  жалпыға  танымал 

әдістемесінен, мектептегі әдістемеден айырмашылығы болуы қажет.  

Сөздік  қорын  дамыту  бойынша  жұмыс  келесі  бағыттарда 

жүргізіледі: 

- белсенді және  пассивті сөздік қорын байыту; 

- сөздікті бекіту мен нақтылау; 

- сөздікті белсендіру; 

- әдеби тілден тыс сөздікті жою. 

Сөздік  жұмысының  мазмұнын  күрделілендіру  келесі  бағыттардан 

тұрады: 

- заттар мен құбылыстар тұтастай қабылдаумен бірге сөздікті меңгеру

-  заттар  мен  құбылыстардың  қасиеттерін,  бөлшектерін,  олардың 

қатынастарын  білдіретін  сөздерді  түсіну  арқылы  сөздіктің  өсуі.  Бұл  үдеріс 

қабылдауға,  талдау  мен  салыстыру  сияқты  ойлау  операцияларға 

қабілеттілікті қажет етеді; 

-  қарапайым  түсініктерді  білдіретін  сөздерді  лексикаға  кіргізу.  Заттар 

мен  құбылыстарды  маңызды  белгілері  бойынша  жалпылау  іскерлігін 

қалыптастыру. 

Тілдердің  үштұғырлығы  бойынша  бағдарламаға  қоршаған  орта  жайлы 

түсініктерді келесі тараулар арқылы енгізу керек: 

- жеке-тұрмыстық; 



8

 

- қоғамдық өмірдің құбылыстары; 



-  туған  елі  (Қазақстан)  және  тілдердің  үш  тұғырлығы  құрамына  кіретін 

елдер (Ресей, Ұлыбритания) туралы білім; 

-  адамдардың  еңбегі  және  кейбір  еңбек  әрекеттерін  орындау  үшін 

қолданатын құралдар; 

- адамдардың жылжу құралдары, көліктер мен байланыс түрлері; 

-  табиғаттың  өмірі  (табиғи  құбылыстар  мен  маусымдық  өзгерістер 

туралы білім). 

Балалардың  сөздігін  үш  тілде  дамытуда  жеке  -  тұрмыстық  бағдарға 

кіретін  лексикалық  материал  ерекше  орын  алуда.  Ол  жеке  гигиена  үшін 

заттар  туралы  білімі,  жайларды  безендіруі,  жиһаз,  тұрмыстық  техника. 

Ортаңғы топтағы  (4-5 жас) балалар өз туыстарының өмірі туралы, олардың 

есімдері  туралы  мәлімет  алуы  тиіс.  Отбасының  өмірі,  ата-анасының  еңбегі 

туралы білуі тиіс.  

Балалар балабақша жайларында еркін бағдарлануы, өзінің мекен-жайын, 

жасын білулері тиіс. 

Сөздікті  байыту  бойынша  жүргізілетін  жұмыста  әр  түрлі  заттарды, 

ойыншықтарды,  заттық  және  сюжеттік  суреттерді  қарау  бойынша  жұмыс 

ерекше орын алады.  

4-5  жаста  белсенді  сөздік  қорының  мазмұны  баланың  айналадағы 

адамдармен  сөйлеу  қарым-қатынасы  үшін  қажет  сөздерді  жинақтауға 

бағытталған. 

Тілдердің үштұғырлығын дамыту үдерісінде лексиканың негізгі бөлігін 

айрықша  мәнді  (зат,  сын  есімдер,  етістік,  сан  есім,  одағайлар,  есімдіктер) 

сөздерді  кіріктіру  керек.  Бұл  сөздер  атаулар  ретінде  қызмет  ететін 

түсініктерді  білдіріп,  сөйлемдегі  негіз  (бастауыш,  баяндауыш,  анықтауыш, 

пысықтауыш,  толықтауыш  рөлінде)  болып  табылады.  Балалардың  сөйлеуі, 

біріншіден, ерекше мәнді сөздер арқылы баюы тиіс. 

 

Балалар сөйлеу кезінде төмендегідей біліктер мен дағдыларды білуі 

тиіс:  

-  айналадағы  адамдармен  қарым-қатынас  орнату  үшін  қажетті, 

балалардың  әлеуметтік-адамгершілік  түсініктерін  білдіретін  сөздер  мен 

сөйлемдерді; 

-  заттардың  және  олар  жасалған  материалдардың  атауларын  (ағаштан, 

қағаздан, пластмассадан); 

- тірі жандардың және олардың тіршілік орталарының атауларын, кейбір 

еңбек  үдерістерін  (жануарлардың  қоректенуі,  көкөністерді  өсіру,  кірді  жуу, 

дастарханға ыдыстарды даярлау және т.б.); 

-  заттарды,  тірі  жандарды,  табиғи  құбылыс  бөліктерін,  олардың 

қасиеттерін  және  сипаттарын;  түстердің  реңдерін,  дәмдік  сапасын, 

объекттердің және құбылыстардың сапа дәрежесін белгілейтін сөздерді; 

- түрлерді жалпылауды білдіретін сөздерді меңгеріп, қолданулары тиіс.  


9

 

Осы жастағы балалармен жұмыс барысында үш тілде жалпы дамытатын 



лексикалық ойындар ойнату үшін уақыт бөлу қажет. 

Сөйлеудің лексикалық жағы 

Жиі  қолданылатын  сөздік  қорға  бір  уақытта  4-5  жаңа  сөз  кіреді. 

Енгізілген  сөздердің  арасында  бір-бірімен  байланысы  бар  бірнеше  сөздер 

болуы шарт.  

Балаларға ана тілінің құрамына кірмейтін сөздерді жаттауға беру дұрыс 

емес.  Балаларға  ұсынылатын  жаңа  лексика  баланың  санасында  жатталып, 

сіңіп  қалуы  тиіс.  Ортаңғы  топта  шет  тілдеріндегі  сөздік  қорлары  100-150 

лексикалық бірлікті құрауы тиіс, оның ішінде 1-ден бастап 5-ке дейін санау, 

бір-бірімен сөйлесу кезіндегі жалпы қолданатын сөздер, тұрмыстық заттарды 

және киім-кешекті сипаттайтын сөздер бар. 



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет