Глоссарий Абыз


Мардук – Вавилондықтардың түсінігінде жерді жаратушы құдай. 40.Материалдың мәдениет



бет3/5
Дата02.02.2023
өлшемі20,74 Kb.
#64704
1   2   3   4   5
Байланысты:
21242-Ãëîññàðèé ì?äåíèåòòàíó

39.Мардук – Вавилондықтардың түсінігінде жерді жаратушы құдай.
40.Материалдың мәдениет — еңбек және материалдық өндіріс мәдениеті, тұрмыс мәдениеті, топостың, яғни тұрған мекеннің, үйдің, ауылдың, қаланың мәдениеті, адамның өз денесіне, дене тәрбиесіне қарым-қатынасының мәдениеті. 
41.Махаяна – махаббат пен қайғы-қасіретті буддизм шеңберіне еңгізу.
42.Мәдени антропология - мәдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын ілім
43.Мәдени нормалар дегеніміз — жалпы құндылықтарға сәйкес қалыптасқан төртіп ережелері. 
44.Мәдениет — адам әлемі.
45.Мәдениет – адам құндылықтарының жиытығы.
46.Мәдениет – адамгершілік қасиеттердің жиынтығы.
47.Мәдениет — аса күрделі, көп деңгейлі жүйе. 
48.Мәдениет – қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениетсіз адам қоғамы болмайды.
49.Мәдениет – тарихи құбылыс.
50.Мәдениет дегеніміз (латын тілінде cultura — өңдеу, тәрбиелеу, білім беру, даму, сыйлау) — адамдардың өмірі мен қызметін ұйымдастыру қалпы мен түрлерінен, сонымен қатар олардың жасаған материалдық және рухани құндылықтарынан көрінетін қоғам мен адам дамуының белгілі бір дәрежедегі тарихи деңгейі.
51.Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды.
52.Мәдениеттану — рухани өмірінің оқиғалары мен әрекеттерін зерттеп, зерделеуге негізделген мәдениет туралы ғылым және оның пәні.
53.Микены – «Арыстандар қақпасы» табылған қала.
54.Миф - тарихи-мәдени сананың ерекше күйі.
55.Миф – көне аңыз, әңгіме;
56.Мораль (латын moralіs – әдет-ғұрып) – адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт.
57.Мумия – ішкі құрылысы алынған мәйіт, ұзақ сақталған адам денесі.
58.Мұражай, музей, (грек тілінде museіon – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет