МӘН – белгілі бір нәрсенің мазмұны, барлық басқа заттармен салыстырғанда
белгілі бір жағдайдың әсерімен өзгеріске ұшыраған қалпыен салыстырғанда
оның ешнәрсеге қатынассыз бірегейлігі.
Мән ұғымы кез келген
философиялық жүйе үшін, мәннің болмысқа және зат мәннің санаға, ой
тұжырымдауға қатысы тұрғысынан алғанда бұл жүйені ажырату үшін өте
маңызды. Обьективті идеализм үшін болмыс, шындық және өмір сүру
ешнәрсеге қатыспайтын, мызғымайтын абсолют деп қаралатын мәнге тәуелді.
Мұндай жағдайда заттың
мәні барлық затта туындап, соны басшылыққа
алатын ерекше идеалды шындықты құрайды (Платон, Гегель).
МӘН ЖӘНЕ ҚҰБЫЛЫС – дүниедегі барлық обьектілер мен процестердің
аса қажетті жақтарын бейнелейтін философиялық категория. Мән
материалдық жүйенің дамуының негізгі қасиеті
мен қалыпты бағдарын
айқындайтын тамырлы байланыстардың, қатынастардың және ішкі заңдардың
жиынтығы. Құбылыс – шындықтың сыртқары жақтарын байқайтын және
кейде мәннің байқалу формасын алға тосатын
дәне анықтайтын нақты
оқиғалар, мәндер немесе процестер. Мән менқұбылыс өзара тығыз
байланысты. Дүниеде нәрседен тыс болмайтын
және танылмайтын мәннің
болмайтыны сияқты, өз бойына мән туралы ешбір ақпаратты сіңірмейтін
құбылыс жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: