ГЛОССАРИЙ
АБСОЛЮТ (лат. absolutus - шартсыз)
-
мәңгілік, шексіз, өзгеріссіз, тұрақты
деген ұғымдар жиынтығын білдіретін түсінік. Абсолют — жалқы, мәңгі және
ол барлық салыстырмалы шарттылықтарға қарама-қарсы.
АБСОЛЮТТІ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ АҚИҚАТ - диалектикалық
материализмнің категориясы,
танымның
даму
процесін бейнелейді: 1)
танылған және алда танылатын нәрселердің; 2) сондай-ақ таным-түсінігімізде
өзгеріске ұшырауы мүмкін және ешбір өзгеріссіз қалатын ақиқаттардың
арақатынасын айқындайды. Болмыс пен ойлау заңдылықтарының өзара
сәйкестілігін көрсетеді.
АБСТРАКТІЛІК ЖӘНЕ НАҚТЫЛЫҚ- А. (лат. Abstractio - дересіздену) -
сторона, бүтіннің бөлігі, бір жақтылық, қарапайымдық, дамымағандық; К.
(лат. concretus - қоюланған, біте қайнасқан) - көпжақтылық, күрделілік,
дамығандық, тұтастық. Гегельге дейін философия тарихында дара заттар мен
құбылыстардың сезімдік тұрғыдан белгілі
бір көпжақтылығы ретінде, А. –
ойлаудың ереше жемісінің сипаттамасы ретінде түсіндірілді.
АБСТРАКЦИЯ(лат. аbгtrаtсіо— ойша бағамдау) — шынайылықтың
бейнесін ойша бағамдау және толтыру арқылы құрастыру.Жеке мақсатқа
қатысты ақпаратка жұмылдырылған және
басқа ақпаратты ескермейтін
көзқарас.
АВЕРРОИЗМ - 13-16 ғ.ғ. орта ғасыр философиясындағы бағыт,
негізін қалаған - араб ойшылы Ибн Рушд (Аверроэс). Дүниені мәңгі екенін
(демек, құдай жаратпағанын),
жанның өлетінін дәлелдейтін, ақиқаттың екі
жақтылығы жайындағы теорияны,
білімді діни сенімнен, философияны
теологиядан бөліп, тіпті оларды қарама-қарсы қоятын идея ойлап шығарды.
АГНОСТИКТЕР - объективті әлемді,
ақиқаттың
объективті белгісін
мойындауды жоққа шығаратын, оларды жай елес етіп түсіндіру арқылы
ғылымның рөлін шектейтін философтар.