Глоссарий академия



бет10/14
Дата12.04.2023
өлшемі30,95 Kb.
#81884
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Педагогикалық техника – педагогикалық міндеттерді шешу барысында аудиториямен өзара әрекеттесе білу және өзін-өзі басқара білу дағдыларын қамтитын оқытушының мінез-құлқын ұйымдастырудың ерекше түрі болып табылады.
Біліктіліктің бірінші тобы - денені, эмоционалдық жағдайын, сөйлеу техникасын меңгеру. Біліктіліктің екінші тобы - студенттермен тиімді өзара іс-қимыл жасау техникасын меңгеру. Кәсіби құзыреттер – жоғары мектеп оқытушысының кәсібипедагогикалық іс-әрекет түрлеріне сәйкес келеді, олар: ғылыми-зерттеу; ұйымдастыруәдістемелік; тәрбиелік; оқу-әдістемелік құзыреттіліктер
Педагогикалық қарым-қатынас – бұл оқытушы мен білім алушылардың өзара іс-қимыл сипатын айқындайтын тәрбие мен оқытудың мақсаттары мен міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ететін құралдар мен әдістердің жиынтығы. Кәсіби мәдениет – арнайы жұмысты табысты орындау үшін қажетті қабілеттіліктің, білімнің, шеберліктің, дағдылардың белгілі бір деңгейі.
Педагогикалық мәдениет – бұл оқытушылық қызметпен айналысатын адамның кәсіби мәдениеті, педагогикалық үдерісті тиімді ұйымдастыруға ықпал ететін жоғары дамыған педагогикалық ойлаудың, білімнің, сезімнің және кәсіби шығармашылық қызметтің үйлесімділігі.
Педагогикалық әдеп (такт) – бұл студенттің жеке тұлғасын құрметтей отырып, оның өзіндік қадір-қасиетін нығайтатын дұрыс, адекватты тәсілді таңдау қабілеті.
Педагогикалық этика –оқушылармен қарым-қатынасқа жалпыадамзаттың әдептілігін сіңіру; – мұғалімнің жеке басының психологиялық ерекшелігі;
– мұғалім шеберлігінің бір бөлігі. Оқытушының кәсіби құзыреттілігі қалыптасуының репродуктивті деңгейі
– жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігін дамыту педагогикалық қызметтің сан алуан түрлерінде оны жетілдірумен сипатталады.
Шығармашылық белсенділік стандартты жағдайларда жаңа шешімдерді іздеу элементтерінен көрінеді.
Талқылау-әдістемелік стиль – оқытушының әрекеті негізінен оқу нәтижесіне бағытталған. Оқытушылық қызметтің құралдары мен тәсілдерін пайдалануда консервативтілік танытады. Жоғары әдістемелік оқытудың стандартты әдістерінің аз жиынтығымен үйлеседі. Студенттердің репродуктивтік қызметін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет