ГЛОССАРИЙ Академия – жоғары және жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орны болып табылады; ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметтің белгілі бір саласы үшін жоғары білікті қызметкерлерді даярлауды, қайта даярлауды және (немесе) біліктілігін арттыруды жүзеге асырады; іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді басым түрде ғылым немесе мәдениет салаларының бірінде орындайды; өз қызметі саласындағы жетекші ғылыми және әдістемелік орталық болып табылады.
Аспирант – жоғары кәсіби білімі бар, аспирантурада оқып, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация жазады.
Оқытудың белсенді әдістері – бұл тек оқытушы ғана емес, сонымен қатар студенттер де белсенді болған кезде материалды меңгеру процесінде белсенді ойлау және практикалық іс-әрекетке итермелейтін студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру тәсілдері.
Білім алушылардың белсенділігі – бұл олардың қарқынды қызметі және оқыту процесінде практикалық дайындығы және білімді, қалыптасқан Дағдылар мен іскерлікті қолдану.
Оқытудағы белсенділік білімді, шеберлікті және дағдыларды саналы меңгерудің шарты болып табылады.
Академиялық – педагогикалық қызмет жүргізілетін ғылыми білім саласына қабілеттілік.
Бейімдік – жаңа бастаған оқытушылар ортасында орын алады, кәсіби дайындық кезінде алған кәсіби білім, білік және дағдының педагогикалық іс-әрекет үдерісінде әмбебап және кәсіби құзыреттілікке өзгеруімен сипатталады. Оқытушының бұл деңгейдегі қызметі, әдетте, өзінің алдыңғы тәжірибесі мен тәжірибелі оқытушылардың тәжірибесін жаңғыртатын практикалық бағыттағы кәсіби міндеттерді шешумен сипатталады.
Бакалавр (лат. baccalarius, бастапқы мәні – подвассал, baccalaria – поместье) – базалық оқу бағдарламасын игергеннен кейін студенттің алатын академиялық дәрежесі немесе біліктілігі. Алғаш ортағасырлық Батыс Европа университеттерінде пайда болған.
Жоғары кәсіптік білім – бұл негізгі кәсіптік білім беру бағдарламалары (белгіленген стандартқа сәйкес) бойынша жоғары оқу орнында жүзеге асырылатын, қорытынды аттестаттаумен және бітірушіге жоғары кәсіптік білім туралы құжат берумен аяқталатын орта (толық) жалпы немесе орта кәсіптік білім негізіндегі білім
Тәрбие – қоғамдық өмірге және өндірістік еңбекке дайындау мақсатында жаңа ұрпақтың қоғамдық-тарихи тәжірибені игеруі үшін әлеуметтік, мақсатты жағдай жасау (материалдық, рухани, ұйымдастырушылық).