Глоссарий академиялық күнтізбе


Репрессия – мемлекеттік құрылымдардың жазалау шарасы, қуғын-сүргінге ұшырату.  Республика



Pdf көрінісі
бет15/22
Дата19.02.2023
өлшемі403,13 Kb.
#69181
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ

Репрессия – мемлекеттік құрылымдардың жазалау шарасы, қуғын-сүргінге ұшырату. 
Республика – мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа 
сайланатын немесе ӛкілдік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік 
басқарудың түрі. Азаматтардың билік құрылымдарына қатысы әр түрлі болуы мүмкін. 
Алайда, билік органдары сайланбалы болып, азаматтардың формальды түрде болса да 
билік етуге құқығы болса, ондай мемлекет республикаға жатады. Республика 
президенттік, парламенттік, “аралас” (президенттік және парламенттік белгілерді 
қамтитын) немесе теократиялық (Иран) болуы мүмкін. 


Референдум – маңызды заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы мәселені түпкілікті 
шешу мақсатында сайлаушылардың кӛңілін білдіруі. Мысалы, онда конституцияны 
немесе оған түзету кіргізу, мемлекеттік құрылыс немесе билік түрін ӛзгерту, ескі заңның 
күшін жою немесе жаңасын қабылдау, елдің халықаралық ұйымға кіру, мемлекетаралық 
келісімге қосылу және т.с.с. мәселелер қаралады. Бұл мәселелерді конституия не заң 
ережелеріне сәйкес парламент немесе үкімет басшысы қояды. Мысалы, біздің 
республикамызда 1995 жылғы 29 сәуірде президенттің ӛкілеттілігін ұзарту жӛнінде 
бүкілхалықтық референдум болды. 
Реформа – қоғамдық құрылысты және оның институттарын жетілдіру үшін билік 
жүйесіне, саяси қызметтердің түрлі жақтарына ӛзгерістер енгізу. Ол қоғамның саяси 
жүйесін түгел немесе оның бір я бірнеше саласын қамтуы мүмкін. 
Сайлау жүйесі – белгілі бір билік түрін, мемлекеттік ӛкілеттік, заң шығаратын, 
атқару, сот орындарын қалыптастыруға қатысуды қамтамасыз ететін ережелер мен 
әдістердің жиынтығы. Сайлау жүйесі мажоритарлық, пропорционалдық, азшылықтың 
ӛкілдігі болып үшке бӛлінеді. 
Сайлау құқығы – мемлекеттің ӛкілеттік органдарына азаматтардың сайлау және 
сайлану құқықтары. Ол адам құқықтарының жалпы декларациясынан туындайды. Соған 
байланысты әр елдің конституциясы бойынша 18 жасқа толған әрбір азамат (заңмен 
шектелген жағдайлардан басқа) сайлауға қатыса алады. 
Сайлау науқаны – ӛкімет басқару органдарына және т.б. сайлау сияқты арнайы 
қоғамдық-саяси мәселелерді шешу үшін ұйымдастырылған және жүргізіліп отырған 
науқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет