демократиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік,
экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың ӛзара қатынастарының жиынтығы.
Хартия – 1) жекелеген мемлекеттік немесе халықаралық жарғылар. Мысалы,
Еркіндіктің Ұлы хартиясы. Кейде бұлай деп саяси қозғалыстың
негізгі талаптары
жарияланған құжаттарды да айтады; 2) ескі қолжазбалық құжат.
Центризм – саясатта оңшылдар мен солшылдардың арасында орталық қалыпты
ұстанатын партиялық бағыт.
Ішкі саясат – мемлекеттің ӛз ішіндегі әлеуметтік-саяси
құрылысты сақтау немесе
ӛзгерту мақсатындағы жүргізген саясаты.
Эклетизм – саясатта әр түрлі (кейде тіпті қарама-қарсы) кӛзқарастарды, идеяларды,
теорияларды араластыру. Оның негізгі кемшілігі кӛптеген байланыс қатынастарының
ішінде негізін таба білмеуде. Бұл атауды ежелгі грек фәлсафашысы Потаман кіргізген
болатын.
Экстремизм – 1) саяси және басқа мақсаттарға жету үшін заңсыз, күштеу,
зорлау
тәсілдерін пайдаланатын әрекет. Ол ұлтаралық араздықты қоздырады, демократиялық
принциптерді
шектейді, елді тұрақсыздандырады, саяси шиеленістерді бейбіт жолмен
шешуге мүмкіндік
бермейді; 2) шектен шыққан кӛзқарастарға және шараларға бет
бұрушылық.
Электорат – халықаралық ұйымдарға,
мемлекет басқару органдарына, жеке
қызметкерді сайлау кезінде дауыс беруге құқығы бар адамдар тобы.
Элита – саясатта, экономикада, рухани ӛмірде ӛздерінің білімділігімен, іскерлігімен,
асқан мамандығымен ерекше жағдайға ие болған адамдар тобы. Бұл теорияның негізін
салушылар итальяндық Г. Москва мен В Парето. Олардың ойынша, саясат,
экономика
және ойшылдық саласында тамаша табысқа жеткен таңдаулылар қоғамды билейді.