Əлеуметтік саясат – қоғамның ең жақсы қамтамасыз етуге, əлеуметтік мүделер мен
қажеттіліктерді қанағаттандыруға, лайықты өмір салтын орнатуға бағытталған саяси
шешімдер мен іс-əрекеттер жиынтығы. Оған ең алдымен халықтың тұрмыс жағдайын
жақсарту, жалақыны көтеру, денсаулық сақтау, білімін көтеру, тұрғын үймен
қамтамасыз ету жəне т.б. жатады.
Билеуші партиялар – қолдарына мемлекеттік билік тиген, қоғам дамуының басты
бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік алған партиялар.
Билік – 1) адамдардың іс əрекетіне, қызметіне, тағдырына, белгілі бір адамдардың
(бедел, жігер, құқық, зорлықтың) көмегімен əсер ету мүмкіншілігі; 2) адамдарға саяси
билік жүргізу; 3) мемлекеттік органдардың жүйесі; 4) мемлекеттік жəне əкімшілік
өкілеттілігі бар қызмет адамдары, органдары.
Достарыңызбен бөлісу: |