Глоссарий арнайы білім



бет2/3
Дата01.03.2023
өлшемі15,78 Kb.
#70927
1   2   3
Байланысты:
глоссарий

Арнайы білім беру – кемтар балаларға арнайы жағдайлар жасай отырып, білім беру.
Арнайы білім беру бағдарламалары – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға арналған бағдарламалар.
Арнайы білім беру жағдайлары – техникалық және өзге де көмекші құралдары, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және кемтар балалардың білім беру бағдарламаларын игеруі онсыз мүмкін болмайтын өзге де қызметтерді қоса алғанда, арнайы білім алу үшін жасалатын жағдайлар.
Арнайы білім беру ұйымдары – кемтар балалардың диагностикасы және кеңес алуы, оларды оқыту мен тәрбиелеу үшін құрылған ұйымдар: психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер, оңалту орталықтары, балабақшалар, логопедиялық пунктер және тағы басқа ұйымдар.
Арнайы түзету ұйымдары – дамуында кемтар болып қалған балаларға арналған ұйымдар.
Психологиялық тексеру – кемтар балалардың психикалық жағдайының ерекшеліктері мен психикалық дамуындағы әлеуметтік мүмкіндіктерін анықтау.
Әлеуметтік тексеру – тиісті жастағы балаларға арналған жас нормативтерін ескере отырып, дене кіріптарлығына, жинақылығы, әдеттегі қызметпен айналысу қабілеті шектелуіне байланысты болуы мүмкін әлеуметтік кемістіктер дәрежесін анықтау.
Медициналық тексеру – балалардың тіршілік әрекетінің шектелуіне себеп болатын жекелеген ағза қызметінің бұзылу түрін, ауырлығын анықтау.
Педагогикалық тексеру – тиісті жастағы балаларға арналған жас нормативтерін ескере отырып, балалардың ақыл-ой жағынан даму ерекшеліктерін және олардың ойын ойнауға, білім алу мен қарым-қатынас жасауға әлеуметтік мүмкіндіктерін анықтау.
Кәсіби диагностика – бойындағы психикалық және дене кемістігін ескере отырып, балалардың еңбек қызметінің немесе кәсіптің дағдыларын меңгеру мен орындауға әлеуметтік мүмкіндіктерін анықтау.
Уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органдар.
Инклюзив (лат.includio кірістіремін, қосамын) — адресат сөзінің 1-жақ көпше есімдікке қатыстылығын білдіретін есімдік формасы. Мысалы, сенімен біз, біз сенімен. Инклюзив тілдерде әр түрлі жолмен жасалуы мүмкін
Инклюзия – бұл тек білім алу ғана емес, сонымен бірге адамды өмір қатарына ергізу құрылғысы деп түсінуіміз керек. Инклюзивті үрдіс мектепке дейінгі және мектептегі ортада басталады, бұл уақытта өсіп дамуында ерекшелігі бар балалар мен қалыпты балалар бірі-бірімен қарым-қатынас жасауға үйреніп, бірге әлеуметтік дағдыларды иемденеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет