Глоссарий атрибут


Диаграмма режимі диаграммасы бар жаңа форма құру үшін қолданылады. Ол үшін диаграмма құру Шебері



бет49/77
Дата12.07.2023
өлшемі2,28 Mb.
#104260
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   77
Байланысты:
дәрістер1-15

Диаграмма режимі диаграммасы бар жаңа форма құру үшін қолданылады. Ол үшін диаграмма құру Шебері қосылады, одан кейін диаграммасы бар жаңа форма Форма режимінде ашылады. Толық (сводная) кесте (Сводная таблица) режимі Microsoft Excel толық кестесімен жаңа форма құру үшін пайдаланылады.

3 Конструктор режимінде форма құру




Конструктор режимі форма жасауға ғана емес, бар форма мәтінін өңдеуге мүмкіндік береді. Конструктор режиміне форманы өңдеуге арналған келесі тараулар бар:

  • форма тақырыбы – форманың басында орналасады;

  • жоғарғы колонтитул – форманың жоғарғы бөлігінде, мұнда жалпы тақырыпты, графалар тақырыбын, мерзімді орналастыруға болады;

  • мәліметтер аймағы – кестенің немесе сұраныстың жазбалары, қайталанбайтын өрістерді мәндері орналасады.

  • төменгі колонтитул – форманың төменгі бөлігінде шығады.

  • формадағы ескертпе– форманың соңында шығады.

Бұл тарауларды қосу немесе алып тастау үшін Түр – Колонтитулдар (Вид – Колонтитулы) және Түр – Тақырып – Форматың ескертпесі (Вид – Зоголовок – Примечание формы) командаларын орындау керек. Форманы Ашу батырмасы көмегімен қараған кезде “Жоғарғы колонтитул” және “Төменгі колонтитул” тараулары көрінбейді. Әр формаға ат беріледі. Access автоматты түрде форма аты ретінде форма макетінің “Қолтаңба” (Подпись) қасиетіде жазылған мәтін пайдаланады. Егерде бұл “Қолтаңба” қасиетінде ат берілмеген болса, онда оның орнына форма аты пайдаланылады. Формада бастапқыда, әдетте, тек мәліметтер аймағы ғана көрінеді. Конструктор терезесінің жалпы түрі 34-суретте көрсетілген.

34-сурет. Конструктор терезесі

Форма аймағы әр түрлі графикалық объекттермен: өрістермен, жазбалармен, енгізілетін объектілермен толтырылады. Элементтерді басқарудың негізгі түрлері өріс, тізімі бар өріс және тізім болып табылады. Формада әр түрлі мақсаттар үшін басқару батырмалары жасалады, мысалға, кестеде басқа жазбаға көшу, жазбалармен жұмыс жасау (қосу, көшірме алу, қалпына келтіру, кетіру, сақтау), формалармен жұмыс жасау үшін (ашу, жабу, сүзгіден өткізу, жаңарту). Кесте негізінде жасалған әрбір формаға автоматты түрде жазба бойынша (бірінші жазба, алдыңғы жазба, келесі жазба, жаңа жазба) қозғалуға арналған батырмалар енгізіледі. Бұл батырмалар форманың төменгі бөлігінде орналасады. Конструктор режимінде батырмалар көрінбейді, тек форманы Ашу режимінде қараған кезде көрінеді. Форманы мәтінді өңдеу техникасын пайдалана отырып, форма өрістерінің орындарын, қасиеттерін, қарібін және өлшемін, өріс қолтаңбасын (подпись), форма тақырыбындағы мәтінді т.б ауыстыруға болады.


Форманы жасау кезінде қажетті іс-әрекеттер жасау үшін Конструктордың аспаптар тақтасын қолданамыз. Оны қосу Түр – Аспаптар тақтасы (Вид – Панель инструментов) командасы арқылы жүзеге асады. Онда Формалар конструкторы (Конструктор форм) тізімін таңдап, Баптау (Настройка) батырмасын басу керек. Экранның сол жағында орналасқан Конструктордың аспаптар тақтасындағы негізгі батырмаларын атап шығайық (солдан оңға жоғардан төменге):
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет