Мәліметтер базасын құру және Мәліметтер базасын ашу саймандар тақтасы батырмаларымен жұмыс істеуді үйрену;
МБ-ны толтыру кезінде Түзету (Правка) менюін пайдаланып, қайталанатын мәндерді көшіріп алып керекті орынға қою батырмаларын қолдану.
Лабораториялық жұмыс 4-6 сабаққа арналған. Access-тің мүмкіндіктерін оқып үйрену кезінде жоғарыда келтірілген кестелерді құру және өрістер қасиеттерін анықтау тәсілдерін меңгеру қажет.
1 жаттығу Белгілі бір пәндік саланы таңдап, оның бір объектісін алып, ішкі бірнеше қасиеттерін көрсетіп сипаттау керек, мысалы, объект – кітап, қасиеттері – жазушының аты-жөні, кітаптың аты, инвентарлық нөмірі, шыққан жылы, басып шығарылған жері, баспасы, кітаптің құны.
Кесте режиміне кіру.
Құрылған сипаттамаларға сәйкес бірнеше кітаптар туралы мәлімет енгізу.
Формат/Бағананың атын өзгерту меню командасын қолданып, бағаналарға 1 пунктте берілген атауларды беру.
Бір бағананы үлкейту үшін тышқанды сол бағананың тақырыбының оң жақ шетіне алып барып, тышқан батырмасын басып тұрып, бағананың шекарасын жылжыту керек. Сол сияқты әрекеттерді Формат/Бағананың ені меню командасын қолданып немесе контекстік менюдің Бағананың ені командасын қолданып істеуге де болатынына көз жеткізу қажет.
Құрылған кестені сақтау үшін терезені жабу керек, немесе саймандар тақтасында Сақтау батырмасын шерту, немесе Файл/Сақтау командасын орындау керек. Осы әрекеттерді орындау барысында кестенің атын өзгертуге болады.
Мәліметтер базасы терезесін жаппай тұрып, Кесте ішкі бетінен Ашу батырмасын шертіп, кестеге мәліметтер енгізу қажет.
2 жаттығу "Кітап" кестесін немесе 1 жаттығудағы құрылған бір кестені ашу.
Конструктор режиміне кіру
Өрістердің сипаттамаларын көріп шығу.
Қажет болса ішіндегі бір сипаттаманы өзгерту. Ол үшін курсорды керекті өріске апарып, Мәліметтер типі бағанасын шертіп, тізімнен керекті сипаттаманы таңдап алу керек.
Кейбір өрістерге алдын ала сипаттамалар тағайындау. Мысалы, "Шыққан жылы" өрісіне енгізу бет пердесін (маскасын) бекіту. Ол үшін өріс қасиеттеріне арналған "Жалпы"("Общие") ішкі бетіне келіп 9999 деген бетперде (маскасын) енгізу. Бұл шыққан жыл 4 таңбалы саннан тұратынын білдіреді.
Ашу батырмасы арқылы кестені ашып, 5 саннан тұратын кітаптың шыққан жылы мәнін енгізіңіз, оған Access жүйесінің реакциясын байқаңыз.