5. Қайталанатын жазбалар
режимінде жұмыс істеу
Қайталанатын жазбалар (Повторяющиеся записи) режимі қайталанатын өрістері бар жазбаларды іздеуге арналған сұраныс жасайтын арнайы Шеберді іске қосады. Шебер сарапталатын кестені таңдауға, мәндердің қайталануы тексерілетін өрістер атын беруге, қайталанатын өрістермен қатар экранға шығарылатын басқа да өрістерді де таңдауға мүмкіндік береді. Сұраныс кестенің таңдалған өрістерінде ең болмағанда бірдей екі мәні бар жазбаларды анықтап, оларды сұрыптап шығарады.
Қайталанатын жазбалар режимінде сұраныс құру мысалын қарастыралық. 97-суретте бастапқы кестені таңдауға арналған сұхбаттасудың бірінші қадамы көрсетілген – мұнда «Авто» кестесі таңдалады. Екінші қадамда мәндерінің қайталануы тексерілетін өріс – Маркасы өрісі көрсетіледі (98 сурет). Үшінші қадамда негізгі өріспен қатар шығарылатын қосымша өріс көрсетіледі – ол Нөмірі өрісі (99 сурет). Сұхбаттасудың соңғы қадамында оның аты енгізіледі (100 сурет). 101-суретте «Авто» кестесінен осы сұраныс негізінде алынған мәліметтер жиыны көрсетілген. «Авто» кестесінің бастапқы түрі 88-суретте келтірілген.
97 сурет– Бастапқы кестені таңдау
98 сурет– Мәндерінің қайталанатыны тексерілетін өріс атын беру
99 сурет– Қосымша өрістерді көрсету
100 сурет– Сұранысқа ат беру
101 сурет– Сұраныс арқылы алынған қайталанатын жазбалар
6. Бағынышты емес жазбалар
режимінде жұмыс істеу
Бағынышты емес жазбалар (Записи без подчинения) режимі бір кестедегі жазбалар ішінен олардың басқа кестелерде бағынышты жазбалары жоқтарын іздеуге арналған сұраныс құратын арнайы Шеберді іске қосады. Мысалы, жоғарыда екі кесте қарастырылған болатын: Авто иесі - негізгі, Авто – бағынышты кесте. Бұл сұраныс өз автомобильдері жайлы мағлұматтары жоқ автомобиль иелерін табуға мүмкіндік береді. Егер мұндай жазбалар табылса, онда олар автомобиль иелері емес немесе олардың автомобильдері жайлы мағлұматтар енгізу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |