Глоссарий атрибут



бет74/77
Дата15.11.2023
өлшемі2,28 Mb.
#122353
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
Байланысты:
дәрістер1-15

Банктен несие беру

Пәндік аймақтың сипаттамасы:
Сіз жекеменшік банктің ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы қызметін атқарасыз. Сіздің банкіңіздің негізгі қызмет көрсету түрі ол жеке тұлғаларға несие беру болып табылады. Сіздің міндетіңіз несие беру бөлімінің жұмысын бақылау болып табылады.
Несие беру талаптарына, пайыздық өсімдеріне және қайтару мерзіміне байланысты, барлық несиелік амалдар бірнеше маңызды бөліктерге бөлінеді. Әрбір осы бөліктердің өз атаулары бар. Несиені беру және тіркеу жеке тұлғалардың келесідей ақпараттарды толық беруіне байланысты: атауы, жекеменшік түрі, мекен-жайы, телефоны, сенімді өкілі. Әр несие беру фактісі тіркеліп отырады, сонымен қатар несие сомасы, тұтынушы және берілген күні туралы ақпараттар жинақталады.
Кестелер:
Несиелер түрі (Несие түрінің коды, Атауы, Несие алу талаптары, Мөлшерлеме, Мерзімі).
Тұтынушылар (Тұтынушы коды, Атауы, Жекеменшік түрі, Мекен-жайы, Телефон, Сенімді өкілі).
Несиелер (Несие түрінің коды, Тұтынушы коды, Сомасы, Берілген күні).
Есептің қойылымын жетілдіру:
Енді жағдай өзгерді. Әртүрлі зерттеулер мынадай нәтиже берді, қолданылып жүрген жүйе несиені қайтару динамикасын бақылай алмайды. Бұл кемшілікті жою үшін несиені қайтарудың дәл күнін енгізуді ұйғардық. Сонымен қатар несиенің біртіндеп қайтарылуын және несиені уақытында қайтармағандарға айыппұл төлейтінін ескеруіңіз керек.
Кестелер құрылымына осы деректерді ескеретін өзгерістер енгізу және бар сұраныстарды өзгерту. Жаңа сұраныстар қосу.

  1. Телекомпанияның эфирде қойылған жарнамалар құнының есебі

Пәндік аймақтың сипаттамасы:
Сіз телекомпанияның қаржы бөлімінің басшысысыз. Сіздің міндетіңіз телекомпанияның телеэфирде қойылатын жарнамаларға қатысты есебін бақылау болып табылады.
Жұмыс келесі түрде ұйымдастырылған: тапсырыс берушілер өз жарнамаларын белгілі бір бағдарлама кезінде және белгілі бір күнде қойылуын сұрайды. Әр жарнаманың белгілі бір уақыт алатыны белгілі. Әр тапсырыс беру мекемесіне банктік реквизиттер, телефондар және байланыс орнату тұлғалары белгілі. Бағдарламалардың белгілі бір рейтингісі бар. Барлық бағдарламаның арасында қойылатын жарнамалардың бағасы анықталған.
Кестелер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет