Түр – Колонтитулдар (Вид – Колонтитулы) командасын орындап жоғарғы және төменгі колонтитулдарды формаға енгізейік. Жоғарғы колонтитулдың фон түсін жанама менюдің Бояу – фон түсі командалары арқылы өзгертеміз. Жоғарғы колонтитулға “Зауыттар жөнінде мағлұмат” деген мәтінді орналастырамыз. Осы әдіспен мәліметтер аймағының фоны түсін өзгертеміз. Мәліметтер аймағына жазбаның (надпись) көмегімен “Зауыт аты” мәтінін орналастырып, Қаріп өлшемі қасиетін 10-ға тең етіп тағайындаймыз. Бұдан кейін Өріс батырмасын шертіп, “Зауыт аты” деген өрісті жазба түсына орналастырамыз. “Мәліметтер” парақшасында Мәліметтер өрісі қасиеті үшін тізімнен керекті өріс атын таңдаймыз. Содан соң “Барлығы” парақшасында Қаріп өлшемі қасиетін 10-ға тең етіп орнатамыз. Аталған іс-әрекеттерден кейінгі форма түрі 36 суретте көрсетілген. Сонымен бірге суретте Өріс парақшасының қасиеттер терезесі көрсетілген.
35-сурет. Форманың бастапқы түрі
Енді формаға мәтіні бар өріс енгіземіз. Бұл өріс үшін қаріп өлшемі 10-ға тең “Қала” мәтінін жазамыз. Тізімі бар өріс батырмасын басып формаға орналастырамыз. Бұл “Мәліметтер” парақшасындағы өрістің қасиеттері үшін келесі параметрлерді таңдаймыз: Мәліметтер қасиетінде “Зауыт” кестесі үшін керекті “Қала” өрісін таңдаймыз; Жол негізі түрі қасиетінде Кесте-сұраныс мәнін таңдаймыз; Жол негізі қасиетінде мәліметтер енгізерде қала аттарын алатын “Қала” кестесінің атын көрсетеміз; Қосылған бағана қасиетінде 1 мағынасын көрсетеміз. Форманың жаңа түрі 37-суретте көрсетілген. Жасалған өріс үшін “Барлығы” парақшасының қасиеттері ашық.
36-сурет. Өріс орналастырылғаннан кейінгі форма түрі
Одан кейін «Директор аты-жөні» жазбасын орналастырып, ол үшін Қаріп өлшемін 10-ға тең етіп таңдаймыз. Аспаптар тақтасындағы “Батырма” аспапын таңдап, оны формаға орналастырамыз. “Батырманы” формаға орналастырғаннан кейін оның өлшемін тышқан батырмасын басып тұрып жылжытып, қалауымызша өзгертеміз. Тықанды бір шерту объекті ерекшелейді, бұдан кейін оның өлшемі мен орнын өзгертуге болады. “Батырманы” формаға орналастырған кезде сұхбаттасу терезесі ашылады. Бұл терезеде батырма үшін дәреже және оның атқаратын іс-әрекетін анықтауға болады, мысалы “Формамен жұмыс” дәрежесін және “Форманы жабу” іс-әрекетін таңдаймыз (38-сурет). Сұхбаттасу терезесінің келесі қадамында (39-сурет) батырмада сурет немесе мәтін болатындығын анықтау керек. Егер бар суреттерді қарау керек болса, «Барлық суреттерді қарау» жалаушасын белгілеу қажет, суреттерді көріп, қажеттісін таңдаймыз.
37-сурет. Тізімі бар өрісті орналастырғаннан кейін форма түрі
38-сурет. Батырма үшін дәреже мен іс-әрекет таңдау
39-сурет. Батырманың мәтінін немесе суретін таңдау
Сұхбаттасудың соңғы қадамында батырмаға ат беріп, Дайын (Готово) батырмасын басу керек (40-сурет). Формаға орналастырған батырманың “оқиғасын” өңдеу процедурасын көру үшін Қасиеттер терезесінің “Оқиға” парақшасының Батырмаға басу оқиғасын таңдап, көп нүктесі бар төртбұрышқа басу керек. 41 суретте форманың жаңа түрі мен Батырмаға басу (Click) процедурасының мәтіні берілген.
40-сурет.Батырманың атын беру
41-сурет. Шығу батырмасы процедурасының терезесі.
Аспаптар тақтасының батырмаларын пайдаланып формаға басқа да суреттер, жалаушалар, ауыстырып қосқыштар қоюға болады болады. Формаға қойылған элементтерді графикалық әдіспен ғана емес, қасиеттерін өзгерту жолымен редакциялауға болады. Бір шерту арқылы объектті белгілеп, көлемі мен орналасқан жерін өзгертуге болады. Екі шерту арқылы элементтің қасиеттер терезесін ашып, керекті өзгертулер енгізуге болады.
Қасиеттер терезесін ашу үшін горизонталь және вертикаль сызғыштардың қиылысына тұрып, жанама меню арқылы Қасиеттер басқару командасын орындаймыз. Макет тақырыпшасында Қол, Айналдыру сызықтары, Автоматты көлем, т.с.с. қасиеттерді редакциялауға болады, және де жабу батырмасын, терезенің көлемдері батырмасын, терезе менюі батырмасын орнатуға болады. Сондай-ақ Макет тақырыпшасындағы форманың тақырыбы, жоғарғы колонтитул, төменгі колонтитул, сияқты қаситтерді өзгертуге болады.
Форманы сақтау үшін Файл – Сақтау (Файл – Сохранить) командасы орындаймыз немесе аспапдар тақтасындағы Сақтау (Сохранить) батырмасы басамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |