Алаң сыртынандопты ойынға лақтыруды – команданың кез-келген ойыншысы атқарады. Доп себетке дәл түскенде оны ойынға шеткі сызықтан қосады, ал қалған жағдайларда доп алаң сыртына шыққан немесе ереже бұзылған жерге бүйірдегі сызықтан енгізіледі. Допты ойынға лақтыру сәтінде ойыншы аяғын алаң сызығына тигізуіне болмайды, алаң сыртына шығара алмайды. Шабуыл аймағында және жеке ескертуден кейін допты ойынға төреші арқылы енгізеді.
Жеке ескерту– қорғаныс ойынында да шабуылда да беріледі. Бірінші жағдайда, қарсыласты итеріп тоқтатқаны, соққаны, орын ауыстыруда кедергі келтіргені үшін жазаланады, ал екінші жағдайда, қорғаушының «үстіне құлағаны» үшін лақтыру немесе жүргізуден кейін алға қарай қозғалу нәтижесінде пайда болатын қақтығыстар үшін жазаланады. Тәртіп бұзушылық 5 топқа бөлінеді: әдейі, көп рет болатын, дисквалификациялы, тәсілдік, екі жақты тәртіп бұзулар.