Бүйірдегі сызықтар – алаңның ұзын жақтарындағы орналасқан сызықтар;
Себетке лақтыру – шабуыл кезінде допты себетке лақтыру ойынның негізгі мазмұны мен мақсаты болып табылады. Ол екі, не бір қолмен жоғарыдан, төменнен және жоғарыдан төмен қарай, кеудеден бастан асыра секіріп әртүрлі қашықтық пен бағыттан орындалады.
Айналдырып лақтыру – допты бір қолмен бастан жоғары айналдыра лақтыру.
Тез бұзып, жарып өту, тез шабуыл жасау – ойыншылардың сан жағынан артықшылығын жасау, допты себетке лақтыру мақсатындағы шабуылшылардың қарсыластар қалқанына тез жылжу қимылы.